Балықтың вирустық аурулары


Slide 1

СӨЖ

Тақырыбы: Балықтардың бактериалды-вирустық індеттік ауруларын балау, дауалау және күресу шараларын ұйымдастыру

Орындаған: Данияр Г. Қ.

Топ: ВС - 605

Тексерген: Икимбаева Н. А.

Slide 2

Жоспар:

І Кіріспе

ІІ Негізгі бөлім

2. 1. Балықтарда инфекцияның байқалу түрлері

2. 2. Балықтарға инфекцияның ену жолдары

2. 3. Балықтың вирустық аурулары

2. 4. Балықтың бактериалдық аурулары

ІІІ Қорытынды

ІV Пайдаланылған әдебиеттер

Slide 3

Кіріспе

Балықтар суда тіршілік еткенімен, олардың іс-әрекеттері әр түрлі. Табиғатта олардың таңғажайып пішіндерін кездестіруге болады. Бірі шар тәрізді болса, енді бірі жұмыр, тағы бірі таспа тәріздес жіңішке де, ұзын кейбіреуі жапырақ тәріздес, жыртық шүберек сияқты, жайма-нан тәріздес болады. Өкінішке орай, балықтардың саны жыл сайын азайып барады, оған себеп - ең алдымен экологиялық жағдайлар және көптеген аурулар. Аурулардың ішінде инфекциялық, инвазиялық және жұқпалы емес аурулар балық арасында кең тараған деп айтуға болады.

Slide 4

Балық аурулары жұқпалы және жұқпайтын болып бөлінеді.

Жұқпайтын балық аурулары балықтардың тіршілік ортасының қолайсыз жағдайынан оттек немесе қоректік заттардың жетіспеуі, температураның жоғары болуы, пестицидтер мөлшерінің көбеюінен судың улы заттармен ластануы, т. б. туады.

Slide 5

Алиментарлы аурулар Алиментарлы деп жұқпалы емес ауруларды атайды. Олар зат алмасу процесінің бұзылуымен сипатталады. Сапасыз және негізгі қоректік заттардың және витаминдер жетіспеу себебінен туындайды.

Slide 6

Бахтақ бауырының циррозды дегеннерациясы. Жасанды азықты қолданғанда бахтах өсіретін шаруашылықтарда кеңінен кездеседі.

Slide 7

ЭТИОЛОГИЯСЫ. Ауру бахтахты сапасыз немесе рационда майлы азық немесе артық тамақтандырғанда байқалады. Табиғи ераық беріп немесе дұрыс және сапалы жасанды азықпен өсірген бахтахтарда бауырдың цирфойдты дегенерациясы болмайды. Ауру көбінесе құбылмалы бахтахта кездеседі. Албырттық басқа түрлері құбылмалы бахтахпен бірге өсіргенде ауырмайды.

Slide 8

Клиникалық белгілері . Ауру жіті және созылмалы түрде кездеседі. Жіті түрде балықтар қараяды, қоректенбейді, таяз суда бір-бірлеп кездеседі, сыртқы назар аудармайды. Балықтар өлер алдында тепе-теңдіктен айырылады, бұраңда тәрізді қимылдамайды, кейде құрысу байқалады. Желбезектері бозарады, көздері бадырақ болады. Көпшілік балықтар өлімге шалдығады. Ең алдымен ірі балық-

тар өледі. Созылмалы ауру түрінде балықтардың жалын денесінің тұсы және тәртібі өзгермейді. Балықтар қоректеніп, біршама жылжымалы болады. Балықтар арасында өлім ұзақ уақытқа созылып көпшілікте байқалмайды.

Slide 9

Алдын алу шаралары. Ауру анықталғанда азықтандыру кезеңінде үзіліс жасайды. Рационнан сапасыз азықтарды алып тастап, оларды жаңа ауланған семіз емес балықпен, ірі қара малдың көк бауырымен, витаминдер қосып ауыстырады. Бахтахтың бауырында регенерация қабілеті жоғары болады. Егер барлық алдын алу шаралары өз уақытында жүргізілсе, балықтар тез айығады.

Slide 10

Балықтың жұқпалы ауруларға төзімділігі ауру қоздырғыштар түріне, олардан қорғану қабілеті мен тіршілік жағдайына байланысты. Ауруға шалдыққан балықтар қоректенбейді, әлсіреп қырылып қалады. Балық ауруларының қоздырғыштары таралмау үшін карантин шаралары жүргізіледі.

Slide 11

Балықтың жұқпалы аурулары инфекциялық және инвазиялық аурулар тобына бөлінеді:

Инфекциялық аурулардың қоздырғыштары - вирустар, бактериялар, саңырауқұлақтар және су өсімдіктері.

Инвазиялық ауруларды паразит құрттар (гельминтоз), шаянтәрізділер (крустацеоз) және қарапайымдар (протозоа) тудырады.

Slide 12

Жұқпалы ауруларға балықтардың:

вирус аурулары,

балықтың бактериялық аурулары,

саңырауқұлақтардан болатын аурулары.

Slide 13

Балықтың жұқпалы ауруларға төзімділігі ауру қоздырғыштар түріне, олардан қорғану қабілеті мен тіршілік жағдайына байланысты. Ауруға шалдыққан балықтар қоректенбейді, әлсіреп қырылып қалады. Балық ауруларының қоздырғыштары таралмау үшін карантин шаралары жүргізіледі.

Slide 14

БАЛЫҚТЫҢ ВИРУСТЫҚ АУРУЛАРЫ

Балықтың вирустік геморрагиялық септицемиясы.

Албырттар тұқымына жататын балықтардың аса қауіпті жұқпалы ауруы. Ауру балықтың терісі қараяды, көздері бадыраяды, іші кебеді, қанаттары бүлінеді, нерв жүйесі зақымдалады, желбезектеріне көз қуыстарының дәнекер тканьдеріне, қаңқасының бұлшық еттеріне, ішкі майларына және торсылдағының қабырғаларына қан құйылады.

Ауру қоздырғышы - бактериялық сүзгіден өтетін “егтведвирус” деп аталатын вирус. Күз ішінде сақталған Балықтың өлексесінде вирус 24 тәулік, ал 21 градус салқындықта одан да ұзақ тіршілік етеді. Диагностикалық зерттеулерде ол көк бауыр мен бүйректерден бөлінеді. Балықтың уылдырығында мекендейді деген де пікір бар.

Slide 15

Эпизоотологиясы. Бұл ауру Европаның көпшілік елдерінде бар. Ол негізінен қызғылт сары Балықты зақымдайды, ауырған балықтың басым көпшілігі (9-78%) қырылып қалады. Ауру негізінен күз бен қыс айларында, судың жылылығы 8-10 градус болғанда шығады. Дегенмен ауру күтімі нашарланған балықтардың арасында жаз айларында да бола береді.

Ауру көзі - ауру балық және оның организмінен бөлінетін заттар, сондай-ақ Балық өлекселері. Залалданған тоған суы арқылы да балықтар зақымдалады. Аурудың жасырын кезеңі судың жылылығына, қоздырғыштың вируленттілігіне, балық организмінің беріктігіне қарай 7-15 күн болып саналады, кейде 25 күнге дейін, тіпті одан да көпке созылады.

Slide 16

Аурудың белгілері. Ауру жіті және созылмалы түрінде өтеді, негізінен нерв жүйесі зақымданады. Кейбір зерттеушілер аурудың төтенше (белгісі байқалмайтын) түрі болады деп есептейді.

Аурудың жіті түрінде патологиялық өзгерістер тез дамиды да ауру балықтардың басым көпшілігі өліп кетеді. Ауру балықтардың терісі қара қоңыр түске боялады, көздері бақырайып шарасынан шығып кетеді, желбезектерінің қаны қашып, шұбарланғаны байқалады. Қанаттарының түбі қызарады. Аурудың созылмалы түрінде ол жайлап дамиды да, өлім-жітім көп болмайды. Ауру Балықтың терісі қап-қара болып кетеді, желбезектері қаны азайғандықтан қуаң тартады, не болмаса ашық қызыл немесе ақсұр болады.

Аурудың нервтік түрінде балықтың қимылында өзгеріс болады - судың түбінде ирелеңдеп, кейде бетінде жалпағынан жатып, бүйірлеп жүзеді, денесі селкілдейді.

Slide 17

Патологиялық-анатомиялық өзгерістер. Ауруға тән патологиялық-анатомиялық өзгерістерде - көзінің айналасына, бұлшық етіне, іш майына, торсылдағына, көк шандырына, жүрекке, басқа органдарына шашыраңқы қан құйылуы байқалады. Қанның шапшуы аурудың жіті түрінде жиі болады да, созылмалы түрге ауысқанда жоқ болып кетеді.

Бауырды гистологиялық зерттеуден өткізгенде, оның некрозға шалдыққан жерлерін көруге болады. Бүйректер аурудың жіті түрінде қызыл түсті болады да созылмалы түрінде сұрланады. Оған гистологиялық зерттеу жүргізгенде тканьдерінің некрозға шалдыққанын байқау қиынға соқпайды.

Сақтық шаралары. Аурумен күресте дәрігерлік-санитарлық балық өсіру, мелиоративтік және зоотехникалық шараларды қатаң сақтау шешуші роль атқарады. Тоғандағы балықтардың күтімін жақсарту қажет.

Санитарлық баға. Қатты зақымдалған балықтарды пісіргеннен кейін малға азықтыққа пайдаланады. Аздап қана зақымдалғандарын ешқандай тежеусіз пайдалануға болады.

Slide 18

БАЛЫҚТЫҢ БАКТЕРИАЛДЫҚ АУРУЛАРЫ.

Тұқы аэромонозы (тұқылардың қызамығы, геморрагиялық септицемия, инфекциялық құрсақ шемені, люблин ауруы) - тері жабынының қабынуымен, қан құйылу ошақтарымен, шеменмен, қабыршығының үрпиюімен, көздің бақыраюымен, бұлшықет ұлпасының және басқа да ішкі органдардың гидратациясымен сипатталатын тұқы балықтардың жұқпалы ауруы.

Инфекцияның қоздырғышы - Aeromonas hydrophila - қысқа дөңгеленген ұштары бар, кокк тәрізді, қозғалмалы грамтеріс таяқша, спора және капсулалар түзбейді. Инкубациялық кезең 2 - 30 тәулік. Ауру өткір, өткірлеу және созылмалы болады. Ауруға тұқылар, сазандар және олардың өскіндерден бастап өндірушіге дейінгі гибридтері бейім. Инфекция қоздырғышының көзі - ауру балықтар, олардың бөліністері және өлекселері, сондай-ақ балықтар - микробтасығыштар. Эпизоотия барынша кең таралуға көктемгі-жазғы кезеңде жетеді, күзге қарай ол бәсеңдейді және ауру созылмалы ағымды қабылдайды.

Slide 19

Балықтардың аэромонозын алдын-алуға қажетті шаралар:

1) шаруашылыққа балықтарды, тек жұқпалы аурулардан таза су айдындарынан тасымалдап әкелу;

2) тұқымдық балықтарды (осы жылғы, бір жылдық, екі жылдық) жергілікті балықтардан арнайы жеке бөлінген тоғандарға орналастыру;

3) аулау және көшіріп отырғызу кезінде балықтардың жарақат алуына жол бермеу;

4) тоғандарда қатты өсімдіктердің көп өсуіне тосқауыл қою;


Ұқсас жұмыстар
БАЛЫҚТАРДЫҢ ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАРЫМЕН КҮРЕСУ
Балық шаруашылығы өнімдерін балықтың вирустық ауруларына байланысты ветеринариялық санитариялық сараптау мен санитариялық бағалау, қарсы күресу және алдын алу шаралары
Шортан обасы және Тұқы балықтарының шешек ауруы
Балық өнімдерін балықтың протозойлық ауруларымен байланысты ветеринариялық санитариялық сараптау мен санитариялық бағалау, қарсы күресу және алдын алу шаралары
Балық өнімдерін балықтардың бактериалдық ауруларына байланысты сараптау және санитариялық бағалау
Ішек инфекция аурулары
Балықтардың аурулары
Ихтиология ғылымының салалары балықтар физиологиясы
БАЛЫҚ ОМЫРТҚАСЫНЫҢ САНЫ
Жұқпалы аурулар туралы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz