ӨСІМДІК ЖАСУШАСЫ ЖАНУАР ЖАСУШАСЫ



Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті
БӨЖ
Тақырыбы: Өсімдіктер мен жануарлардың жасушаларының құрылымдық айырмашылығы
Түркістан-2020

Мазмұны:
I-бөлім
1. Кіріспе
II-бөлім
1. Жасуша туралы қысқаша мәлімет
2. Жасуша органоидтары
3. Өсімдік жасушасы
4. Жануар жасушасы
5. Өсімдіктер мен жануарлар жасушаларының құрылымдық айырмашылығы
III-бөлім
1. Қорытынды
2. Пайдаланылған әдебиеттер және веб сайттар тізімі

Мақсаты:
Жасуша органоидтарының құрылысын тұжырымдап, өсімдік пен жануарлардың жасушаларының құрылымдық айырмашылығын талдау

Кіріспе:
Жасуша (клетка, cellula) - дененің ең кішкене құрылыс бірлігі. Жасушаны зерттейтін ілім - гистология. Жасушалар барлық жануарлар мен өсімдіктер құрылысының дамуы және тіршілік әрекетінің негізі. Жасуша туралы ілімнің негізін қалаушы неміс ғалымы Т. Шванн (1810-1882 ж. ж) . Т. Шванн 1839 жылы барлық жан-жануарлардың дене құрылысының негізі, олардың құрылыс бірлігі жасуша екенін дәлелдейді.

Жасушалардың түрі мен пішіні әр түрлі болады. Олар сопақ, домалақ және тағы басқа пішіндерде болуы мүмкін. Оның үлкендігі 3-7 микроннан 200 мкметрге дейін жетеді. Денедегі ең үлкен жасуша жыныс жасушалары.
Жасуша цитоплазма мен ядродан тұрады.
Ядро (nucleus) - жасушаның негізгі бөлігі. Ол көбіне жасушаның орталығында орналасады. Ядро бір немесе бірнешеу болуы мүмкін. Көбіне жасуша бір ядролы болады. Ядроның да пішіні әр түрлі: домалақ, сопақ, таяқша т. б. болуы мүмкін. Ядроның пішіні оның тіршілік әрекетіне байланысты өзгереді. Ядрода дизоксирибонуклеин қышқылы бар. Дизоксирибонуклеин қышқылында нәсілден нәсілге өтетін хабаршы “ген” сақталады.
Цитоплазма - жасушаның негізгі бөлігі. Оның құрамында гиалоплазма және органеллалар мен кіріспелер болады. Гиалоплазма гректің “шыны” деген сөзінен шыққан, цитоплазманың негізгі бөлігі. Оның құрылысында тұрақты органеллалар болады. Органеллолар ядро мен цитоплазманың байланысын қамтамасыз етеді, жасушаның қалыпты қызметіне жағдай туғызады.


Цитоплазма. Ядро
Цитоплазма (гр. kytos - жасуша және гр. плазма - қалыптасқан) - жасуша жарғақшасы мен ядро арасын толтырып тұратын қоймалжың сұйықтық. Клетка Цитоплазмасының сырты плазмолеммамен қапталған. Плазмолемма - Цитоплазманың ақуызды-билипидті қабықшасы, оның орт. қалыңд. 6 - 10 нм, құрамында ферменттер болады. Ол жасуша мен оны қоршаған орта арасындағы зат алмасу процесін қамтамасыз етеді. Цитоплазманың негізгі құрамы гиалоплазмадан, органеллалардан және қосындылардан тұрады.
Ядро - жануарлар мен өсімдіктер жасушаларының ең маңызды құрам бөлігі. Ядро тұқым қуалаушылық (генетика) ақпараттың сақталуы және осыған байланысты жасуша цитоплазмасындағы белоктар мен ферменттердің түзілуін қамтамасыз етеді. Ядроны алғаш рет тауықтың жұмыртқа жасушасынан байқаған 1825 ж. чех ғалымы Я. Пуркине (1787 - 1869) болды. Ядроны өсімдіктер жасушасынан ағылшын ботанигі Р. Броун (1831 - 33), ал жануарлар жасушасынан Т. Шванн (1838 - 39) анықтады.

Вакуоль
Вакуоль - бұл әр түрлі жасуша типтерінде кездесетін жасушалық органоид. Олар цитоплазмадан бір қабықшамен бөлінген сұйықтықпен толтырылған тұйық құрылымдар . Вакуольдер негізінен өсімдік жасушаларында және саңырауқұлақтарда кездеседі. Алайда кейбір протисттерде, жануарлар жасушаларында және бактерияларда осы органеллалар бар.

Өсімдік жасушасындағы вакуоль
Өсімдік жасушасындағы вакуоль тонопласт деп аталатын жалғыз қабықпен қоршалған. Ол эндоплазмалық тор мен Гольджи кешені шығарған көпіршіктер бірігіп кеткенде пайда болады .
1. Тургор қысымы
2. Өсу
3. Сақтау
4. Детоксикация
5. Қорғау
6. Тұқымның өнуі
7. Лизосома

Тургор қысымы - бұл жасуша қабырғасына әсер ететін күш, өйткені жасуша құрамындағы заттар плазмалық мембрананы жасуша қабырғасына итереді . Орталық вакуольді толтыратын су өсімдік құрылымына қатты және түзу болу үшін жасуша қабырғасына қысым жасайды.
Өсу - Орталық вакуольдер суды сіңіріп, жасуша қабырғасына тургорлық қысым түсіру арқылы жасушаның созылуына көмектеседі.
Сақтау- Вакуольдерде маңызды минералдар, су, қоректік заттар, иондар, қалдықтар, ұсақ молекулалар, ферменттер және өсімдік пигменттері сақталады. Молекулалардың ыдырауы - вакуольдердің ішкі қышқылдық ортасы жою үшін вакуольге бағытталған ірі молекулалардың ыдырауына ықпал етеді.
Детоксикация - вакуольдер цитозолдан ықтимал улы заттарды, мысалы, артық ауыр металдар мен гербицидтерді шығарады
Қорғау - Кейбір вакуольдер өсімдіктерді жануарлардан қорғауға улы немесе жағымсыз химиялық заттарды сақтайды және шығарады.
Тұқымның өнуі: Вакуольдер - өну кезінде тұқымдарды қоректендіру көзі. Олар өсуге қажетті маңызды көмірсуларды, ақуыздарды және майларды сақтайды.
Лизосомалар - жасушалық макромолекулаларды қорытатын ферменттердің мембраналық қапшықтары. Вакуольдер мен лизосомалар өсімдіктерде автолиз деп аталатын процесте болатын бағдарламаланған жасуша өліміне де қатысады. Өсімдіктердің автолизі - бұл өсімдік жасушасы оның ферменттерінің әсерінен жойылатын табиғи процесс.


Эндоплазмалық тор (лат. reticulum - тор, лат. endoplasmaticum - эндоплазмалық) - ұзынша келген қуысты түтікшелер мен өзекшелерден тұратын, қабырғасы биологиялық жарғақтармен шектелген жасуша цитоплазмасының органелласы. Эндоплазмалық тор (цитоплазмалық тор) : дәншелі (гранулалы) және дәншесіз (агранулалы) эндоплазмалық тор болып екіге бөлінеді. Гранулалы эндоплазмалық тор жарғақтарының қабырғаларында рибосомалар орналасады, ал агранулалы эндоплазмалық тор қабырғаларында рибосомалар болмайды.

Рибосома (лат. rіbes - ағыс және грек. Some - дене) - ақуыз синтезін жүзеге асыратын жасуша-ішілік органоид. Рибосомалар - екі орташа: үлкен және кіші өлшем бірлігінен тұрады. Нәруыздар биосинтезін (нәруызда аминқышқылдарды қосады) іске асырады
Митохондрия - эукариоттық жасушаның екі қабықты органелласы, оның негізгі қызметі - жасушаның тіршілігі үшін энергия көзі АТФ синтезі .
Митохондрия - эукариоттық жасушаның екі қабықты органелласы, оның негізгі қызметі - жасушаның тіршілігі үшін энергия көзі АТФ синтезі .

Жасуша орталығы (клеточный центр) - адам мен жануарлардың барлық және кейбір өсімдік жасушаларында болатын, жасушалардың митоздық бөлінуін қамтамасыз ететін органелла.
Жасуша орталығы - цилиндр тәрізді бір-біріне тік бұрыш түзіп орналасатын екі денешік. Бұларды центрольдер деп атайды.

лизосома жасуша метаболизмімен және өсуімен байланысты кейбір жасушаішілік сигналдық жолдарға да қатысады
Лизосома ( грек тілінен аударғанда λύσις - ыдырау және σώμα - дене) - мембранамен қоршалған жасуша органелласы, оның қуысында қышқыл орта сақталып, көптеген еритін гидролитикалық ферменттер орналасқан . Лизосома макромолекулалардың жасушаішілік қорытылуына, соның ішінде аутофагия кезінде жауап береді
Гольджи аппараты -- жасуша биосинтезінің өнімдерін түзілу және тасымалдау қызметін атқаратын мүшесі. Гольджи аппараты бөліктері жалпақ пішінді іші қуыс бірінін үстіне бірі қаланып орналасқан.

Өсімдіктер барлық организмдердей жасушалардан тұрады, әр жасуша жасушадан пайда болады. Оларға барлық тіршілік әрекеттері тән. Тек бір ғана жасушадан тұратын өсімдіктер болады. Оған бір жасушалы балдыр мен саңырауқұлақ жатады. Әдетте ол микроскопиялық организм, бірақ тіпті ірі бір жасушалы болады. Өсімдік жасушаларының негізгі, ең жалпы құрамбөліктеріне: ядро, әр түрлі құрылысы, қызметі көптеген тұрақты қосындылары бар цитоплазмасы, қабығы, көпіршіктері (вакуоль) жатады.

Жануарлар жасушасы

Жануарлар жасушалары тұрақты қосындыларының ішінде тыныс алуда ерекше орын митохондрияларға жатады. Онда тотығу-фосфорлау қызметтері орындалады, әрі оның цитоплазмасында глюкозаның ауасыз ыдырау процесі - ауасыз гликолиз жүреді.

Айырмашылықтар

Өсімдіктер мен жануарлар жасушасының құрылымдық ерекшеліктері:
Өсімдіктер мен жануарлар жасушаларының бірінші ерекшелігі олардың жасуша қабықшасына қатысты. Өсімдік жасушаларының жасуша қабықшасы қалың, тығыз жасұнықтан (клетчатка) тұрады. Ал жануарлар жасушаларының жасуша қабықшасы жұқа болады. Келесі ерекшелігі - өсімдік жасушасының цитоплазмасында пластидтердің болуы. Оның қатысуымен күн энергиясы химиялық заттар энергиясына айналады. Жануарлар жасушасында пластидтер болмайды. Жануарлардың қоректену тәсілі гетеротрофты болып табылады - олар өсімдіктер түзген дайын органикалық заттарды қолданады. Үшіншіден, өсімдік жасушасында мөлдір көпіршіктер, іші жасуша шырынына толған ірі вакуольдер болады. Вакуоль су алмасуы мен тургор қысымын қамтамасыз етеді. Жануарлар жасушасында вакуольдер жоқ. Тек қана біржасушалы организмдерде ғана бар. Өсімдік жасушасында қорға жиналатын көмірсу крахмал болса, жануар жасушасында гликоген жиналады.

Жасуша әлемі |
ЖАСУША ТЕОРИЯСЫ |
Жасуша |
Жасуша жайында |
Жануар жасушасы |
Эпигенетика ұғымы |
Прокариоттық жасуша |
Аналық бүрлер көлемі |
Жасуша орталығы |
ӨСІМДІК ЖАСУШАСЫ |
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz