Жазудың пайда болуы, түрлері және тарихи даму кезеңдері


Slide 1

Жазудың шығуы және оның даму кезеңдері

Дайындаған: Сағынғалиева Р. С. Филология мамандығының 2-курс магистранты

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті Қазақ филологиясы кафедрасы

Slide 2

Жоспары:

Жазудың пайда болуы

Ең алғашқы жазу түрлері

Жазудың дамуы

Slide 3

Тіл өзінің қатынас құралы болу қызметін ауызша түрде де, жазбаша түрде де атқара алады. Дыбыстық тіл жазу арқылы таңбаланады. Соның нәтижесінде оның қатынас құралы ретінде қолдану шеңбері кеңейеді.

Жазу - адамдардың кеңістік пен уақытқа тәуелді болмай, өмірдің барлық салаларында кең түрде қарым-қатынас жасауына мүмкіндік беретін құрал.

Slide 4

Қазірде біз жазба тілді ауызша тілдегі сөздердің жазбаша түрде әріптердің тіркесімен белгіленуі деп түсінеміз. Бірақ алғашында бұлай болмаған. Жазудың тарихына көз жіберсек, әріппен таңбалаудың кейіннен пайда болғанын көреміз. Жазу өте ерте заманда жасалып, мыңдаған жылдар бойы өзгеріп, дамып келді. Жазудың мыңдаған жыл бойына дамып жетілуімен бірге, оның принциптері де өзгеріп отырды.

Slide 5 Slide 6

Пиктографиялық жазу.

Бұл жазудың ең алғашқы түрі. Пиктографиялық жазу - суретке негізделген жазу. Сондықтан оны кейде сурет жазуы деп те атайды. Пиктографиялық жазудың таңбалары пиктограммалар деп аталады.

Пиктографиялық жазу өте жабайы жазу болды, оның кең мазмұнды ойды түгелімен жазып жеткізуге мүмкіндігі болмады.

Slide 7

Әрбір сурет өздігінен бүтінднй хабарды білдіре алады . Ол хабар графикалық жағынан жеке сөздерге бөлшектенбейді. Осыған орай пиктограмма тілдік нормаларды емес, оның мазмұнын бейнелейді. Осылай болғандықтан пиктограммалардың мағынасын әр түрлі тілдерде сөйлейтін адамдар түсіне алатын болған . Пиктографиялық жазуға таңба ретінде адамның, қайықтың, малдың, тоғайдың… т. б. суреттері қолданған . Мысалы, “мен аң аулауға кеттім” дегенді білдіру үшін адамның суретіне қоса тоғайдың және аңның суреті салынған.

Slide 8

Идеографиялың таңба (идеограмма) не жеке сөзді немесе оның атауыш бөлшегін (мысалы, қытай тілінде бір буынды сөздерден құралған күрделі түбір морфемаларды немесе жапон және корей тілдеріндегі грамматикалық жақтан өзгеретін сөздердің негіздерін ) белгілейді.

Slide 9

Идеографиялық жазудың үлгілерін өтө ертедегі қытай жазуы мен шумер жазуынан көруге болады. Қытай жазуының идеографиялық жүйесі осыдан төрт мың жыл бұрын жасалған болатын. Қытайдың жазу жүйесі әрбір таңбаның дыбыстық тілдегі белгілі бір сөзге сәйкес келіп, соған телінуіне негізделген. Қытай жазууындағы таңбалар біртіндеп өзгеріп, жетіліп, белгілейтін заттар мен құбылыстардың шартты таңбаларына айқындалған.

Slide 10

Жазудың даму барысында буын жазуы пайда болады. Жазудың буын жүйесінде таңба буынды белгілейді. Жазудың буын жүйесі шығу тегі мен таңбалардың фонетикалық мағынасы жағынан бірнеше түрге бөлінеді. Таңбалардың фонетикалық мағынасы жағынан буын жазуын негізгі үш топқа бөліп қарауға болады.

Slide 11

Таңбалардың фонетикалық мағынасы жағынан буын жазуын негізгі үш топқа бөліп қарауға болады.

Slide 12

Әріп жазуы буын жүйелі жазудан кейін пайда болды. Таза күйінде консонантты-дыбыстық жазу ІІ мың жылдықтың екінші жартысында пайда болса, вокалданған-дыбыстық жазу біздің дәуіріміздің І мың жылдығының басында пайда болды.

Slide 13

Әріп жазуының пайда болуының дүние жүзілік мәдениеттің дамуы үшін үлкен маңызы болды. Жазу жүйелерінің ішінде әріп жазуы - ең қолайлы жазу. Әр түрлі тілдерде буын саны мен сөздің санынан дыбыстың саны әлдеқайда аз. Осыған орай дыбыстарды таңбалау үшін, әдетте, 20-дан 40-қа дейінгі таңба санының өзі жеткілікті болады. Әріп жазуындағы таңбалардың мұндай шағын мөлшері жазуды меңгеруді, сауаттылыққа үйретуді жеңілдетеді. Әріп жазуы - сөздерді ғана емес, сонымен бірге, олардың дыбыстық жағы мен грамматикалық формаларын да дәлме-дәл белгілеу үшін өте-мөте қолайлы жазу.

Slide 14

Пайдаланылған әдебиет

1. Аханов К. Тіл білімінің негіздері. - Алматы, 2011

2. Маманов, Ы. Қазақ тіл білімінің мәселелері. -Алматы: Арыс, 2007.

3. Невченко В. Н. Введение в языкознание. -Москва: Дрофа., 2008.

4. Исаев . С. Қазақ тіл білімінің мәселелері// Вопросы казахского языкознания . -Алматы, 2011

5. Попова З. Д. Общее языкознание. -Москва: Восток-Запад, 2007

6. Аханов К. Грамматика теориясының негіздері. -Алматы: Өлке, 2010.

7. Қалиев Ғ. Жалпы тіл білімі. - Алматы, 2001

8. Қордабаев Т. Р. Жалпы тіл білімі. -Алматы., 2004

Slide 15

Назарларыңызға

рахмет


Ұқсас жұмыстар
Ғылымның пайда болуы және тарихи эволюциясының негізгі кезеңдері
Педагогиканың пайда болуы мен дамуының тарихи кезеңдері
Адамның пайда болуы мен даму кезеңдері: Австралопитектен Homo sapiens-ке
Микробиологияның тарихи даму кезеңдері, ірі ғалымдар және микроскоп түрлері
Әлеуметтанудың пайда болуы мен тарихи дамуы
Қазақстанда ақшаның пайда болуы мен тарихи дамуы
Топырақ биологиясы ілімінің пайда болуы және тарихи дамуы
Тілдің пайда болуы мен дамуы: сөйлеудің даму теориялары
Тіршіліктің пайда болуы мен дамуы: теориялар, тәжірибелік дәлелдер және биопоэз кезеңдері
Индуизм философиясы: пайда болуы, тарихи дамуы және негізгі тұжырымдар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz