ПРЕЗЕНТАЦИЯ ТЕРІ АУРУЫ
Презентация қосу
ПРЕЗЕНТАЦИЯ
ТЕРІ АУРУЫ
ТЕРІ АУРУЫ
Терінің ең көп тараған ауруларына безеу, қышыма қотыр және саңырауқұлақтар
тудыратын аурулар жатады.Тері ауруларын қарайтын медицина бөліме дерматолог
деп аталады. Тері ауруларымен айналысатын дәрігерді дерматолог деп атайды
БЕЗЕУ
Безеу көбінесе 14–16 жастағы балаларда болады.Бұл жыныстық жетілудің уақытша
қосымша әсері. Май бездерінің шығаратын өзегі бітеледі де, оған ауру
тудыратынтмикробтар түсіп, қабынады.Айналасындағы тері тығыздалып, қызарады
да кішкентай түйін пайда болады, ол жиі іріңдейді. Олар уақытша пайда болады,
бірақ терінің көп бөлігіне жайылып ауыруы мүмкін.Безеу бетінің арқасының кеуленің
жоғары бөлігін зақымдайды
БЕЗЕУДІҢ АЛДЫН АЛУ
Безеудің алдын алу үшін теріні таза ұстап, май бездерінің өзегі бітеліп қалмауы
үшін бетті үнемі сабынмен жуу керек. Ыстық және суық сумен алма-кезек жуыну
жақсы көмектеседі. Өте ащы, тәтті, дәмдеуіштер (бұрыш, қалампыр, т.б.) қосылған
тамақты жеуденқ кофе какао қою шай ішуден бас тарту қажет. Асқынған жағдайда
дерматолог дәрігерге көріну керек
ҚЫШЫМА ҚОТЫР КЕНЕСІ
Бұл ауруды қышыма қотыр кенесі (қотыр кенесі) тудырады. Қотыр кенесі нәзік,
жұмсақ тері жабынын зақымдап, ішке, арқаға жайылады. Ол адамның терісіне
жұққан бойда, өзіне орын "қаза" бастайды. Ұрғашысы сол өзі "мекендеген" тұсқа
жұмыртқа салады. Үш-төрт күннен кейін онысы құртқа (личинка) айналады. Мұндай
жұқпалы ауру өздігінен жазылып кетпейді. Міндетті түрде дәрігердің көмегі қажет. [6]
Ауру белгілері – аталған жерде тоқтаусыз қышу пайда болады. Қышыма қотыр ауру
адамнан тұрмыстық заттар, есік тұтқасы, қол алысып амандасқан кезде және т.б
жағдайда жұғатын жұқпалы ауру болып табылады. Қышыма қоотырдың алдын
алудың бастапқы шарасы – гигиена сақтау
Ауру қоздырушылары ауада және заттардың бетінде ұзақ уақыт тіршілік етеді. Сондықтан
үй-жайды зарарсыздандыратын сұйықтық (мысалы, хлораминді) қолданып, заттардың беткі
жағын, есіктің тұтқаларын, еденді ылғал шүберекпен сүрту керек.
Тері зақымданған кезде кесілген жерді және басқа жараларды антисептикалық заттармен
өңдеу керек.
Жұқпаның кейбір қоздырушылары ауруды дамытпай, теріде (сілемейлі қабықта, тісте) ұзақ
уақыт тіршілік етуі мүмкін. Егер ағза әлсіресе, оның қорғаныш күші төмендейді.Осы кезде
қоздырушылар агрессиялық кезге өтіп, ауру дамуы мүмкін. Яғни жекебас гигиенасынан
басқа жалпы ағза саулығын сақтау керек. Иммунитеттің әлсіреуіне қандай да бір аурумен
ауру, авитаминоз, антибиотиктерді бақылаусыз қабылдау себеп болуы мүмкін.
Иммунитетті жалпы нығайту, дұрыс тамақтану, жекебас гигиенасы ержелерін сақтау – тері
жұқпаларынынң алдын алу шарасы болып табылады
АЛЛЕРГИЯ
Аллергия - иммундық жауабының үлгісі, ол әр түрлі құрамдағы бөгде заттарға
ағзаның жоғары ерекше сезімталдығының дамуынан пайда болады және осы
заттармен аллергияны қоздырушы зат аллергендер деп аталады. Аллергияның
патогенезін, диагностикасын, алдын-алу және емін аллергология зерттейді.
АЛЛЕРГИЯНЫҢ ШЫҒУ СЕБЕПТЕРІ
Аллергияның шығу себептері:үй-шаруашылығының, өндірістің, ауыл шаруашылығының
химикаттануы;дәрілік заттар спектрының көбеюі;иммундық алдын алу масштабының
үлкендігі;жануар белогын көп пайдалану;
Аллергия келесі факторлардың әсерінен пайда болады:а. инфекциялық аурумен
ауырғандарб. бауыр, бүйрек, ұйқы безінің соматикалық ауруларыв. гормоналды
дисбалансг. салауатсыз өмір салтыд. жұмыста және үйде жағымсыз факторлардың
әсеріе. иммундық жүйесін жоятын дәрілік препараттарды қабылдауж. радиацияз.
белоктық ашығу және белок алмасуының бұзылысы
АЛЛЕРГИЯ
Аллергия -- (көне грекше: ἄλλος -- басқаша, ergon -- әрекет, жауап) -- организмнің
қоршаған ортаның кейбір әсерлеріне әдеттегіден тыс сезімталдығы. Аллергия
терминін алғаш 1906 жылы Австрия педиаторлары К.Пирке мен Б.Шик енгізген.
Аллергия туралы деректер көне заманнан белгілі. Гален (2 ғасыр) раушан гүлінен
адам мұрынының бітіп қалатыны туралы жазған. Аллергияны туындататын заттарды
аллергендер дейді. Аллергендер организмге сырттан түсетін (экзогендік) және
организмнің өзінде өндірілетін (эндогендік) болып ажыратылады. Экзогендік
аллергендерге өсімдіктердің тозаңдары, жануарлардың түбіті, қайызғағы, үй шаңы,
кір жуғыш ұнтақтар, кейбір тағамдық заттар, дәрі-дәрмектер (новокаин,
пенициллин, витаминдер т.б.), микробтар мен вирустар, өндірістік өнімдер жатады.
Эндогендік аллергендер көпшілік жағдайларда әртүрлі микробтардың, вирустардың,
суық немесе ыстық температуралардың, улы химиялық заттардың, иондағыш
сәулелердің әсерлерінен организімнің өзінде пайда болады
Аллерген организмге алғаш рет түскенде иммундық жүйелерге әсер етіп, оның сол
аллергенге сезімталдығын көтереді. Кейін бұл аллергеннің қайталап түсуі
салдарынан аллергиялық ауру пайда болады. Аллергияның кең тараған түрлеріне:
бронхиалдық демікпе, есекжем, Кванке ісінуі, поллиноздар (грекше pollen -- шөп
тозаңдарынан дамитын ауру) және анафилаксиялық шок жатады. Аллергиямен
ауырған адам аллерголог-дәрігердің бақылауында болуы керек.Аллергиялық
аурулардың патогенезінде аллергиялық қабыну негізгі рөл атқарады. Аса нәтижелі
емге арнайы гипосенсибилизация - вакцинотерапия жатады. Бірақ бұл ем аурудың
қозған кезінде қолданылмайды. Сонымен бірге гипосенсибилизацияны жүргізуге көп
қайшылықтар бар және антиген табылмаған жағдайда тағайындалмайды.
Псевдоаллергиялық реакцияларда вакцинотерапия нәтижесіз. Сондықтан
аллергиялық ауруларды басқа әдістермен жақсы емдеуге болады
ҚЫЗЫЛША АУРУЫ
Балалар патологиясының жұқпалы аурулар ең жоғарғы орынды алады. Жұқпалы
аурулар - өте кең тараған аурулар, әр түрлі микроорганизмдермен шақырылатын,
контагиозды сипатты, инкубациялық кезеңі бар, клиникалық белгілерінің циклдық
өтуі және арнайы иммунитеттің қалыптасуы байқалатын аурулар тобы.Инфекция,
немесе инфекциялық процесс деп патогенді микрорганизммен макроорга-низмнің
қоршаған ортаның әсер ету жағдайында әрекеттесуін айтамыз. Осы процесстің
әсерінен организмің қоршаған ортамен тепе-теңдік жағдайы бұзылатын болса,
инфекциялық ауру пайда болады. Инфекция барлық уақытта арумен біліне бермейді.
Инфекциялық ауру инфекциялық процесстің бір түрі. Инфекциялық процесстің келесі
бір түрі, ол организммен микробтардың әрекеттесуі ешқандай білінбейтін
тасымалдау (бактериотасымалдаушы) болып келеді. Дегенмен, тасымалдауда
организмнің жасырын (инфекциялық аурулардағыдан кем қарқынмен) жауабымен,
мысалы, антиденелердің жиналуымен, білінуі мүмкін.
Инфекциялық ауру мен тасымалдау, бір біріне ауысуы мүмкін, инфекциялық процесстің түрлері:
инфекциялық аурумен ауырғаннан кейін әртүрлі мерзімде тасымалдаушылық қасиеті сақталады,
керісінше тасымалдаушыда қоршаған ортаның жағдайларының әсерінен, инфекциялық аурудың
клиникалық белгілері байқалуы мүмкін.Жедел инфекциялық ауруларға циклдік ағым тән ерекшелік.
Аурлардың ағымы бірнеше кезеңдерге айқын бөлінеді: инкубациялық, немесе жасырын, алғашқы
(продромдық) немесе алғашқы белгілер кезеңі, даму кезеңі, басыла (жазыла) бастау кезеңі және
сауығу (реконвалесценция) кезеңі. Инкубациялық кезеңі қоздырғыштың ену кезінен басталып,
аурудың алғашқы белгілерінің пайда болуымен аяқталды. Әртүрлі инфекцияда оның ұзақтығы
әртүрлі болады. Инкубация кезінде қоздырғыш көбейеді және уытты өнімдер бөледі. Сонымен қатар,
шектен тыс қоздырғыштар әсеріне жауап ретінде организмде әртүрлі өзгерістер жүреді.
Организмнің инкубациялық кезеңдегі өзгерістері көзге көрінбейді. Дегенмен, морфологиялық,
биохимиялық, зат алмасу, антиденелер түзілу бұл өзгерістердің куәсі болып келеді. Алғашқы немесе
продормальды кезең инфекциялық ауруларда бола бермейді. Ол аурудың алғашқы айқын емес
белгілерінің (аздап дірілдеу, шамалы қызба, шамалы дімкәстік, басының ауруы және т.б.) пайда
болуымен сипатталады. Әдетте аурудың бұл кезеңінің ұзақтығы көп болмайды (1-3 күн).
Инфекцияның берілу механизмі аурулардың барлығында біркелкі
болмайды,сондықтан ол тірі организмдегі қоздырғыштардың белгілі орнына
тікелейтәуелді болады. Мысалы, тұмау, қызылша, қызамық науқас
жөтелгевде,түшкіргенде, сөйлегенде организмнен бөлінетін сілекей тамшыларының
ауағатаралуы арқылы сау адамға жұғады. Тырыспай, іш сүзегі, дизентерия су
немесетағамға пайдаланатын азық-түлік науқастың лас қолы, шыбын және
басқаларарқылы таралуы мүмкін.
НАЗАРЛАРЫНЫЗҒА КӨП РАХМЕТ
Орындаған:Умаова Анель сд 205
Тексерген:Ибрагимова.А.Т
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz