Торайларды трихинеллезге


Slide 1

Трихинеллез ауруында ветеринариялық санитарлық сараптау

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік Университеті

«Ауылшаруашылық ғылымдары» Жоғарғы мектебі

Slide 2

Жоспары:

I. Кіріспе.

Триханеллез-инвазиялық ауру

II. Негізгі бөлім:

1. Сойғаннан кейінгі диагностика

2. Триханеллезге зерттеу үшін үлгі алу

4. Трихинелла табылған етті ветеринариялық- санитариялық тұрғыдан бағалау

5. Трихинелланы ауа қапшықтарынан, цистицерктерден, саркоцистерден ажырату

III. Қорытынды.

VI. Пайдаланылған әдебиеттер.

Slide 3

Трихинеллез - көптеген сүт қоректілерде кездесетін, жіті және созылмалы түрде өтетін, Айқын аллергиялық өзгерістер туғызатын инвазиялық ауру. Аурудың қоздырғышы - жұмыр құрттардың өнімі. Trichinella тұқымына жататын құрт.

Сойылатын малдардан трихинеллезбен шошқа ғана ауырады. Ал табиғи жағдайда трихинеллезбен көптеген жабайы аңдар: аю, тағы қабандар, борсық, түлкі, қасқыр және т. б, бұдан басқа кеміргіштер шалдығады, сондай ақ адам да ауырады. Ауруға шалдыққан жануарларауру қоздырғышын тарататын негізгі ошақ деп есептелінеді.

Қоздырғыштын екі түрі кездеседі:

1. Ішекті мекендейтін (сақа құрт)

2. Бұлшық етті мекендейтін (балаң құрт)

Екеуін салыстырғанда адамдар үшін және үлкен мал дәрігерлік маңызы бар бұлшық етті мекендейін балаң құрт. Ол тек көлденен жолақты етті мекендейді. Сыртынан қабықпен қоршалады (капсула) . Ол тегіс ет тканінде, жүрек етінде, май тканінде мекендейді, бірақ шошқаның шпигі арасындағы етте кездесе береді.

Капсула ішінде спираль тәріздес жұмыр құрт болады. Капсуланың формасы сопақ, не дөңгелек болып келеді. Көбінесе көк ет, тіл, кеңірдек, мойын, қабырға аралық және құрсақ еттерінде орналасады.

Slide 4

Сойғаннан кейінгі диагностика.

Диагностиканның бір - ақ әдісі бар - трихинеллоскопия. Мал дірігерлік сараптауда шошқа ұшасы мен жабайы жануарлардың тағамға пайдаланарда қолданатын әдіс - етті трихинеллезге тексеру.

Торайларды трихинеллезге 3 аптадан асқанынан соң тексереді. Сынама үшін көк еттен (диафрагмадан) 60 г. ет алады, ал одан алынбаса қабырға аралық, белдеме, күйіс қайыратын, мойын еттерінен бірінен аламыз.

Зерттеуге қыйсық қайшы мен сұлы дәнінің көлеміндей етіп ет кескіндерін дайындаймыз. Ет кескінің компрессориумның төменгі шынысына (барлығы 24 кескін) салып, жоғарғы шыныны жауып, газеттердің жазуын оқығанға дейін қатты қысады. Кесіндіні 50 - 70 есе көбейтетін трихинеллоскоптың, не микроскоптың астына қойып тексереді.

Slide 5

Трихинеллезге проекциялық әдіспен тексергенде, бір мезгілде бар кесіндіні көріп, сағатына 45 - 60 зерттеу жүргізуге болады.

Ал ет комбинаттарында трихинеллезге жалпылама зерттеу қолданылады. Ол үшін арнайы ерітінді де бірнеше шошқа ұшасынан алынған сынамаларды қорытады да, балаң құрттар тұнбаға түседі. Сынамаларды АВТ аппаратының көмегімен тексереді. Сынамаларды трихинеллез кездесетін шаруашылықтардан 5 г-нан 20 ұшадан алады, ал трихинеллез кездеспейтін шаруашылықтардан (8-10 жылдан бері) 100 ұшадан 100г. сынама дайындап, ұсақтайды, реттік сандары бойынша, стаканға жинайды. Арнаулы ерітіндіні сынама мен араластырып, 45 минут араластырады. Егер трихинелла бар болса, онда ол тұнбаға түседі, сондықтан тұнбаны микроскоп пен, лупа мен микропроектор мен тексеруге болады.

Slide 6

трихинеллоскоп

трихинеллоскопия

Көрінісі

компрессориум

Сақталған шошқа етін (мұздатылған, тұздалған) қалай трихинеллезге тексереміз? Мұздатылған етті (қазақша айтса жібітеді) жұмсартады. Кесіндінің қалыңдығы 1, 5 мм-ден аспауы керек. Компрессориумның астыңғы шынысына кесіндіні салып, жоғарғы шыны мен аздап қысамыз. Сонан оны алып (жоғарғы шыныны) әрбір кесіндіге тұз қышқылының 0, 5 % ерітіндісінен, не болмаса көгілдір метилен ерітіндісінен бір тамшы тамызамыз. Жоғарғы шыныны салып, микроскоптың астында тексереміз.

Slide 7

Тұз қышқылының әсерінен еттер кесіндісі мөлдірлене түседі де сұрғылт түске боялады. Капсула күміс түстес шеңберге айналып, ал ішіндегі сұйық ағарады (белоктың ұюы әсерінен) . Ал көгілдір метилен мен боялған кесінділерде капсуланың іші ашық - көк түске, паразит боялмайды да өте жақсы көрінеді.

Ал тұздалған шошқа етін тексеру үшін кесіндінің қалыңдығы екі есе жұқарады (0, 8) да, глицерин мен су қосындысының ерітіндісінен не 5% сүт қышқылынан бір - бір тамшы тамызады (кесіндіні ағарту мақсатында) .

Шошқа қыртыс майын (шпигін) трихинеллезге тексеру


Ұқсас жұмыстар
Шошқаларды ұстау жүйелері
ШОШҚАНЫҢ БИОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ШАРУАШЫЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Гастрит жіктелуі
Шошқалар гигенасы және күтімі
Өндірістік мал шаруашылығы кешендеріндегі ветеринариялық шаралар жоспары
ШОШҚАНЫ БОРДАҚЫЛАУ ТҮРЛЕРІ
Бұлшық етті финноз бен трихинеллезге зерттеу
Шошқаның атрофиялық ринитін дауалау, індет ошағынан арылу шаралары
Вирустық транмисивтік гастроэнтеритті балау және індетке қарсы шаралар
Шошқа аскаридозын, жылқы параскаридозын диагностикалау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz