Қалқанша маңы бездері


Slide 1

Шымкент қ, ШЖҚ ДСБ «Шымкент Жоғарғы Медицина Колледжі»КММ

Эндокриндік жүйе анатомиясы және физилогиясы

Орындаған:Аралбек Балжан Нұржанқызы

Slide 2

Жоспары: Кіріспе. Негізгі бөлім. -Эндокриндік жүйе -Эндокриндік ұлпа -Эндокриндік жүйе қызметі -Эндокриндік бездер Қорытынды.

Slide 3

Эндокриндік Жүйе Эндокриндік жүйе - ағзаның гуморальды реттелуінде маңызды рөл атқарады. Бұл жерде гуморальды реттелу дегеніміз - қанның құрамындағы гормондар және минералдық заттардың әсерлері арқылы организм қызметінің реттелуі. Ол ағзаның ішкі ортасына арнаулы биологиялық белсенді заттарды бөліп шығарады. Ішкі секреция бездері шығарған заттар гормон деп аталады. Бездер бөлген гормондар қанның ағысымен ішкі мүшелерге және мүшелер жүйелеріне келіп, олардың жұмысына әсер етеді.

Slide 4

Эндокриндік ұлпа-Негізгі қызметі гормон өндіру болып табылмайтын мүшелерде инкреторлық қызмет атқаратын жасушалардың шоғырлануын айтады. Оған жатады: -ұйқы безі -айырша без -жыныс бездері -плацента -бүйрек.

Slide 5 Slide 6 Slide 7

Организмде бездерді үш топқа бөледі: Сыртқы секреция бездері (бауыр, сілекей, ұйқы және ішек бездері) ; Ішкі секреция бездері (гипофиз, эпифиз, қалқанша без, қалқанша маңы бездері, тимус, бүйрек үсті бездері) ; Аралас секреция бездері (жыныс бездері, ұйқы безі) .

Slide 8

Эндокриндік жүйенің қызметі Ағзаның гуморальды реттелуіне қатысады және барлық мүшелер мен жүйелердің қызметін бақылайды. Ішкі тұрақтылықты, яғни, гомеостазды қамтамасыз етеді. Жүйке және иммундық жүйелермен қосыла отырып: өсуді; ағзаның дамуын; жыныстық жетілуін және репродуктивті қызметін; энергияны сақтауды бақылап қамтамасыз етеді.

Slide 9

Гормондар Гормондар - ішкі секреция безінің қанға бөліп шығаратын және дененің түрлі әрекетін реттейтін биологиялық заттар. Әр гормон белгілі бір мүшеге әсер етеді. Гормондардың барлығы бір-бірімен тығыз байланыста жұмыс істейді. Гормондар химиялық құрамына қарай аминдер, нәруыздар, стероидтар және май қышқылдары болып келеді. Гормондардың қасиеті: 1. Гормондар дистантты түрде әсер етеді; 2. Арнайы әсер; 3. Био-физиологиялық белсенділік; 4. Әр түрге арнайшылық; 5. Тек тірі жасушаларға әсер ету.

Slide 10

Химиялық құрылымы бойынша

Slide 11

Ішкі секреция бездері Эндокринді бездер (эндокринные железы) ; (glandula endocrinae, лат. glandula без, грек, endon - ішкі, krino - бөлу) - инкреттерін (гормондар) организмнің сұйық ішкі ортасына (қан, лимфа, ұлпа сұйығы) бөлетін бездер. Бұл бездер тек секрет бөлетін соңғы бөлімдерден тұрады, шығару өзектері болмайды және қан тамырларына өте бай келеді. Эндокринді бездер (ішкі секреция бездері) : орталық және шеткі эндокринді бездер болып екіге бөлінеді. Орталық эндокринді бездерге: гипоталамус, гипофиз және элифиз, ал шеткі эндокринді бездерге: қалқанша, қалқанша маңы, бүйрекүсті бездері жатады. Бұлардан басқа организмде қосарлана қызмет атқаратын аралас бездер де болады. Оларға: жынысбездері, ұйқы безі, плацента және тимус (айырша без) жатады. Эндокринді бездер гормондары организмнің сұйық ішкі ортасы арқылы дене мүшелерінің дамуы мен қызметін, олардағы зат алмасу деңгейін гуморальды реттеуге қатысады.

Slide 12

Гипоталамус-гипофиздік жүйе Гипоталамус - аралық мида орналасқан ішкі секреция бездерінің қызметін реттейтін орталық. Әдеби тұрғыда айтатын болсақ: гипоталамус ішкі секреция бездерінің «композиторы». Гипоталамус пен гипофиз тығыз байланыста жұмыс істеп, Гипоталамус-гипофиздік жүйені құрайды. Гипоталамус гипофиз безін реттейді, ал гипофиз ағзадағы барлық басқа бездердің жұмысын реттейді. Олар нейрогормондар бөліп рефлекстік және гуморальдік реттеуді жүзеге асырады. Гипоталамус гипофизге әсер ететін статин (гипофиздың гормон түзуін тежейді) және либерин (гипофиздің гормон бөлу белсенділігін арттырады) гормондарын бөледі. Окситоцин және вазопрессин гормондары гипофиздың артқы бөлігінде жиналады. Ішкі секреция бездерінің ең негізгі жетекші орталығы. Әдеби тұрғыда бұл гормон ішкі секреция бездерінің «дирижері» болып саналады. Гипофиз - сопақша пішінді, салмағы 0, 5-0, 7 г. Гипофиз гормондарының барлығы химиялық құрамы бойынша пептидті (нәруызды) . Гипофиз үш бөліктен тұрады: алдыңғы, артқы, ортаңғы

Slide 13

Алдынғы бөлім: Супраоптикалық ядролар -ірі, холинергиялық жасушалардан тұрады. Вазопрессин гормонын өндіруге қатысады. Ол бүйректе зәрдің түзілүін реттейді

Паравентрокулярлы ядролар-ұсақ, адренергиялық нейросекреторлы жасушалардан тұрады. Окситоцин гормонын бөледі. Ол жатыр және қуықтың жазық бұлшықетін жиырылуға қатысады.

Slide 14

Ортаңғы бөлім: Аркуатты дорзо-медиальді ядролар Аркуатты вентро-медиальді ядролар Олар аденогипофиздің қызметін реттейтін аденогипофизатропты гормондарды яғни Либериндер мен статиндерді бөледі. Либериндер аденогипофиздің гормон бөлүін күшейтсе, статиндер тежейді. Бұл ядроларды құрайтын нейросекреторлы жасушалардың аксондары медиальді төмпешікте орналасқан біріншілікті капиллярлық торда аяқталады. Бұл капиллярлар гипофиздің аяқшаларында портальды венаға жалғасады. Ал портальды вена аденогипофизде екіншілік синусоидты капиллярлар торына тармақталады.

Slide 15 Slide 16

Қалқанша без Қалқанша без - мойынның алдыңғы жағына орналасқан. Оның салмағы-15-30 г. Ол өзара байланысты екі бөліктен тұрады. Қалқанша без қанның құрамындағы йодты сіңіріп, жинақтайды. Йод бұл без гормондарының құрамына енеді. Қалқанша бездің тироксин (тетрайодтиронин, Т4) деп аталады. Сонымен қатар кальцитонин және трийодтиронин (Т3) . Тироксин дененің өсу және даму, зат алмасу (нәруыз, май) әрекеттері мен жүйке жүйесінің қозуына әсерін тигізеді. Қалқанша без зат алмасуға, адамның өсуіне, дене салмағына, қимылына және ой еңбектерінің дамуына әсер етеді.

Slide 17 Slide 18

Қалқанша маңы бездері Қалқанша маңы бездері - қалқанша бездің жоғарғы және төменгі жағына жанаса орналасқан. Без паратгормон бөледі. Паратгормон - күрделі құрылысты зат. Ол денедегі кальций мен фосфаттардың алмасуын, тағамның ішектен қанға тез сіңірілуін, зәрмен бірге шығарылуын реттейді. Кальция алмасудың реттелуі паратгормонның және D дәруменінің қатысуымен болады. D дәрумені жетіспегенде сүйектің құрамында кальций азайып, оның қаттылық, мықтылық қасиеті төмендейді.

Slide 19 Slide 20

Айырша без Айырша без(тимус) кеуде қуысында кеңірдектің жоғарғы ұшын жауып тұрады. Адамның балалық шағында ірі (30грамм) толады. Жыныстық жетілуден кейін кішірейеді (20грамм) . Қызметі : 1. Бұл без тимозин гармонын бөледі, ол ағзада иммундық жүйеніңорталық жүйесі болып саналады. т 2. Тимозин гармоны жетіспесе, ағзаның иммундық қысиеті төмендейді. 3. Көкбауырдың мөлшері кішірейіп, қандағы лимфоцит жасушалары азайып, қарсыдене түзілмейді.

Slide 21 Slide 22

Бүйрекүсті безі Бүйрекүсті безі (лат. glandula sup-rarenalis, лат. glandula - «без», лат. supra - «үсті» және лат. ren - «бүйрек») - бүйректің ішкі және жоғарғы (адамда - артқы) жағында орналасқан, пішіні бүйрекке ұқсас, бірақ мөлшері тіптен майда, жұп ішкі секреция (эндокринді) безі.

Slide 23 Slide 24

Ұйқы безі Ұйқы безі (лат. pancreas - үйқы безі) - сыртқы және ішкі секреция безі. Сыртқы секреция безі ретінде ол ас қорыту ферменттеріне бай үйқы безі сөлін бөледі. Сонымен қатар, үйқы безі аралшықтарының жасушалары инсулин гормонын қанға бөледі. Сыртқы секреция без бөлігі құрылысы жағы- нан көпіршікше-түтікше бездерге жатады.

Slide 25
Ұқсас жұмыстар
Аурудың белгісі
Эндокриндік жүйе
Эндокринді және эндокринді емес функциялары бар ағзалардың физиологиясы және олардың организм жұмысына әсері
Эндокринді жүйе
Қалқанша безі гормондарының физиологиялық әсері
Сілекей безі
Айырша без
Қалқанша маңы безі
Гормондар туралы
СЕКРЕЦИЯ БЕЗДЕРІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz