Қазақ сатирасы мен юморы
Презентация қосу
Қазақ сатирасы мен юморы
“Қазақ халқы күлкі мен
қалжыңның, әзіл мен
сықақтың отаны екенін
аңғардым..... Әзіл
қазақ халқының табиғи
төл қасиеті екенін оның
ауызша прозасы одан әрі
дәлелдей түседі”
Орыс
сатиригі М. Зощенко
Сатира – Өзі суреттеп отырған оқиғаны,
құбылысты немесе кейіпкерді өткір сынға
алып, әжуаға айналдыратын көркемдік
бейнелеу тәсілі.
Юмор – өмірдегі күлкілі болмыс, оқиғаларды
зілсіз қалжыңмен әжуалайтын комедиялық
жанрдың бір түрі.
Қазақ халқының ауыз әдебиетінде сатира, юмор
толыққандығы жанр ретінде де, белгілі бір болмыс-
құбылысты суреттеп, айтып берудің әдіс-тәсілі ретінде
көрінеді.
Сатира, юмор элементтері бәдік өлеңдерінде айқын
көрінеді. Профессор Б. Кенжебаевтың айтуынша: “Бәдік
айтысы әуелде ескілікті шаман дін салтынан шыққан.
Бірақ бері келе халық оны жай ойын-сауыққа
айналдырып әкеткен.Бәдікті дін парызы, дін салты
ретінде айтпай қол бос кезде бас қосып, ойнап-күлу,
қалжың, әзіл айту, көңіл көтеру ретінде айтатын
болған.
Сатира мен юмор қазақ ауыз әдебиетінің шешендік сөздер саласында мол. Бұл
түр көбіне сөзбен қақтығысып пікір аңдысып отырғанда даукер боп жүйеге
жүгінгенде немесе үстем тап өкілдерінің кекетіп, мұқатып ұрынуын жауап
беру үстінде туады. Сол аңдысуда жеңіп, дауда істі өз пайдасына шешіп,
тиіскен шонжарды шоққа отырғызып кету үшін шешендік сөз шенемей-
түйремей тұра алмайды. Яғни, оның туу, айтылу жағдайы мен міндет
мақсатының өзі сын-сықақты талап етеді. Шешендік сөздерде сатира әр
қилы сипатта көрінеді. Бірде ол ұрланып, тасаланып, бұғып байқалмай
тұрады. Мысалы:
Жапалақ құс мақтанса
Жардан тышқан алдым дер.
Жаман адам мақтанса.
Жақсыны аяқтан шалдым дер
Сол жерде бір теңеліп қалдым дер.
Шешендік өнердің бір саласы- мақал – мәтелдер. Бұл да сын-сықаққа өте
бай түр.
Мақал-мәтелдердің ұрлықты, сұғанақтықты, сараңдықты, көре
алмаушылықты т.б. Сынайтын түрлері өте көп. “Арамзаның құйрығы бір-
ақ тұтам”, “Өтірік айтқанша өлген жақсы” деген сияқты мақал-мәтелдер
осының дәлелі.
Сатира мен юмор қазақ ауыз әдбиетінің шешендік сөздер саласында мол.
Бұл түр көбіне сөзбен қақтығысып пікір аңдысып отырғанда даукер боп
жүйеге жүгінгенде немесе үстеи тап өкілдерінің кекетіп, мұқатып
ұрынуын жауап беру үстінде туады. Сол аңдысуда жеңіп, дауда істі өз
пайдасына шешіп, тиіскен шонжарды шоққа отырғызып кету үшін
шешендік сөз шенемей-түйремшй тұра алмайды. Яғни, оның туу, айтылу
жағдайы мен міндет мақсатының өзі сын-сықақты талап етеді.
Мақал-мәтелдердің бір тобы салт-санадағы ұнамсыз жайларды, жөн-
жосықсыздықты қозғайды. Мысалы: “Екі сиыр сауғанның айраны бар, қос
қатын алғанның ойраны бар”, “Екі қатын алғанның дауы үйінде” деген
мақалдар да қостап, үштен әйел алу сияқты феодальдық-байшылдық
әдеттің қалдықтары кекетілген.
●
Ойландыру, оның бір ауыз сөзі адамды ойға салса, немесе сыналған кейіпкер өзін-өзі танып, ұялса
болды.
Жанрдың тарихылық сипаты тәрізді сатираға да қоғамдық
Сатираның мақсаты
–әлеуметтік жағдайдың әсер-ықпалы мол. Осыған орай
сатираның даму кезеңдерін Т. Қожакеев былай жіктейді:
1. Халықтық сатира және қоғамдық-таптық тенденция.
2. Абай дәуіріне дейінгі қазақ сатирасы және қоғамдық жағдай.
3. Абай дәуіріндегі қоғамдық өзгерістер және қазақ сатирасы
4. 20 ғасыр басындағы революциялық қозғалыстар және қазақ сатирасы
5. Қазақ кеңес сатирасы мен юморы
Қазақ сатирасын өрелі өріске шығарып, жаңа сатыға
көтерген ұлы Абай болды. Абай өзінің өткір сөзін қазақ
қоғамындағы зорлық пен озбырлыққа, жалқаулықпен
надандыққа қарсы бағыттады. Кеңес үкіметінің алғашқы
жылдарынан бастап сатира әдеби тәсіл ретінде бой
көрсетіп, түрлі сипатта, мағыналық кеңдігімен, өткірлігімен
көркемдік – бейнелеу құралдарының молаюымен жетіле
түсті.
С.Дөнентаев, І. Жансүгіров, Қ.Тайшықов , Б.Майлин,
С.Төлешов сынды көркемсөз шеберлерінің сатиралық
шығармаларында ескі мен жаңаның бітіспес күресі
жағдайында жаңа қоғамдық құрылыстың дамуына кедергі
келтірген кертартпа күштер сыналды.
Орта шенінен
бастап сатира
жанры “қайта
30 жылдар өрлеу биігіне”
көтерілген еді.
Аяқ кезінен 1951 жылғы
бастап партияның
қазақ кеңес “Крокодил”
сатирасы журналы
туралы
біраз қаулысы
жылдық тоқырау
бәсеңсу, кезеңін
саябырсу басынан
кешірген
дәуірін сатираның
бастан жаңа
кешіреді. қарқынмен
дамуына кең
жол ашты.
50 жылдар
Қоғамдағы кемшіліктер мен адам бойындағы міндерді мансұқтауды мақсұт тұтатын
Сатира мен Юмор өзара тығыз байланысты, тектес болғанымен, екеуінің елеулі
ерекшеліктері болады.Екеуі де сыни күлкі, әйтсе де авторлық позияция тұрғысынан,
көркемдік өткірлігі, сын нысанасына шүйлігу, әсер ету мақсаты жағынан сатира мен
юмордың шалымдылығы әр түрлі.
Сатира Юмор
Қоғамдық болмыстағы, өмір
тұрмыстағы кесірлі, аса зиянды,
дамуға кедергі жасайтын, төзуге юмор айналадағы, өз ортамыздағы
болмайтын құбылыстарды ащы аса зиянды болғанмен, құптауға
күлкімен, ызалы түрде өткір келмейтін, адамдық болмысымыздың
сынайды. Ол жексұрындықтың кемелдене түсуіне, қоғамның
барлық көріністерін семсер сөздің түзелуіне кері әсерін тигізетін
түрлі амалдарымен, гипербола, жағымсыз жайларды, ұнамсыз мінез
гротеск, ирония, сарказм, карикатура, құлықтарды зілсіз күлкімен
шарж секілді небір өткір құралдармен мысқылдап сынайды.
сүмірейте соғады, аяусыз мінейді.
Айырмашылығы
Сатира Юмор
Юмор оның жекелеген
Құбылысты түгелімен, түп сипаттарын, бірлі-жарым
тамырымен жоқ қылуға кемшілігін күлкімен іліп-шалып,
бағытталса түзетуге тырысады.
Алайда , сатира мен юмордың осындай негізгі ерекшеліктері бола тұрса да,
олардың арасына қатаң тосқауыл қоюуға және болмайды.Өйткені,
күлкімен сынайтын, келеке мазақ қылатын әдеби тәсіл ретінде екеуі бір-
бірімен тығыз байланыста, қарым-қатынаста болады. Сатирасыз өмір
болмайтыны сияқты, сатира да көп жағдайда юморға жүгінеді,
қайшылықтарды юмор, ирония, сарказм, сияқты құралдар арқылы ашып
көрсетеді.
Ұқсастықтары
Сатира Юмор
Біріншіден, сатира да, юмор да – сын құралы, сын мен
өзара сынның әдеби түрі. Екеуінде де көңілсіз көріністерді
сынап-мінеп, тәлкек ететін қабілет, қасиет бар.
Екеуі де өмірдегі күлкілі жайларға – комизмге негізделеді.
Екеуі де – юморлық сезімнің жемісі. Екеуі де сол арқылы әлгі
комизмді көріп біледі де, тапқырлықпен суреттеп, жазып,
талдап береді. Көп ретте екеуі де күлкіге сүйенеді, құрал
етіп, шығарманы тұзды етіп пайдаланады.
Үшіншіден, сатира да юмор да жаңаның, ілгерішіл, болашағы
бар нәрсенің жағында тұрып сөйлейді, соның бағыт-бағдарын
қолдайды, ескіні мансұқ етіп отырып, жаңаны жақтайды,
болашаққа үндейді. 12
А.П.
Я.Эльсберг
Квятковский
“Сатира” туралы пікір білдерген ғалымдар
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz