ХЛОРОРГАНИКАЛЫҚ ЗАТТАРҒА ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ САНИТАРИЯЛЫҚ САРАПТАУ


Slide 1

презентация

ТАҚЫРЫБЫ: Тағамдық өнімдерді хлорорганикалық заттарға ветеринариялық санитариялық сараптау

Slide 2

жоспары

I. Кіріспе

II. Негізгі бөлім

1. Базардағы вет. Сараптау

III. Токсикологиялық әдіс

Slide 3

Мал шаруашылық өнімдерін ветеринариялық санитариялық сараптау

Ветеринариялық-санитариялық сараптау жануарлар мен өсімдіктер тектес өнімдерді ветеринариялық-санитариялық тұрғыдан бағалайтын және зерттеу әдістерін оқытатын ғылым. Ветеринариялық-санитариялық сараптаудың негізгі міндеттері: тағам, жануарлар тектес техникалық және азық өнімдері арқылы тарайтын адамдар мен жануарларды індетті және инвазиялы аурулардан сақтандыру. Ветеринариялық-санитариялық сараптау ғылым ретінде індеттанумен, паразитологиямен, микробиологиямен, патологиялық анатомиямен, гистологиямен, биологиялық химиямен және ветеринариялық санитариямен тығыз байланысты, өйткені бұл пәндерді меңгермей ветеринариялық - санитариялық сараптау бағдарламасын түсіну мүмкін емес. Пәнді меңгерген соң, студенттен ветеринария дәрігері - сарапшы қалыптасады. Ветеринариялық-санитариялық сараптау студентті жан-жақты кәсіптік біліммен қамтамасыз ете отырып, әлеуметтік маңызы жоғары, ветеринариялық тұрғыдан тек қана таза және қауіпсіз өнімді шығаруға құқық береді.

Slide 4

Адамдар мен жануарлар арасында індетті және инвазиялы ауруларды таратуға жол бермей, қаншама адамның денсаулығын сақтап, өмірін ұзартқан ветеринариялық - санитариялық дәрігер - сарапшының практикалық қызыметі нәтижесінің экономикалық тиімділігін анықтау мүмкін емес. Сондықтан болар, ветеринария магистрі С. С. Евсеенконың «Медицина адамдарды қорғайды, ал ветеринария адамзатты қорғайды» деген қанатты сөзі ветеринария мамандығының маңызы өте жоғары екендігін білдіреді. Ветеринариялық-санитариялық сарапшылар тағам базарларындағы мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық зертханаларда, мал сою, ет өңдейтін кәсіпорындарында (ет комбинаттары, құс фабрикалары қасапханалар, құс сою пункттері, шұжық және консерві заводтары) жануарлар ауруларына қарсы күресетін мекемелерде, ветеринариялық зертханаларда, шекара және көлік ветеринария пункттерінде, сүт, ара, балық зауыттарында, ғылыми-зерттеу институттарында, тағам өнімдерін сертификаттайтын зертханаларда және басқа да мекемелерде жұмыс атқара алады. Ветеринариялық-санитариялық сараптаудың негізгі бөлімдеріне малдарды сою гигиенасы және оның өнімдерін өңдеу; ұша мен ағзаларды сойғаннан кейінгі сараптау; жануарлар мен өсімдіктер тектес өнімдерді зертханаларда зерттеу әдістері; ет, сүт, балық және оның өнімдерін ветеринариялық-санитариялық бағалау; шартты түрде жарамды және тағамға жарамсыз өнімдерді залалсыздандыру әдістері мен әдістемеліктері; жабайы жануарлардың өнімдерін сараптамадан өткізу енгізілген. Оған қоса, жануарларды союға дайындау және сою, жануарлар мен өсімдіктер тектес өнімдерді сату, сояр алдындағы дайындық, союға айдап апару, малды және өнімдерді тасымалдау, ет, сүт, тауық жұмыртқасы, тері, жүн, былғары өнімдерді өңдеу және сақтау кезеңдерінде және тағы басқа жануарлар мен өсімдіктер тектес өнімдерді ветеринариялық-санитариялық сараптау мәселелері оқылады. Ветеринариялық-санитариялық сараптау пәнін оқыту барысында тасымалдаудың барлық көліктердегі санитариялық талаптары, импорт және экспорттаудағы жануарлар мен өнімдерді ветеринариялық - санитариялық бақылау, шикізат пен өнімдерді дайындайтын, сақтайтын, өңдейтін кәсіпорындарда балық, ара шаруашылықтарында ветеринариялық-санитариялық ережелердің сақталуы қарастырылады.

Slide 5

Токсикологиялық зерттеудің тәсілдері.

Биохимиялық тәсіл. Биохимиялық әдісті жануарлар фосфорорганикалық немесе карбаматты инсектецидтермен уланғанда тексеруге пайдаланады. Патологиялық материалдардан алынған ертіндіде жоғарыдағы аты аталған улар (ацетилхолин) холинэстеразамен байланысқа түседі. Реакцияға түскен ацетилхолиннің ыдырап байланысқа түсуі, холинэстераза ферментінің белсенділігіне тікелей байланысты болады. Холинэстераза ферментінің белсенділігі реакцияға түскен фосфорорганикалық, карбаматты инсектицидтермен де байқаланады.

Биологиялық тәсіл. Улы химикаттарды, пестицидтерді анықтағанда биологиялық тәсілдерді пайдаланады. Тексерілетін патологиялық материалдардан, тағам үлгілерінен алынған у ертінділерін қарапайым шаян тектес дафнийларға, дроздофил шыбындарына, үй шыбындарына, масаның личинкаларына әсер ету арқылы бақылайды. Тексерілетін үлгілерден улы заттарды органикалық еріткіштермен бөліп алып, оны кейін шыбын мен масаларға әсер етіп көреді. Шыбындардың, масалардың, қарапайым шаян тектес дафнийлардың уланып қырылуына байланысты, тексеріліп жатқан үлгіде пестицидтердің бар жоғы анықталады

Slide 6

Газ хроматография тәсілімен хлорорганикалық, фосфорорганикалық инсектицидтерді сапалы анықтайды. Бұл токсикология саласындағы ең жетілген тәсіл болып саналады. Нитриттерді, нитраттарды, натрий хлорын, мочевинаны, хлорорганикалық және фосфорорганикалық пестицидттерді анықтау тәсілі Тексерілетін үлгілер жақсылап ұсақталады, кейін барып оны аз көлемдегі тазартылған сумен араластырылады, фильтрден өткізіледі. Үлгіні дефениламинмен тексеру. Тексерілетін үлгіден су ертіндісін алып, оған 2-3 тамшы дефениламиннің күкірт қышқылындағы ертіндісінен тамызады. Егер үлгі ертіндісінде нитрит пен нитрат болса, ертінді көк түске боялады. Мор тәсілімен тексерілетін үлгідегі натрий хлорын (ас тұзының) көлемін анықтайды. Реакцияға түскен хлордың ионы күміс нитратының ертіндісімен байланысқа катализатор хромды калийдің көмегімен түседі. Уланған жағдайда Кьельдаль колбасындағы аммиак Н2SO4 0, 1 н. ертіндісімен байланысқа түседі де, артық қышқыл натрий сілтісінің 0, 1 н. ертіндісімен байланысқа түседі. Тексерілетін (патологиялық) үлгілерден хлорорганикалық және фосфорорганикалық пестицидтерді анықтау тәсілі. Тексерілетін (патологиялық) үлгілерді органикалық еріткіштермен немесе блендорда мұқият араластырады немесе ультратораксты пайдаланады. Араластырған экстрактіні дистиляция жасау арқылы тазалайды. Пестицидтерді жұқа қабатты, газды немесе сұйық хроматография тәсілімен зерттеу арқылы анықтайды.

Slide 7

Алколойдтарды анықтау. Алколойдтар суда ерімейді. Алколойдтар қышқылдармен байланысып, суда еритін тұздар пайда болады. Сол себептен, тексерілетін (патматериалдарға) үлгілерге қышқыл қосылған суды араластырады. Алынған ертіндіні хлороформмен араластырады, кейін хлороформнан тазартып, тұз қышқылының 1%-ті ертіндісімен араластырады. Ертіндіге фосфорпы вольфрамды, фосфорлы молибденді немесе пикрин қышқылын және танинды қосу арқылы тұмба реакциясына түседі. Үлгідегі алкалойдтарды тұмба реакциясы бойынша анықтағанда калий иодқа - иод ертіндісін, сынапты иодты, висмутты иодты қосу арқылы анықтайды. Алколойдтарды табу үшін даяр ертіндіге азот, күкірт қышқылдарын қосқаннан түрлі түсті реакция береді немесе жұқа қабықты хроматография тәсілімен анықтайды. Жануарлар ауыр металл, мышьякпен уланғанда, организмдерінде альбуминаттар пайда болады. Сол альбуминаттарды зертханада анықтау үшін үлгілерді арнайы пеште өртеп (минерализация) қалдығын тексереді (сухое озоление), немесе оған күшті тотықтырғышты қосып (мокрое озоление) тексереді. Бірінші тәсілмен үлгідегі мыс пен висмутты анықтай алады. Екінші тәсілмен тексерілетін үлгіге азот пен күкірт қышқылдарының қоспасын немесе күкірт, азот және хлор қышқылдарының қоспасын пайдаланады, кейіннен күкірт қышқылы мен пергидрольды қосу арқылы анықтайды. Бұл тәсілмен барийды, қорғасынды, мысты, сынапты және де басқа ауыр металдарды анықтайды. Мышьяк пен сынапты анықтау үшін, үлгіден басқа металдарды ажыратудың қажеті жоқ.

Slide 8

Химиялық тәсіл.


Ұқсас жұмыстар
Тағамдық жұмыртқаны жұқпалы, инвазиялық және жұқпалы емес ауруларда ветеринариялық санитариялық сараптау
Саз құндыздың жұқпайтын ауруларындағы ветеринариялық­ санитариялық сараптау
Құс шаруашылығы өнімдерін инфекциялық аурулар кезінде ветеринариялық - санитариялық сараптау. Құс шаруашылығы өнімдерін инвазиялық аурулар кезінде ветеринариялық - санитариялық сараптау
Құс шаруашылығы
Инфекциялық аурулар кезінде сойыс өнімдерін ветеринариялық- санитариялық сараптау және ветеринариялық-санитариялық бағасы
Қоян шаруашылығы өнімдерін жұқпалы аурулар кезінде ветеринариялық-санитариялық сараптау. Қоян сойыс өнімдерін жұқпалы емес аурулар мен жалпы және жергілікті патологиялық үрдістер болғанындағы ветеринариялық-санитариялық сарапталуы
Тағамдық өнім түрлерін ветеринариялықсанитариялық-токсикологиялық бағалау
Қоян шаруашылығы өнімдерін жұқпалы аурулар кезінде ветеринариялық-санитариялық сараптау. Қоян сойыс өнімдерін жұқпалы емес аурулар мен жалпы және жергілікті патологиялық үрдістер болғанындағы ветеринариялық-санитариялық сарапталуы жайлы
Қоян шаруашылығы өнімдерін жұқпалы аурулар кезінде сарапталуы. ветеринариялық-санитариялық сараптау. Қоян сойыс өнімдерін жұқпалы емес аурулар мен жалпы және жергілікті патологиялық үрдістер болғанындағы ветеринариялық-санитариялық
Қояншаруашылығы өнімдерін жұқпалы ауру кезінде ветеринариялық-санитариялық сараптаулар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz