Италия мен Германиядағы фашизм



Италия мен Германиядағы фашизм

Фашизмнiң сипатты белгiлерi. “Фашизм” сөзi итальянның “фашио” сөзiнен шығып, “шоғыр” мағынасын, сонымен бiрге “одақ, бiрлестiк” түсiнiктерiн бiлдiредi. Фашизм - ХХ ғасырда қалыптасқан саяси қозғалыс және мемлекеттi басқарудың ерекше әдiсi. Буржуазия топтары, мемлекеттi басқаруды ескi парламенттiк әдiспен iске асыруға шамасы келмей, жұмысшылар мен демократиялық топтарды басындыру жолында терроршылдық өктемдiк әдiстi жақтады. Фашизмнiң саяси ұраны нәсiлшiлдiк және ұлтшылдық едi. Олар дың нәсiлшiлдiк теориясы бойынша немiстер “жоғары нәсiлге”, ал қалған ұлттар “төменгi нәсiлге” жатты.
“Жоғары нәсiл” бүкiл адамзат баласын билеп-төстеуге және дүниежүзiнде жаңа тәртiп орнатуға жаратылған. Жаңа тәртiп орнатудың негiзгi жолы - басқа елдер мен халықтарды басып алу. Осылайша Германия фашизмi өзiнiң болашақта жүзеге асырмақшы болған басқыншылық саясатын дәлелдедi.

“Маттеотти дағдарысы”. Фашизмге қарсы қалалар мен деревня- лардың орта жiктерiнен шыққан оппозиция әртүрлi деңгейде көрiндi. 1923 жылдың көктемiнде антифашистер Халық партиясы съезiнде күштi қолдау тапты, осыдан кейiн Муссолини Халық партиясының министрлерiн өкiметтен қуды. Джованни Амендол бастаған либерал- дардың бiр бөлiгi “Конституциялық оппозиция” деп аталатын топты құрды. 1924 жылдың сәуiрiнде фашистiк сайлау заңы негiзiнде парламентте сайлау өттi. Ресми мәлiметтердi көрсетуi бойынша оппозициялық партиялар шамамен 1/3 дауысқа ие болды. Жаңа сайланған палата мәжiлiсiнде Унитарлық социалистiк партияның (УСП) хатшысы Джакомо Маттеотти дәлелдерге сүйенiп, фашистердiѓ ћандай ќдiс- термен сайлауда ойлаѕан нќтижеге жеткенi туралы айыптап сөз сөйлейдi. Фашизмге қарсы осы батыл акция оның өмiрiн қиды. Маттеотти өлiмi саяси дағдарыстың пiсiп-жетiлген тұсында болып, Италияда фашистiк режiмдi құлататындай елдiң наразылығын туғызды. Бүкiл елде өкiметтiң қызметтен кетуiн және баскесердi жазалауды талап еткен антифашистiк бас көтерулер басталды. Оппозициялық партиялардың депутаттары парламенттен кетiп, Авентин деп аталатын блокты құрды. Авентин блогы фашизмге қарсы күресте халықтың үлкен қолдауына ие болды. Алайда олар фашизмдi моральдық талқылау науқанымен жеңудi және корольге ықпал етiп Муссолинидi қызметтен кетiрумен жеңемiз деп есептедi. Авентин блогындағы партиялардың бытыраңқылығын пайдаланып, фашизм ұсақ буржуазиялық топтардың қолдауымен 1925 жылдың басында қайтадан шабуылға шықты.

Фашистiк диктатураның толық орнауы. 1925-1926 жылдары демократияның барлық элементтерi жойылып, өкiметте тек фашизмдi жақтаған министрлер ғана қалды. 1926 жылы қараша айында бiрнеше төтенше заңдар қабылданды. Оппозициялық партиялар таратылды, антифашистiк баспасөзге тыйым салынды. Антифашистiк қимыл- әрекетке қатысты деген күдiктiлерге әкiмшiлiк тарапынан қуғындау енгiзiлдi және Муссолинидiң, корольдiң өмiрiне қастандық жасаушыларға өлiм жазасы кесiлетiн болды. 1927 жылы фашистiк диктатураның - қуғын-сүргiнге түскендердi жазалайтын негiзгi органы - ерекше трибунал және құпия саяси полиция мекемелерi құрылды. Ерекше трибуналда антимемлекеттiк қылмыскерлер деп саналған адамдар мен фашизмнiң белсендi қарсыластары жазаланды. Муссолини үкiметiнiң сыртқы саясаты. Бұл үкiмет, негiзiнен, басқыншылығымен көзге түстi. 1935-1936 жылдары Италия-Эфиопия соғысы Муссолинидiң, оның өкiметiнiң басқыншылық жоспарын жүзеге асыруда жасаған алғашқы қадамы едi. Эфиопияны басып алғаннан кейiн, ол Германиямен тiзе қосып, Испанияға қарсы қарулы интервенцияға қатысты. Бастапқыда фашистiк Италиямен ұлтшыл Германия арасындағы қатынастар шиеленiстi едi, өйткенi екеуiнiң де Австрия, Дунай алабы және Балқан жөнiнде ұстаған жоспарлары болатын. Алайда Дуче Австрияны, Чехословакия мен Польшаны басып алу жөнiндегi Гитлердiң жоспарын қолдады және өзi 1939 жылы сәуiрде Албанияны басып алды. Содан кейiн Италия Екiншi дүниежүзiлiк соғыста толығымен Германия жағына шығып, бiрлесiп соғысуды ұсынды.

Германияда фашизмнiң пайда болуы. Соғыс аяқталғаннан кейiн Германия экономикалық дағдарыс жағдайында болды. Шикiзат, отын қоры толығымен азайған болатын. Ауыл шаруашылығында да құлдырау байқалды. Елде эпидемия, аштық басталды. Ұзаққа созылған соғыс және қымбатшылық азаматтардың жеке жинап сақтаған ақшаларын тауысты. Елде өткiр әлеуметтiк-экономикалық дағдарыс қалыптасты. Немiс қоғамының бұқаралық санасы зиянды реваншизм мен жаугершiлiк саяси экстремизм идеяларымен уласқан едi. Германияның жеңiлiсiн көптеген немiстер марксистердiң және еврейлердiң тiмiскiлеуiмен түсiндiрдi. Веймар өкiметi Версаль келiсiмiнiң шарттарын орындауға тиiстi болды. Бұған консервативтiк, ұлтшыл партиялар мен ұйымдардың үлкен топтары қарсы тұрды. Бавариядағы экстремистiк қозғалыс зор белсендiлiгiмен көзге түстi. “Еуропа социализмi” (марксизм) идеясының ықпалына қарсы тұруға қабiлетi бар, сондай ұйымдардың бiрiне А. Гитлердiң басшылығымен 1919 жылы қаңтарда құрылған Немiс жұмысшы партиясы жатты. Ол Баварияны “немiс социализмi” идеясын таратудың маңызды арнасы ретiнде қарастырды. Кейiн партия атын Германия ұлттық социалистiк жұмысшы партиясы деп өзгерттi (ГЏСЖП) . Партияның бағдарламалық талаптарын жасау басталды. Бастапқы кезеѓде ГЏСЖП Мюнхендегi шағын топ болатын. Келе- ке партияның жағдайы жақсара бастады. 1920-1923 жылдары А. Гитлердiѓ төңiрегiне Бавария өнеркәсiп әлемiнiң адамдары топтаса бастады. Адольф Гитлер (1889-1945 жж. ) Австрияның Браунау қаласында дүниеге келген. А. Гитлер 14 жасқа толғанда кеденде жџмыс iстейтiн әкесi қайтыс болып, Линце қаласының орта мектебiн аяқтай алмайды. Әкесi қайтыс болғаннан кейiн, ол Венаның көркемсурет академиясына түсудi көздейдi, бiрақ қабылдау емтихандарынан өте алмады. Анасы қайтыс болғаннан кейiн 1913 жылы Гитлер көршi орналасқан Германияның Мюнхен қаласына қоныс аударады. Ол өз еркiмен Германия әскерiне барады және соғыстың бүкiл төрт жылын Батыс майданда өткiзедi. Ол екi рет жараланды және ефрейтор деген әскери атақ алды. Гитлер тамаша шешен болды. Әскер қатарынан босағаннан кейiн ол ұлтшылдар партиясына қосылды және оның көшбасшысына айналды. 1923 жылы ол өзiнiң жақтастарымен Мюнхенде билiктi басып алуға (“сыра бөлiгi”) тырысты. Сот оны бес жылға түрмеге қамауға өкiм шығарды. Түрмеде Гитлер “Майн кампф” (“Менiң күресiм”) деген кiтап жазды, онда өзiнiң саяси және нәсiлшiлдiк идеяларын баяндайды. Бiр жылдан соң тұтқыннан босап, белсендi түрде саяси қызметпен айналысты.


Веймар Республикасының дағдарысы. 1929-1933 жылдардағы әлем дағдарысы оңалып келе жатқан жағдайларды жоққа шығарып, Германияны өте қатты күйзелiске џшыратты. Үш жыл барысындағы дағдарыста өндiрiс құлдырады. 1929 жылдың деңгейiмен салыстырғанда өнеркәсiп өндiрiсiнiң өнiмi 58%-дан аспады. Жұмыссыздардың саны 9 млн-нан асты. Дағдарыс мыңдаған фермерлер мен қолөнер- шiлердi қамтыды. Елдiң iшкi нарығы әлсiз болды. Ал бай отарларынан айырылуы Германияның экономикалық жағдайын одан әрi нашар- латты. Өнеркәсiп иелерi шығынға батты. Германия өнеркәсiбiнiң империяны жақтайтын топтары Веймар Республикасының әлеуметтiк саясатына наразылық бiлдiрiп, тұрақты, мықты өкiмет құруды талап еттi. Веймар Республикасының ондай талапты орындауға мүмкiншiлiгi болмады. 1930 жылдың көктемiнде үкiмет басында тұрған коалициялық кабинет таратылып, Веймар Республикасының өмiрi аяқталды

Фашистердiң билiкке келуi. Веймар үкiметiнiң күйреуi жаңа саяси партиялардың өрлеуiн тудырды. Осындай жағдайда ұлтшылдар өздерiнiѓ Германия ұлттық-социалистiк жұмысшы партиясының негiзiн нығайтуға мүмкiндiк алды. Оның басында А. Гитлер тұрды. Гитлер және оның сыбайластары ұлтшылдық идеяны маңызды құрал ретiнде пайдаланды. “Жау бейнесiн жасау”, оны күшпен басу фашис- тердiң идеялық-жарнамалық ғылымының маңызды тiрегi болды. 30-жылдардың басында ГҰСЖП ұйымдары iрi немiс кәсiпкерлерi мен банкирлерден мол қаржылық қолдау алып отырды. Ұлтшылдардың Германияда диктатура орнату пиғылы, Версаль бiтiмiн жоққа шығару, отарларды қайтарып алу, елде “күштi үкiмет құру”, т. б. ұрандары ұсақ буржуазияның талабына сай келiп, бұқаралық топтарға жағымды болды. 1933 жылы 30 қаңтарда президент П. Гинденбург (1925-1934 жж. ) А. Гитлерге үкiметтi құруды тапсырып, оны рейхсканцлер етiп тағайындады. үкiмет құрамына бiрқатар буржуазиялық партиялардың үкiлдерi кiрдi. Рейхстаг құрамына өзгерiстер енгiзу үшiн мерзiмiнен бұрын парламент сайлауы белгiлендi. Солшыл топтардың беделiн кемiту үшiн гитлершiлер рейхстагқа өрт қойып, оны коммунистердiң лаңкестiк әрекетi деп жала жапты. Бiрақ 1933 жылы наурыздағы парламент сайлауы Гитлер партиясына жеңiстi қамтамасыз ете алмады. Ендi ұлтшылдар Конституцияны бұзып, ГКП мандатын жоққа шығарды. 1933 жылдың наурызында П. Гинденбург рейхстаг арқылы Гитлер кабинетiне төтенше өкiлеттiк беру заңын шығарды. Бұл заң үкiметтi парламент бақылауынан босатты және қалаған заңды актiлер қабыл- 63 дауға рџқсат бердi. Гитлер бұдан былай Германияда сайлау болмайтынын жариялады. Заңның 48-бабы бойынша Веймар Республикасының барлық негiзi - демократия, Конституция, үкiмет органдары, саяси партиялары, сайлау жүйелерi жойылды. 1933 жылдың сәуiрiнде гитлершiлердiң саяси қџпия полициясы - Гестапо қџрылды. Оның мiндетi режiмнiң қарсыластарын жою болды. Гестапо және “СС” (сақшы жасақтар) ұйымдары Германиядан тысқары аймақтарда да гитлерлiк үкiметтiң лаңкестiк қаруы болды. 1933 жылдың ортасында барлық саяси партиялар таратылды немесе жойылды. “Мемлекет пен партия бiртұтастығын қамтамасыз ету” заңы ГҰСЖП-ны “немiс мемлекеттiк идеясын iске асырушы” жалғыз партия деп жариялады. Баспасөзге бақылау Қойылды. Жергiлiктi Үкiмет органдары тоталитарлыҚ диктатураның атқарушы құралына айналды. 1934 жылы тамызда Гинденбург өлгеннен кейiн президенттiң, канцлердiң және жетекшi партияның өкiлеттiлiгi Гитлерге берiлдi. 1933 жылы “СД” бөлiмшiлерi және концентрациялық жазалау лагерлерi ашылды. Германиядағы барлық саяси билiк Гитлерге жүктелiп, ол Германияныѓ “Фюрерi” (“көсемi”) деп жарияланды. Жаңа экономикалық саясат.

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz