Қазақстанның туристік-рекреациялық ресурстары: түрлері, қорғалатын аумақтар және дамудың өзекті мәселелері


Slide 1

Халықаралық қазақ-қытай тіл колледжі Пән атауы: Қазақстанның туризм географиясы Арнайы пәндер оқытушысы: Кенжал Айнур

Slide 2

Лекция 10 Қазақстанның туристік-рекреациялық ресурстары

Slide 3

Сабақтың жоспары: 1. Туристік-рекреациялық ресурс дегеніміз не? 2. Қазақстанның туристік-рекреациялық ресурстары

Slide 4

Туристік-рекреациялық ресурстар

Туристік-рекреациялық ресурстар - туристердің рухани, рекреациялық қажеттілігін қанағаттандыратын, күш-жігерін қалпына келтіріп, сергітетін табиғи (теңіз, көл, өзен жағалауы) және антропогендік (тарихи-архитектуралық көрікті жерлер) нысандар.

Slide 5

Туристік-рекреациялық ресурстар қатарына:

курортты немесе емдік демалыс (минералды су, тау баурайы, орман іші, теңіз жағалауы),

сауықтыру (ландшафты климат жағдайлары, қолайлы жыл мезгілдері, суға түсу маусымы),

спорттық-альпинистік (тау тізбегі, қия жарлар, шатқалдар немесе шөлді-шөлейтті, халық сирек орналасқан жерлерге) және

экскурсиялық-туристік (тарихи, мәдени, археологиялық ескерткіштер, табиғаттың көрікті орындары, этнографиялық нысандар, мұражайлар, бірегей таңқаларлық техникалық құрылыстар) нысандар жатады.

Slide 6

Қазақстандағы туристік нысандар бірнеше топтарға бөлінеді:

Slide 7

Табиғи - рекреациялық нысандар Қазақстандағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың территориясында орналасқан. Ерекше қорғалатын табиғи аумақ - ерекше қорғау режимi белгiленген мемлекеттiк табиғи-қорық қорының табиғи кешендерi мен объектiлерi бар жер, су объектiлерi және олардың үстiндегi әуе кеңiстiгiнiң учаскелерi. Ерекше қорғалатын аумақ - кеңістігінде бағалы табиғи немесе қолдан жасалған (бағалы экожүйе, гейзерлер, бау - саябақ ескерткіштері, инженерлік құрылыстар, т. б. ) немесе қоршаған ортаға қолайлы әсер ететін кеңістіктер (орман жолағы, көгерген аймақтар), аумақтар, акваториялар орналасқан.

Табиғи - рекреациялық нысандар

Slide 8

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жүйесіне

10 мемлекеттік табиғи қорығы,

12 мемлекеттік ұлттық табиғи паркі,

5 мемлекеттік табиғи резерваты,

республикалық маңызы бар 50 мемлекеттік табиғи қаумалы,

республикалық маңызы бар 26 табиғат ескерткіші,

3 зоологиялық паркі (Алматы, Қарағанды және Шымкент қалаларында),

5 республикалық ботаникалық бағы (Алматы, Қарағанды, Риддер, Жезқазған қалаларында, Бақанас селосында),

5 республикалық мемлекеттік қорық аймағы және

3 жергілікті маңызы бар өңірлік табиғи паркі,

4 жергілікті маңызы бар мемлекеттік табиғи қаумалы,

15 жергілікті маңызы бар табиғат ескерткіші кіреді

Slide 9

Соңғы 5 жыл ішінде ЕҚТА келушілерінің саны 3, 5 млн. астам адамды құрады, бұл ретте бюджет кірісіне 660 млн. астам теңгеде салық түсімі түсті. ЕҚТА келушілер санының ұлғаюы ЕҚТА туризмінің инфрақұрылымын, қонақ үйлерін, сапар-орталықтарын құрумен және жақсартуымен, ЕҚТА-ны көркейтуді жақсартумен байланысты. Қазіргі уақытта 4 сапар-орталығы: Ақсу Жабағылы МТҚ, Қорғалжын МТҚ мен «Бурабай» МҰТП және Наурызым МТҚ жұмыс істейді.

Табиғи - рекреациялық нысандар

Slide 10

Табиғи - рекреациялық нысандарға Солтүстік Қазақстан аймағындағы Көкшетау, Бурабай, Баянауыл, Ерейментау, Шығыс Қазақстан аймағындағы Зайсан көлі, Марқакөл көлі, Қазақстандық Алтай, Оңтүстік Қазақстан жеріндегі Батыс, Солтүстік Тянь-Шань, Алтынемел таулары, Батыс Қазақстандағы Үстірт, Мұғалжар, Каспий ойысы, Орталық Қазақстандағы Қарқаралы, Қызыларай, Бектау ата, Ұлытау т. б. табиғи нысандар кіреді.

Сонымен бірге Алматы облысындағы табиғи - рекреациялық ресурстардың туризмді дамытуда маңызы зор. Оларға «Іле-Алатауы» ұлттық саябағы, Түрген-Шамалған өзендері аралығындағы шатқалдар, Түрген, Есік, Талғар, Алматы, Қаскелең, Шамалған елді мекендері жатады. «Алтынемел», «Көкшетау», «Бурабай» ұлттық саябақтарында туризмді дамыту мемлекет тарапынан қолдау тауып, дамып келеді.

Slide 11

Тарихи-археологиялық нысандар.

Тарихи - археологиялық нысандардың туристік-экскурсиялық сапарлардағы орны ерекше. Археологиялық ескерткіштердің кез-келген нысандары туристік-экскурсия жұмыстарында маңызды орын алады. Соның ішінде Жетісудағы Сақ қорғандары, Талхиз қалашығы, Оңтүстік Қазақстандағы Отырар, Сайрам, Батыс Қазақстандағы Сарайшық, т. б. көне қалалардың орнына туристердің қызығушылығы мол. Археологиялық-тарихи ескерткіштердің қазірге дейін жеткен нысандарының ішінде қорғандар мен мазарлардың маңызы зор. Қола дәуір ескерткіштеріне жартастағы петроглифтерді атауға болады. Оларға әйгілі бірегей ғибадатханалар: Аңырақай тауының Таңбалы сайындағы, Көксу өзеніндегі Ешкіөлмес ғибадатханасы, сондай-ақ Шолақ, Кіндіктас, Баянжүрек тауларындағы тастағы суреттер жатады. Біздің дәуірімізге дейінгі 6 - 3 ғасырлардан қалған сақ қорғандары, Бесшатыр қорымындағы жерлеу камерасы және сақ әскері киімін киген “Алтын адам”, 2001 - 2002 жылдары Шығыс Қазақстан облысы Қатонқарағай ауданының Бергіел (Берел) қорғанында табылған “Сақ патшайымы” археологиялық туристік нысандарға жатады. Ортағасырлық Түркістан, Отырар, Тұрбай, Құлан, Мерке, Талхиз, Жаркент қалалары, т. б. елді мекендер қазіргі туристік нысандар болып табылады.

Slide 12
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы туризм түрлері мен Қызылорда облысының туристік-рекреациялық ресурстары
Өлкетану: рекреациялық ресурстар мен Қазақстанның табиғи және су ресурстары
Экологиялық білімнің этикалық-эстетикалық мәселелері және Қазақстанның ерекше қорғалатын табиғи аумақтары
Батыс Қазақстанның туристік ресурстары мен Ақтау туризмінің дамуы
Қазақстанның биологиялық алуантүрлігін сақтау: Конвенцияны орындау, заңнамалық негіз және қорғалатын табиғи аумақтар
Аймақты туристік-рекреациялық бағалау: критерийлер мен әдістемелік тәсілдер
Экологиялық білімдегі этика мен эстетика, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар және биосфераның ноосфераға айналуы
Экологиялық білім мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтар: этикалық және эстетикалық мәселелер, биосфераны ноосфераға айналдырудың ғылыми негіздері
Қазақстанның су ресурстары, сумен қамтамасыз ету және ластану мәселелері
Қазақстанның тұрақты дамуына қатысты өзекті экологиялық мәселелер: су ресурстары, Каспий, Арал, Балқаш және экологиялық мониторинг
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz