ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ПӘНДЕРІН ОҚЫТУ




Презентация қосу
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ
ПӘНДЕРІН ОҚЫТУ
БАҒДАРЛАМАСЫ
Қазақ әдебиеті пәндерін оқыту барысында негізге алатын
басты әдістемелік құжаттардың ішінде бағдарлама, жоспарлау
және оқу құралдары ерекше аталады. Әр пәннің оқу әдітемелік
кешенін жасауда сол пәннің типтік бағдарламасы басты орын
алып, соның негізінде басқа әдістемелік құралдар жинақталады.
Оқу-әдістемелік кешен жүйесінің әр пән бойынша негізгі құрамы
бағдарлама болып табылады.
Оқу бағдарламасы-оқу пәнінен берілетін білім мен игерілетін
дағдылардың мазмұны мен көлемін және оқу жылындағы орнын
белгілейтін құжат. Оқу бағдарламасының түсінік хатында оқу
пәнін оқытудың мақсаты, бағдарламаның құрылымы, оқу
материалының жүйесі, оқытудың әдістері мен ұйымдастыру
формаларының ерекшеліктері көрсетілген. Бағдарламаларды
құрастырғанда, оларға қойылатын дидактикалық талаптарға
жүгіну қажет.
Оқу бағдарламасы мына қағидалар негізінде жасалады: Оқыту
мазмұнының ғылыми түрде келуі, білім алушылар үшін
бағдарлама мазмұнының тәрбиелік мәні болуы, оқу
материалының студенттердің жеке ерекшеліктеріне және білім
дәрежесіне сай жасалуы, оқылатын обьективті дүние
құбылыстары мен оқу пәндерінің арасындағы табиғи
жалғастықты бейнелейтін өзара байланыс ескеріледі.
Оқу бағдарламасы-жоғары және
жоғарыдан кейінгі кәсіптік білім беру
мамандықтарының мемлекеттік жалпыға
міндетті білім беру стандартына сәйкес
пәнді оқыту мақсатын, міндетін, мазмұны
мен технологиясын анықтайтын құжат.
Оқу бағдарламалары оқу пәнінің

мазмұнын белгілеу формасы болып
табылады және білім мазмұнын нақты
оқу процесіне енгізу үшін оқу материалы
деңгейіне аударылады, яғни
жоспарланған мазмұнның оқу процесінде
іске асырылуы үшін қызмет етеді.
Сонымен қатар бағдарлама оқытушылар

мен студенттердің іс-әрекеттін
анықтайтын нормативтік құжат болып
табылады.
Оқу бағдарламасын жасаудың өзіндік
критерийлері болады.
Оқу бағдарламасын жасауда универсалды мынандай
критерийлерді негізге алу дұрыс болады.
1. Жоғары оқу орындарындағы оқу процесіне қатысып
отырған студенттің дамушы адам ретінде танылуы
керек;
2. Оқу процесі – Қазақстандағы жалпы мәдение
дамудың бір бөлшегі болғандықтан сол ұлттық,
жалпыадамзаттық мәдени құндылықтарды білім
түрінде игеріп жатқан студент пен қоғамның,
мәдениеттің даму деңгейлерін алшақтатпай
мүмкіндігінше байланыстырып отыратын дәнекер
болу қажет екенін оқытушы ұмытпауы керек.
3. Әлеуметтік сұранысты оқытушы дер кезінде әрі жіті
аңғарып, оқытып жатқан студенттің болашақ маман
ретінде келбетін сол әлеуметтік талапқа сай
қалыптастыруды ұйымдастыру керек.
Бағдарламада көрсетілуі тиіс элементтер
ретінде мақсаты, оқудың тәрбиелік мәні
пәннің мазмұны айқын да, нақты жүйелі
түрде берілуі, дидактикалық процестің
құрылымы және оқыту формасы . Бұл
айтылғандар барлық оқу
бағдарламаларының мәні мен мәнісі
болып табылады. Бағдарламаның
құрылымы мынадай бөліктерден тұрады:
1. Түсініктеме

2. Тұжырымдық бөлік

3. Нормативтік

4. Ақпараттық-әдістемелік бөлік
Оқу бағдарламасын құрастыруда келесі
талаптарда орындау қажет:
Өңір беті

Түсінік хат

Пәннің мазмұны. Кіріспе (пәннің қысқаша

мазмұны
Бқлім тақырыптары
Практикалық сабақтарға ұсынылатын

тақырыптар
Студенттің (магистранттың)оқытушымен

өздік жұмыстарына ұсынылатын
тақырыптар
Студенттің (магистранттың ) өздік

жұмыстарына ұсынылатын тақырыптар
Ұсынылатын әдебиеттер
Жұмыс оқу бағдарламасы-типтік оқу
бағдарламасы негізінде
құрастырылған және мамандану
бағыты мен ЖОО компоненті пәнінің
мазмұнына сәйкес толықтырылған
нақты ЖОО-ның жұмыс құжаты.
Силлабус - пәннің мақсаты мен
тапсырмалары, қысқаша мазмұны,
әрбір сабақтың ұзақтығы және
тақырыбы, өзіндік жұмыс
тапсырмалары, қосымша сабақ
уақыты, оқытушы талабы, бағалау
критериі, бақылау мен әдебиеттер
тізімі көрсетілген пәнді оқыту
бағдарламасы.
Пәннің оқу әдістемелік кешені – нақты
мамандық бойынша білім беру
мазмұнын анықтайтын құжаттар мен
материалдар жинағы.
Пәннің жұмыс оқу бағдарламасының
құрылымы:
1. Мамандықтың шифры мен атауы;
2. Білім деңгейі
3. Оқу формасы
4. Пәннің коды және аты;
5. Пәнге жауапты кафедра
6. Оқу жылы; Семестр
7. Оқу процесінің жоспарына сәйкес пәнді оқытуға бөлінген кредит
саны
8. Оқу жоспарында қарастырылған бақылау жұмыстарының саны
9. Қорытынды бақылау формалары
10. Ізденушілік бейне
11. Пәнді оқытып үйретудің мақсаты мен міндеттері
12. Пәнді оқып үйрену нәтижесінде студенттің меңгеруге тиісті негізгі
түсініктері, білімдері, біліктіліктері және дағдылары:
13. Пәннің модульдік оқыту бойынша күнтізбелік-тақырыптық жоспары
және сағаттар кестесі
1. Пәннің оқу – әдістемелік картасы.
Дәрістер. Практика сабақтары
2. Негізгі және қосыша әдебиеттер тізімі

3. Емтихан бағдарламасы

Әр дәрісте негізгі ұғымдар мен
анықтамалар түсіндіріліп беріледі. Осы
ұғымдарды жазып отыру әр білім
алушының міндеті, өйткені оқытушы
дәріс материалын әрбір білім алушыға
жеке ұсынбайды.
Семинар (практикалық), лабораториялық
сабақтарында білім алушыларға өз
бетінше орындауға тақырыптар
бойынша тапсырмалар беріледі және
дәріс материалдары бойынша ауызша
сұралады.

Ұқсас жұмыстар
Құрастыру Қорытынды аттестаттау тапсырмаларына қойылатын талаптар
Бастауыш білім беру пәндерін метапәндік тұрғыда оқыту тұжырымдамасы
Мониторинг объектісі сынып мұғалім оқушы
Емтихан тапсырмалары
Пәндерді метапәндік тұрғыда оқытудың теориялық және практикалық алғышарттары
Типтік бағдарлама
Бастауыш білім беру пәндерін метапәндік тұрғыда оқытудың психологиялық және педагогикалық негіздері
Қазақ тілі туралы
Шет тілі
Қазақ тілі оқыту әдістемесі
Пәндер