Топырақтану ғылымының басқа ғылымдармен байланысы




Презентация қосу
1-дәріс:
ТОПЫРАҚТАНУ ПӘНІНЕ КІРІСПЕ

Дәріскер:
б.ғ.д., профессор Мамутов Ж.Ү.
e-mail: mamutov1939@mail.ru
ДӘРІСТІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ

• топырақ туралы түсінік;
• топырақтану ғылымының әлемдегі даму тарихы;
• топырақтанудың патшалық Ресейдегі дамуы;
• кеңес одағы кезеңіндегі жағдайлары;
• Қазақстандағы даму жолдары;
• Топырақтану ғылымының қазіргі кездегі жағдайлары
және болашағы.
Топырақ туралы түсінік

• “Топырақ” дегеніміз – тірі және өлі табиғатқа тән
ерекше сипаты мен қасиеті бар, литосферамен
тропосфераның арасында жайғасқан, өсімдіктердің өсіп,
дамып, өнім беретін ортасы.
• “Топырақтану” ғылымы дегеніміз – топырақтың
түзілуін, дамуын, қалыптасуын, тегін (генезисі),
құрылымы мен құрамын және қасиетін, географиялық
жайғасу заңдылықтарын, сыртқы ортамен байланысын
нәтижесінде туындайтын құнарлылығын зерттей келе,
адамзаттың тіршілігінің негізгі көзі немесе (қоры) ретінде
пайдалану үшін зерттеуге арналған ғылым саласы.
Топырақтану ғылымының
әлемдегі даму тарихы

• “Топырақтанудың” әлемдегі дамуы, жер бетіндегі
адам-ата, хауа-анадан таралған ұрпақтың тіршілік-
әрекеттерінің дамуымен тікелей байланысты. Адамзат,
өзінің жерге (топыраққа), оның өнімдеріне тікелей
тәуелді екендіктерін бірден түсінді. Сондықтан онымен
қарым-қатынасы өте тығыз болды және тарихи
деректерге сүйенсек, осыдан 8 мың жыл бұрын адамзат
жерді өңдей бастаған.
• Топыраққа тікелей қатысты ғылыми еңбектер, пікірлер
түсініктер ХІХ ғасырға дейін өте сирек кездеседі. Ал,
ХІХ ғасырдың орта кезінде агрономдар, агрогеологтар,
агрохимиктер бірен-саран ғылыми түсініктер жаза
бастады. Бірақ, бұлардың барлығы топырақты жердің
ең сыртқы “геологиялық қабаты” деп түсінді және осы
тұрғыда зерттелді.
Топырақтанудың
патшалық Ресейдегі дамуы

• Бұл жағдай 1879 жылға дейін созылды. Санкт-
Петербург университетінде жасаған баяндамасында,
В.В. Докучаев топырақпен оның құнарлылығы туралы
нақты тұжырымын қорытып, олардың анықтамаларын
берді. Сөйтіп, топырақтану ғылымының патшалық Ресей
заманындағы дамуы басталды.
• “Топырақ” дегеніміз – жер
бетінің майда ұнтақталған
құнарлы қабаты, тірі және өлі
табиғатқа тән бірнеше
сипаттары мен қасиеттері бар
ерекше құрылым. Топырақтың
негізгі қасиеті - “құнарлылық”
дегеніміз өсімдіктердің өніп,
өсуіне қажетті ылғалдылық пен
қоректік заттарды қамтамасыз
етіп, олардың өнімділігіне
керекті жағдайларды
топырақтың туғызатын
құрамдық қасиеті.
В.В. Докучаев
• 1765 жылы Петербургта “Ерікті экономикалық қоғам”
ұйымдастырылды:
• 1) ауылшаруашылығын дамытты;
• 2) оның негізгі Орыс қара топырағы;
• 3) оның түзілу тегі туралы М.В. Ломоносов 1763
жылы “Жер қабаттары туралы” кітабында, қаратопырақ
екі патшалықтан өсімдіктер мен жануарлардан тұрады.

• Осыдан бір ғасырдан кейін В.В. Докучаев Ломоносовтың
пікірін негізге алды. ХVІІІ ғасырда қара топырақты
профессорлар М.А. Афонин, И.М. Комовтар зерттеді.
Бірақ пайда болуына көңіл бөлмеді.
• Осы кезде Петербург орман институтының профессоры
П.А. Костычев (1845-1895) 1886 жылы “Топырақтану”
оқулығын жазды.
• ХІХ ғасырда табиғаттанушы-саяхатшылар:
Б.С. Паллас – табиғатшы, Э.И. Эйхвальд – палеонтолог,
Ф.И. Рупрехт – геоботаник қара топырақтардың пайда
болуын мұхиттардан, батпақтардан, жер беті
өсімдіктерінен пайда болды деген болжамдарын айтты.
• Бірақ бұлардың барлығы ақиқаттылық пен шындықтан
аулақ еді:
а) “Ерікті экономикалық қоғам” 1876 ж. арнайы Ресейдегі
қара топырақтар жөнінде комиссия құрылды. Құрамына
В.В. Докучаев кірді.
б) Бұл кезде В.В. Докучаев Петербург университетінің
геология минералогия кафедрасында қызмет істеуші еді.
в) Бұрын “Ерікті экономикалық қоғамда” геолог ретінде
Жердің төрттік дәуірін, өзен арналарын, сай-салалардың
құрылысын, олардың пайда болуын зерттеп, топырақтың
түзілуі туралы пікірлерін білдірген еді.
г) Ол қара топырақтың:
•геология – географиялық;
•физика – химиялық;
•генезисі туралы бағдарламасын жасады.
д) 1877-1878 жылдары экспедицияларды ұйымдастырып,
жүргізді.
е) 1879-1881 жылдары камералдық жұмыстармен қатар
химия-өндірістік жұмыстарды ұйымдастырды.
ж) 1883 ж. “Орыстың қара топырағы” деген еңбегін
жарыққа шығарды.
• 1888 ж. “Ерікті экономикалық қоғамның” жанынан
арнайы топырақ комиссиясы құрылды. Төрағасы В.В.
Докучаев болды. Комиссия Ресейдің Еуропа жағын
зерттеп, топырақ картасын жасады.
• 1889 ж. “Топырақтану” журналын шығарды.
• 1891 ж. Ресейде қуаңшылық болды. Осыған
байланысты В.В. Докучаев “Біздің далаларымыздың
бұрынғысы мен қазіргісі” деген еңбегінде:
а) диханшылар топырақты дұрыс пайдаланбай
тоздырады; б) ауыспалы егіс қажет; в) ылғал сақтау, қар
тоқтату; г) орманды ағаш жүйесін дамыту;
• 1892-1895 ж. В.В. Докучаев Ново-Александр
ауылшаруашылығы Институттың директоры болып
тағайындалды (ол қазір Польшада).Онда топырақтану
кафедрасы әлемде бірінші болып ашылды. Оны шәкірті
Н.М. Сибирцев басқарды.
• 1898-1900 ж. Докучаев:
• а) Кавказ таулар топырақ;
• б) Түркістан;
• в) Каспийдің шығысын;
• г) Қарақұмдағы Чардшоу аймағындағы Репетек
құмдарын, гипсті топырақтарды зерттеді.
• 1899 ж. “Табиғат белдемдері туралы ілім, ендік және тік
белдеулік зоналары” еңбегі шықты.
• 1900 ж. Париждегі әлемдік көрмеде “Жердің терістік
жарты шарының сызба-нұсқалық топырақ картасы”
диплом алды.
• Докучаев 1903 жылы дүниеден қайтты (Абай-1904 ж.).
Ол ұйымдастырған топырақтану комитеті оның атымен
аталды.
• Артындағы Л.И. Прасолов, С.С. Неуструев, А.И.
Безсонов, Н.А. Димо, Б.А. Келлер, М.М. Филатов сияқты
шәкірттері қалды.
Қазақстандағы даму жолдары

• Қазақстан мен Орта Азия топырақтарын зерттеуге күш
жұмсады. Себебі, 1908 жылы құрылған “Ресейдегі көші-
қон басқармасы” Сібір мен Орта Азияға орыстарды
көшіру саясатына сәйкес. “Топырақ-ботаникалық
экспедициясын” ұйымдастырды.
• Осылардың зерттеулері Қазақстандағы “Топырақтану”
ғылымының дамуының негізін салды. Бұл Совет кезінде
үлкен қарқынды жүрді.
• 1925 ж. Патша заманындағы “Докучаев атындағы
топырақтану комитеті Совет Одағының ғылым
академиясының жанындағы Докучаев атындағы
топырақтану Институтына айналды”. Директоры болып
академик К.Д. Глинка болды.
• 1948 жылға дейін “Топырақтану” ғылымы жалпы Жерді
зерттейтін ғылымның саласына жатқызды. Мамандар
геология-топырақ кафедрасына дайындалды.
• 1948 ж. Бүкілодақтық ауылшаруашылық академиясының
тамыз сессиясында “Топырақтану” ғылымын бір
ауыздан биология ғылымдарының еншісіне берді.
• Кеңес Одағы Халықаралық топырақтанушылар
қоғамының мүшесі болды. Оның конгресі өтті. Оның
екеуі Москвада болды (1930; 1974).
• Кеңестік заманда топырақ қоғамның 8 съезі болды.
Оның ІV съезі Алматыда 1971 ж. өтті. “Топырақтану”
Қазақстанда дамуы Өмекеңнің (Өмірбек Оспанұлы
Оспанов) есімімен байланысты (1906-1993).
• 1932 ж. ТСХА-ның топырақтану
және агрохимия мамандығын
алды;
• Москвадағы “Докучаев” атындағы
“Топырақтану” Институтының
аспиранантурасын бітіріп, 1936 ж.
г-м ғыл.канд. болды.
• Бұл қазақ ұлтының тарихында
алғашқы (бірінші) арнайы, заңды
түрдедиссертация қорғаған ғалым.
• Кеңкстікғыл.академиясының Қазақ
филиалында Қ.И. Сәтпаевтың
біріншіорынбасары болды.
Ө.О. Оспанов
• 1939 ж. Қазақстанда топырақтану секторы ашылды.
Өмекеңнің ұсынысы бойынша басшысы етіп, Москвадан
А.И. Безсоновты шақырды.
Отан соғысы кезінде осы ұжымда:
а) академик Л.И. Прасолов;
б) академик И.П. Герасимов;
в) профессор Е.В. Лобова қызмет істеді.
• 1945 ж. Қазақ ССР ғылым академиясында
“Топырақтану” Институты ашылып, оның бірінші
директоры Ө.О.Оспанов болды (1945-1968). Одан кейін
акад.В.М. Боровский, профессор Ж.У.Аханов болды.
Топырақтану ғылымының
басқа ғылымдармен байланысы

І. Геология VІІ. Агрономия
ІІ. Биология VІІІ. Мелиорация
ІІІ. География ІХ. Орман шаруашылығы
Х. Медицина
ІV. Химия ХІ. Қорғаныс
V. Физика ХІІ. Құрылыс
VІ. Математика
Назарларыңызға рахмет!

Ұқсас жұмыстар
Тау жыныстарының үгілуі
Педагогиканың ғылыми таным саласы - тәрбие
ГЕОБОТАНИКА
Жалпы тіл білімі тіл ғылымының зерттеу нысаны
Теория негізі
Шетел тілін оқыту әдістемесінің басқа ғылымдармен байланысы
Топырақтану ғылымының Қазақстанда дамуы
Топырақтану ғылымының маңызы
Педагогика ғылымының салалары, басқа ғылым салаларымен байланысы
Топырақ және агротопырақтану ілімінің даму тарихы. Топырақ түзілу үрдісінің мәні. Топырақтанудың негізгі салалары. Либих,Докучаев,Костычев,Вильямс
Пәндер