Жүзу жарғағының қабынуы




Презентация қосу
СӨЖ
Тақырыбы: Көктемгі вирус ауруы ауруын балау, дауалау және күресу
шараларын ұйымдастыру

Орындаған: Данияр Г.Қ.
Топ: ВС – 605
Тексерген: Икимбаева Н.А.
Жоспар:
І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
2.1. Европалық шіріме
2.2. Бранхиомикоз
2.3. Қызыл балықтардың фурункулезі
2.4. Жүзу жарғағының қабынуы
ІІІ Қорытынды
ІV Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
• Жұқпалы аурулар — зардапты вирустардың,
микоплазмалардың, хламидийлердің, риккетсиялардың,
спирохеталардың организмге еніп, онда өсіп-өну және
өмір сүру салдарынан туатын аурулар. Жұқпалы аурулар
бактериялардан және басқа организмдерден (жанды
денелерден) пайда болады, олар организмге аса зиянды.
Олар әр түрлі жолдармен тарайды. Бактериялар, инфекция
туғызатын басқа да көптеген организмдердің ұсақтығы
соншалықты, оларды микроскопсыз кере алмайсыз — ал
арнаулы құралмен қарағанда сол зәредей зат үп-үлкен
болып көрінеді. Ал вирус тіпті бактериядан да ұсақ.
Европалық шіріме Бұл ауру бал арасының ұрығын
зақымдайды. Қоздырғышы — Str. рlutоn (Берги
бойынша). Личинкалардан алынған жұғындыда бұл
стрептококк таспа тәрізді диплококқа ұқсайды, ол
культурада (белгілі бір қоректік ортаға сеуіп өсіргенде)
тізбек түзеді. Бактериялық зерттеу жүргізгенде
материалдан плутон стрептокогымен қатар
субтерминальды сопақ экзоспора түзетін Вас. аlvei
таяқшасы. кокк туысына жататын, Грам бойынша
шамалы боялатын ұсақ микроб Streptococcus. аріs
табылады
Европалық шіріме ауруының клиникалық белгілері
Личинканың сарғыш түсі қара-қоңыр түске енеді,
тканьдердің серпімділігі осалдайды, личинкалардың
ұяшықтардағы отырысы әдеттегідей болмайды, жабық
ұрық зақымданғанда қақпақша қара түсті болады, ол
тесіліп кетеді, желімді емес шірінді зат ағады, оның
қышқыл немесе сасық иісі болады, қабыршақ
ұяшықтардың қабырғасынан оңай түсіп қалады.
Европалық шіріме ауруын анықтау Ауру бактериологиялық зерттеу, яғни
микроскоппен қарау және қоздырғыштың таза культурасын өсіру арқылы анықталады.
Микроскоппен қарау. Бес-алты шыныға жұғынды жағып алып, оларды Циль фуксинінің
судағы ерітіндісімен 30 минут бойы бояйды. Личинкалардан жасалған жұғындыларда Грам
бойынша боялатын таспа тәрізді диплококк Streptococcus рlutоn табылады. Шіріген және
қабыршақтанған заттарда әдетте Вас. аlvеі (көбіне спора түзу шағында) табылады, ал егер
шіріген заттың қышқыл иісі болса, жұғындыда дөңгелек пішінді микробтар Streptococcus
аріs басым болады. Таза микроб шоғырын өсіру. Streptococcus рlutоn өсіру үшін глюкоза
аралас картоп агарын пайдаланады. Бұл үшін қабығы аршылған картопты ұсақтап кесіп
суға салады да (1:2), 8— 10 минут бойы қайнатады. Ол мақта арқылы сүзіледі, үстіне 2,5%
агар қосылады, бұдан кейін ол Кох аппаратында балқытылады, сүзіледі, 2% глюкоза
қосады да, қыздырып зарарсыздандырады. Стрептококк ауасыз жерде (оттегі 95%+5%
СО2) үш тәулік бойы 370 жылылықта өсіріледі. Streptococcus рlutоn өсіру үшін глюкозаға
араласқан 9 картоптың 15%-тік сұйықтау агарын пайдалануға болады. Вас. аlvеі,
Streptococcus аріs МПА-да рН 7,4 дәрежеде ауалы жерде өсіріледі.
Европалық шіріме ауруынан арылу және одан сақтану шаралары
Ауру байқалған омартаға және оның айналасындағы 5 км жердегі басқа
омарталарға карантин салынады, ол ауру әбден жойылған соң бір жылдан кейін
алынады. Европалық шіру шықса, ауруға шалдыққан ара үйірлерімен бірге
шартты түрде, ауруға шалдықпаған сау деп есептелетін үйірлер де аурудың алдын
алу мақсатымен өңделеді. Бұл ауруды емдеу және одан сақтандыру үшін мынадай
дәрі-дәрмектер және әдістер қолданылады. Емдік сироптар. Бір литр қант
сиропына (1:1) мына сульфаниламид препараттардың немесе антибиотиктердің
біреуі: натрий норсульфазолы 1 г, сульфантрол 2 г, натрий сульцимиді 2 г,
стрептомицин және биомицин 500 мың ЕД, неомицин 400 мың ЕД мөлшерінде
қосылады.
Алынған емдік препаратты алдын ала шағын мөлшердегі жылы суға ерітіп,
қантты сироппен араластырады. Емдік сироп әрбір ара семьясына 1 л мөлшерінде
дезинфекцияланған жеке оттықтарға жылы күйінде (30—37°) қойылады. Әрбір 5
—7 күн сайын үш рет емделеді. Егер ауру қайталаса, бұрынғы қолданылған
дәрінің орнына басқа дәрі беріледі.
Антибиотик ерітінділерін бүрку. Жоғарыда айтылған
антибиотиктердің біреуін көрсетілген мөлшерде алып, бір литр
жылы суда (38°) ерітіп, оны бал арасы семьяларына бүркеді.
Ерітіндіні бүрку жұмысы бал арасы семьяларында балдың
жеткілікті запасы болған жағдайда жылы шуақ күндері
жүргізіледі. Қонып отырған аралармен бірге әр рамканы екі
жағынан бірдей бүркеді. Бүріккенде ерітіндінің бал араларының
үстін сәл ғана ылғалдауын, ерітіндінің ұрыққа тікелей тимеуін
қадағалау керек. Емдік дуст ұнтақтарымен тозаңдандыру.
Жоғарыда аталған дәрілердің біреуі көрсетілген мөлшерде
алынып, 20 г қант ұнтағымен араластырылады. Тозаңдандыру
үшін әдеттегі ұнтақ шашқыш пайдаланылады
Бранхиомикоз - балықтың желбезегінің зақымдануымен сипатталатын, жіті
өтетін жұқпалы ауру.
Тарихи деректер. Ауруды алғаш рет Германияда М.Плен (1912) сипаттаған,
кейіннен ол Польшада, Чехославакияда, Ресейде байқалды.
Қоздырушысы - Тұқы балықта, сазанда, табанда – Вranchiomyces sanguinis,
шортанда –Вranchiomyces demigrans, ал қара балықта саңырауқұлақтың аталған
екі түрі де ауру қоздырады.
Індеттік ерекшеліктері. Бәрінен де 1-2
жастағы тұқы балық пен сазан жиі
ауырады, басқа балықтар сирек
шалдығады. Бранхиомикоз тек жылы күні
судың температурасы 22°С-тан жоғары
болғанда байқалады. Кенеттен және
жаппай білінеді.
Инфекция қоздырушысының бастауы
- ауырған балықтар, ал жүғу факторы -
өлген балықтар мен зарарланған
тоғанның түбі. Аурудың шығуына су
қоймасының ластануы, судағы оттегінің
азаюы ықпал етеді. Бір су қоймасынан
екіншісіне ауру қоздырушысы
тасымалданған балықпен, аққан сумен
келеді. Өлім көрсеткіші 50-70%-ке жетеді.
Өтуі мен симптомдары.
Бранхиомикоздың жаппай
білінуі 5-12 күнге созылады.
Ауырған балық қоректенуін
тоқтатып, ағынға немесе
тоғанның жағасында судың
бетінде қимылсыз түрып
қалады. Желбезегінде ноқатты
қанталаулар пайда болып,
желбезек ұлпасының бір жері
бозарып, екініші жері қара
қошқылданып, аламыш түсті
келеді. Желбезектің кей тұстары
өліеттеніп, шеті жырымдалады.
Патологоанатомиялық
өзгерістер ішкі ағзаларында
байқалмайды. Желбезектен
гистологиялық препарат даярлап,
микроскоппен қарағанда
саңырауқұлақтың жіпшелері мен
споралары көрінеді.
Балау алдын-ала клиникалық
және патологоанатомиялық
белгілері бойынша (желбезектің
аламыштануы және бүлінуі)
қойылады. Түпкілікті диагноз
микроскопиялық, гистологиялық
және микологиялық
зерттеулердін нәтижесіне
негізделеді.
Емі жоқ.
Дауалау жене күресу шаралары.
Бранхиомикоз байқалған жағдайда
судың ағынын күшейтіп, оттегімен
қанығуын молайтады. Ауырған
балықтарды ұстап, өлген балықтарды
жинайды. Балықтарды қолдан
қоректендіруді, органикалық
тыңайтқыштарды қолдануды тоқтатады.
Су қоймасына үйрек пен қазды
жібермейді. Судың рН көрсеткішін әк
сүтін қосып 8,0-8,5 дейін көтереді,
Балықты бір су қоймасынан екіншісіне
көшіруді тоқтатып, балық аулау
жабдықтарын үнемі дезиифекциялап
тұрады
Қызыл балықтардың фурункулезі
Қызыл балықтардың фурункулезі (фурункулез лососевых) -
септицемиямен және бұлшық етте абсцессалардың пайда
болуымен сипатталатын жұқпалы ауру.
Тарихи деректер. Ауру туралы алғашқы мәліметті Герминияда
Эммерих пен Вайвель (1894) жариялады.
Қоздырушысы – Аeromonas salmonicida бактериясы, грам
теріс, ұшы жұмыр, үлкендігі 1,7-2,7 х 1 мкм таяқша.
Жағындыда жеке, қосарланып немесе тізбектеліп орналасады.
Қозғалмайды, спора мен қауашақ түзбейді, жартылай
ауасыбағалы өсуіне қолайлы температура 18-25°С.
Індеттік ерекшеліктері.
Фурункулезге қызыл
балықтың (арқан
балықтың) барлық түрлері
шалдығады. Ауру аталық
балықтарда уылдырық
шашу маусымы кезінде
және одан кейінгі уақытта
ауыр өтеді. Өсім беретін
жас балықтар да ауырады,
құрт шабақтар өте сирек
ауырады. Фурункулезге
балықтың басқа түрлері,
тіпті бақа да шалдығуы
мүмкін
Өтуі мен симптомдары. Жасырын кезеңі 15-21°С жағдайында 7 күн
шамасында. Ауру аса жіті, жіті, жітіден төмен және созылмалы өтеді.
Фурункулез аса жіті өткенде, әсіресе коңы жақсы балық, аурудың белгілері
білініп үлгермей өліп кетеді. Жіті өткен жағдайда балықтың іші өтіп,
нәжісіне қан араласады. Терісінде, желбезегінде, кеуде жүзу қанаттарының
түбінде жолақты қанталаулар пайда болып кейіннен ісінеді. Балық 3 күн
ішінде өледі немесе ауру жітіден төмен түрге ауысып, ісінген жерлері
ойылып, іріңді өліет араласқан экссудат бөлінеді. Фурункулалар жарылғанда
орнында қызарған ойылымдар пайда болады. Балықтың желбезегі бозарып,
көзі бадырайып кетеді. Процесс 4-7 күнге созылып, балықтар зор шығынға
ұшырайды. 13 Ауру созылмалы өткенде дененің зақымданған телімдеріне
теріні зақымдайтын саңырауқұлақтар түсіп, кейбір балықтардың денесінде,
басында іріңді ойылымдар пайда болып, жүзу жарғақтары ыдырайды.
Желбезектері бозарып, мәрмәр түсті болады. Балық өте жүдеп, денесі
қараяды, жазылған жағдайда ұзақ уақыт бактерия алып жүреді.
Патологоанатомиялық өзгерістер. Ауру аса жіті өткенде айтарлықтай өзгеріс
байқалмайды. Жіті және жітіден төмен өткенде құрсақ қуысында экссудат іркіліп,
ішкі ағзалары мен асқорыту жолдары қанталап, қабынып, жүрегі мен бауыры
өліеттенеді. Созылмалы өткенде бауыры бозарып немесе сарғаяды да,
ішектерінде ақшыл-сары жалқақ болады, кейде ішкі ағзалары қанталайды.
Балау бактериологиялық зерттеудің нәтижелеріне сүйеніп,
індеттанулық деректерді, клиникалық белгілерін және
патологоанатомиялық өзгерістерді ескере отырып жүргізіледі.
Емі. Балықтың 100 кг массасына есептегенде 24 г сульфамедизин
және 6 г сульфогуанидин 3 күн ішінде беріледі. Келесі 7 күн бойы
бұл дәрілердің дозасы тиісінше 12 және 8 г болады. Сонымен қатар
левомицетин немесе тетрамицин балықтың 100кг массасына 5-7,5 г
дозамен 2 апта бойы беріледі. Тоғандағы барлық балықты бір
мезгілде емдеу қажет.
Дауалау және күресу шаралары. Қызыл балықтардың фурункулезі
байқалған шаруашылыққа карантин қояды. Ауырған балықтарды,
егер товарлық нұсқыны болмаса, жояды. Су қоймасы мен
тоғандарды, балық аулайтын құрал-жабдықтарды тазалап,
дезинфекииялайды
Жүзу жарғағының қабынуы (Воспаление плавательного пузыря) - тұқы
балықтың жүзу жарғағының қабынуымен сипатталатын жұқпалы ауру.
Қоздырушысы. Аурудың жұқпалы екендігі ешқандай күдік тудырмайды, бірақ
оның қоздырушысы осы күнге дейін дәл анықталған жоқ. Әртүрлі зерттеушілер
аурудың қоздырушысы вирус, бактерия, саңырауқұлақ, тіпті балдыр деген пікірді
жақтайды.
Індеттік ерекшеліктері. Жүзу
жарғарының қабынуы (ЖЖҚ) көбінесе екі
жасар тұқы балықта кездеседі, бір жастағы
немесе бірен-саран екі жастан асқан
балықтарда да ұшырасуы мүмкін. Сазан
бұл ауруға біршама төзімді. ЖЖҚ-ның
жаппай білінуі тек жазда байқалады.
Әдетте тоғанның зоогигиеналық жағдайы
неғүрлым нашар, тұқы балықтың
тығыздығы жоғары болса, ауру соғұрлым
зардапты өтеді. Қыста бір жаска дейінгі
балықта ауру созылмалы өтіп, бірте-бірте
өле бастайды. Бір жасқа дейінгі және бір
жасар балықтарда өлім көрсеткіші 30%
дейін, ал товарлық балықта 50% дейін
жетеді. Инфекция қоздырушысының
бастауы - ауру балық. Судың түбіндегі
топырақтан және лайдан жүғады.
Өтуі мен симптомдары. Жасырын кезеңі 30-90 күн, су салқын болғанда 8
айға дейін созылады. Ауру жіті, жітіден төмен және созылмалы өтеді. Жіті
өткенде тұқы балық қоректенуін тоқтатып, сыртқы әсерге сезімі жоғалып,
қозғалысы баяулайды. Жүзгенде денесі бір жағына ауып, немесе тікейген
күйде болады. Құрсағы кеуіп, іркілдеп тұрады, артқы тесігі сыртына
айналады. Желбезегі бозарып, денесінің кейбір телімдері қанға кернеледі.
Жазда екі жасар балықтардың 80-100 %-і шалдығып, көбінесе жаппай
өледі. Тірі қалған балықтарда ауру жітіден төмен немесе созылмалы түрге
ауысады. Жітіден төмен өткенде аурудың белгілері бәсендеу білініп,
аздаған балықтарда ғана байқалады. Созылмалы өткенде оншама
білінбейді, кейбір балықтың іші кеуіп, кейіннен басылып қалады. Жазғы
жайылым тоғандарында балықтың өлімі оншама білінбейді, ал кыстамада
30-60% тұқы балық өлімге ұшырайды.
Патологоанатомиялық өзгерістер. Екі жасар тұқы балықта жүзу
жарғағы күңгірт тартып, қан тамырлары білеуленіп, жүзу
жарғағының қабыршығында ноқатты қанталаулар болады. Жүзу
жарғағы суланып, қанталап, немесе іріңдеп, өліеттеніп қабынады,
оның іші шіріген массаға толып, айналасында іріңді экссудатқа толы
қуыс пайда болады. Көк бауыр ұлғайып, болбырап қызылқошқыл
немесе теңбіл түсті болады. Бауыр босаңсып, бозарып,
аламыштанады. Созылмалы өткенде бір жасқа дейінгі балықта жүзу
жарғағы суланып домбығады, экссудат бірте-бірте қоймалжың
немесе быламық массаға айналады. Екі жасар балықтың жүзу
жарғағы кішірейіп, қабырғасы қалыңдап, бұжырланып, кейбір
тұстары томпайып немесе жиырылып тұрады. Қан тамырының әр
жерінде сұрғылт-коңыр, қарайған дақтар болады.
Балау індеттанулық деректердің, клиникалық белгілерінің, ең бастысы
патологоанатомиялық өзгерістер негізінде жүргізіледі.
Иммунитет. Ауырып жазылған тұқы балық қайтадан ауырмайды, немесе жеңіл
ауырады.
Дауалау және күресу шаралары негізінен жалпы балық өсіру және
ветеринариялық-санитариялық ережелерді сақтауға негізделген. ЖЖҚ және баска
аурулар тараған шаруашылықтардан балық әкелуге болмайды.
Балықтарды емдеу үшін жеміне метилен көгін қосады: аталық балықтар үшін 1 кг жемге
3 г косып, уылдырық шашар маусымының алдында 13-15 күннен 2-3 курс жүргізіледі, бір
жаска дейінгі балықтарға 1 кг жемге 1 г қосып 10-12 күннен 3 курс жүргізеді, екі жасар
балықтарға 1 кг жемге 0,5 г қосып, жазда 2-4 курс өткізеді. Аэромонозды емдеуге ұқсас
ретпен емдік антибиотиктер қолдануға болады
Сепсистік псевдомоноз - балыктың әлсіреп, көзі бадырайып, денесінде ошақты
қанталаулар пайда болып, іші кебуімен сипатталатын жұқпалы ауру.
Қоздырушысы – Pseudomonas capsulata және Pseudomonas cyprinisepticum грам
теріс, қозғалмалы, монотрих, мөлшері 1-2 х 5-0,7 мкм таяқша. Спора түзбейді, P.
capsulata балық организмінде қауашақ түзеді. Өсуіне қолайлы температура 20С.
Індеттік ерекшеліктері. Түқы балық, табан
балық, кара балық шалдығады. Ауру
қыстамалық тоғандарда судың
температурасы төмен болған жағдайда,
күзде, қыста көктемде байқалады. Оның
шығуына балықты қыстамаға жіберу үшін
ұстағанда денесінің жарақаттануы, ұсақ,
нашар балықтардың араласуы және судағы
балық өлекселерінің шіруі себеп болады.
Өтуі мен симптомдары. Жасырын кезеңі
анықталған жоқ, өте жіті өтеді. Тұқы балық
пен табан балықтың іші кеуіп, қабыршағы
үрпиіп, көзі бадыраяды. Денесінің әр жері
қанталап, қызарады, артқы тесігі томпайып
тұрады. Ауырған балық самарқау тартып,
тоғанда ретсіз, бейберекет жүзіп жүреді,
сыртқы әсерге сезімі нашарлайды.
Патологоанатомиялық өзгерістер.
Құрсақ қуысында мөлдір немесе
қызғылт қоймалжың сұйық болады,
ішкі ағзалары ісініп кетеді. Бауыр
бозғылт тартып, қанталаған
телімдер ұшырасады, көк бауыр
шектен тыс ұлғаяды, бүйректері
босаңсып, ноақатты қанталаулар
кездеседі. Борша еттері кейде
болбырап кетеді. Балау. Ауруды
анықтау індеттік деректерге,
клиникалық белгілеріне,
патологоанатомиялық өзгерістеріне,
бактериологиялық зерттеулердің
нәтижелеріне негізделеді. Массасы
100 г. мөлшеріндегі тұқы
балықтарға биосынама қояды.
Емі. Аталық және өсіруге арналған балықтарға аэромоноз кезінде ұсынылған
тәсілмен дибиомицин және экмолин береді.
Дауалау және күресу шаралары. Аурудың алдын алу үшін қыс мезгілінде
балықтардың гигиеналық-санитариялық жағдайын бақылауға алып, оларды
қыстамаға ауыстырған кезде жарақаттанудан сақтау қажет. Температураның
қолайлы, оттегінің жеткілікті болуының маңызы зор. Қыстамалық су қоймасын
ретті түрде қоқыстан, өлген балықтан тазалап, су жіберген кезде ұсақ балықтар
кетпеуін қадағалау қажет.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

1. Сайдулдин, Т.С. Ветеринариялық іңдеттану: оқулық жоғары оқу орындары
үшін, Том 1,2. / Т.С.Сайдулдин - Алматы: Санат,1999.-145б.
2. Қасымов, Е.И. Бірнеше түлікке ортақ жұқпалы ауруларды балау және
күресу шаралары: оқу құралы жоғары оқу орындары үшін / Е.И. Қасымов
- Алматы: Қайнар, 1992. – 121б.
3. Носков Н.М. Руководство к практическим занятиям по эпизоотологии:
учебное пособие для вузов / Н.М. Носков - Москва: 1961.- 89с.
4. Поляков, А.А. Ветеринарная дезинфекция: (изд. третье), учебник для
вузов / А.А.Поляков – Москва: Колос, 1964.-140б. 5 Покров, М.И.
Рекомендации по методике эпизоотологического исследования:
/М.И.Покров - Москва: Колос, 1975.- 35с.
5. Сайдулдин, Т.С. Основы серологии: учебник для вузов / Т.С.Сайдулдин -
Алма-ата: Кайнар,1992. -70с

Ұқсас жұмыстар
Сазан бүл ауруға біршама төзімді
Сыртқы құлақ
СЕЗІМ ЖҮЙЕСІ ТАРАУЫН ҚОРЫТЫНДЫЛАУ
Жүзу туралы ұғым
Халықаралық жүзу федерациясы
Ортаңғы құлақ Дабыл жарғағы мен есту түтігі
Арқамен сырғанау
Жүзу спорты
Жүзудің денсаулыққа пайдасы
ҚОЛДАНБАЛЫ ӘСКЕРИ ЖҮЗУ
Пәндер