Қазақстандағы экологиялық қылмыстар: сипаттамасы, түрлері және құқықтық негіздері


Slide 1

Экологиялық қылмыстар

Пән: ҚР-ның қылмыстық құқығы (ерекше бөлім)

Пән жетекшісі: Наурызбаев Е. Н.

Орындаған: ЮК81зк тобының студенті Айткен Ә. С.

Slide 2

Мазмұны:

Экологиялық қылмыстарға жалпы сипаттама;

Экологиялық қылмыстардың түрлері;

Шаруашылық және өзге де қызметке қойылатын экологиялық талаптардың бұзылуы;

Ықтимал экологиялық қауіпті химиялық, радиоактивті және биологиялық заттарды өндіру мен пайдалану кезінде экологиялық талаптардың бұзылуы;

Ветеринарлық ережелердің және өсімдіктердің аурулары мен зиянкестеріне қарсы күресу үшін белгіленген ережелердің бұзылуы;

Суларды ластау, бітеу және сарқу.

Slide 3

Экологиялық қылмыстарға жалпы сипаттама

Экологиялық қылмыс - қылмыстық құқықта қоршаған ортаға нұқсан келтіретін қылмыс түрі. Экологиялық қылмысқа шаруашылық қызмет пен өзге де қызметке қойылатын экология талаптардың бұзылуы, экология тұрғыдан қауіпті химикалық, радиоактивті және биология заттарды өндіру мен пайдалану кезінде микробиология немесе басқа да биология агенттермен жұмыс істеу кезінде сақталуға тиіс қауіпсіздік ережелерінің, ветеринарлық ережелердің, өсімдіктердің аурулары мен зиянкестеріне қарсы күресу үшін белгіленген ережелердің бұзылуы, суды ластау, бітеу, сарқу, теңіз аясын ластау, Қазақстан Республикасының құрлықтық қайраңы және айрықша экономика аймағы туралы заңдардың бұзылуы, жануарлар дүниесін қорғау ережелерін бұзу, су жануарлары мен өсімдіктерін заңсыз алу, заңсыз аңшылық, жануарлар мен өсімдіктердің сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерімен заңсыз әрекет жасау, ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, ормандарды жою немесе зақымдау, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар режимінің бұзылуы, экология ластау зардаптарын жою шараларын қолданбау, т. б. жатады (ҚР Қылмыстық кодексі, 278 - 292-баптар)

Slide 4

Экологиялық қылмыстарға мыналар жатады:

шаруашылық және өзге де қызметке қойылатын талаптардың бұзылуы;

ықтимал экологиялық, қауіпті химиялық, радиоактивті және биологиялық заттарды өндіру мен пайдалану кезінде экологиялық талаптардың бұзылуы;

микробиологиялық немесе басқа биологиялық агенттермен немесе улы заттармен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік ережелерінің бұзылуы;

ветеринарлық ережелердің және өсімдіктердің аурулары мен зиянкестеріне қарсы күресу үшін белгіленген ережелердің бұзылуы;

суларды ластау, бітеу және сарқу;

атмосфераны ластау;

теңіз аясын ластау;

Қазақстан Республикасының құрылыстық шельфі туралы және Қазақстан Республикасының айрықша экономикалық аймағы туралы заңдардың бұзылуы;

жерді бүлдіру;

жер қойнауын қорғау және пайдалану ережелерін бұзу;

су жануарлары мен өсімдіктерін заңсыз алу;

заңсыз аңшылық;

жануарлар дүниесін қорғау ережелерін бұзу;

жануарлар мен өсімдіктердің сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерімен заңсыз іс-әрекеттер;

ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу;

ормандарды жою немесе зақымдау;

ерекше қорғалатын табиғи аумақтар режимінің бұзылуы;

экологиялық ластау зардаптарын жою жөнінде шара қолданбау.

Slide 5

Экологиялық қылмыстардың түрлері

Slide 6

Шаруашылық және өзге де қызметке қойылатын экологиялық талаптардың бұзылуы (277-бап)

Slide 7

Ықтимал экологиялық қауіпті химиялық, радиоактивті және биологиялық заттарды өндіру мен пайдалану кезінде экологиялық талаптардың бұзылуы (278-бап)

Slide 8

Ветеринарлық ережелердің және өсімдіктердің аурулары мен зиянкестеріне қарсы күресу үшін белгіленген ережелердің бұзылуы (280-бап)

Объект: жануарлар мен аңдарды қорғаудағы ветеринарлық ережелерін және өсімдіктердің аурулары мен зиянкестеріне қарсы күресу үшін белгіленген ережелерді сақтаудағы қоғамдық қатынастар.

Объективтік жағы: 1) ветеринарлық ережелерді бұзу індеттерге немесе өзге де зардаптарға әкеп соқса. 2) өсімдіктердің аурулары мен зиянкестеріне қарсы күресу үшін белгіленген ережелерді бұзу ауыр зардаптарға әкеп соқса.

Субъект: Арнайы- ветеринарлық ережелердің және өсімдіктердің аурулары мен зиянкестеріне қарсы күресу үшін белгіленген ережелерді сақтауға міндетті тұлға.

Субъективтік жағы: 1) Қасақаналық немесе абайсыздық 2) зардаптың түсуіне тек қана абайсыздық.

Slide 9

Суларды ластау, бітеу және сарқу (281 бап)

Су айдынын ластау (ағылш. water pollution) - Қылмыстық заңнама бойынша - жер беті немесе жер асты суларын, мұздақтарды, ауыз сумен жабдықтау көздерін ластау, бітеу, сарқу не олардың табиғи қасиеттерін өзге де өзгерту, бұл әрекеттердің жануарлар немесе өсімдіктер дүниесіне, балық қорына, орман немесе ауыл шаруашылығына елеулі зиян келтіруі экологиялық қылмыс болып табылады.

Адамның денсаулығына зиян келтірген немесе жануарлар немесе өсімдіктер дүниесінің жаппай қырылуына апарып соқтырған жағдайда, қылмыстык, жауаптылық күшейтіле түседі.

Slide 10

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!


Ұқсас жұмыстар
Азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарына қарсы қылмыстар: қылмыстық-құқықтық сипаттамасы
Кәсіпорындардың ұйымдық-құқықтық нысандары: Қазақстандағы түрлері мен құқықтық сипаттамасы
Құқық негіздері мен медицина ғылымдары: құқықтық жүйе, құқық нормалары және медициналық қылмыстар
Қазақстан Республикасының экологиялық құқықтық негіздері мен кодекстері
Экологиялық құқық бұзушылықтар: объектісі, субъектісі және Қазақстандағы заңды жауапкершілік түрлері
Сот төрелігіне қарсы қылмыстар: құқықтық және криминологиялық аспектілер
Қазақстандағы қоршаған ортаны қорғау: экологиялық мәселелер мен құқықтық қағидалар
Сот төрелігіне және жазалардың орындалу тәртібіне қарсы қылмыстар: құқықтық-қылмыстық талдау
Қазақстандағы малазықтық мортықтар (Eremopyrum L.) туысының биологиялық, экологиялық және ресурстық сипаттамасы
Меншік пен экономикалық жүйе: мазмұны, түрлері және Қазақстандағы құқықтық негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz