Эндокринді бездер және түрлері



«Оңтүстік Қазақстан Медицина Академиясы» «Қалыпты анатомия кафедрасы» Презентация Тақырыбы:Эндокриндік бездер. Әртүрлі жастағы балалар мен жасөспірімдердегі жастық ерекшеліктері. Орындаған: Бекжігіт А. Е Тобы: ПҚ 02-19 Қабылдаған: Мурзанова Д. А Шымкент 2020

І Кіріспе: Эндокринді жүйе. ІІ Негізгі бөлім: 1. Эндокринді бездер және түрлері. Оларға сипаттама. ІІІ Қорытынды: ІV Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
Жоспары:



Гипофиз немесе төменгі ми қосалқысы бас сүйегінің "түрік ері" деп аталатын сүйегінде орналасқан. Ол ортаңғы мимен көрші орналасады және онымен екі жақты көптеген байланысы бар. Соңғы жылдардағы мәлімет бойынша гипофиз бен аралық мидың гипоталамус бөлігінің арасында 100 мыңға дейін байланыс жүйке талшықтары бар.

Гипофиз
Гипофиз- мидың түп жағындағы түрік ершігінде орналасқан, салмағы 0, 5-0, 6 г, алдыңғы, ортаңғы, артқы бөліктерден тұрады. Алдыңғысы- аденогипофиз, ортаңғысы - меланогипофиз, артқы бөлігі - нейрогипофиз деп аталады.
Пішіні үрмебұршақ тәрізді, ересек адамдар да салмағы 0, 5-0, 6 г-ға жетеді. Гипофиз - безді және жүйке ұлпаларынан тұрады. Бұл безден бөлінетін 25 түрлі гормонның 7-еуі жеке бөлініп алынып, толық зерттелген. Ми қосалқысында құрылысы, қызметі мен дамуы әр түрлі 2 үлесін ажыратады: алдыңғы үлес lobus anterior, артқы үлес lobus posterior.

Жаңа туған нәрестенің гипофизінің салмағы 10-15 мг, бірақ 10 жасқа дейін 30 мг-ға дейін өседі де, жас өспірімдерде ересек адамның мөлшеріндей болады. Ол ересек адамда 50-65 мг, пішіні сопақшалау болады. Гипофиздің көлемі баланың жасына лайық ұлғаяды, әрі "түрік ері" сүйегінің өсуіне байланысты өзгереді. Жаңа туған сәбидің бұл сүйегі 2, 5 х 3 мм, 1 жасқа жеткенде 4x5 мм, ал 16-18 жасқа дейін 9 х 11 мм болады. 18 жастан кейін әр адамның организмінің ерекшеліктеріне сай өзгереді. Емханада гипофиздің мөлшерін "түрік ерінің" мөлшеріне қарап анықтайды. Құрылысы жагынан гипофиз 3 бөліктен тұрады : алдыңгы, ортаңгы және артқы бөліктер. Алдыңғы және ортаңғы бөліктерін аденогипофиз деп, артқы бөлігін нейрогипофиз деп атайды. Гипофиздің бар салмағының 75% алдыңғы, 1-2 % ортаңғы, 18-23 % артқы бөлікке жатады. Гипофиздің мөлшері жүкті әйелде біраз ұлғаяды, ал босанғаннан кейін бұрынғы қалпына келеді.

Қызметі: 1) гипофиздің алдыңғы бөлігі құрамы нәруыздан тұратын өсу гормонын (соматотропин) бөледі. Өсу гормоны дененің, өсіресе ұзын сүйектерінің өсуіне әсер етеді; 2) нәруыздың, майдың, көмірсудың алмасуын реттейді; 3) жыныс бездерінің жұмысын қалпына келтіреді; 4) сүт безінен сүттің бөлінуін камтамасыз етеді; 5) бүйрек үсті безі қыртысының өсуіне, одан бірнеше гормондар бөлінуіне, қалқанша бездің дамуына әсер етеді; 6) кандағы темірдің тұрақтылығын сақтайды.

Эпифиз немесе томпақ дене.
Ол ортаңғы мидың жоғарғы бөліктерінің арасында орналасқан. Жаңа туған нәрестеде оның ұзындығы 3 мм, ені 2, 5 мм, қалындығы 2 мм. 4 жасқа дейін эпифиз өсіп, оның көлемі артады. 4 жаста ұзындығы 9 мм, ені 6 мм, қалыңдығы 3 мм болады. Ересек адамда осы көрсеткіштер онша өзгере қоймайды, бірақ салмағы аздап қосылады. Эпифиз 4 жасқа дейін ғана дамығанымен, одан әрі қарай оның клеткалары кішірейіп, қарапайымдалады, ал одан әрі қарай дәнекер ткандері көбейеді. 8 жастан кейін без тығыздалады. Дегенмен, жас өспірімдер мен жігіттерде/бойжеткендерде без клеткаларының қызметінің белсенділігінің барлық белгілері орын алып, протоплазмасындағы түйіршіктер дамиды және ядролары бөлінеді.

Томпақ дене, corpus pineale, таламустармен habenuale арқылы байланысқан, ортаңғы ми төбесі табақшасының жоғарғы төбешіктері үстінде орналасады. Ол кішкетай, сопақ пішінді және қызғылт түсті дене, оның жіңішке шеті төмен және артқа қарай бағытталған. Томпақ дененің ұзындығы 7-10мм, көлденеңі 5-7мм. Томпақ дене ерте балалық шақта ірілеу, алайда жыныстық пісіп жетілу басталғанға дейін инволюция құбылыстары байқалады. Томпақ дененің қызметі толық анықталмаған.

Қалқанша без (glandula thyroidea, лат. glandula - без, гр. thyreos -қалқан) - шеткі ішкі секреция безі, ересек адамдағы ішкі секреция бездерінің ең ірісі, мойында кеңірдектің алды мен ішінара қалқанша шеміршекке жанаса көмейдің бүйір шеттерінде орналасады. Қалқанша бездің сырты беті дөңес, ішкі беті ойыс. Алдыңғы жағынан терімен, тері асты шелмайымен безге сыртқы қапшық, capsula fibrosa, түзетін мойын шандырымен және mm. sternohyoideus, sternothyroideus et omohyoideus бұлшықеттерімен жабылған. Ересек адамдарда оның салмағы шамамен 30-60 г, пішіні таға тәрізді, бірімен-бірі өзара байланысқан екі бөліктен тұрады. Қалқанша безде іші шырышты затқа толы қуыстар бар.

Жаңа туған нәрестенің қалқанша безінің салмағы 1 г, 6 айда 2 г. Алғашқы жылғы баланың өмірінде без ұлпасы айтарлықтай өсе қоймайды да, салмағы 1 жаста 3 г ғана болады. 3-4 жаста 7 г, 5-6 жаста 10 г болып, 12-15 жаста без клеткалары жылдам өсіп жетіліп, 16-20 жаста 25 г болады. Ал ересек адамда бездің салмағы 35-37 г. Жыныстық жетілу кезінде, негізінен, бойжеткендердің қалқанша безінің уақытша болады көлемі ұлғаяды, себебі қыздардың жыныс гормондары іске қосылады және аналық бездердің гормондарының циклды өзгерістері туады. Без клеткаларының қанға толуына байланысты мөлшері өзгермелі келеді. Бұл без пішіні мен көлемі жағынан әртүрлі түйық көпіршіктерден, яғни фолликулдан тұрады . Фолликулдар дөңгелек, сопақша немесе көп қырлы болуы мүмкін. Фолликулдар бір-бірінен дәнекер ұлпаларымен болінген, олар қан тамырлары мен нервтерге бай келеді. Бездің қызметі баланың ұрық кезінде басталады.

Қалқанша маңы бездері қалқанша безінің артқы қабырғасында орналасқан кішкентай түйме тәрізді 4 (2 жоғарғы және 2 төменгі), кей адамда 6 без болады. Жалпы салмағы 0, 1-0, 3 г, ұзындығы 6-7 мм, ені 3-4 мм, қалындығы 1, 5-2 мм. Жасөспірім балалардың қалқансерік безі сәл қызғылттау болады, кейіннен сарғыш тартады да, қартая келе қоңыр түсті болады. Олардың сыртын қоршаған жақсы капсуласы бар және қалқанша безінен сол қапшығымен бөлектенеді. Бездің пішіні, саны мен қалқанша безінің үстінде орналасуы түрақсыз, әртүрлі болады. Олардың пішіні дөңгелекше, сопақша, үзынша, бүршақ іспеттес болады.

Бүйрек үсті безі (glandulae suprarenales) - бүйректің ішкі және жоғарғы (адамда - артқы) жағында орналасқан, пішіні бүйрекке ұқсас, бірақ мөлшері тіптен майда, жұп ішкі секреция (эндокринді) безі.
Оның массасы 4 г-ға жуық, жасқа қарай бездердің үлкеюі байқалмайды, өлшемдері: вертикальді 30-60 мм, көлденеңі 30мм, алдыңғы және артқы өлшемі 4-6 мм. Сыртқы түсі сарғылт немесе қоңырлау. Бүйрекүсті бездерінің алдыңғы бетінде бір немесе бірнеше жүлгелер байқалады, бұлар қақпа hilus, олар арқылы бүйрекүсті венасы шығып, артериялар кіреді. Оң жақтағы бүйрекүсті безінің пішіні - үшбұрыш, сол жақтағы пішіні - жарты ай тәрізді. Бездердің сыртын бүйрекпен қоса тығыз майлы қабық қаптайды. Бүйрекүсті бездері сыртқы қыртысты және ішкі боз (милы) қабаттан тұрады. Ішкі қабаты бездің дәл ортасында, шамамен без ұлпасын 10%-ын құрайды. Сыртқы қыртыс қабаты 90%-ын алып жатыр. бБүйрекүсті безднерінен көптеген гармон түзіледі.

Жаңа туған нәрестенің қыртысты қабаты милы қабатынан көбірек болады.
1 жастағы баланың безінің қыртысты қабаты милы қабатынан 2 есе қалың. Тек 10 жасқа жақындағанда милы қабаттың без ұлпасы тез өсе бастайды да, қыртысты қабаттан асып түседі.
Бүйрек үсті бездерінің қыртысты қабатының өсуі 11-12 жасқа дейін аяқталады, ал милы қабатының өсуі 6-20 жасқа дейін созылады. Жалпы алғанда бала туғаннан кейін опың безінің қыртысты қабатының ұрықтық кезде пайда һолған ұлпаларының орнына жаңа клеткалар өніп, ескілері солып, жойылады. Бездің салмағы 2-3 аптаның ішінде 2 ссе азаяды. Милы қабаттың безі Бұл кезде жетілмеген, дифференцияланбаған жеке-жеке клеткалар тобынан тұрады . 6 айға толғанда ұрықтық қыртысты заттар 3 есе кеміп, жаңа клеткалары көбейеді де, 7 жасқа дейін жетіледі. Милы қабаттың хромаффиндік клеткалары 3-4 жаста дифференциацияланады да тез өсе бастайды. Осы мерзімнің ішінде милы қабаттың жалпы салмағының 28-29% қалыптасады. Содан соң 8 жасқа дейін өспейді де қалған мөлшері 8-10 жас арасында тез өсіп, одан әрі ақырындап, жалпы өсуі 16-20 жасқа дейін созылады.

Ұйқы (қарын асты) безі

Ұйқы (қарын асты) безі немесе Лангерганс аралшалары көмірсутегінің алмасуын реттейтін гормондарды өндіреді. Ұйқы безі іштің алдыңғы қабырғасына эпигастрий мен сол жақ гипохондрияның ішінде орналасқан. Без без ретроперитонеальді кеңістікте I - II бел омыртқаларының денелері деңгейінде орналасқан. Ұйқы безінде келесі бөліктер бөлінеді: бас, дене және құйрық. Басы бел омыртқасының I денесінің оң жағында орналасқан және жоғарғы, оң және төменгі, тиісінше жоғарғы көлденең, түсетін және төменгі ішек бөліктерімен қоршалған.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz