Қазақстанның қазіргі жоғары оқу орындары мен білім беру әдістері: тіл және әдебиет пәндерін оқыту жүйесі


Slide 1

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті

Филология факультеті

Қазақ әдебиеті кафедрасы

Тақырып:Қазақстанның қазіргі жоғары оқу орындары, білім беру әдістері мен тіл, әдебиет пәндерін оқыту жүйесі.

Орындаған:Оқасова Малика

Қазақ филологиясы мамандығының

2-курс магистранты

Тексерген: ф. ғ. к., доцент Кушкимбаева А. С.

Ақтөбе, 2020

Slide 2

Жоспары:

Жоғары оқу орнындағы білім беру мазмұны

Жоғары білім берудің мақсат- міндеттері

Қазіргі таңдағы оқытудың бағыттары

Қазақстан Республикасындағы жоғары оқу орындар (статистикалық мәліметтер)

Жоғары білім берудің теориялық әдістері

Қорытынды

Slide 3

ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНДАҒЫ БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫ

ҚР Конституциясы

ҚР Білім заңы

ҚР Білім бағдарламасы

ҚР білімді дамыту бағдарламасы 2010-2020 жылдар

Мемлекеттік стандарттар

Типтік бағдарлама

Slide 4

Стандарт туралы ұғым

Стандарт - үлгі, білім мазмұнының негізі. Білім мазмұны стандартта жазылған талаптарға сай жасалады.

Стандартта бакалавр, магистр, оқушы меңгеруі тиіс білім, іскерлік дағлырадың көлемі, құзыреттілік дайындығына қойылатын талаптар белгіленген.

Аталған құжат республикадағы білім саясатын жүзеге асыруды қамтамасыз ететін стратегиялық маңызды құжат.

Slide 5

Типтік оқу бағдарламасы;

Оқу бағдарламасы (элективтік оқу бағдарламасы) ;

ОӘК (Оқу-әдістемелік кешені), ПОӘК (Пәннің оқу-әдістемелік кешені) .

Slide 6

Жоғары білім бұл

Жоғары білімді жалпы орта немесе техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білімі бар азаматтар алады. Азаматтың конкурстық негізде тегін жоғары білім алуға құқығы бар (35 бап, 1 бөлім, ҚР «Білім туралы» заңы) .

Жоғары білімнің білім беру бағдарламалары жоғары оқу орындарында iске асырылады.

Ұлттық зерттеу университеті, ұлттық жоғары оқу орны, зерттеу университеті, университет, академия, институт және оларға теңестiрiлгендер (консерватория, жоғары мектеп, жоғары училище) жоғары оқу орындарының негiзгi түрлерi болып табылады (35 бап, 2 бөлім, ҚР «Білім туралы» заңы) .

Slide 7

Жоғары білім берудің мақсат-міндеті:

Жоғары білім берудің мақсаты - қоғамның, мемлекеттің және тұлғаның сапалы жоғары білім алуға деген мүдделерін қанағаттандыру, әрбір адамға оқытудың мазмұнын, нысанын және мерзімдерін тандауға кеңінен мүмкіндік беру.

Іргелі білімді кеңінен меңгерген, бастамашыл, еңбек нарығы мен технологиялардың ауысып тұратын талаптарына бейімделген, командада жұмыс істей білетін жаңа тұрпатты маман даярлау;

Жоғары оқу орындарын басқарудың жаңа принциптері мен практикасын қалыптастыру, стратегиялық жоспарлау жүйесін енгізу;

Студенттердің сапалы білім алуға деген құқықтарын нығайту, жоғары оқу орын басшыларының сапалы білім беру қызметін ұсыну жауапкершілігін анықтайтын тетіктерді әзірлеу және енгізу.

Slide 8

Жоғары білімнің мазмұны

Жоғары білімнің мазмұны дидактиканың негізгі ұғымдарының бірі. Ол әрбір білім реформасының негізіне жатады, ал реформалар тек қана жергілікті факторлардың ықпалымен ғана емес, сонымен қатар халықаралық ықпалға байланысты.

Білім беру мазмұны оқытушыларға “Нені оқыту керек?” деген сұраққа жауап береді.

Slide 9

Қазіргі таңдағы оқытудың бағыттары

Білім беру саласында дәстүрлі оқыту формаларына қоса, басқа да бағыттар қалыптасты:

мәселелік оқыту,

бағдарламаланған оқыту,

ақыл-ой әрекетінін сатылап қалыптасу теориясы негізінде оқыту,

алгоритмдік оқыту,

белгі - контекст типі бойынша дамыта оқыту,

жобалап оқыту.

Slide 10

Жоғары білім айқындайтын нормативтік құжат - оқу бағдарламалары:

Жалпы білім беретін;

Кәсіптік білім беретін;

Қосымша білім беретін.

Жалпы білім беретін оқу бағдарламалары жеке адамның жалпы мәдениетін қалыптастырудың, жеке адамды қоғамдағы өмірге бейімдеудің міндеттерін шешуге, кәсіпті, мамандықты саналы түрде таңдау мен меңгеру үшін негіз жасауға бағытталған.

;

Slide 11 Slide 12 Slide 13 Slide 14 Slide 15

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жоғары оқу орындарының магистратурасы мен докторантурасында, жоғары оқу орындарының және ғылыми ұйымдардың резидентурасында, сондай-ақ "Болашақ" халықаралық стипендиясының стипендиаттарын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жыл сайын бекiтiлетiн мамандықтар тiзбесiне сәйкес күндiзгi оқыту нысаны бойынша жетекші шет елдердiң жоғары оқу орындарына оқуға жiберу арқылы жүзеге асырылады.

Кадрларды магистратурада даярлау жоғары білімнің білім беру бағдарламалары базасында:

1) кемінде екі жылдық оқыту мерзімімен ғылыми-педагогтік;

2) кемінде бір жылдық оқыту мерзімімен бейіндік болып екі бағытта жүзеге асырылады.

Slide 16

Жоғары білім берудің теориялық әдістері

Салыстыру - қарастыратын құбылыстар арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды бекіту. Салыстырудың құрама бөлігі талдау болып табылады.

Талдау - зерттелетін бүтінді құрауыштарға ойша бөлу, құбылыстың жеке белгілері мен сапасын бөліп беру.

Синтез - берілген қасиеттерін ескере отырып, бүтінді құру.

Slide 17

Абстракциялау - заттың қандайда бір қасиеті мен белгісін оның басқа белгілерінен ойша бұру.

Нақтылау - алдын-ала мүшеленген абстракциялар негізінде затты қайта ойша құру.

Үлгілеу - процестер мен құбылыстарды олардың нақты және идеялық үлгілері көмегімен зерттеу.

Бақылау - белгілі бір педагогикалық құбылысты мақсатты түрде, жүйелі зерттеу.

Slide 18

Жоғарыда айтылғандарды қорытындыласақ, қазіргі университеттік білім беру тек білімді жеткізу емес, сонымен қатар теориялық білімді, дүниені менгеретін шығармашыл құралға айналдыру міндетін көздейді.


Ұқсас жұмыстар
Бастауыш білім беру пәндерін метапәндік тұрғыда оқыту: теориялық негіздері мен ұйымдастыруы
Бастауыш білім беру пәндерін метапәндік тұрғыда оқыту: теориялық-әдістемелік шолу
Кәсіби білім беру жүйесі мен оқыту принциптері
Бастауыш білім беру пәндерін метапәндік тұрғыда оқыту арқылы оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру жолдары
Бастауыш білім беру пәндерін метапәндік оқыту: теориялық негіздер мен әдістемелік мәселелер
Оңтүстік Кореяның білім беру жүйесі және жоғары білімге қабылдау
Бастауыш білім беру пәндерін метапәндік тұрғыда оқыту: Міндет метапәнін зерттеу
Қазақстандағы жоғары кәсіби білім беру жүйесі: теория, мазмұн және даму бағыттары
Бастауыш білім беру пәндерін метапәндік тұрғыда оқытудың психологиялық және педагогикалық негіздері
Оңтүстік Кореяның білім беру жүйесі: құрылымы, оқу бағдарламасы және робототехника
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz