Топырақтың түзілуіне аймақтың геологиялық жасының әсері
Презентация қосу
ТОПЫРАҚТЫҢ ТҮЗІЛІП, ДАМЫП,
ҚАЛЫПТАСУЫНА ӘСЕР ЕТУШІ
ФАКТОРЛАР МЕН ҮРДІСТЕР
2-дәріс
Топырақты түзуге қатысатын факторлар:
• климат;
• аналық тау жыныстары (АТЖ);
• өсімдіктер мен жануарлар;
• жер бедері – геоморфология;
• аймақтың геологиялық жасы;
• антропогендік фактор;
• локальды факторлар: жердің бетіндегі, астындағы және топырақ
асты сулар.
Топырақтың түзілуіне қатысатын үрдістер (процестер):
• физикалық;
• химиялық;
• биологиялық;
• кіші биологиялық айналым.
• 1. Климаттық факторға жататын параметрлер: t0, жауын-
шашын, жылу, күн сәулесі (радиация), желдің қарқыны.
• Климаттық фактордың негізі болып табылатын күн сәулесінің
радиациясы экватордан оңтүстік және солтүстік полюстерге
таралуы (түсуі) жер бетіндегі температура мен жауын-шашын
мөлшерлерін анықтайды. Температураны (t0) көбінесе
Цельсияның градусымен (0С), ал жауын-шашын мөлшерін
нақтылы аумаққа түсетін судың топырақтағы миллиметрлік
қалыңдығымен өлшейді.
• Температура: жылдық, мерзімдік, жылы немесе суық ай,
абсолюттік, максимум және минимум болып бөлінеді.
• Жер бетіне түсетін күн сәулесінің радиациясы анық байқалатын
белдемдік (зональдық) заңдылықты байқатады. Ол жердің беттік
қасиетіне байланысты альбедо мәніне тәуелді болады.
• Жердің биоклиматтық белдеулерін жылулықтың жылдық
температурасының 10 0С-тан жоғарғы мөлшерінің қосындысы
(суммасы) анықтайды (кестеде көрсетілген).
• Жердің биоклиматтық белдеулері
№ Биоклиматтық 10 0С-тан жоғары Экологиялық Көлемі, Биомасса
белдеулер температурасының индикатор млн/км2 мөлшері,
қосындысы болатын %
мәдени
өсімдіктер
1 Полярлық 0,5-800 Мәдени 5,9 1
өсімдіктер
өспейді
2 Бореалдық 800-1800 Қара бидай, 15,7 18
кендір, картоп
3 Суббореалдық 1800-4000 Дәнді
дақылдар,
жүгері, бұршақ,
қызылша, 17,7 12
жеміс
ағаштары
4 Субтропикалық 4000-6000 Дәнді
дақылдар, чай,
цитрустар, 16,8 14
мақта, жүзім
5 Тропикалық 6000-14000 Күріш, қант
қамысы, кофе,
банан, ананас 50,9 56
• Осы биоклиматтық жағдайлар топырақтың әртүрлілігін анықтап,
олардың типтерін қалыптастырады.
• Температуралық фактор атмосферадан түсетін жауын-шашынмен
тікелей байланысты. Ауаның ылғалдығы Жер бетіне жауын, қар
және шық түрлерінде түседі. Бұлар топырақтың түзілуіне,
дамуына, қалыптасуына тікелей әсер етеді.
2. Аналық тау жыныстарына (АТЖ):
• а) қазіргі замандағы топырақтардың астындағы мору немесе үгілу
Жер қабаты;
• б) мору қабатының бетіндегі топырақ түзілетін нағыз АТЖ;
• в) толық топыраққа айналмаған АТЖ-ның құрамына енетін
топырақ асты жыныстар;
• ғ) жоғарыдағы АТЖ-ның барлығы төсеніш тау жынысының
үстінде жайғасқан.
• Бұлардың барлығы Жер қыртысының дамуындағы төрттік
дәуірлерге дейін пайда болған (қалыптасқан).
Осы, дәуірдегі жыныстардың топырақтың түзілуіне тікелей
қатысатын шөгінділер:
• элювиальды немесе элювий шөгінділерінен жер қыртысындағы тау
жыныстарынан тікелей топырақ түзіледі;
• делювиальды немесе делювий шөгінділері тау беткейлерінен
шайылып, жиналған АТЖ;
• пролювиальды жыныстар қатты қарқынды су ағыны немесе селдің
күшінен пайда болған шөгінділер;
• аллювиальды немесе аллювий жыныстары өзендерден пайда болған
шөгінділер;
• егдеде пайда болған көлдердің табанындағы шөгінділер;
• еріген мұздықтардың орнында қалатын балшық саз (глина) және саздақ
(суглинка) шөгінділер;
• субтропикадағы мұздықтар жоқ жерде түзілген лесс (сарғыш топырақ)
және лесс тәрізді шөгінділер;
• эолды құмдардан тұратын шөгінділер желмен ұшып, жиналып, төбелер мен
бархандарды түзеді;
• теңіздің табаны жер бетіне көтеріліп, әдетте тұзданған теңіз шөгінділерін
құрайды (морские отложения).
Жер бетіндегі топырақтардың барлығы осы АТЖ-дың қатысуларымен пайда
болып, олардың минералдық және химиялық құрамдарына тікелей әсер
етіп, кейіннен, топырақ пайда болып, дамып, қалыптасқанда да сақталады.
3. Биологиялық факторлар немесе өсімдіктер мен
жануарлардың әсерлері.
• Топырақтың анықтамасында “биокосный” деген термин бар,
яғни топырақ тірі ағзалар мен геологиялық процестердің бір
тұтастықпен әсер ету нәтижесінде пайда болады. Оған үш түрлі
ағзалар қатысады: өсімдіктер, жануарлар, микроағзалар. Бұлар
өзара бірігіп, биоценоз құрайды. Ол органикалық заттар мен
минералдарды ыдыратады, қайтадан синтездейді, жаңа заттар
түзеді. Нәтижесінде топырақтың құнарлылығын қалыптастырады.
Осы процесті “табиғаттағы кіші биологиялық айналым” деп
атайды. Бұл өсімдікпен топырақтың арасында жүреді. Мысалы:
аммонификация, нитрификация, денитрификация, азотофикация.
Немесе, күкірт пен көміртегінің айналымы.
4. Жер бедерінің немесе геоморфологиялық құрылымның
топырақтың түзілуіне әсері.
• жер бедерінің күн сәулесінің таралуына әсері (беткейлер);
• таулы аймақтардағы белдемдер;
• су эрозиясы;
• жазық жерлер;
Жер бедерлерінің түрлері:
а) макрорельеф;
б) мезорельеф;
в) микрорельеф (бедерлер).
5. Топырақтың түзілуіне аймақтың геологиялық жасының
әсері.
• Академик В.Р. Вильямс топырақтың салыстырмалы
(относительный) және абсолютті (абсолютный возраст) жасы
туралы ұғымды енгізді. “Салыстырмалы жасы” топырақ түзуші
факторлардың әсер ету күштеріне байланысты, топырақтың
қалыптасу жылдамдығын айтады. Мұнда топырақтың нақтылы
жасын анықтамай, ондағы “Салыстырмалы” процестер арқылы
АТЖ-ның, жер бедерінің, т.б. әсері анықтаймыз.
Топырақтың абсолюттік жасы әртүрлі категориялардан тұрады:
1) әртүрлі типтердегі (күлгін, сұрғылт, қара, т.б.)
топырақтардың Жер бетінде пайда болған уақыты (жасы);
2) нақтылы аумақтағы топырақтың бастапқы пайда болған
мезгілінен толық қалыптасқан уақыт аралығы;
3) қазіргі замандағы топырақтардың абсолюттік жастары.
Топырақтың жасын білудің қажеттіліктері:
а) топырақтың пайда болып, қалыптасқан уақыт аралығын білу,
оның қазіргі кездегі қасиеттерін бағалауға септігін тигізеді;
б) топырақтың өзін және қоршаған ортаны қорғау мәселелерін
шешуге көмектеседі (деградация, рекультивация, т.б.).
Топырақтардың жасы Жер бетіндегі құрлықтармен, ондағы
өсімдіктердің пайда болған мезгілдерімен тікелей байланысты.
Себебі, топырақ биологиялық фактордың әсерінен ғана пайда
болып, қалыптасады. Мысалы, батпақты топырақтар 350-360 млн
жыл бұрын, соларға тән псилофитті өсімдіктермен
байланыстырады. Одан кейінгі пайда болған қырыққұлақ
(папоротниктер) пен қырықбуындылардың (хвощи) өсулері сары,
қызыл, фералитті топыраққа, ал күлгін топырақтар 140 млн жыл
бұрын өскен қылқан жапырақтылармен байланысты.
6. Антропогендік фактор.
• топырақты өңдеу, пайдалану;
• химиялық заттарды пайдалану;
• топырақты жақсартады, құнарлылығын арттырады;
• құнарлылығын төмендетеді;
• ластайды.
7. Жер асты, жер үсті, топырақ асты сулары.
• жер асты сулары;
• топырақ асты сулары;
• жер үсті сулары.
Назарларыңызға рахмет!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz