Туберкулез белгілері


Slide 1

Сроп : Туберкулезге қарсы дәрілер

.

Орындаған; Нұрғазиева Н.

Тобы: 114

Slide 2

ЖОСПАР:

I. Кіріспе

II. Негізгі бөлім:

*Туберкулез туралы түсінік.

*Туберкулездің белгілері.

*Туберкулездің алдын алу шаралары

* Туберкулезге қарсы қолданылатын дәрілер

III. Қорытынды

IV. Қолданылған әдебиеттер

Slide 3

Туберкулез (лат. tuberculum - төмпешік), ескіше: құрт ауру, көксау - адам мен жануарларда болатын созылмалы жұқпалы ауру. Туберкулездің қоздырғышы - микробактерияны (“Кох таяқшасын”) неміс микробиологы Р. Кох (1843 - 1910) ашты (1882) . Туберкулез микобактериялары жіңішке, түзу не сәл иіліп келген таяқшалар, ұзындығы 1 - 10, ені 0, 2 - 0, 6 мкм.

Slide 4

Ауру тарихи. Туберкулез әлемдегі ең кең тараған жұқпалы ауру болып табылады. Жыл сайын 20 млн адам ауырып, 4 млн адам өледі. Туберкулез ауруының кеш анықталуы оның клиникалық ерекшеліктеріне байланысты. Ауру қоздырғыш таяқшалар орталық жүйке жүйесіне әсер етіп, эйфория шақырады, сондықтан науқас өзінің ауырғанын сезінбейді. Туберкулездің асқынбаған түрлері жоспарлы тексерулерде : ересектерде- флюорографиямен, балаларда - рентгентексерілуі арқылы анықталады.

Туберкулез

Slide 5

Туберкулез ауруы көне заманнан белгілі. Ауру белгілері бұдан 7 мың жылдай бұрын неолит кезеңіндегі адам сүйегін зерттегенде табылған, біздің заманымыздан бұрын 3 - 2-мыңжылдықта египет мумияларынан анықталған. Туберкулездің клиникасы туралы алғашқы деректер 2 ғасырда өмір сүрген каппадокиялық дәрігер Аретейдің (Aretaіos) еңбектерінде кездеседі. Одан кейін Гиппократ, Гален, т. б. ғалымдардың еңбектерінде де Туберкулез ауруы еске алынады. Бірақ олар Туберкулезді жұқпалы ауру қатарына жатқызбаған. Ал Әбу Әли ибн Сина өзінің “Дәрігерлік ғылымның каноны” деген еңбегінде Туберкулезді тұқым қуалайтын аурулар қатарына жатқызған. Туберкулездің жұқпалы ауру екенін бірінші рет италиялық ғалым Дж. Фракасторо (1478 - 1553) дәлелдеді.

Туберкулез тарихы

Slide 6

Туберкулез микобактериясының бірнеше түрі белгілі: адамға тән түрі(Mycobacterum tuberculosis), аралық

түр(Mycobacterum africanum), Mycobacterum тұқымы, Mycobacteriacaae семьясы, Actinomycetalis қатарына жатады. Туберкулез қоздырғыштары адамда 92% жағдайында адамдық түрімен жұғады, 3-5% жағдайларында ғана өгіз немесе аралық түрлер жұғуы мүмкін. Жанартылған микробиология классификациясында құс микобактериясы адам мен жануар микобактериясы қоздырғышы болып табылады.

Slide 7

Туберкулез микобактериясы - жіңішке, түзу немесе аздап иілген таяқшалар ұзындығы 1-10 мкм, ені 0, 2-0, 6 мкм, гомогенді немесе дәнді дөңгеленген. Олар қозғалғыш, эндоспор, конидий, капсула түзбейді. Бактерия жасушаларының құрылысы мен мөлшері жасушаның жасына қарай, таралу ортасына қарай, өзгереді.

Slide 8

Туберкулез микобактериясы қоршаған орта факторлары әсеріне де төзімді. Қалыпты жағдайда күн сәулесі түспеген кезде де бірнеше ай сақталып, таралған жарық әсерінен 1 айдан кейін ғана өледі. Көше шаңында -10 күнге дейін, кітап беттерінде 3 айға дейін, суда 5 айға дейін туберкулез микобактериялары сақталады. Қайнатқаннан кейін сулы қақырық микобактериялары 5 минуттан кейін, құрғақ қақырық -25 мин. Белсенді хлор қосылған ерітінділерден (3-5% хлорамин ерітіндісі, 10-20% хлор әгі ерітіндісі) 3-5 сағ. аралығында өледі.

Slide 9

Патогенезі Туберкулез микобактериясы ағзаға әр түрлі жолдармен енеді:аэрогенді, энтеральді (асқазан арқылы), зақымдалған тері немесе сілемейлі қабықша арқылы және ұрыққа ұрық жолдасы арқылы. Негізгі таралу түрі аэрогенді болып табылады. Туберкулез микобактериясы басқа да микроорганизмдер сияқты макрофагқа енген кезде ұзақ уақыт сақталады. Адам ағзасында туберкулез микобактериясы көбейген кезде азайтылған иммундық жауап нәтижесінде улы заттардың көптеген мөлшері шыға бастайды.

Slide 10

Туберкулез микобактериясының ену орнына қарай туберкулездің қабыну ошағы өкпеде, ауыз қуысында, тамақта, ішекте орналасуы мүмкін. Алғашқы аффектке жауап ретінде лимфа түйіндерінде, алғашқы туберкулез жинағы пайда болады. Алғашқы жұқтырудан ішкі кеуде лимфа түйіндерінің туберкулезі, плеврит, туберкулема пайда болады. Алғашқы туберкулез «жаңа жұқтыру » нәтижесінде 7-10% жұқтырылғандарда ешқандай клиникалық белгісіз болады. Жұқтырылған инфекция тек туберкулин реакциясы өзгергенде ғана пайда болады. Алғашқы туберкулездің уақыты аз уақытта жазылумен, немесе аздап қалған белгілермен аяқталады. Бұндай адамдарда жүре пайда болған иммунитет пайда болады. Қалдық ошақтарында микобактериялардың қалуы қалған белгілермен жүре пайда болған иммунитетті бекітіп, бір уақытта түрі өзгерген бактерияның қайтадан қалпына келу қаупін де туғызады.

Slide 11

Туберкулез белгілері Туберкулез интоксикациялары кезінде науқас ( 5-10кг одан да жоғары) салмағын жоғалтады, әлсіздікті, дел- салдықты сезінеді. Тамаққа тәбеті жойылып, еңбекке қабілеті төмендеп, тершеңдік пайда болады. Дене қызуының жоғарылауына науқас мән бермеуі мүмкін, алайда дене қызуы 37-37, 5 С көрсетеді. Кеуде тұсында шаншулар пайда болып, аурудың бастапқы кезеңінде жөтел бола бермейді, бірақ ары қарай туберкулез процесінде пайда бола бастайды. Ары қарай туберкулез процесінде жөтел, қан түкіру, кеуде шаншуы болады.

Slide 12

Тыныс алу мүшелері туберкулезінде -жөтел, демігу, бүйір ауыруы болады. Бұл белгілер тыныс жолдарын туберкулезбен

байланыссыз басқа ауруларында да кездеседі. Жөтел аңқа, кеңірдек, бронх және басқа да респираторлық ауруларда, жұқпалы балалар аурулары( қызылша, көкжөтел) , онкологиялық зақымдалуларда нервтік- рефлекторлық аппаратың тітіркенуінен пайда болуы мүмкін. Бірақ туберкулезде жөтел иіссіз, ақ-сұр түсті қақырықпен ылғалды және құрғақ болуы мүмкін

Slide 13

Туберкулездің алдын алу.

Алдын алуды нысанның ауқымына және көлеміне байланысты үлкен үш топқа бөлуге болады: 1. Жұқпалы аурулар контингенті мен аса жұқпалы аурулардан тұрғындарды қорғау іс-шаралары(вакциналау және ревакциналау) 2. Тұрғындардың арасында ауыр түрдегі туберкулез ауруына жүргізілетін іс-шаралар(диспансерлік бақылау және тіркеу, сауықтыру, химиялық жолмен алдын алу) . 3. Инфекция ошақтарындағы жасалатын іс-шаралар(ошақты сауықтыру, дезинфекция, науқасты оқшаулау, жанасқандарды бақылау, химиялық жолмен алдын алу) .

Slide 14

Алдын алу шараларын жүргізу үшін оның ішінде санитарлық және маманданған шаралар, нақты құрылған ұйымдастыру түрлері қажет, олай болмаған жағдайда алдын алу шаралары сапасыз болуы мүмкін. Барлық алдын алу шаралары инфекция резервуарының көлеміне және оның берілу жолдарына байланысты жүргізілуі керек. Инфекцияның негізгі резервуары туберкулез науқасы болып табылады, сол сияқты ірі қара мал туберкулезі, басқа жануарлардың эпидемиялық қауыптілігі аздау.

Slide 15 Slide 16

Емі


Ұқсас жұмыстар
Туберкулёз
Қант диабетімен ауыратындарды өкпе туберкулезіне күдіктену
Туберкулездің жұғу жолдары
Жөтел және тыныс алудың қиындауы
Ананың ТМБ балаға жұқтыру мүмкіншілігі
Адамның иммунитет тапшылығы вирусы қоздыратын ауру
ЖИТС - жүре пайда болған иммунды тапшылық синдромы
ТУБЕРКУЛЕЗ ЭПИДЕМИОЛОГИЯСЫ. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТУБЕРКУЛЕЗ ЭПИДЕМИОЛОГИЯСЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
ТУБЕРКУЛЕЗДІҢ АЛДЫН АЛУ
Манту сынамасының нәтижелері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz