Мақсаты Әкімшілік құқық құқықтың және басқару жүйесі


Slide 1

Әкімшілік құқық бастаулары: түсінігі, түрлері, жүйесі.

Орындаған:Сәлімкереев А. Е. Қ-204 студентті

Тексерген:Досов Ж. Б магистр, аға оқытушы

Slide 2

Мақсаты

Әкімшілік құқықтың жүйесі

Әкімшілік құқық - ҚР құқық жүйесінің жетекші құқық саласы ретінде

Әкімшілік құқық және басқару

Әкімшілік құқық кез келген елдің құқықтық жүйесінің ең маңызды саласы болып табылады. Бұл құқық саласы азаматтар мен атқару билігінің өкілдерімен қатынастағы басқа биліксіз субъектілердің құқықтыры мен міндеттерін, мемлекеттік әкімшілік жүйесін, оның құрылымды бірліктерінің құзырлығы, олардың қызметінің қағидаларын, әдістерін, формаларын бекітеді.

Slide 3

Әкімшілік құқықтың жүйесі

Әкімшілік құқықтың жүйесі - бұл салаларды құрайтын салашықтарға жиыстырылған топтар - құқықтық институттар бойынша бөлінген құқық нормаларының ғылыми-ұйымдастырылған жиынтығы - біртұтас нормативті құрылым.

Әкімшілік құқық бойынша көптеген заң әдебиеттерінде әкімшілік құқық жүйесінің мынадай анықтамасы беріледі: ҚР Әкімшілік құқығы -бір-бірімен тығыз байланысты жекелеген әкімшілік-құқықтық институттар мен нормалардан тұратын жүйе.

Slide 4

ҚР Әкімшілік құқығының жүйесі үш бөлімнен тұрады:

Slide 5

Әкімшілік құқықтың жүйесі

Әкімшілік құқықтың жүйесі - бұл салаларды құрайтын салашықтарға жиыстырылған топтар - құқықтық институттар бойынша бөлінген құқық нормаларының ғылыми-ұйымдастырылған жиынтығы - біртұтас нормативті құрылым.

Әкімшілік құқық бойынша көптеген заң әдебиеттерінде әкімшілік құқық жүйесінің мынадай анықтамасы беріледі: ҚР Әкімшілік құқығы -бір-бірімен тығыз байланысты жекелеген әкімшілік-құқықтық институттар мен нормалардан тұратын жүйе.

Slide 6

Құқық қоғамның мәдени институты, жалпы өркениеттік процестің тіршілік үшін маңызды құрамдас бөлігі болып табылады деп белгілі заңгер-ғалым С. С. Алексеев айтқан.

Осы құқықтанушы ғалым құқықтың қоғам өміріндегі тарихи миссиясы тікелей оның маңызды талаптарынан бастау алады деген, атап айтқанда:

Slide 7

Әкімшілік құқық және басқару

Әкімшілік құқықты оқуды бастамастан бұрын, оның "басқару" сияқты кең тараған әлеуметтік құбылыспен байланыстылығын қарастыру қажет. Латын сөзінен шыққан администрация - әкімшілік - басқару терминінің қоғамдық маңызды мақсаттарға жету үшін жасалынатын іс-әрекеттерді сипаттау үшін жан-жақты құрал болып табылатындығымен байланысты болып келеді. Кең мағынасында басқару қандайда біреуге немесе бір нәрсеге жетекшілік ету дегенді білдіреді. Дәл осындай түсінікте қазіргі уақытта да қолданылады. Бірақта дәл осындай ұйғарыммен шектеліп қана қоймай, оның мән-маңызын, мазмұнын, мақсат - міндетін ашып көрсету қажет.

Әкімшілік құқықтың пәнін мемлекеттік басқару сферасында қалыптасқан қоғамдық қатынастар құрайды, сондықтан мемлекеттік басқарудың мәнін қарастырып өткен жөн.

Slide 8

Басқарылатын жүйенің бірнеше түрі бар:

Slide 9

Басқару- бұл нақты бір нәтижеге жету үшін жүзеге асырылатын, мақсатқа жетуге көзделген екі немесе одан да көп адамдардың, олардың бірлестіктерінің (қоғамдық ұйымдардың) келісімді әрекеттері. Басқару кез келген адамзат қоғамында болады, өйткені адамзат қоғамы өздігінен басқарыла алмайды, сондықтан алдыға қойылған мақсаттарға жету үшін, барлық міндеттерді үздіксіз жүзеге асырылуын қамтамасыз ету басқаруда қажеттілік туындайды. Кез келген басқарудың мәні - мақсатты түрде реттеушілік ықпал ету, тәртіпке келтіру.

Slide 10

Қорытынды

Жалпы, заң ғылымдары мемлекеттік - құқықтық құбылыстардың заңдың аспектілерін зерттеуге арналған. Заң ғылымдарын мынадай үш топқа бөлуге болады: тарихи-теориялық, салалық және қолданбалы. Әкімшілік құқық ғылымы салалық заң ғылымдарына жатады, өйткені қоғамның белгілі бір саласында туындайтын қоғамдық қатынастарды зерттеп реттеуге арналған заң ғылымының құрамды бөлігі болып табылады.

Сонымен, әкімшілік құқық жүйесі мемлекеттік басқару сферасындағы қоғамдық қатынастарды және оларды реттейтін әкімшілік-құқықтық нормалар жүйесін талдауға, мемлекеттік басқару аппаратын ұйымдастыру мен оның қызметін құқықтық реттеуді зерттеп және заңдылықтарын қорытындылауға арналған.

Әкімшілік құқық ғылымы қоғамдық қатынастарды әкімшілік-құқықтық реттеудің жалпы заңдылықтарын айқындайды және зерттейді, олардың мәнін ашады, әкімшілік құқық нормаларын қолдану практикасын қорытындылайды. Сондай-ақ мемлекеттік басқару субъектілері мен объектілерінің құқықтық мәртебесін, басқарудың құқықтық нысандары мен әдістерін, мемлекеттік басқарудағы заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету тәсілдерін, әкімшілік процес мәнін зерттейді, жалпы, салалық және сала аралық мемлекеттік басқарудағы жекелеген әкімшілік-құқықтық теріс қылықтарды, дауларды қарастыруды жетілдірумен байланысты ғылыми проблемаларды зерттейді. Осы заңдылықтарды терең және жан-жақты зерттеу нәтижесінде әкімшілік-құқықтық нормаларды өзгертуге және жетілдіруге, ең алдымен, олардың тиімділігін арттыруға бағытталған ғылыми дәлелденген ұсыныстар әзірленеді.


Ұқсас жұмыстар
ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚ ҮШІН ТӘН ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ ӘДІСТЕРІ
ҚР ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҒЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ
Әкімшілік құқықтық нормалары
Әкімшілік құқық
Әкімшілік құқықтың нормалары
Әкімшілік құқық пәнінің қатынастары
Әкімшілік құқыққа сипаттама
Әкімшілік құқықтың қайнар көздері
Әкімшілік құқықтық қатынас субъектілері
ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚ ТҮСІНІКТЕРІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz