ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕОРИЯНЫҢ ТАРИХИ ДАМУЫ


Slide 1

ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕОРИЯНЫҢ ТАРИХИ ДАМУЫ ОРЫНДАҒАН: ҚАБЫЛДАҒАН:

Slide 2

ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕОРИЯ - БАЙЛЫҚ ТУРАЛЫ ҒЫЛЫМ.

Американ экономисі Пол Самуэльсон экономикалық теорияны барлық экономикалық ғылымдардың патшайымы деп атаған. Осы тұрғыда, экономикалық теорияны зерттеу шаруашылық өмірде 7 адамдардың экономикалық іс-әрекеттерін танып білуге және

Экономикалық теория әдістерінің алғашқы ғылыми әзірлемелері ежелгі грек ғалымы Аристотельдің еңбектері арқылы танылды. Ол экономикалық ғылымды танып білудің негізгі қағидаларын қалыптастырды. Аристотельмен жасалған анализ, синтез, индукция, дедукция, аналогия және басқа да таным әдістері бүгінгі күнге дейін экономикалық құбылыстар мен үдерістерді талдауда кеңінен қолданылып келеді.

Slide 3

ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕОРИЯНЫҢ ЖАЛПЫ ӘДІСТЕРІ:

1. Ғылыми абстракция - бұл зерттеліп отырған құбылыстардың ең маңызды жақтарына және қасиеттеріне көңіл бөлу. Экономикалық теорияның бұл әдісі заңдылықтарды құруда экономикалық құбылыстарды жеңілдетіп көрсетеді.

2. Анализ - бұл зерттеліп отырған объектіні жекелеген бөліктерге бөліп талдап көрсету. Мысалы, нарықтық сұраныстың қалыптасу заңдылықтары оның анықтайтын әртүрлі факторлар - баға, тұтынушылардың табысы, олардың талғамы және тағы басқаларын зерттеуден тұруы мүмкін.

3. Синтез - бұл зерттеліп отырған объектінің жекелеген элементтерін біртұтас жүйеге біріктіріп көрсету. Мысалы, нарықтық сұранысты және оның қарқынын түсіну тек оның құрамына кіретін жекелеген бөліктерін (баға, тұтынушылардың табысы және талғамы, т. б. ) қарастыру арқылы ғана мүмкін болады

4. Индукция -Көшеде азаматтық киімде келе жатқан адамды оның сымбаттылығына қарап, оны әскери лауазымға қатысы бар екенін байқауға болады бұл жекелеген құбылыстар мен деректерден жалпы қорытынды шығару. Мысалы, тұтынушы үшін тұтынылатын әрбір қосымша игіліктің пайдалылығы төмендей береді.

5. Дедукция - бұл жалпыдан жекеге қарай өту. Мысалы, мынадай жалпы қорытынды: әскери адамдар өте сымбатты келеді

Slide 4

ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕОРИЯНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ТАРИХИ ДАМУ КЕЗЕҢДЕРІ

МЕРКАНТИЛИЗМ. Экономикалық теориядағы алғашқы мектеп - меркантилизм. Бұл бағыт ұлттық табыстың негізгі көзі деп байлық ретінде саналатын алтын мен күмісті жинау мәселесін қарастырды. Бұлар байлықтың көзі тек саудада деп түсінді, яғни сырттан бағалы металлдарды арзанға сатып алып елге жинай беру және оларды басқа елдерге қымбатқа сату. Басты өкілдері: м. Тен мен А. Монкретьен

ФИЗИОКРАТТАР. Бұл мектептің негізін француз ғалымдары Франсуа Кенэ (1694-1774) мен Анн Тюрго (1727-1781) салды. 13 Физиократтар экономикалық ғылымда айтарлықтай бетбұрыс жасады. Олар бірінші болып өндіріс аясына көңіл бөлді. Олардың ойынша, байлықтың көзі сауда емес, өндіріс. Өндіріс ретінде олар ауыл шаруашылығы саласын ғана жақтады, яғни ауыл шаруашылығындағы жұмысшылардың еңбегі арқылы ұлттық табыс жасалады, ал жер табиғаттың берген сыйы, олай болса, жерден алынған өнім ғана қосымша пайданы арттыра алады деп дәріптеді. Бұл жерде ауыл шаруашылығынан басқа экономиканың салалары (өнеркәсіп, сауда, т. б. ) «өнімсіз» деп саналды. Физиократизм - бұл пайда табудың жолы, ең алдымен, ауыл шаруашылығы саласында қалыптасатын және өндіріс аясын зерттейтін экономикалық теорияның бір бағыты.

Slide 5

КЛАССИКАЛЫҚ САЯСИ ЭКОНОМИЯ. Саяси экономияның қалыптасуы мен дамуына сүбелі үлесті ағылшын экономистері Уильям Петти (1623-1687), Адам Смит (1723-1790), Давид Рикардо (1772- 1823), Джон Стюарт Милль (1806-1873), француз экономисі Жан Батист Сэй (1762-1832) қосты. Классиктер (бұларға «классиктер» деген атақ берген Карл Маркс еді) физиократтарды сынай отырып, байлықтың қайнар көзі тек ауыл шаруашылығының еңбегі арқылы ғана емес, барлық өндіріс салаларындағы еңбекпен алынатындығын қадап айтты. классикалық саяси экономия - бұл еңбекті барлық тауарлар мен қызметтердің соңғы құны деп санайтын және еңбек құнының тұжырымдамасы арқылы қоғамның барлық топтарының табыс көздерін анықтауды қарастыратын экономикалық теорияның ең басты бағыттарының бір

МАРКСИЗМ. Басты өкілдері неміс экономистері Карл Маркс (1818-1883) пен Фридрих Энгельс (1820-1895) еңбек құнының 14 теориясы негізінде классиктердің тұжырымдамаларын жалғастырып нарықтық шаруашылықты тереңірек зерттеді. Маркс «капитализм» ұғымын қалыптастырды. Бұлардың ойынша, тек жалдамалы жұмысшылардың еңбегі ғана қоғамның байлығын жасайды

-

Slide 6

НЕОКЛАССИКАЛЫҚ ТЕОРИЯ. ХІХ ғасырдың екінші жартысында экономикадағы барлық зерттеулер жекелеген нарықтық субъектілердің нақты қарым-қатынастарын қарастыруға бағытталады. Ғалым-экономистер шектеулі ресурстарды тиімді пайдалану мәселелерін зерттеуге талпыныс жасай бастайды. Осыған байланысты экономикалық ғылымның аты өзгерді: «саяси экономия» термині «экономикс» ұғымымен алмастырылады. бұл бағыттың негізін салушылар ағылшын экономисі Альфред Маршалл (1842-1924) мен Артур Пигу (1877-1959) болды. Бұл бағыт негізінде экономикалық теория шектеулі ресурстарды тиімді пайдалану ғылымы ретінде қарастырылады.

МАРЖИНАЛИЗМ. Маржинализм теориясы арқылы экономикалық теорияның микроэкономикалық негіздері әрі қарай дами түсті. Бұл 15 бағыттың негізін қалаушылар: Карл Менгер (1840-1921), Евгений Бем-Баверк (1851-1914), Фридрих Визер (1851-1926), Леон Вальрас (1834-1910), Вильфредо Парето (1848-1923), Август Фридрих фон Хайек (1899-1992), Людвиг фон Мизес (1891-1973) болды.

Slide 7

КЕЙНСИАНДЫҚ ТЕОРИЯ. Бұл бағыттың негізін қалаушы, ағылшынның көрнекті ғалым-экономисі Джон Мейнард Кейнс (1883- 1946) болды. Кейнс өзінің 1936 жылы шыққан «Жұмыспен қамтудың, ақшаның және пайыздың жалпы теориясы» деген басты еңбегінде экономикалық мәселелерді реттеудің макроэкономикалық негіздерін жасай отырып, микроэкономикалық талдау шеңберінде шешіле алмайтын көптеген сұрақтарға жауап бере алды

МОНЕТАРИЗМ. Экономикалық ой-пікірдің бұл ағымы жаңа көзқараспен екінші дүниежүзілік соғыстан кейін өмірге келді. Монетаризмнің негізін американ экономисі, Нобель сыйлығының лауреаты Милтон Фридмен (1912-2006) қалаған. Бұл бағытта макроэкономикалық саясаттың ортасында ақша мәселесі орын алады

Slide 8

ОҢТАЙЛЫ КҮТІМДЕР ТЕОРИЯСЫ. Бұл басқаша, жаңа классикалық макроэкономикалық теория деген атпен белгілі болып ХХ ғасырдың 70-жылдары қалыптасты. Бұлар макроэкономика саласына микроэкономикалық талдаудың құралдарын қолдануды ұсынды. Жаңа классиктер оңтайлы күтімдер гипотезасын алға тартты, оның авторы болып американ экономисі, Нобель сыйлығының лауреаты Роберт Лукас (1937 жылы туылған) саналады.


Ұқсас жұмыстар
Экономикалық теорияның негізгі қызметтері
МЕМЛЕКЕТТІҢ ПАЙДА БОЛУ ТАРИХЫ
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕОРИЯНЫҢ ПӘНІ
Экономикалық теория - байлық туралы ғылым
Марксизм теориясы
Экономика негіздері пәні мен әдістері
Адамдар өмірі құбылмалы, күрделі және қайшылығы мол өмір
Экономикалық теорияның пәні мен әдістері туралы ақпарат
Құқықтың пайда болуы және қалыптасу жолдары
Жеке капиталдың ұдайы жаңғыртылуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz