Жүктіліктің ерте мерзімінде қан кетулер


Slide 1

Тақырыбы:Жүктілік кезіндегі қан кетулер.

Қабылдаған: Бегімбекова Л. М.

Орындаған: Қалыбекова Л. К

Тобы: РОМҚ -104

Шымкент - 2020

Қ. А. Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті. Шымкент медицина институты.

Жоғары медициналық білімнен кейінгі білім беру факультеті.

Акушерлік және гинекология кафедрасы.

Slide 2

Жоспар.

Кіріспе.

Негізгі бөлім:

Жүктіліктің ерте мерзімінде қан кетулер

Жүктіліктің кеш мерзімінде қан кетулер

Классификациясы

Диагностикасы

Емдік шаралары

Қорытынды.

Пайдаланылған әдебиеттер.

Slide 3

Кіріспе.

Жүктіліктің, босанудың және босанғаннан кейінгі кезеңнің ең жиі асқынуларының бірі қан кету болып табылады. Ана өлімінің себептерінде қан кету бірінші орын алады. Анасында қан кеткен жағдайда нәрестенің перинаталдық өлімі де жоғары. Қан кету ана мен нәресте өміріне ең қауіпті асқыну болып табылады.

Соңғы жылдары жиілігі босанудың жалпы санының 2, 7-2, 9% құрайды. 20-25% олар ана өлімінің себебі болып табылады.

Slide 4 Slide 5

Жүктіліктің бірінші жартысындағы қан кетулер - жүктіліктің 22 аптасына дейін пайда болған жыныстық жолдардан қанды бөліністер. Себептері:

Өздігінен түсіктер

Жатырдан тыс жүктілік

Жатыр мойнының патологиясы, цервикалды каналдың полипі, децидуалды полип, жатыр мойнының рагы (сирек кездеседі) .

Slide 6

Өздігінен болған түсік

Өздігінен болған түсік - жүктіліктің 22 аптасына дейінгі өздігінен үзілуі немесе жүктіліктің салмағы 500г кем, бойы 25см қысқа, тіршілік етуге қабілетсіз ұрықтың туылуымен аяқталуы.

Өздігінен болған түсікке себепші факторлары: ұрықтың хромосомды аномалиялары, имплантация ақаулары, инфекциялық аурулар, жатыр ақаулары, иммунды қайшылықтар және т. б. мерзіміне байланысты:

Ерте өздігінен түсік - жүктіліктің 13 аптасына дейін спонтанды түсік.

Кеш өздігінен түсік - 13-тен 22 аптаға дейін спонтанды түсік.

Slide 7

Өзіндік түсіктер өзінің сатылы ағымымен сипатталады:

Түсік қаупі

Басталған түсік

Толық емес өзіндік түсік

Толық өзіндік түсік

Slide 8

Диагностикалық критерилері.

Шағымдар мен анамнез: - жыныс мүшелерінен әр түрлі қарқынды қан кету (әрқашан сыртқы) ; - ауыру сезімінің әр түрлі қарқынды синдромы (іштің төменгі жағы) . Физикалық тексеру: 1. Етеккірдің соңғы келу уақыты бойынша болжалған жүктіліктің мерзімін анықтау. 2. Жатыр мойнын айнамен тексеру, іншекті тексеру: - қайдан қан кеткенін анықтау (цервикальдық эпителияның эктопиясы, полиптер, іншектің жарақаттануы, инфекциялық ошақтар) ;

- ауыру кезіндегі цервикальдық өзектің керілуін анықтау; - етеккірдің келмеуіне сәйкес жатыр үлкейген, консистенциясы жұмсақ; - іштегі нәрестенің немесе жұмыртқа тіндерінің пассажы.

Инструменталдық зерттеулер: Жатыр УДЗ: - жатыр қуысында ұрықтың (эмбрион) болуы; - ұрықтың өмір сүруге қабілеттілігі; - cары қаптың бар-жоқтығы және көлемі; - іштегі нәрестенің шеке-құйымшақтық көлемі (ШҚК) жүктілік мерзіміне сәйкестігі; - хорионды (бала жолдасы) таратпау; - хромосомдық ауытқу маркерлерін шығару (жағалық кеңістіктің қалыңдығы, кіндік қан тамырларының саны және т. б. ) .

Slide 9

Емі

Жатыр қуысын қыру, ұрық жұмыртқасын алып тастау жатады. Қан шығымы оның көлеміне және әйел жағдайына байланысты толықтырылады.

Slide 10

Жатырдан тыс жүктілік - ұрықтанған аналық жұмыртқасының имплантациясы мен дамуы жатыр қуысынан тыс жерде орын алады

Жатырдан тыс жүктілікке алып келетін себептер: жедел сальпингоофорит, іш қуысы мен жамбас қуысына жасалған оперативті кірісулер, жамбас қуысындағы жабыспалы процесс, жатырішілік контрацептивтер, инфантилизм мен түтікшелердің даму ақаулары, т. б.

Slide 11

Классификациясы.

Ұрықтық аналық жұмыртқа жасушасының имплантациялану орнына қарай:

-Түтіктік жүктілік (98-99%﴿:

а. Түтіктің ампулярлық бөліміндегі жүктілік;

d. Түтіктің истмикалық бөліміндегі жүктілік;

c. Түтіктің интерстициаллдық бөлігіндегі жүктілік.

-Ана бездік жүктілік (0, 1-0, 7%﴿:

а. Интрафолликулярлы;

d. Эпиофоральды.

- кұрсақтық жүктілік (0, 3-0, 4%﴿;

- жатыр мойындық жүктілік, мүйізшесіндегі;

- жатырдың рудиментарлы жүктілік (0, 1-0, 9%) .

Клиникасына байланысты жүктілік:

- Үдеген жатырдан тыс жүктілік;

- Үзілген жатырдан тыс жүктілік:

а. Жатырлық түтіктің жыртылуы;

d. Түтіктік аборт.

Slide 12

Емі.

Хирургиялық тактика -жатырдан тыс жүктілік үзілген түрінде таңдаулы шара - лапаротомия болып табылады. Ұрық жұмыртқасының жатыр түтігінің интерстициальді бөлімінде немесе жатырдың рудиментарлы мүйізінде орналасуы жатыр ампутациясына көрсеткіш болып саналады, басқа жағдайларда, жатыр түтігіне сальпинготомия, сальпингостомия көлемінде мүшесақтаушы операциялар жасалуы мүмкін.

Slide 13

Жүктіліктің екінші жартысында қан кетудің себептері:

Плацентаның төмен орналасуы;

Қалыпты орналасқан плацентаның мерзімінен бұрын ажырауы;

Босану жолдарының жарақаты (жатыр мойны мен денесінің, қынап, жыныс жолдарының жыртылуы) ;

Жатыр мойнының аурулары (қатерлі ісік, мойын жарасы)

Slide 14

Плацентаның төмен орналасуы.

Плацентаның төмен орналасуы-плацентаның орналасуының ауытқуы, жатырдың ішкі ернеуін жартылай немесе толық жаба отырып, төменгі сегмент аймағында орналасады, яғни плацента нәрестенің алда жатқан бөлігінен төмен, босану жолдарында орналасады. Қалыпты жағдайда плацента жатырдың алдыңғы немесе артқы қабырғасында, ішкі жатыр мойын тесігінен 7см жоғары орнығады.

Slide 15

Плацента жатуының себептері

Қазіргі кезде плацентаның жатуы ААА (асқынған акушерлік анамнезбен) қайта босанатын әйелдерде жиі кездеседі: жатырдың шырышты қабатындағы атрофиялық және дистрофиялық өзгерістерді тудыратын жасанды түсікті көптеп жасау;

босанудың эндометритпен асқынуы;

жатырдың ісіктері - миомалық түйіндер

тыртықтар және жатырдың даму ақаулары

Slide 16

Плацентаның төмен орнығуының түрлері.

Толық - жатырдың ішкі мойын тесігін плацентарлық тінмен толықтай жауып орналасуы.

Жартылай - жатырдың ішкі мойын тесігінің бір бөлігін ғана плацентарлық тінмен жауып жатады.

Төменгі плацентация - төменгі сегментте орналасқан, плацентаның төменгі шеті

7 см немесе одан да аз ішкі ернеуден жоғары орналасады

Slide 17 Slide 18

Клиникалық белгілері:

Плацентаның төмен орнығуындағы қан кетудің ерекшелігі: қан шығыны кенеттен пайда болып, тез тоқтап тез қайталанады.

Бұл асқынудың ең бір өзіне тән белгісі - жатырдан қанның кетуі, бұл көбінесе жүктіліктің екінші жартысында, әсіресе 27-28-ші апталарында кездеседі. Толғақ басталған кезде, қағанақ суы кеткеннен кейін, қан ағуы бірден тоқтауы мүмкін, себебі нәрестенің басы төмен жылжып, қан аққан тамырларды бітейді.

Плацентанын, төмен орналасуының келесі бір белгісі - жүктіліктің үзілу қаупі, нәрестенің жүрек соғысының нашарлауы, онық жатырда дұрыс жатпауы (көлденең, не қиғаш, не болмаса құйрығымен жатуы) . Оның себебі нәресте басының темен қарай жылжып, дұрыс орналасуына плацента ткані кедергі жасайды.

Slide 19

Жүргізу тактикасы.

Нәресте басының жамбастың кіре-беріс жазықтығынан жоғары тұруы.

Қасаға сүйегінен жоғары жұмсақтау томпақшаны қолмен сипап анықтау.

Қынаптық зерттеу де жатыр мойны ашылған жағдайда плацента ұлпасын анықтау.

Ультрадыбысты қолданып нақты мәлімет алуға болады.

Slide 20

Плацентаның төмен орнығуының толық-орталық, жартылай түрінде -қан шығыны артып, босану жолдары дайын болмаса, әйелді тек кесар тілігі арқылы босандырады.

Босану кезеңінде, әйелдің күй жағдайы жақсы болып, қан шығыны шамалы болса, амниотомия жасауға болады. Осыдан кейін нәрестенің басы төмен түсіп, қанаған қан тамырларын басады да қан тоқтайды. Әйелдің өзі босанған жағдайда жатыр қуысын қолмен тексеріп, гипо-атониялық қан шығынының профилактикасын жасайды.

Егер кесар тілігінен кейін немесе босану кезеңдерінде гипо-атониялық қан шығыны байқалса жатырды қосалқы мүшесімен тек жатыр мойнын қалдырып (ампутация), немесе жатыр мойнымен толық алып тастайды (экстирпация)

Slide 21

Қалыпты орналасқан плацентаның мерзімінен бұрын бөлінуі (ҚОПМБ)

ҚОПМБ - бұл жүктіліктің 20 аптасынан бастап немесе одан жоғарғы мерзімінде қалыпты орналасқан плацентаның жатыр қабырғасынан жартылай немесе толық ажырауы. Бұл патология әйел үшін де, нәресте үшін де қауіпті.

Slide 22

Классификациясы.


Ұқсас жұмыстар
Мезгілінен ерте босану
Мезгілінен бұрын босану
Жүктіліктің бірінші жартысындағы қан кетулердің себептері
Медикаментозды түсік
Мерзімінен ерте мерзімінен ұзарған жүктілік
Жүктілікпен байланнысты гипартензиялар
Адам эмбриогенезі. Дамудың қауіпті кезеңдері туралы
Мүшелердің және мүшелер жүйелерінің туа біткен ақаулықтары
Адам эмбриогенезі. Дамудың қауіпті кезеңдері
Акушерлік және гинекологиялық көмекті ұйымдастыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz