СПОРТТЫҚ ЖАТТЫҚТЫРУ ҚҰРЫЛЫМЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ


Slide 1

Жаттықтыру үдерісінің құрылымы

Құсмиденов М. Е.

ДТТӘ және БӘД кафедрасының аға оқытушысы

Slide 2

Спорттық жаттықтыру құрылымының негіздері

Жаттықтыру үдерісінің құрылымы - бұл спорттық жаттықтырудың заңды арақатынасын немесе олардың айрықша орналасу бірізділігін қарастыратын компоненттері бірігуінің тұрақты тәртібі.

Slide 3

Спорттық жаттықтыру құрылымының негіздері

Спорттық жаттықтыру компоненттері:

спортшылар дайындығының негізгі түрлері (спортшының дене, техникалық, тактикалық, психологиялық және теориялық дайындығы) ;

жаттықтыру мазмұнының элементтері (мысалы, жылдамдық және күш дайындығының немесе төзімділікті дамытуға бағытталған дайындықтардың және т. б. арақатынасы) ;

дене жүктемесінің параметрлері (орындалатын жұмыстың көлемі мен қарқындылығы) .

Slide 4

Спорттық жаттықтыру құрылымының негіздері

Жаттықтыру үдерісі құрылымдарының негізі 3 деңгейге бөлінеді:

Slide 5

Спорттық жаттықтыру құрылымының негіздері

Микроқұрылым жеке жаттықтыру сабақтарының не жаттықтыру жұмысын өткізудің 7 күнтізбелік күнге дейін ұзақтығы бар жекелеген кіші циклдер құрылымымен сипатталады.

Мезоқұрылым бірқатар аяқталған микроциклдерден тұратын орташа (айлық) циклдер құрылымымен сипатталады.

Макроқұрылым жартыжылдық, жылдық және көп жылдық түріндегі үлкен жаттықтыру циклдерінің құрылымымен сипатталады

Slide 6

Кіші жаттықтыру циклдерінің құрылымы

Микроциклдің максимальды ұзақтығы бір аптаға, минимальды ұзақтығы екі күнге тең. Минимальды ұзақтық тек стимуляциялық фазаның ғана емес, сондай-ақ орындау үдерісінде де, тиісті дене жүктемесін орындағаннан кейін де орын алатын ағзаның қайта қалпына келу фазасының байқалуын ескеру қажеттілігімен түсіндіріледі.

Кіші жаттықтыру циклдерінің бастапқы тобы - жеке алынған бір жаттықтыру сабағының құрылымы, ол сабақтың дайындық, негізгі және қорытынды бөлімдері

Slide 7

Кіші жаттықтыру циклдерінің құрылымы

Сабақты ондай құрылымдық бөлімдерге бөлу педагогикалық, физиологиялық және психологиялық тәртіп заңдылықтарының объективті ықпалымен түсіндіріледі.

Шешілетін міндеттердің деңгейлері мен сипатына қарай өзіндік мазмұны мен мамандандырылған міндеті бар сабақтар төмендегі түрлерге бөлінеді:

жаңа оқу материалын зерттеу және оны меңгеру үшін өткізілетін оқу сабақтары;

спортшылардың дене, техникалық, тактикалық және психологиялық дайындықтары мақсатында өткізілетін жаттықтыру сабақтары;

Slide 8

Кіші жаттықтыру циклдерінің құрылымы

оқу және жаттықтыру міндеттерін шешу үшін қолданылатын оқу-жаттықтыру сабақтары. Бұл сабақтар жаңа оқу материалымен ғана емес, сондай-ақ спортшы дайындығының негізгі түрлерін жүзеге асырумен байланысты жаттықтыру жұмыстарымен сипатталады;

ойындық сипаты бар және ірі жаттықтыру жұмыстарының серияларынан кейін ағзаны қайта қалпына келтіру міндеттерін іске асыруға бағытталған қайта қалпына келтіру сабақтары;

спортшының интегралдық дайындығын жүзеге асыруды қарастыратын моделдік сабақтар;

спортшының дайындық деңгейін тексеру мақсатында тестілер мен бақылау жаттығулары қолданылатын бақылау сабақтары.

Slide 9

Кіші жаттықтыру циклдерінің құрылымы

Жеке алынған сабақтардың жоғарыда көрсетілген негізгі түрлері жалпылама түрде төмендегі сипаттарымен сипатталады:

әрбір жеке алынған сабақ максимальды жаттықтыру немесе педагогикалық әсерге жетуге бағытталған;

әрбір жеке алынған сабақ педагогикалық маңызды міндеттердің тар шеңберінде шешілуі тиіс;

жеке алынған сабақтың, әсіресе, жаттықтыру сабағының негізгі мазмұны дене іс-әрекетінің бар болғаны бір түрімен ғана анықталуы мүмкін (мысалы, спортшының кросстық дайындығында сабақ барысында тек кросстық жүгіру ғана қолданылуы мүмкін) ;

Slide 10

Кіші жаттықтыру циклдерінің құрылымы

әрбір жеке алынған сабақтың дайындық және қорытынды бөлімдері анық көрінетін қызметтік функцияны орындайды.

әрбір жеке алынған сабақ әртүрлі ұзақтықта болуы мүмкін (мысалы, велоспорттағы сабақ, ауыр атлетика сабақтарына қарағанда біршама ұзақ болуы мүмкін) ;

әрбір жеке алынған сабақ спортшының негізгі немесе қосымша дайындығы түрінде өткізілуі мүмкін.

Slide 11

Кіші жаттықтыру циклдерінің құрылымы

Жоғары білікті спортшылардың дайындығымен байланысты спорттық жаттығулар микроциклінде 6-дан 12-ге дейін жекелеген сабақтар өткізілуі мүмкін.

Өткізілетін сабақтардың санына қарай олардың мазмұны мен шешілетін міндеттердің спортшыны дайындау құрылымындағы микроциклге бағыттылығы әртүрлі болуы мүмкін. Осыған байланысты спорттық жаттықтыру микроциклдерінің төмендегідей жіктелуі кеңінен таралған:

Slide 12 Slide 13

Орташа жаттықтыру циклдерінің құрылымы

Мезоциклдің максимальды ұзақтығы 28 күнге, ең төменгісі 14 күнге тең. Мезоциклдің бастапқы тобы кіші жаттықтыру циклдерінің бірнеше жиынтығын қайталап өндіру болып келеді.

Сондықтан мезоциклдер төмендегі белгілермен сипатталады:

әрбір мезоцикл 4-ке дейін әртүрлі типті микроциклдерді біріктіруі мүмкін;

мезоцикл құрылымында қолданылатын әрбір микроцикл бір ғана басты педагогикалық маңызды міндетті шешуге арналған;

мезоциклде дене жүктемесі жоспарлануы және толқын тәрізді өзгеруі тиіс;

макроцикл құрылымында мезоцикл ұзақтығы әртүрлі болуы мүмкін (3 аптадан 6 аптаға дейін) .

Slide 14

Орташа жаттықтыру циклдерінің құрылымы

Мезоциклде 24-тен 48-ге дейін сабақтың әртүрлі бағыттары жүргізіледі. Олардың жүргізілу сипатына қарай мезоцикл бағыттылығы да әртүрлі болуы мүмкін. Олардың неғұрлым кең тарағандары төмендегі жіктеулер

Slide 15 Slide 16

Орташа жаттықтыру циклдерінің құрылымы

Негізгі мезоциклдер базалық және сайыс мезоциклдерінен тұрады.


Ұқсас жұмыстар
Пән талабы
Дене іріктеу және бағыттау оны дамыту әдістемесі
Спорттық жарыстар жүйесі
ДЗЮДОШЫЛАРДЫҢ ДАЙЫНДЫҚ КЕЗЕҢІНДЕ ДЕНЕ ҚАСИЕТТЕРІН ДАМЫТУ
Кенжебеков Бораш Жоғары білімді маманның кәсіби құзыреттілігі - маман тұлғасының ішкі психологиялық қасиеттері мен күйлерінің, кәсіби
СТУДЕНТТЕРДІ САУЫҚТЫРУ ҮШІН ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ ҚҰРАЛДАРЫ МЕН ӘДІСТЕРІ
Спорттық топтағы тұлғаны қалыптастырудың педагогикалық қағидаттары
Экономикалық білім және тәрбие берудің негіздері
Дене тәрбиесі теориясы - адам денесін жетілдіру процесін басқарудың жалпы заңдары туралы ғылым
Қимыл-қозғалысты ойындар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz