ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚ ТҮСІНІКТЕРІ
Презентация қосу
Әкімшілік-құқықтық
қатынастар: түсінігі, түрлері,
құрылымы.
Орындаған:Сәлімкереев А.Е. Қ-204 студентт
Тексерген:Досов Ж.Б магистр,аға оқ
Әкімшілік құқық
Мақсаты Әкімшілік құқықтық
түсініктері қатынастың мазмұны
мен түрлері
Әкімшілік құқықтың пәні туралы сұраққа неғұрлым нақты түрдегі жауапты оның жинақталған
анықтамасынан табуға болады.
Әкімшілік құқық-құқықтық нормалардың жиынтығы, солардың көмегімен мемлекет атқарушы билікті
нақты жүзеге асыруға байланысты және сол туралы пайда болатын қоғамдық қатынастарды реттейді. Бұл
анықтама кейбір түсініктемелер беруді керек етеді, олар бірінші кезекте және әсіресе әкімшілік-құқықтық
реттеу пәніне жататын қоғамдық қатынастардың мән-мағынасын анықтаумен байланысты.
Қоғамдық қатынаста тек атқарушы билік органының (атқарушы органның) ғана болуы оны барлық
жағдайда да сөзсіз басқарушылық қатынасқа жатқызуға, әрі әкімшілік құқықтың пәніне енгізуге жеткілікті
негіз бола бермейді. Олай болатын себебі, бұл сияқты органдар заңнамалар бойынша әкімшілік құқықпен
емес, құқықтың өзге салаларымен регламенттелетін іс-әрекеттерді жиі жасайды. Мысалы, олар реттелуі
азаматтық құқық пәнін құрайтын мүліктік мәмілелер жасай алады. Олардың бюджет — салық аясында
жасайтын бірқатар іс-әрекеттері конституциялық және қаржылық құқық нормаларының реттеушілік
ықпалына жатады, т.с.с. Бұл мынаған байланысты, мұндай жағдайларда қандай да болмасын атқарушы
орган атқару — өкім етушілік сипаты бар функцияларды орындамайды; мысалы, мәміле жасаған кезде ол
өзінің мүліктік құқығын іске асырады.
Курстық жұмысымның мақсат міндеті атқарушы орган өзінің басқарушылық құзыретін қай кезде
нақты жүзеге асыратынын тек сонда ғана ол атқарушы биліктің шынайы субъектісі болып табылатындығын
зерттеп қажетті әдебиеттерді дұрыс пайдаланып жұмысымның тақырыбын толық ашу.
ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚ ТҮСІНІКТЕРІ
ҚР-ның құқық жүйесінің ерекше саласы бар, оның негізгі мақсат-міндеті айырықша сипаты бар қоғамдық қатынастарды реттеу болып
табылады. Бұл қатынастардың ерекшелігі сол, олар атқарушы билікті нақты жүзеге асыру аясында пайда болуы (тиісінше өзгертілуі
және тоқтатылуы) мүмкін. Ал оларға реттеушілік ықпал жасау өзінің жиынтығы бойынша әкімшілік құқықғы құрайтын құқықтық
нормаларға жүктелген.
Солай болғандықтан, аталған аядағы әр түрлі қоғамдық қатынастар ең жалпы түрде Қазақстан құқығының осы саласының пәнін
құрайды деп айтуға болады. Әкімшілік құқықтың пәні туралы сұраққа неғұрлым нақты түрдегі жауапты оның жинақталған
анықтамасынан табуға болады.
Әкімшілік құқық-құқықтық нормалардың жиынтығы, солардың көмегімен мемлекет атқарушы билікті нақты жүзеге асыруға
байланысты және сол туралы пайда болатын қоғамдық қатынастарды реттейді.Бұл анықтама кейбір түсініктемелер беруді керек етеді,
олар бірінші кезекте және әсіресе әкімшілік-құқықтық реттеу пәніне жататын қоғамдық қатынастардың мән-мағынасын анықтаумен
байланысты.
Бұл ең маңызды жәйт, өйткені тек пән бойынша, яғни реттелінетін қоғамдық қатынастардың сипаты бойынша құқықтық салалар
ажыратылады. Олай болатын болса, әкімшілік құқықпен реттелінетін қоғамдық қатынастарға нелер тән? Ең алдымен мынаны айту
керек, олар мемлекеттік басқару аясында пайда болады, өзгертіледі және тоқтатылады. Бұған қарағанда бәрі түсінікті сияқты көрінеді,
өйткені бұл аяның шекарасы ҚР-ның барлық деңгейіндегі атқарушы билік жүйесінің (механизмінің) ұйымдастырылуымен және жұмыс
істеуімен, мемлекеттік — басқарушылық қызметті жүзеге асыру процесімен айқындалатындығы белгілі. Бірақта әзірге мына бір
жағдайды ғана сенімді түрде айтуға болады: біз ынта қойып отырған қоғамдық қатынастардың мемлекеттік — басқарушылық
қызметпен байланыстылығы оларды жинақтап басқарушылық қатынастар ретінде сипаттауға болатындай мүмкіндік береді. Бұл
шындығында да солай. Бірақ олардың мәнін толық түсіну үшін бұл жеткіліксіз. Мәселе мынада, бұған бұрын да көңіл аударылған
болатын, басқарушылық сипаты бар қатынастар мемлекеттік - басқарушылық қызметтен тысқары пайда болуы мүмкін. Айталық, «өз
ісін» ұйымдастыру (өзін-өзі ұйымдастыру) мақсаты бар ішкі партиялық немесе ішкі кәсіподақтық қатынастардың шүбәсіз
басқарушылық сипаты бар. Мысалы, өздерінің жарғылық нормаларының негізінде тиісті басқару органдарын құру, ішкі
ұйымдастырушылық ережелерді белгілеу, т.с.с.
Бізге керегі мына сияқты басқарушылық сипаты бар қоғамдық қатынастар, олардың мемлекеттік — басқарушылық қызметпен
тікелей байланыстылығы себепті оларда мемлекеттік (жариялы) мүдде, мемлекеттік басқарушылық ерік тікелей көрініс табады. Соған
сәйкес әкімшілік құқықтың пәнін анықтаған кезде атқарушы билік жүйесінің қызметімен тікелей байланысты болатын қатынастар
басты назарда болуға тиіс. Ал мұндай қызмет атқарушы билікті жүзеге асыру жөнінде барлық қажетті мүмкіндіктері мен өкілеттіктері
бар арнайы субъектінің болуын болжайды. Сондықтан, мемлекеттік басқару аясының шегі ең алдымен арнайы субъектілердің-тиісті
басқарушылық қатынастардың қатысушыларының бар болуымен айқындалады.
Басқадай жағдай мемлекеттік басқару аясы деп қоғамдық маңызы бар кез-келген қызмет түрін, яғни тіпті заң шығару мен сот
биліктерін жүзеге асыруды да түсінуге сөзсіз келтіреді. Әрине, қаралып отырған проблеманы бұлай шешуге болмайды. Бұған дейін
ұсынылған әкімшілік құқықтың анықтамасында, онымен реттелетін басқарушылық қатынастар атқарушы билікті жүзеге асыруға
«байланысты» және «сол туралы» пайда болады дедік. Бұл да кездейсоқ айтылған емес.
ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚ РЕТТЕЛУІ
Әкімшілік құқықпен реттелетін басқарушылық қатынастардың атқарушы билікті жүзеге асыруға байланысты
пайда болатыны нені білдіреді? Бұл жерде тек қана мынадай қатынастар (және бұл өте маңызды) еске алынып
отыр, оларда қандай да болмасын атқарушы орган, яғни атқарушы биліктің тиісті субъектісі міндетті түрде
қатысады. Олардың қатысуынсыз болатын қоғамдық қатынастар әкімшілік — құқықтық реттеудің шеңберінен
тысқары болады. Бұлар, мысалы, азаматтардың арасындағы, қоғамдық бірлестіктердің және олардың
ішіндегілердің арасындағы, өндірістік кәсіпорындар, шаруашылық шарттарға негізделген коммерциялық
құрылымдар арасындағы, т.с.с. қатынастар. Неге бұл қатынастар әкімшілік құқықтың реттеуіне жатпайды? Олай
болатын себебі, аталған қатынастарда мемлекеттің еркі мен мүддесін заңды түрде білдіретін, мемлекеттік билікті
(жариялы мүддені) атқарушы — өкім етуші түрінде нақты іске асыратын қабілетті қатысушы жоқ. Нақ соның
қызметі мемлекеттік биліктің атқарушы тармағының жүйесі мен механизмін тікелей білдіруші болып табылады,
олар және де әкімшілік құқықтың тиісті нормаларымен бекітіледі. Сонымен, әкімшілік құқықпен реттелетін
қоғамдық қатынастарға атқарушы-өкім етуші өкілеттіктер берілген субъектінің қатысуы әрқашанда алдын ала
көзделеді. Бұлар атқарушы биліктің органдары, сондай-ақ солардың атынан іс-әрекет ететін лауазымды адамдар.
Әкімшілік құқықпен реттелінетін басқарушылық қатынастар атқарушы билікті жүзеге асыру туралы
пайда болады деген нені білдіреді? Қоғамдық қатынаста тек атқарушы билік органының (атқарушы органның)
ғана болуы оны барлық жағдайда да сөзсіз басқарушылық қатынасқа жатқызуға, әрі әкімшілік құқықтың пәніне
енгізуге жеткілікті негіз бола бермейді. Олай болатын себебі, бұл сияқты органдар заңнамалар бойынша әкімшілік
құқықпен емес, құқықтың өзге салаларымен регламенттелетін іс-әрекеттерді жиі жасайды. Мысалы, олар реттелуі
азаматтық құқық пәнін құрайтын мүліктік мәмілелер жасай алады. Олардың бюджет — салық аясында жасайтын
бірқатар іс-әрекеттері конституциялық және қаржылық құқық нормаларының реттеушілік ықпалына жатады,
т.с.с. Бұл мынаған байланысты, мұндай жағдайларда қандай да болмасын атқарушы орган атқару-өкім етушілік
сипаты бар функцияларды орындамайды; мысалы, мәміле жасаған кезде ол өзінің мүліктік құқығын іске асырады.
Атқарушы орган өзінің басқарушылық құзыретін қай кезде нақты жүзеге асыратын болса, тек сонда ғана ол
атқарушы биліктің шынайы субъектісі болып табылады. Басқаша айтқанда, мына жағдай еске алынып отыр, ол
өзінің құзыретінің мазмұнын құрайтын заңдық биліктік өкілеттіктерін іске асырады. Ал мұндай құзырет оған нақ
сол мемлекеттік-басқарушылық қызметті жүзеге асыруға қабілетті болу үшін беріледі.
ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚ ТҮСІНІКТЕРІ
ҚР-ның құқық жүйесінің ерекше саласы бар, оның негізгі мақсат-міндеті айырықша сипаты бар қоғамдық қатынастарды реттеу болып
табылады. Бұл қатынастардың ерекшелігі сол, олар атқарушы билікті нақты жүзеге асыру аясында пайда болуы (тиісінше өзгертілуі
және тоқтатылуы) мүмкін. Ал оларға реттеушілік ықпал жасау өзінің жиынтығы бойынша әкімшілік құқықғы құрайтын құқықтық
нормаларға жүктелген.
Солай болғандықтан, аталған аядағы әр түрлі қоғамдық қатынастар ең жалпы түрде Қазақстан құқығының осы саласының пәнін
құрайды деп айтуға болады. Әкімшілік құқықтың пәні туралы сұраққа неғұрлым нақты түрдегі жауапты оның жинақталған
анықтамасынан табуға болады.
Әкімшілік құқық-құқықтық нормалардың жиынтығы, солардың көмегімен мемлекет атқарушы билікті нақты жүзеге асыруға
байланысты және сол туралы пайда болатын қоғамдық қатынастарды реттейді.Бұл анықтама кейбір түсініктемелер беруді керек етеді,
олар бірінші кезекте және әсіресе әкімшілік-құқықтық реттеу пәніне жататын қоғамдық қатынастардың мән-мағынасын анықтаумен
байланысты.
Бұл ең маңызды жәйт, өйткені тек пән бойынша, яғни реттелінетін қоғамдық қатынастардың сипаты бойынша құқықтық салалар
ажыратылады. Олай болатын болса, әкімшілік құқықпен реттелінетін қоғамдық қатынастарға нелер тән? Ең алдымен мынаны айту
керек, олар мемлекеттік басқару аясында пайда болады, өзгертіледі және тоқтатылады. Бұған қарағанда бәрі түсінікті сияқты көрінеді,
өйткені бұл аяның шекарасы ҚР-ның барлық деңгейіндегі атқарушы билік жүйесінің (механизмінің) ұйымдастырылуымен және жұмыс
істеуімен, мемлекеттік — басқарушылық қызметті жүзеге асыру процесімен айқындалатындығы белгілі. Бірақта әзірге мына бір
жағдайды ғана сенімді түрде айтуға болады: біз ынта қойып отырған қоғамдық қатынастардың мемлекеттік — басқарушылық
қызметпен байланыстылығы оларды жинақтап басқарушылық қатынастар ретінде сипаттауға болатындай мүмкіндік береді. Бұл
шындығында да солай. Бірақ олардың мәнін толық түсіну үшін бұл жеткіліксіз. Мәселе мынада, бұған бұрын да көңіл аударылған
болатын, басқарушылық сипаты бар қатынастар мемлекеттік - басқарушылық қызметтен тысқары пайда болуы мүмкін. Айталық, «өз
ісін» ұйымдастыру (өзін-өзі ұйымдастыру) мақсаты бар ішкі партиялық немесе ішкі кәсіподақтық қатынастардың шүбәсіз
басқарушылық сипаты бар. Мысалы, өздерінің жарғылық нормаларының негізінде тиісті басқару органдарын құру, ішкі
ұйымдастырушылық ережелерді белгілеу, т.с.с.
Бізге керегі мына сияқты басқарушылық сипаты бар қоғамдық қатынастар, олардың мемлекеттік — басқарушылық қызметпен
тікелей байланыстылығы себепті оларда мемлекеттік (жариялы) мүдде, мемлекеттік басқарушылық ерік тікелей көрініс табады. Соған
сәйкес әкімшілік құқықтың пәнін анықтаған кезде атқарушы билік жүйесінің қызметімен тікелей байланысты болатын қатынастар
басты назарда болуға тиіс. Ал мұндай қызмет атқарушы билікті жүзеге асыру жөнінде барлық қажетті мүмкіндіктері мен өкілеттіктері
бар арнайы субъектінің болуын болжайды. Сондықтан, мемлекеттік басқару аясының шегі ең алдымен арнайы субъектілердің-тиісті
басқарушылық қатынастардың қатысушыларының бар болуымен айқындалады.
Басқадай жағдай мемлекеттік басқару аясы деп қоғамдық маңызы бар кез-келген қызмет түрін, яғни тіпті заң шығару мен сот
биліктерін жүзеге асыруды да түсінуге сөзсіз келтіреді. Әрине, қаралып отырған проблеманы бұлай шешуге болмайды. Бұған дейін
ұсынылған әкімшілік құқықтың анықтамасында, онымен реттелетін басқарушылық қатынастар атқарушы билікті жүзеге асыруға
«байланысты» және «сол туралы» пайда болады дедік. Бұл да кездейсоқ айтылған емес.
Бұл құқыктық катынастардың катысушылары (тараптары)
мыналар болуы мүмкін:
Қазақстан Республикасының азаматтары
шетел азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар
мемлекеттік ұйымдар: атқарушы билік (мемлекеттік баскару) органдары;
мемлекеттік кәсіпорындар, мекемелер; мемлекеттік емес ұйымдар; қоғамдық
бірлестіктер (партиялар, одактар т.с.с.); еңбек ұжымдары; жергілікті өзін-өзі
баскару органдары; коммерциялық құрылымдар; жеке кәсіпорындар мен
мекемелер.
коммерциялық құрылымдар; жеке кәсіпорындар мен мекемелер
Әкімшілік-кұқыктық қатынастарда
мемлекеттің мақсаттары мен
мүдделері әркашанда тиісті көрінісін
табады, өйткені бұл қатынастар
тараптарының бірі, әдетте,
мемлекеттің атынан іс-кимыл
жасайтын мемлекеттік орган немесе
лауазымды адам болып табылады.
4. Әкімшілік-құқықтык нормалардың талаптарын
әкімшілік-құкыктық қатынастар тараптары бұзған
жағдайда құқықтық қатынастың бір тарабының өкім ету жолымен шешіледі.
жауапкершілігі екінші тараптың аддында емес, адамның тікелей зандык биліктік және біржақты
мемлекеттің, оның атынан уәкілдігі бар тиісті өкілетті баскару органының немесе лауазымды
органның (лауазымды адамнын) алдында пайда даулар, қағида бойынша, әкімшілік тәртіппен, яғни
болады. Әкімшілік-құкыктық дауларды не жеке не 3.Тараптардың арасындағы әкімшілік-құкыктык
бара-бар ретінде шешудің сот тәртібі қолданылып
жүрген зандарда жиі кездеседі. Сотпен шешетін
әкімшілік-қүқыктық даулар тобының кеңейе түсуі
занды тенденцияға айналып келеді.
аса маңыздылары мыналар:
катынастар ерекшеліктерінің
Әкімшілік-құқыктық
олрадың тікелей міндеті екендігін ескеру керек.
мүмкіндігі емес, сонымен катар, көпшілігіне, 1.Басты ерекшелік — тараптардың теңсіздігі.
әкімшілік-кұқыктык қатынастарға түсуі тек кана Тараптардың бірінің басқа тарапқа катысты
ерекшелейді. Мемлекеттік басқару органдарының әркашанда зандық биліктік өкілеттіктері
оларды азаматтык-құкыктык қатынастардан
оның келісімінсіз де пайда болуы мүмкін. Бұл белгі
болады. Мұндай тарап, мысалы, баскару
Ол екінші тараптың тілегіне қарамастан немесе органдары немесе лауазымды адамдар болуы
болуына барлық жағдайларда міндетті шарт емес. мүмкін. Сол себепті екі азаматтың арасында,
тараптың келісімі немесе тілегі олардың пайда екі коғамдық бірлестіктің арасында, егер
ынтасы бойынша пайда болады. Бірақ екінші тараптардың ең болмаса біреуінін биліктік
азаматтың және сол сияқты басқалардың — өкілеттіктері болмаса, әкімшілік құқықтык
қайсысының болса да — басқару органының, катынастар болуы мүмкін емес.
2. Әкімшілік-қүкықтық катынастар тараптардың
Әкімшілік-қүқықтық қатынастарды
әртүрлі белгілері бойынша түрлеп
топтастыруға болады. Бұлардың
ішінде олардың қатысушыларының
өзара қатынасының зандык сипаты
бойынша топтарға бөлудің ерекше
назар аударарлық маңызы бар. Осы
белгіге сәйкес тіке және көлбеу
кұкықтық катынастар бөлінеді.
Тіке әкімшілік-кұқыктық катынастар
Тіке әкімшілік-кұқыктық катынастар әкімшілік-кұкықтык реттеудің және мемлекеттік басқару қызметіне
тән баскарудың субъектісі мен объектісінің арасындағы бағыныстылык байланыстардың мәнін едәуір мол
дәрежеде білдіреді. Бұл ылғи да биліктік катынастар деп аталатынның дәл өзі. Олар біріне-бірі бағынысты
тараптардың арасында пайда болады, бұл азаматтық-құкыктык қатынастардан айыратын басты белгі,
оларда тараптардьщ тепе-тендігі болмайтының дәлелдейді. Шын-дығында тіке қатынаста бір тараптың
заңдык-биліктік өкілеттіктері болады, басқа тарапта олар болмайды, мысалы, азаматта, немесе олардың
көлемі аз болады (мысалы, баскарудың төменгі органында). Тіке түрдегі көптеген әкімшілік-құкықтык
катынастар олардың біріне-бірі бағынышты емес қатысушысының арасында пайда болады. Алайда, бұл
сияқты жағдайларда да тараптардың бірі өзінің құзыретінің арқасында ұйымдық жағынан оған
бағынбайтын белгілі бір құкыктық қатынастың басқа тарабына орындауға міндетті болатын зандық актілер
шығаруға құқылы. Мысалы, министрліктердің біреуінің баска министрліктерге, ведомстволарға және
азаматтарға міндетті болып табылатын нормативтік актілер шығару жөнінде өкілеттіктері болуы мүмкін.
Бұл білімнің, қоршаған табиғи ортаны корғаудың, өрт кауіпсіздігінің мәселелері жөне көптеген басқалар
болуы мүмкін. Бұл сиякты қатынастарға барлык баска әкімшілік-құкықтык қатынастарды да жаткызуға
болады, оларда тараптардың ұйымдык бағыныштылығы болмаса да, бірак бір тараптың баска тарапқа
катысты заңдык биліктік іс-кимыл жасауға кұкығы бар. Мұндай құкықтық катынастардың қатарына
бакылау-тексеру органдары мен олардын тексеретін объектілерінін арасында пайда болатын қатынастарды
жатқызуға болады. Әкімшілік- құкықтық катынастардағы шын мәніндегі тікелікті және тараптардын
теңсіздігін өзінің құкықтык мазмұны бойынша иландыра дәлелдейтін ең аукымды белгі мынау: бұл түрдегі
барлық тіке катынастар бір жақтың екінші жақтан заңды түрдегі тәуелділігін іс жүзінде көрсетеді.
Мұндай тәуелділік кандай да болмасын мәселені шешуге қажетті зандык — биліктік өкілеттіктердің тек
қана бір жақта атқарушы биліктің субъектісінде болатындығымен алдын ала айырылады.
Көлбеу әкімшілік-кұқыктық катынастар
Көлбеу әкімшілік-құқықтык қатынастар болып, солардын шеңберінде тараптардың шындығында және
занды түрде тен құқылы болатындығы танылады. Оларда, осыған сәйкес, бір тараптың екінші тарапқа
міндетті болатын заңдық-биліктік өкімі болмайды.
Көлбеу катынастары мемлекеттік баскару саласында, тікелік қатынастар сиякты, соншалыкты кең
қолданылмайды.
Көлбеу кұкыктық қатьшастар көпшілігінде тіке катынастарға алғы шарт болатынын баскару тәжірибесі
көрсетіп отыр. Шынында, мысалы, қандай да болмасын бір нормативтік актіні дайындау және келісу
сатысында тараптар тең кұкылы. Бұл сияқты қатынастар министрліктер арасындағы катынастар
тәжірибесінде, жергілікті өкілді және атқарушы органдардын және әкімшілік құқықтың баска
субъектілерінін өзара карым-катьшастарында кен орын алған. Көлбеу түрі азамат пен баскару органының
(лауазымды адамның) арасында мынандай жағдайларда, мысалы, азамат жұмысқа тұрғанда, арыз немесе
шағым бергенде т.с.с. калыптасатын қатынастарға тән. Бірак көлбеулік қатынасы өкілетті басқару органы
тек занды биліктік шешім, мысалы, қызметке алу туралы бұйрык шығарғанға дейін ғана көрінісін табады.
Осы кезеннен бастап көлбеулік қатынасы тікелік мәні бар катынасқа айналады, мұнда тараптар енді
жұмыстын шарты мен еңбек ақынын мөлшерін талқыламайды, қайта жұмыскер өзі жұмыска тұрған
жеріндегі әкімшіліктін занды өкімдерін орындауға міндетті болады. Әкімшілік құқық
реттеушілік функциясын жүзеге асыра отырып, осы мақсат үшін басқарушылық қоғамдық қатынастарға,
яғни солардың қатысушыларының мінез-құлқына реттеушілік ықпал жасаудың құқықтық құралдарының
немесе тәсілдерінің белгілі бір жиынтығын пайдаланады. Бұл — қоғамдық қатынастарды құқықтық
реттеудің әдістері. Олар құқықтың пәнімен бірге ҚР-сы құқығының кез-келген саласына, оның ішінде
әкімшілік құқыққа да толық сипаттама береді. Мұның сыртында, қоғамдық қатынастардың тобы бойынша,
яғни құқықтық реттеудің пәні бойынша көптеген құқық салалары өте жақын болады, ал кейде тіпті
өздерінің негізгі көріністерінде тура келеді (мысалы, мүліктік қатынастар, табиғи ресурстарды қорғау
аясындағы қатынастар, қаржылық және кәсіпкерлік қызмет). Сондықтан реттеу әдісі кұқықтық салаларды
айырған кезде айқындауыш белгі рөлінде жиі болуы мүмкін.
Жалпы құқық теориясы тұрғысынан
Қазақстан құқығының кез-келген
саласының құқықтық реттеу құралы
ретінде төмендегі заңдық мүмкіндіктерді
пайдаланатындығы жеткілікті түрде
сенімді етіп дәлелденген: нұсқама
(міндеттеу), тыйым, ерік беру. Олардың
жиынтығы қоғамдық қатынастардың кез
келген түріне құқықтық ықпал жасаудың
мазмұнын құрайды.
Нұсқама (міндеттеу) — бұл тиісті құқық нормасымен осы нормада
қаралған жағдайларда зандық маңызы бар қандай да бір іс-әрекет жасауға
тікелей заңдық міндет жүктеу. Демек, норма тиісті жағдайларда өзгеше
емес, тап осылай істеу керек деп көрсетеді. Мысалы, орталық және
жергілікті атқарушы билік органдарына өздерінің нормативтік -
құқықтық актілерін ҚР-ның Әділет министрлігінде және оның жергілікті
органдарында тіркеу міндеті жүктелген.
• Тыйым — шындығында бұл да нұсқама, бірақ заңдық мазмұны басқа. Оның
мағынасы мынада, құқық нормасы өзінің әдіресаттарына (жолданатындарына)
осы нормамен қаралған жағдайларда заңдық маңызы бар белгілі бір іс-
әрекеттерді жасаудан бас тартуға тікелей заңдық міндет жүктейді. Әкімшілік
тыйымға мысал ретінде ҚР-ның әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде
қаралған құқық бұзушылықтардың құрамдарын айтуға болады.
Ерік беру — бұл осы нормамен қаралған жағдайларда заңдық маңызы бар қандай да бір іс-әрекеттерді өзінің қалауы
бойынша жасауға немесе оларды жасаудан бас тартуға заңды түрде рұқсат беру. Әрине, әрбір құқық саласы аталған
әдістерді өзінің реттейтін пәнінің, яғни қоғамдық қатынастардың ерекшеліктерін ескере отырып пайдаланады.
Құқық салаларының арасындағы айырмашылықтарын әдістің қайсысын нақты пайдаланудың деңгейіне (үлес
салмағына) қарай айыруға болады. Мысалы, қылмыстық құқыққа тыйым, азаматтық құқыққа ерік беру неғұрлым
тән. Бірақта ерік беруді қылмыстық-құқықтық нормалардың мазмұнынан да табуға болады, ал сол бір кезде
тыйымдар мен нұсқамалар сияқтылар азаматтық құқықтың нормаларында болуы мүмкін. Мысалы, Азаматтық
кодекс азаматтық құқықтарды, бәсекелестікті шектеу, сондай-ақ тек қана басқа тұлғаға зиян келтіру ниетпен жүзеге
асырылатын іс-әрекеттер мақсаттарында пайдалануға жол бермейді. Сонымен бірге азаматтар мен заңды
тұлғалардың осы Кодексте және өзге де заң құжаттарында белгіленген құқықтарын шектейтін мемлекеттік басқару
органдарының құжаттары қабылданған кезден бастап жарамсыз болып табылады және қолданылмауға тиіс
делінген. Бұл жерде тікелей заңдық нұсқама екендігі белгілі болып отыр.
ҚОРЫТЫНДЫ
Сонымен, әкімшілік құқықпен реттелетін қоғамдық қатынастарға атқарушы-өкім етуші өкілеттіктер берілген
субъектінің қатысуы әрқашанда алдын ала көзделеді. Бұлар атқарушы биліктің органдары, сондай-ақ солардың атынан іс-
әрекет ететін лауазымды адамдар. Әкімшілік құқық-құқықтық нормалардың жиынтығы, солардың көмегімен мемлекет
атқарушы билікті нақты жүзеге асыруға байланысты және сол туралы пайда болатын қоғамдық қатынастарды
реттейді.Әкімшілік құқықтың пәнін құратын басқарушылық қатынастар Қазақстан құқығының басқа салаларының
нормалары қолданылатын жерлерден де жиі табылады. Мысалы, еңбек, қаржы, экология, кәсіпкерлік және тіпті азаматтық
құқық пәндеріне кіретін қоғамдық қатынастар өзінің мәні бойынша басқарушылық болуы мүмкін. Бұлар мемлекеттік
қаржылық тәртіпті қамтамасыз етумен, кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқығын ресімдеумен, әкімшілік бағыныштылық
негізінде мүліктік қатынастардың пайда болуымен байланысты қатынастар, т.с.с. Әлбетте, бұл сияқты қатынастар әкімшілік
құқықтың пәнінен шығарылып тасталуы мүмкін емес. Сонымен бірге тәжірибенің көрсетуіне қарағанда, мемлекеттік басқару
аясында атқарушы билік субъектісіңің қатысуынсыз да қатынастардың пайда болуы мүмкін. Бұл сияқты жағдайда, бірақта,
оны міндетті түрде мемлекеттік биліктің атқарушы органдарына сипатты болатын заңдық биліктік өкілеттіктер берілетін өзге
субъект ауыстыруға тиіс (өкіл етіп берілген өкілеттіктер). Сөйтіп бұл өзге субъект мемлекет атынан өкіл болуға мүмкіндік
алады. Атқарушы биліктің органы еместерге заңдық биліктік өкілеттіктер беру оларды өкілдік ету ретінде білдіреді. Әкімшілік
құқық өзінің пәнінің шегінде, қазақстан құқығының өзге де салалары сияқты, реттеушілік функциясын атқарады. Оның
мазмұнын атқарушы билік органдарының құрылуы мен қызметінің белгілі бір құқықтық режимін жасау констиуциялық
мақсат-міндеттеріне сәйкес, сондай-ақ реттелінетін қоғамдық қатынастардың қатысушыларының заңды мінез-құлқын
қамтамасыз ету құрайды. Әкімшілік құқықтың субъектісі деп ҚР-ның қолданылып жүрген заңнамаларына сәйкес әкімшілік
құқықпен реттелетін басқарушылық қоғамдық қатынастардың қатысушылары (тараптары) бола алатын адам немесе ұйым
түсініледі. Бұл сияқты субъектілер тобы әр түрлі. Бірақта мұндай субъект болу үшін ерекше заңдық қасиеті болуы қажет. Бұл
қасиет-әкімшілік құқық-субъектілігі. Әкімшілік құқық субъектілігі дербес құқықтық маңызы бар екі элементтен тұрады:
әкімшілік құқық қабілеттіліктен және әкімшілік әрекет қабілеттіліктен. Әкімшілік құқық қабілеттілік — жалпы құқық
қабілеттіліктің көрінісі, яғни әкімшілік — құқықтық нормалармен белгіленген және қорғалатын қандай да бір субъектінің
әкімшілік-құқықтық міндеттер мен құқықтарды иеленетін, сондай-ақ мемлекеттік басқару аясында оларды жүзеге асыру үшін
заңдық жауапкершілікте болатын мүмкіндігі. Бұларға тән белгі нақты әкімшілік-құқықтық қатынастарға шынайы түрдегі
қатысудың өзі емес, соларға қатысушы бола алатын мүмкіндігі.
Әкімшілік-құқықтық реттеуге тұтастай алғанда нұсқама мен тыйым неғұрлым тән. Бұл түсінікті де, өйткені реттелетін
қогамдық қатынастардың міндетті түрдегі қатысушысы мемлекеттік өкілеттіктің ресми өкілі болып табылады. Оған жататын
нұсқама нысанындағы өкім етушілік құқықтар көлемін іске асыру мүмкіндігі құқықпен тап соған берілген, олар екінші
тарапқа міндетті болып табылады. Мысалы, кәсіпорынның немесе мекеменің басшысының бұйрығы өзі басқаратын
қызметкерлер үшін міндетті, ал министрліктің нормативтік актісіне барлық адамдар мен ұйымдар өздерінің меншік нысанына
қарамастан, егер олар осы министрлікке қарасты қызмет аясында жұмыс істейтін болса, бағынуға міндетті.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz