Аударғыш және базистік элеваторлар
Презентация қосу
Аударғыш және базистік
элеваторлар
Элеватор дегеніміз- астықты қабылдап алуға, тазартуға, кептіруге,
сақтауға арналған астық қоймасы. Элеватор жай қоймаларға қарағанда
жинақы, әрі қолайлы болып саналады. Астық қоймасы ретінде 1 м²
алаңға силостан салынған сыйымдылық тығыздық мөлшері бірнеше есе
артады. Типтік силоста 1 тонна астық үшін 1,5-1,7 м² орынды талап
етеді. Бұл жай қоймамен салыстырғанда екі есеге аз.
Элеваторлар технологиялық ерекшеліктеріне байланысты :
- Дайындау элеваторлары
- Аударғыш және базистік элеваторлар
- Астық қорын жинау элеваторлары
- Өндірістік элеваторлар
- Порттық элеваторлар
Аударғыш және базистік элеваторлар
Аударғыш элеваторлар. Бұл элеваторлар астық партияларын бір
транспорт жүйесінен теміржол көлігінен су көлік жүйелеріне
немесе керісінше су көлік жүйесінен теміржол көлік жүйесіне
аудару болып саналады. Кейбір жағдайларда ғана кең теміржол
көлік жүйесінен тар көлік жүйесіне аудару жұмыстарында атқару
міндеттелген. Бұл элеваторлардың жайғасуы көп жағдайларда
өзен, теңіз жағаларымен теміржол көлігінің байланыстық
құрылымына, яғни қабылдау және тиеу қондырғыларының
жұмыстық схемасының қүралуына әсер етеді. Осыған
байланысты жоғары дәрежеде операвтивті үрдісте астықты түсіру
және тиеу жұмыстары негізгі операция болып саналады .
Аударғыш элеваторлардың сыйымдылығы 25...30
мың тоннаға дейін жетеді, жүк айналу
коэффициенттері 15...17 аралығында болады.
Тазалау және кептіру жұмыстары аз көлемде
орындалады, ал үлкен партияларды қалыптастыру
жұмыстары орындалады.
Аударғыш элеваторлардың жылдық жұмыс көлемін астық партияларын
көтеру санымен анықтауға болады
№ Операция аттары Көтеру саны, і
1 Қабылдау 1,0
2 Тазарту : 0,3*1=0.3
2.1 Қабылдау кезінде 0,2*2=0.2
2.2 Сақтау кезінде 0,15*2=0.3
3 Кептіру 0,15*2=0.3
4 Ішкі қозғалыс -
5 Инвентаризациялау 0,1*1=0.1
6 Тиеу 1,0
Барлығы: 3,4
Базистік элеваторлар. Бұл элеваторды негізінен үлкен партияларды сақтау
үшін салынады. Сондықтан оларды астық дақылдарына сұранысы көп халықтары
тұратын жеріне орналастырады. Осы элеватор арқылы дайындау элеваторының
сыйымдылығын ең көп шамаға есептемей, орта шамадағы астық көлеміне
байланысты жоспармен салуға мүмкіншілік тудырады. Оның астықты қабылдау
және тиеу жұмыстары транспорттың жүйелермен тығыз байланысты. Бұл
элеватор үшін қабылдау және тиеу қондырғыларының қуаттылығы жоғары болуы
тиіс. Сонымен қатар, астық партияларын өңдеу зауыттарының талптарына сәйкес
дайындау үшін тазалау, кептіру, желдету жұмыстары, әртүрлі мақсаттағы
партияларды қалыптастыру және олардың бәрі базистік кондиция талабына
сәйкес болуы қажет.
ТМД көлеміндегі аударғыш және базистік элеваторлардың жабдықтарының
өнімділігі мен сыйымдылығы тиімді пайдалану үшін оларды бір элеваторлардың
қызмет етуін қарастырып, біріккен элеваторлар ретінде жобаларын жасады.
Қазақстанда мұндай элеваторлардың рөлін көбінесе Ертіс өзенінің бойындағы
орналасқан үлкен элеваторлар және оңтүстік, орталық өлкелерде сыйымдылығы
100 мың тоннадан астам өндірістік, дайындау элеваторларының қосымша
қызметтеріне кіреді.
Қазіргі кезде бұл элеватордың ең үлкені БП-5*350 Кировск-Омскі элеваторы.
Элеватор жұмысын дистанциялық түрде басқарады. Тәуліктік жұмысы мына
операциялардан тұрады:
- автокөліктен – 6000 тонна
- су көлігінен - 8000 тонна
- теміржол көлігіне тиеу- 8000 тонна
Тольятти элеваторында астық партияларын теміржол көлігінен
қабылдап, өзен су кемелеріне астықты тиейді. Жұмысшы ғимаратында
төрт 175 т/сағ.нория, 20 тонналық төрт ожаулы таразы, екі ЗСМ-100
сеператоры, екі ЗСМ-5 қалдықты тазалау сеператоры. Астықты ДСП-24
кептіргіште кептіреді. Осындай элеватор БП-4*175 Ростов қаласында
орналасқан. Бұл элеваторда теміржол көлігінен өзен су кемелеріне және
керісінше астық партиялары аударылып жатады.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz