Түйе жануары, ерекшеліктері


Slide 1

Жобаның тақырыбы:

Шипасы мол Шұбат

Slide 2

Жоспары:

1 кіріспе.

2 негізгі бөлім

2. 1 Түйе жануары, ерекшеліктері.

2. 2 Түйенің түрлері.

3 Шұбат.

3. 1 Шұбаттың пайдасы.

3. 2 Шұбаттың медицина саласындағы рөлі.

3. 3 Шұбатты қалай дайындайды?

4 Қорытынды.

5 Пайдаланған әдебиеттер:

Slide 3

Кіріспе

Мәселе: Түйе малының сүті-шұбатты тұрмыста қолданылғанмен, оның көптеген пайдасын, өзіне тән ерекшеліктерін біле бермейміз. Жобада осы мәселе жайлы айтылады.

Мақсаты:Менің негізгі мақсатым түйе сүті шұбаттың пайдасы, түрлері, ерекшеліктерін оқып білу.

Пәні: Жаратылыстану

Болжам: Егер шұбат туралы көп мәлеметтер жинасақ, шұбаттың сырларын ашып, пайдасын білер едік.

Нәтижесі: Іздену нәтижесінде шұбаттың денсаулыққа пайдалы, емдік қасиеті бар екенін білеміз. Қазіргі уақытта ішіп жүрген кола, пепси, спрайт сусындарынан шұбаттың пайдасы мол екенін дәлелдеймін.

Slide 4

“Жылқы -малдың патшасы, түйе-малдың қасқасы” Халық даналығы

Тағы бір тілек тілейін,

Бергеніңді білейін.

Қотанға сыймас түйе бер,

Түйе берсең, үйе бер. Бұл түйе мен түйешілердің пірі - Ойсылқара жайындағы өлең жолдары.

Slide 5

Төр түлік мал

Жылқы

Қой

Түйе

сиыр

Slide 6

Түйе - төрт түліктің төресі. Алыс сапарға шыдап, ауыр жүк артылсада, бел омыртқасы қайыспайтын жануарды көшпелі халық айрықша қадірлеп-қастерлеген. Түйе жануары шөлге шыдамдылығымен ерекше. Жолсыз шөл жерлерде жүретін «қара жердің алып кемесі» атанған жануар. Айрықша күтімді қажетсінбейтіндіктен «кедейдің малы» атанған жануар, табиғи жайылымда тез қоңданады, әрі оның сүті мен шұбаты медицина тарапынан емдік сусын ретінде мойындалған. Жүні де жеңіл өнеркәсіпте таптырмайтын шикізат. Осындай пайдасы бар мал санаулы мемлекеттерде ғана бар.

Түйенің негізгі шыққан жері Солтүстік Америка деп саналады. Түйенің екі түрі бар. Біреуі: қос өркешті, екіншісі: Нар-жалғыз өркешті түйе. Қос өркештің таза қандысын - бактриан, нардың таза қандысын - дромадер деп атайды. Бактерианның биіктігі 178 см, тұрқы 158 см, жүні қара қоңыр. Дромадердің биіктігі 210 см, тұрқы 155 см, жүнінің түсі қызыл сұр келеді.

Бактриан - қос өркешті

Дромадер - жалғыз өркешті

Slide 7

Түйенің күйіне қарай атаулары:

Жардай түйе - түйенің керемет семіргені.

Құр түйе - қом салынбай, тек қана жайылымда жүріп, әбден семірген түйе,

Жараған түйе - түйенің жол үстінде үнемі мініліп, жайыла алмай қалғаны.

Азған түйе - қатты жүдеген түйе.

Қара қиыс түйе - жаңадан жүн шығып, үлгермей құр терісімен жүрген түйе.

Slide 8

Шұбат.

Суды сирек ішкендіктен түйенің сүті қою, майлы, қуатты болады. Шайға қатып ішуге, немесе сиыр, қой сүтіне араластырып құрт-ірімшік жасауға болады. Түйенің сүтінің ашытылған түрін Шұбат деп атайды. Бұл әрі сусын, әрі тағам, оның емдік қасиеті де бар. Оны бір қорландырып алса, одан әрі ашытқысыз аши береді. Қымыз секілді мезгіл-мезгіл пісіріп отырудың қажеті жоқ.

Шұбат әдетте түйенің мойнағынан тігілген торсыққа ашытылады. Ішінде қоры бар торсыққа құйып, бірер түн асырса болғаны, шұбат дайын болады.

Ашу сәтінен дайын болғанға дейінгі мерзімге байланысты, шұбат үш түрге бөлінеді:

Бәсең - бір тәуліктік,

Орташа - екі тәуліктік,

Күшті - үш тәулітік.

Slide 9

Шұбаттың пайдасы.

Қазіргі таңда шұбаттың адамға әкелетін пайдасын ғалымдар толығымен дәлелдеп отыр.

“Шұбаттың құрамына тоқталатын болсақ, құрамында өте көп мөлшерде С витамині, А витамині, калци, фосфор, мыс, хром сияқты микро элементтер болады. Шұбаттың қымызға қарағанда айырмашылығы, құрамы нәзігірек болады және сіңімділігі де соған байланысты жоғарырақ болады. Тағы бір артықшылығы, өте сирек кездесетін, ағзаға қажетті амин қышқылдары көп мөлшерде кездеседі. Ол ақуыз қатарына жатады және организмдегі барлық алмасу процесіне қатысады. Қандайда бір амин қышқылы жетіспейтін болса,

білінбейтін ауытқулардың орнын толықтырып тұрады”, - дейді медицина ғылымының кандидаты -

Майгүл Сейдоллақызы

Slide 10

Шұбаттың медицина саласындағы рөлі

Құрғақ шұбат.

Ғалымдар өнімнің ылғалын сорып алу әдісі арқылы шұбат сусынын құрғақ түрінде ұзақ мерзімге сақтауға болатындығын айтады.

Ғалымдар қатерлі ісік ауруына қарсы күресетін тағы бір мүмкіндік пайда болатынын айтады. Мамандар шұбаттың табиғи адам иммунитетін күшейткіш қасиетінің барын дәлелдеген.

Германияда бұл сусын аса сұранысқа ие, неміс зерттеушілері бұл сусын дәріханадан орын алуға ие деп шұбаттың қасиетін бағалап отыр.

Slide 11
Ұқсас жұмыстар
Іңгендерді сауудың гигиенасы
Қой шаруашылығы мал шаруашылығының басты саласы
Төрт түлік
Жабы жылқы қолтұқымын сипатта
Күйіс қайыратын жануарлар
Түйенің өркеші
Жорғалаушылар - құрлықта тіршілік ететін алғашқы омыртқалы жануарлар
Айыр өркешті түйе
Жануарлар селекциясында қолданылатын будандастыру әдістері
Қазақ агротехникалық университеті
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz