Қазақстан Республикасындағы кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық түзету арқылы қолдау



Silkway: Халықаралық Университеті
Қазақстан Республикасындағы кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық түзету арқылы қолдау
Орындағандар: Топ:120-01 студентттері
Есенгелдиева Ақбота
Мейрбек Айдана
Қабылдаған:Аширбаева Айнаш

Заң кемтар балаларды әлеуметтiк, медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдаудың нысандары мен әдiстерiн айқындайды, дамуында кемiстiгi бар балаларға көмек көрсетудiң тиiмдi жүйесiн жасауға, оларды тәрбиелеу, оқыту, еңбекке және кәсiби даярлау iсiмен байланысты проблемаларды шешуге, балалар мүгедектiгiнiң алдын алуға бағытталған.
Қазақстан Республикасындағы кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық түзету арқылы қолдау заң қабылданған

1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын терминдер мен анықтамалар
Осы Заңда мынадай негiзгi терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
1) кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау - кемтар балаларға тұрмыс-тiршiлiгiндегi шектелудi жою және оның орнын толтыру үшiн жағдай жасауды қамтамасыз ететiн және оларға басқа азаматтармен бiрдей қоғам өмiрiне қатысу мүмкiндiктерiн жасауға бағытталған арнаулы әлеуметтiк, медициналық және бiлiм беру қызметтерiн көрсететiн бiлiм беру, халықты әлеуметтiк қорғау, денсаулық сақтау ұйымдарының қызметi;
2) кемтар бала (балалар) - белгiленген тәртiппен расталған, туа бiткен, тұқым қуалаған, жүре пайда болған аурулардан немесе жарақаттардың салдарынан тiршiлiк етуi шектелген, дене және (немесе) психикалық кемiстiгi бар он сегiз жасқа дейiнгi бала (балалар) ;

2-бап. Қазақстан Республикасының кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық жағынан түзеу арқылы қолдау туралы заңдары

3-бап. Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау, оның мақсаттары, мiндеттерi мен принциптерi
1. Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау баланың туғанынан басталып, ол кәмелеттiк жасқа толғанға дейiн, жаппай кешендi медициналық, психологиялық, педагогикалық және әлеуметтiк тексеру мен кәсiби диагностика жүргiзу, оңалтудың жеке бағдарламасын әзiрлеу, медициналық, педагогикалық, психологиялық, әлеуметтiк қызметтер көрсету және еңбекке баулу арқылы жүргiзiледi.

2. Әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдаудың мақсаттары:
1) туа бiткен және тұқым қуалайтын ауруларды, қалыпты дамудан ауытқушылықтарды ерте бастан (туған кезден) анықтау;
2) балалардың дамуындағы кенжелеп қалу мен бұзылыстардың алдын алу, мүгедектiктiң ауыр түрлерiнен сақтандыру;
3) балалар мүгедектiгiнiң деңгейiн төмендету;
4) кемтар балалардың дене, психика және өзге де қабiлеттерiнiң орнын толтыру немесе оларды қалпына келтiру, олардың әлеуметтiк құқықтарын iске асыру, неғұрлым толық әлеуметтiк бейiмделуiне жәрдемдесу болып табылады
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz