Саяси себептер




Презентация қосу
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ – түрік
университеті
« Медицина » факультеті

БӨЖ
Тақырыбы: Сыбайлас жемқорлықтың туындау себептері мен
жағдайлары.

Орындаған:
Қабылдаған:
Тобы:

Түркістан 2020ж
Cыбайлас жемқорлық мәселесін зерттеген кезде мынадай сауал
туындайды: сыбайлас жемқорлықтың пайда болу себептері қандай
және осы құбылыс неліктен осындай түрде жүзеге асады. Сыбайлас
жемқорлықтың пайда болу себептерін зерттеу барысында бірқатар
киындықтарға тап боламыз. Кейде бір фактіні сыбайлас
жемқорлықтың себептері ме әлде салдары ма екенін анықтау да
қиындық туғызады. Сыбайлас жемқорлықтың пайда болу себептері
жүйеленіп, мынадай жіктелім ұсынылады: әлеуметтік-экономикалық,
саяси, ұйымдастырылған, құқықтық себептер, сондай-ақ мәдени-
этикалық сипаттағы факторлар. Осы себептердің әрқайсысына
тоқталайық.
Әлеуметтік-экономикалық себептер. Сыбайлас жемқорлықтың
кеңістік ерекшеліктерін талдау кезінде айқындалғандай, елдегі
сыбайлас жемқорлықтың өріс алу дәрежесі экономиканың даму
деңгейіне тікелей байланысты. Алайда керісінше фактіні байқауға да
болады. Халықаралық Валюта қоры жүргізген зерттеудің нәтижесі
бойынша сыбайлас жемқорлық ел экономикасының дамуына едәуір
кедергі келтіреді.
Сондай-ақ сыбайлас жемқорлық елге келетін инвестициялар легін
қысқартатыны, дарынды адамдарды өнімсіз жұмысқа тартатыны, бай
табиғи ресурстарды тиімсіз пайдалануға жол беретіні, сонымен
қатар, сыбайлас жемқорлық құрылымдық экономикалық өркендеуді
арттыруға бағытталған реформалардың жүргізілуін тежейтіні
айқындалды. Елдің табиғи ресурстармен (орман, минералдық, су
ресурстары) жақсы қамтылуы да сыбайлас жемқорлықтың дамуының
бір факторы болып есептеледі.
Елдегі бұндай байлыққа екітұрғыдан қарауға болады. Бір жағынан,
елде бай табиғи ресурстардың болуы ел экономикасы өркендеуінің
негізі болып, сыбайлас жемқорлықтың төмендеуіне себеп болуы
керек. Екінші жағынан, табиғи байлық ел экономикасының
өркендеуін емес, өзіне пайда алуды мақсат тұтқан сыбайлас
жемқорлық субъектілерін қызықтырады. Халықаралық Валюта қоры
жүргізген зерттеу көрсеткендей, сыбайлас жемқорлық мемлекетке
түсетін жылдық табысты төмендетеді, себебі салық төлемеудің, салық
төлеуден заңсыз босатудың мүмкіндіктері пайда болады немесе салық
басқармасы әлсіз жұмыс істейді.
Мемлекеттік қызметшілердің табысы үлкен көлемді болғандықтан,
олар өз қызметінің қауіпсіздігін және тұрақтылығын қамтамасыз ету
үшін қарамағындағы қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық
әрекеттерін жасамауына жағдай туғызады: қызмет бабында өз
міндеттерін адал да мінсіз орындаған қызметшілерді көтермелейді,
сыйақы беруге ұсынады, заңды түрде лауазымын көтереді. Осындай
жағдайда лауазымды тұлғалар өз құзыреті шеңберінен шықпауға,
заңды бұзбауға, әділ әрі адал болуға тырысады.
Білім беру жүйесі экономиканың өрістеуінің аса маңызды
жетістіктерінің бірі болып саналады. Қоғамның білім деңгейі
неғұрлым жоғары болса, соғұрлым моральдық-адами және құқықтық
нормалардың бұзылуы өте сирек кездеседі.
Осыған орай, қоғамның білім деңгейі мен сыбайлас жемқорлықтың
даму деңгейінің арасында тиісті дәрежеде байланыс бар деген
ойдамыз. Айтылғандарды қорытындылай келе, айтатымыз:
- жағымсыз элеуметтік-экономикалық факторлар кез келген
мемлекетте сыбайлас жемқорлықтың пайда болуы, өрістеуі және
таратылуының себептері болып табылады.
- алайда жоғарыда көрсеткеніміздей, әлеуметтік-экономикалық
факторлар белгілі бір жағдайларда сыбайлас жемқорлықтың алдын
алу үшін қолданылған құралдар болуы әбден мүмкін.
Саяси себептер. Тәжірибе көрсеткендей, сыбайлас жемқорлық мемлекеттің
экономикалық және саяси дамуына кері әсер етеді. Сыбайлас
жемқорлықтың дамуына ықпалын тигізетін саяси факторларға мемлекеттік
құрылымның ерекшеліктерін жатқызуға болады. Қоғамның
демократиялануына байланысты сыбайлас жемқорлық «жаңа» салаларды
игерді, бұл – саяси партияларды, электораттық лауазымдық қылмыстарды
қаржыландыру, сайлауда сайлаушылар дауысының басым көпшілігін алуды
қамтамасыз ету үшін саяси демеушілер жүйесін дамыту.
Демократияландыру үдерісі саяси қызметті жүзеге асыру үшін орталық
биліктің біршама өкілеттіктерін аймақтық және жергілікті билікке беруді
көздейді, ал бұндай жағдай кейбір басшыларға жаңа конституциялық
өкілеттіктерін асыра пайдалануға мүмкіндік береді.
Сөйтіп, жоғарыда айтылғандардан мынадай қорытынды шығаруға
болады:
- бостандыққа ие азаматтық қоғам - мемлекетте жемқорлық деңгейі
өте төмен болуының кепілі.
- саяси тұрлаулылық, үкіметтің, басшылардың жиі ауысуы, сыбайлас
жемқорлықтық өрістеуінің басты шарты.
- мемлекеттің жалпы саяси бағытының жиі өзгеруі елдегі әлеуметтік
- экономикалық ахуалдың тұрақсыздығына әкеп соғады.
Ұйымдық-институционалды себептер. Соңғы кездері
жүргізілген зерттеулер көрсеткендей, сыбайлас жемқорлық
мемлекеттіліктің институционалды негіздеріне сіңіп, олардың
қызметінің тиімсіздігі, дұрыс ұйымдастырылмауы салдарынан,
есеп беру және бақылау жүйесінде нақтылық болмағандықтан
кең өріс алуда. Мемлекеттің ұлттық экономикаға араласу
факторына нақтырақ тоқталайық. Экономика саласында
мемлекеттің өкілеттігі кең тараған жағдайда сыбайлас
жемқорлықтың дамуына алғышарттар қалыптасады, ал бұл –
«мемлекет қоятын шектеулерден қашудың бірден бір тәсілі».
Шектеулер неғұрлым көп болса, соғұрлым сыбайлас жемқорлық
өрістеп, тамыры тереңдей түседі. Осы пікірді дәлелдеу үшін
АҚШ-тың Халықаралық даму жөніндегі агенттігі жасаған
Құқықтық сипаттағы факторлар. Сыбайлас жемқорлық - бұл
әлеуметтік жауыздық, біріншіден мемлекетке үлкен қаржылық нұқсан
келтіреді, екіншіден мемлекеттік биліктің беделіне залал келтіреді,
үшіншіден қоғам мен мемлекет билігінің өкілеттіктерін моральдік түрде
құлатады. Мемлекеттік аппараттың тиімсіз ұйымдастырылуының
салдарынан қоғамда құқықтық реттеудің кемшіліктері де орын алуы
ықтимал. Құқықтық реттеудің кемшіліктеріне кейбір елдердің
заңнамасында сыбайлас жемқорлық сипатындағы мәмілелер жасасқаны
үшін қылмыстық жауапқа тарту және жазалау жүйесінің болмауы,
мемлекеттік қызметті өтеу жөніндегі нақты ережелер мен регламенттің
жоқтығы жатады. Ал бұндай жағдай ұйымдасқан қылмыспен астасып
жатқан кәсіпкерліктің және биліктің тығыз байланыста жұмыс істеуіне өте
тиімді. Осыған орай фаворитизм, протекционизм, лоббизм өркендеуде .
Ал бұл – құқық қорғау органдарының, көп жағдайда осы органдардың
өзі де сыбайлас жемқорлыққа малынған, біріншіден, институционалды
сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізуге күші жетпейді, екіншіден
құқық қорғау органдарын сыбайлас жемқорлық субъектілері өз
заңдарына бағындырады. Қылмыс жасағандардың басым көпшілігі
жазаға тартылмағандықтан, қылмыстық істерін одан әрі жалғастыра
береді. Көп жағдайда сот жүйесі сыбайлас жемқорлық субъектісіне
қатысты өз бетінше және тәуелсіз шешім шығара алмайды. Тәуелсіз
құрылымдар енгізілген бірқатар елдер (АҚШ-та тәуелсіз прокурор,
Гонгконгта, Сингапурде, Малайзияда, Тайванда тәуелсіз комиссия)
сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ісінде нақты жетістіктерге қол
жеткізді. Бұндай мекемені құру кезінде билік пен мүлік, саясат пен ақша
мәселесі жүйелі шешімін табуы керек.
Мәдени-этикалық сипаттағы факторлар. Сыбайлас жемқорлыққа мәдени -
этикалық факторлардың ықпал етуіне баға беру жеңіл емес, себебі бұл сала
«материалды емес». Алайда қоғамның мәдениеттілігін сыбайлас жемқорлықтың
негізгі себебі ретінде қарастыруымыз тиіс. Дін, мәдениеттің ажырамас бөлігі бола
тұрып, қоғамда сыбайлас жемқорлықтың дамуының алғышарттары болуы мүмкін.
Сондықтан қоғамда бір әрекет норма деп танылса, оны қылмыс деп жариялау
қиындық келтіреді. Осы жағдайға орай мынадай мысал келтірейік. Қытайда басты
идеология конфуциандық болғанын білеміз, оның қағидаттары бойынша халық
жоғары қызметтегі адамдарды «әкеміз» деп қарастырған. Сондықтан қабылдауға
келмегеннен гөрі, қабылдауға сыйлықсыз келгені наразылық туғызған.
Байқағанымыздай, бір елде кейбір құбылыс сыбайлас жемқорлықтық деп танылса,
екінші елде оны сыпайылық танутышылық деп біледі.
Сөйтіп, сыбайлас жемқорлық - бұл, біріншіден, мемлекетке үлкен
қаржылық нұқсан келтіреді, екіншіден, мемлекеттік биліктің
беделіне залал келтіреді, үшіншіден, қоғам мен мемлекет билігінің
өкілеттіктерін моральдік тұрғысынан құлдыратады.
Наза
рл ар а ы
ңызғ
а рахм
ет !!!

Ұқсас жұмыстар
Сыбайлас жемқорлықтың туындау себептері мен жағдайлары
Сыбайлас жемқорлықтың мәні және оның шығу себептері
Объектив себептер
Қазақ хандығының құрылу алғы шарты және қазақ хандығының құрылуы
Құқықтық қатынастар ұғымы, олардың белгілері
Қақтығыс түрлері
Ұлттар арасындағы жеке тұлғааралық және топаралық қақтығыстардың болуы
ҚАҚТЫҒЫСТАР МЕН ӨЗГЕРІСТЕРДІ БАСҚАРУ
Ұжымды дамытудың заңдылықтары
Мауараннахр мен Моғолстан хандығы
Пәндер