Бірлескен жұмыстар



Интербелсенді сабақтың құрылымы
«Өмір бойы білім алу - әр Қазақстандықтың өмірлік Кредосына айналуы қажет!» Н. Ә. Назарбаев

Жоспар
ИНТЕРБЕЛСЕНДІ ОҚЫТУ
ИНТЕРБЕЛСЕНДІ ОҚЫТУДЫҢ НЕГІЗГІ ҚАҒИДАЛАРЫ МЕН МАҚСАТТАРЫ
ИНТЕРБЕЛСЕНДІ ОҚУДЫ ҰЙЫМАСТЫРУ ЕРЕЖЕЛЕРІ
Д. КОЛБ ИДЕЯЛАРЫ БОЙЫНША САБАҚТЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ
ИНТЕРБЕЛСЕНДІ ӘДІСТЕР ҚОЛДАНЫЛУЫ
ҚОРЫТЫНДЫ

Таным әрекетерін ұйымдастырудың арнаулы әдістемесі ретінде интербелсенді оқыту білім игеру процесіне қатысушылардың (үйренуі мен 4 үйренушілердің) тиімді қарым-қатынасына негізделеді. Ағылшын тілінен келген «interactiv» сөзі де осы ұғымды білдіреді: «inter» дегеніміз «өзара» мағынасында, ал «act» - «әрекет жасау» дегенді білдіреді, яғни интербелсенді әдістер - үйренуші мен үйренушілерлің өзара әрекеттесуін оқудың негізі деп танитын және сондай қатынасқа жағдай жасайтын әдістер. Басқаша айтқанда «интербелсенді» дегеніміз біреумен қоян-қолтық қарымқатынаста болу, онымен бірлесе әрекет жасау, диолог құру. Ал «интербелсенді оқу» дегеніміз өзара қарым-қатынасқа (коммуникацияға) негізделген оқыту, диолог арқылы үйрету, яғни «үйретуші-үйренуші», «үйренуші-үйренуші», «үйренуші-өзімен өзі»форматтарында жасаған қарым-қатынас(«әңгіме», «сұхбат», «пікірлесу», «бірлескен әрекеттер»)

Білім игеру процесін ұйымдастыруда ИНТЕРБЕЛСЕНДІ ОҚЫТУ ынталы:
Барлық үйренушілерге бірлескен таным процесіне белсенді араласуға мүмкіндік жасау
Әрбір үйренушінің өзінің үйренгені мен өз білімі туралы түсініктерін ортағасалып, бірлесе талқылап, олар туралы ой толғауына мүмкіндік жасау.
Үйренушілер білімді өздігімен құрастыратын орта құру.

Интербелсенді оқытуда білім алушылар мынандай білім, білік, дағды, машықтарға үйренеді
Терең ойлау, жеке рефлексилық қабілеттерді дамыту
Өз идеялары мен әрекеттерін талдау және оларға баға беру
Ақпаратты өздігімен түсініп, оны таразылап, екшеп, оның ішінен керектісін таңдапалу
Ақпаратты жан-жақты талдау
Өздігімен жаңа түсінік пен білім құрастыру
Оқу барысында жеке басының құндылықтары мен сенімдерін қалыптастырып, белсенді өмірлік позитция (көзқарас, дүниетаным) ұстану
Пікірталастарға қатысып, өз ойымен пікірін дәлелдеу
Басқада балама пікірлерді ескеру
Шешім қабылдау жіне қиын мәселелерді ешу
Ортақ жұмысқа жұмыла білу
Басқалармен тиімді қарым-қатынас құру, өзара әрекеттесу
Үйренушілер ұжымына ортақ бірлесе жұмыс асаудың рухани және моральды ережелерді қабылдау
Оқушы топты ұжым ретінде қабылдайды

Қағидалар
Мақсаттар
Орта қалыптастыру
-білім алушы оқып/үйренде өз әрекеттерінің жемісті екендігін сезінетінжағдайлар жасау;
-үйренушілер арасында ашық, еркін, шығармашылық қарым-қатынас орнату;
-үйренушілерге білімді дайын күйде бермей, оны ізденуге бағыт-бағдар сілтеу;
Әрекет арқылы үйрету/үйрену
-үйренушілерге білімнің өзіндік әрекеттер арқылы ғана тиімді түрде меңгерілетіндігін дәлелдеу;
-үйренушілерді белсенді рекеттерге баулып, олардың білім игеру әрекеттерін ұйымдастыру.
Өмірмен байланыстыру
-үйрету/үйренуді практикалық әрекеттеге негіздеу, пәнмен тақырыпты күнделікті өмірде туындайтын проблемаларды шешу деп қарастыру
Өзінділік пен дербестікке баулу
-үйренушілердің дайын жауаптарын қанағат тұтпай, оларды ой-толғанысарқылы өзіндік пікір құрастыруға, проблема шешуде өзіндік тұрғыдан жауаап табуға ынталандыру(егер оқушы жауап бере алмаса, дұрыс жауапты өзі бермей, оны басқа оқушылардың табуына ықпал жасау) ; -үйренушілерде сыни және аналитикалық ойлау бағдыларын қалыптпстыру
ИНТЕРБЕЛСЕНДІ ОҚЫТУДЫҢ НЕГІЗГІ ҚАҒИДАЛАРЫ МЕН МАҚСАТТАРЫ

Интербелсенді оқытуда үйренушілер мынандай әрекеттерді
атқаруға дайын болуы керек;

Интербелсенді оқу/оқыту мектепте мынадай жұмыс түрлері мен әрекеттер арқылы жүзеге асырылады:
Бірлескен жұмыстар
Оқу, рөлдік және өндірістік ойындар
Пікірталастар
Шығармашылық жұмыстар
Презентациялар
Интервью
Тренингтер
Ақпараттың әртүрлі көздерімен жұмыс жасау
Жағдаяттар арқылы үйрену: накқты ситуацияларды талдау, кейс-стади
Компьютерлік оқыту бағдарламалары
Сауалнама өткзіп, оның қорытындыларын талқылау мен талдау
Кез келген оқу әрекеттерін кері байланыспен аяқтау т. б

Жаңашыл жобалардың басым көпшілігі ұстанған сабақтың (немесе жалпы
таным процесінің) үш кезеңін негізінен келесідей түсіндіреді:
1. Бірінші кезеңде үйренушілер өздерінің бұрынғы білетіндерін естеріне
түсіру арқылы білім игеруге белсенділендіріледі. Мұнда олар «танымдық
тепе-теңсіздік» (Ж. Пиаже) жағдайында болып, жаңа білімге деген
қызығушылықтары пайда болады.
2. Екінші кезеңде үйренушілер дербес тұрғыдан танымдық әрекеттер
атқарады. Ж. Пиаже «Балалар әрекет жасамай сөйлегенде бірін-бірі түсіне
ме?» деген сұраққа «Баланың ойын түсіндіру үшін, оның әрекеттерінен
бастау керек» деп жауап береді (Ж. Пиаже, 353) .
3. Үшінші кезеңде шәкірттер үйренгені жайлы ой толғайды, пікірлеседі,
оларды талқылайды, осы әрекеттер арқылы ол жаңа түсініктер
құрастырады: «Ой тәжірибесінің сан қилы жақтарын ой елегінен өткізе
отырып, бала жол-жөнекей бір анықтаманы екінші анықтамамен
алмастыратын фактілерді ашып, сол арқылы өзінің алғашқы
ойлағандарына өзгертулер енгізеді» (Ж. Пиаже, 377) .

Интербелсенді оқу дәстүрлі оқытудың негізгі идеялары мен ұстанымдары болып келген авторитарлық пен үстемдікті, үйретушінің мызғымас беделін, монологты, сырттан (үйретуші тарапынан) күштеуді демократиялық коммуникациямен алмастырады.
Іскерлік пен ынтымақтастыққа, үйренушілердің мүдделері мен қызығушылығын ескеріп, өзара силасымдылық пен тәуелділікке, бірлескен іс-әрекеттерге негізделген мұндай қарым-қатынас үйренушілерге саналы және ерікті түрде білім ауқымын айқындап, оқу/үйренудің нысандары мен әдістерін өздігімен таңдау мүмкіншілігін беру арқылы олардың өз біліміне деген жауапкершілігін нығайтады. Сол себепті интербелсенді оқуда/оқытуда келесі шарттарды қадағалау міндетті деп тану керек:

Интербелсенді оқуды ұйымдастыру ережелері
Аудиторияны жұмысқа дайындау.
Тиімді жұмыс жасау үшін аудиторияда (сынып бөлмесінде, кабинетте) компьютер, LCD- проектор, тақта (оған қоса жылжымалы тақта да болса тіпті жақсы) немесе интербелсенді тақта, қол астында бор, флип-чарттар (плакаттар), маркерлер,
А-4 форматындағы қағаз болғаны дұрыс.
Аудитория үйренушілердің еркін түрде жұмыс жасауына қолайлы болуы керек. Мәселен, әр сабақта үйренушілер шағын топтар құрамын бірнеше рет өзгертуі ықтимал, сол себепті де парталар мен үстелдер олардың емін-еркін қозғалуына кедергі болмауы қажет.
Әдетте аудиторияда студенттер партаға екеуден отырып, жүздерін оқытушы жаққа беріп отырады. Бұлай отыру олардың бір-бірімен қоян-қолтық араласып, тиімді қарым-қатынас жүргізуіне жәрдемдеспейді: алда немесе арт жақта отырғанмен қалайша әңгімелесуге болады? Отырғанда студенттер бір-бірінің жүздерін көргені дұрыс, өйткені олардың әңгімелесетін, қандай да болмасын мәселені талқылайтын серіктері өз жолдастары болады.
Топқа бөлу.
Әр сабақта (әсіресе семинар және практикалық сабақтарда) студенттерді шағын топтарға бөліп, сол арқылы олардың бірлесе жұмыс жасауына қолайлы жағдай жасау керек. Үйренушілерді шағын топтарға 4-6 адамнан бөлген тиімді, олар партаны жағалай бір-біріне бет қаратып отырады.
Топқа бөлу әдетте кездейсоқ түрде жасалынады. Алайда семестр бойы бір студент жолдастарының әрқайсысымен семестр бойы топ құрамында жұмыс жасап шығуы керек. Мұндағы басты мақсат - үйренушілердің бір-бірімен тиімді қарым-қатынас құрып, ортақ тіл таба білуіне ықпал жасау.
Топқа бөлуді әрекетке негіздеп, қызықты қылып өткізген жөн (топқа бөлу тәсілдері төменде беріледі) .

Мақсаттарды және күтілетін нәтижелерді айқындау.
Әр сабақтың басында бүгін қарастырылатын тақырып бойынша ұстаз өз тұрғысынан сабақтың мақсаттарын айқындап, үйренушілерден қандай білім, білік, дағды, әрекеттер күтетіндігін жеткізеді. Сонан соң үйренушілердің өздерінен сабақтан нендей нәтиже күтетіндерін құрастыруды талап еткен орынды. Бұл әрекет әр үйренушіде өзінің сабаққа тікелей қатысы бар екендігі туралы ойды нақтылап, оларды «Сабақта мен қандай білім ала аламын? Ол үшін мен қандай жұмыс пен әрекеттер атқаруым керек? Бұл білім маған қандай пайда бермек?» деген сұрақтар төңірегінде ой-толғаныс жасауға шақырады.
Жұмыс ережелерін қабылдау.
Сабақ басында жұмыс ережелерін қабылдап (силлабуста келтірілгендерден басқа), оларды әрі қарай қатаң ұстану үйренушілерді тәртіпке шақырып, тиімді әрі үнемді түрде жұмыс жасауға қолайлы. Ол үшін әрбір шағын топ бұл мәселені 1-2 минут талқылап алғаннан кейін, олардың ұсыныстарын көлемді параққа (флип-чарт, плакат) түрлі-түсті маркерлермен жазып, аудиторияның көрнекті жеріне іліп қоюға болады. Ұстаз тарапынан емей, өздері құрастырып қабылдаған ережелерді үйренушілер мейлінше қадағалауға тырысады.
Ережелер сан-алуан болуы мүмкін, мәселен, жұмыс регламенты, реті мен тәртібін анықтайтын, алайда олардың дені бірлескен жұмыста силасымды қарым-қатынас құруға бағытталғаны жөн. Мәселен:
- Біреу сөйлегенде, оның сөзін бөлмейік!
-Тұлғаның жеке басын сынамай, көзқарас пен пікірді сынайық!
Сабаққа кешікпейік!
- Қысқа да нұсқа сөйлейік!

Сенім және жұмыс атмосферасын қалыптастыру.
Үйренушілерді психологиялық тұрғыдан интербелсенді оқуға дайындау қажет. Әдетте сабаққа келгендердің бәрі дерлік оқуға белсене араласып кетуге дайын емес, өйткені олардың өздерін ыңғайсыз әрі дискомфортты сезінуі мүмкін. Мұның себептері де баршылық:
өзіне көтеріңкі жауапкершілік жүктеуі және содан қаймығу, жүрексіну,
- оң нәтиженің шығуына күмәндану,
- жазалаудан немесе күлкі/мазаққа жығылудан қаймығу,
- еріншектік пен шаршағандық (мәселен, бірінші сабақта ұйқысын аша алмау, немесе соңғы сабақта шаршау),
- назарын жинақтай алмау (мәселен, үзіліс кезіндегі оқиғалардың немесе алдыңғы сабақтың әсерінде болу) .
Үйренушілердің сабақ барысында барлық шарттылықтардан арылып, ойлау аппаратын белсенділендіріп, жұмысқа толық ниеттеліп, қызу кірісіп кетуін бірінші мезетте ойсергектер арқылы жүзеге асыруға болады. Ойсергектер арқылы аудиториядағы үйренушілер өздерін жеңіл сезінеді, ашылады, әрқайсысы біртұтас ұжымның өкілі ретінде алда күтіп тұрған бірлескен күрделі жұмысты атқаруға дайындалады (Ойсергектердің үлгілері төменде беріледі) .
Барлық үйренушілер жұмысқа қатынасады.
Интербелсенді әдіс аумағында өтетін сабақ мақсаттарының бірі бірлесе жұмыс жасау болғандықтан, әр қатысушының жұмысқа белсене қатысқандығы абзал. Үйренушілердің білім игеру жұмысының, оның ішінде әсіресе бірлескен жұмыс әрекеттерінің қызықты әрі тартымды екендігіне көздерін жеткізгені дұрыс. Сол себепті де сабақтың басты тәсілі ретінде топтық жұмыстарды тану керек.

Тыңдай білу: барлық пікірлер тыңдалады.
Суырылып алға шығып сөйлегеннен гөрі, тыңдай білген қиын шығар. Топтық талқылау кезінде барлық үйренушілердің өз пікірін келтіріп, басқалардың оны мұқият тыңдап, оның пікірін силап, санасатын жағдай жасап отыру қажет. Мұндайда барлық қатысушылардың пікірі тыңдалуы керек.
Топтық бірлескен жұмыстан соң (талқылау, пікірлесу, ой қозғау, тапсырманы бірлесе орындау, т. б. ) әр топқа өз пікірі мен көзқарасын жариялау мүмкіндігін беру керек. Ол үшін топ атынан бір үйренуші (оны «сөйлеуші», «шешен», «спикер», «капитан» деп атауға болады) берілген уақыт ішінде өз ойлары мен ұйғарымдарын ортаға салады.
Жазбаша жұмыстар.
Үйренудің басты мақсаты - тұлғаның дамуы, оның ішінде әсіресе ойлау қабілеті мен шығармашылық дағдылардың өркендеуі. Ал жазу (жазба жұмыстары) - ойлаудың шырқау биігі. Жазуда үйренуші сонымен қатар «Мен» тұрғысынан өзінің ішкі жан дүниесін ашып, оны асқақтата түседі. Сол себепті де әр сабақта жазу жұмыстарын жиі қолданып отырған орынды. Ал үйренушінің бүгінгі сабақта нендей және қандай дәрежеде білім алғанын, оның өсуі мен дамуын, яғни оның білімін бағалауды тек жазбаша жұмыстарды орындауынан ғана объективті түрде білуге болады. Жазу жұмыстары - студент білімін бағалаудың дәлелді нысаны.

Кері байланыс.
Кері байланыс дегеніміз сабақтың мазмұны немесе әдіс-тәсілдері, оның тиімділігі мен қандай дәрежеде өткендігі туралы үйренушілердің ой-пікірлері мен эмоциялары, олардың болашақтағы (келесі сабақтардағы) өз мұқтаждарын келтіруі. Бұл пікірлер оқытушыға өткізген сабағына баға беріп, оның ұтымды жақтары мен кем-кетіктерін анықтап, өз жұмысына өзгерістер енгізу мүмкіндігін береді.
Үйренушілер «Сабақ қалай өтті: қызық болды ма?», «Сіз үшін сабақтың құнды жәйттері қандай болды?», «Бүгін не нәрсеге үйрендіңіз (білдіңіз) ?», «Бүгінгі үйренгеніңіз Сіз үшін болашақта қажет болады деп ойлайсыз ба?», «Осы тақырып бойынша тағы да не білгіңіз келеді (қандай ақпарат көздерін оқисыз) ?», «Қандай сұрақтарыңыз бар?», «Сабақтың өту барысы бойынша қандай пікірлеріңіз/ұсыныстарыңыз бар?», «Келесі сабақта қандай мәселелерге назар аудару керек деп ойлайсыз?» деген сұрақтарды ауызша талқылағаннан кейін, оларға жазбаша жауап берумен жалғастыруы мүмкін. Жауаптарды, мәселен, «Шығу парақтары» тәсілі бойынша беруге болады. Әдетте жауаптар анонимді түрде беріледі.
«Шығу парақтарында» студенттердің сабақ бойынша келесідей сауалдарға жауап бергені орынды:
Білдім (Білдім және түсіндім)
-Білгім келеді
-Ұнады
-Ұнамады
-Сұрақтарым

Соңғы кезде Дэвид Колбтың үлгісі мектепте интербелсенді сабақтар ұйымдастыруда кеңінен қолданылып жүр. Д. Колб идеялары бойынша сабақтың құрылымы мынандай болуы ықтимал:
1. Мотивация және жаңа тақырыпты жариялау - сабақтың 10 % үлесін құрайды.
2. Өткен сабақты бекіту (қайталау) - сабақтың 20% үлесін құрайды.
3. Жаңа материалды меңгеру - сабақтың 50% үлесін құрайды.
4. Бағалау - сабақтың 10 % үлесін құрайды.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz