Тыныс демікпесі


Slide 1

Жоспары

Кіріспе

Тыныс алу жүйесі

Негізгі бөлім

1) Тыныс алу жүйесінің маңызы

2) Тыныс алу жүйесі мүшелерінің құрылысының жас ерекшеліктері

3. Тыныс алу мүшелерінің қызметіне сыртқы ортаның әсері.

Қорытынды

Пайдаланатын әдебиеттер

Slide 2

Тыныс алу жүйесі жалпы түсінігі

Дем алғанда ағза мен сыртқы орта газдармен алмасады, ішке оттегі кіріп, сыртқа көмірқышқыл газы айдалып тұрады. Бұл процесс кеуде қуысында орналасқан өкпенің альвеоларында (лат. - ойма қуыс, науа) жүреді. Тыныс алу кезінде өкпені атмосфермалық ауамен және одан газбен қаныққан ауаны тасымалдау тыныс алу жолдары арқылы жасалады. Дем алу және дем шығару қан айналым жүйесі арқылы ағзаның барлық мүшелеріне әсер етеді.

Slide 3

Тыныс алу мүшелерін жаттықтыру, шынықтыру балалар мен жастардың тыныс мүшелері арқылы пайда болатын ауруларға қарсы тұру қабілетін арттырады.

Тыныс алу жүйесінің мүшелері қызметтеріне қарай екіге бөлінеді:

ауаны сыртқы ортадан ішке және іштен сыртқа қарай қозғайтын тыныс алу жолдары - мұрын қуысы, көмей, кеңірдек және бронхылар.

түскен газдарды алмастыру процессін жүргізетін мүше - өкпе;

Тыныс алу мүшелерінің маңызы

Slide 4

Мұрын қуысы қызметі

Ауа мұрын арқылы екі бөлікті-қалқалы мұрын қуысына түседі. Әрбір бөлікті-қалқада мұрын қуысының ішкі бетін ұлғайтатын үш мұрын қалқаны орналасқан. Ол эпителийлі қабықпен және көп қан тамырларымен жабылған. Тамырлармен аққан қан түскен ауаны дене температурасына дейін жылытады, ал сілемейлі қабық ауаны ылғалдайды және шаң-тозаңдар мен микроорганизмдерді тұтып қалады. Тұтылған микроорганизмдерді лейкоциттер қорытады (фагоцитоз), қорытудан артылған шаң-тозаңдар эпителий түктері (кірпікшелер) арқылы сыртқа шығарылады. Мұрын қуысында жылытылған, ылғалданған және тазартылған ауа жұтқыншақ арқылы көмейге түседі.

Slide 5

Көмей қызметі

Көмей - іші қуыс түтік, қабырғалары сіңір, буын және бұлшық еттермен қосылған бірнеше шеміршек тұрады. Көмейге ас бөлшектері немесе басқа заттар түскенде, сондай-ақ қабыну процестерінде адам қатты жөтелгенде дем шығарылады. Бұл көмейдің тазартылуына әсер етіп, тыныстың төменгі бөлімдеріне зиянды заттардың енуіне кедергі келтіреді. Көмей ауаны жұтқыншақ арқылы кеңірдекке өткізеді.

Өкпе қызметі

Кіші қан айналымы арқылы өкпеге веналық (көк) қан түседі, бұл жерде оттегімен қанығып, көмір қышқыл газынан ажыратылып, алқызыл түсті артериялық қанға айналады. Көмір қышқыл газы өкпе көпіршіктеріне (альвеолаға) өтіп, дем шығару кезінде ағзадан шығады. Артериялық қан ары қарай үлкен қан айналымы арқылы дене мүшелеріне өтіп, олардың жасушаларын ауамен қамтиды, оны тұтыну барысында жасушалардан көмір қышқыл газы бөлініп шығып, қан қайтадан веналық (көк) болады.

Slide 6

Өкпенің тіршілік сыйымдылығы (ӨТС) .

Өкпенің тіршілік сыйымдылығы дегеніміз дем алу, қосымшы және қордағы ауалардың қосындысы. Адам қалыпты жағдайда дем алғанда өкпеге 300-500 мл ауа кіреді. Мұны дем алу ауасы дейді. Қалыпты жағдайда жай ғана дем алған соң, демді шығармай күшеніп тұрып, тағы да 1, 5-2 л ауаны сіміруге болады. Мұны қосымша ауа дейді. Қалыпты дем шығарудан кейін дем алмай тұрып тағы да күшеніп дем шығарып 1-1, 5 л ауаны шығаруға болады. Мұны қордағы ауа дейді.

Slide 7

Кеңірдек - өңештің алдында орналасқан ұзындығы 9-13 см, диаметрі 15 мм. түтік. Ол кеңірдек қабырғасының қабысып қалуына кедергі келтіретін шеміршекті жартылай сақиналардан тұрады. Сақиналар мойынның қандай қозғалысы болмасын ауаны ұстап қалмайды Өңешке кеңірдектің артқы жұмсақ қабырғасы жанасып, астың өңешпен еркін жылжуына мүмкіндік береді. V кеуде омыртқасы түсында кеңірдек екі бронхыға бөлінеді. Бронхылар өкпенің оң жақ және сол жақ бөліктеріне кіріп, тармақталып, бронхы ағашын түзеді. Ұштарындағы жіңішке тармақтары - бронхиолалар өкпе көпіршіктері - альвеолалармен аяқталады.

Кеңірдек және бронхылар қызметі

Slide 8 Slide 9

Тыныс алу аурулары

Slide 10

Тыныс демікпесі

Ауырған адамның тыныс алуы қиындайды. Бұл - булықтыратын ұстамалы ауру. Аурудың пайда болуына шаң-тозаң, малдың жүні, шөп, гүл және т. б. иісі және көңіл-күйдің езгеруі де әсер етеді. Негізінен, тыныс демікпесі тұқым қуалайды. Бұл ауруға шалдыққан балалар ашуланшақ келеді, денесіне есекжем, теміреткі, бертпе шығады. Ауру ұстағанда - өкпенін шырышты қабықшасы ісініп, ауатамырлардың түтікшелерін бітейді, тамырлары білеуленеді. . Демікпеден сақтану үшін организмді шынықтырып, ты¬ныс тынысы тарылады, наукас булығып, сырылдап дем алады, беті көгеріп, күре алу жаттығуларымен шұғылданып, еңбек пен демалысты дұрыс ұйымдастыру құжет.

Slide 11

Туберкулез ауруы

Туберкулез ауруын туғызатын кох таяқшасы бактериясы. Ол түшкіргенде, сөйлегенде 1-2 метрге дейін сілекейімен шашырап, микробы ауаны ластайды. Cay адам тыныс алганда, бұл микроб мұрын қуысына енеді де, сол арқылы өкпеге түсіп, оны зақымдайды. Науқас адам әуелі аздап жөтеледі де, одан соң қаны азайып, жүдейді, тамаққа тәбеті шаппай, ұйықтағанда терлей береді. Дене кызуы кешке карай 37-37, 5 градусқа дейін көтеріледі.

Slide 12

Темекі тартудың тыныс алу мүшелеріне әсері


Ұқсас жұмыстар
Бронх демікпесінің ұстамасы кезіндегі мейірбике жұмысының алгоритімі
Бронхтық демікпе туралы түсінік
Тыныс алу аурулары
ТЫНЫС АЛУ
Бронх демікпесі
Қарсы көрсеткіштер
Науқастың жүруі қалыпты жағдағыдай
Өкпенің инфекциялық аурулары
Жіті тыныс жетіспеушілігі - қанның қажетті газдық құрамы қамтамасыз етілмейтін немесе сыртқы тыныстың компенсаторлық мүмкіндігі нәтижесінде ұсталып тұратын патологиялық жағдай
Көмей ӨКПЕ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz