Функционалды грамматикалық категория ұғымдары туралы кейбір мәселелер



Функционалды грамматикалық категория ұғымдары туралы кейбір мәселелер Орындаған: Хасенова Ә.

Тілді функционалдық қырынан зерттеу бүгінгі таңда өзекті мәселе екендігі анық. Қазақ тіл білімінде функционалды грамма тика саласы өз деңгейінде қарастырылып жатыр, дегенмен әлі де ғалымдардың зерттейтін нысандары жетерлік. Функционалды грамматика мен функционалды семантикалық өріс теориясы бойынша қарастыратын белгілі орыс ғалымы А. В Бондарконың зерттеулерінде кеңінен жазылып, оның ашқан жаңалықтары қазақ тіл біліміне де тың зерттеулер туғызуда.

Тілдік бірліктердің сан алуан функционалды-семантикалық қырларын ашып, олардың сөйлеу әрекеттеріндегі түрлі қызметтерін айқындайтын функционалды грамматиканың іргесін қалаған профессор А. В. Бондарко болса, оның жасаған теориясы бүгінгі таңда кеңі нен дамып келе жатқан ғылым саласы ретінде танымал болып отыр [1] . Сондай-ақ, бұл бағыт бойынша И. И. Мещанинов, О. Есперсен, И. А. Бодуэн де Куртенэ, В. В. Виноградовтардың еңбектерінен бастау алады. Ал, қазақ тілінің функционалды грамматикасы А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтында іргелі зерттеу тақырыптарының бірі болды. Осы бағытта институттың жас ғалымдары Б. Қапалбеков таксис категориясын, О. Жұбаева персоналдылық категориясын, А. Жаңабекова темпоралдылық категориясын, А. Солтанбекова «Шақтық локалдылық бейлокалдылық» категориясын зерттеп, аталған функционалды-семантикалық категориялардың жеке мәселелеріне байланысты ғылыми мақалалар жариялады.

Соңғы кезде тіл білімінде грамматика жеке деңгей ретінде морфология мен синтаксисті ғана қарастырумен шектелмей, тілдің лексика, сөзжасам салаларын да қамтитын, кең ауқымды функционалды-семантикалық категорияларды зерттей бастады. Бұл категорияларды О. Есперсен ұғымдық категория деп атаған болатын. Ұғымдық категориялардан бастау алатын бұл семантикалық категориялар ақиқат өмірдегі, болмыстағы жалпы халыққа ортақ ұғымдарды жалпы тілдік категорияларға біріктіріп, ұғымның тілдегі көрінісін сипаттайды. [2, 27] .

Тіл білімі аумағында грамматика әр кезде де функционалды болған. Тілдік тұлғалар әрқашанда да екі жақты: материалдық пен идеалдықтардың диалектикалық ажыратылмас бірліктері. Материалдық жағы дыбыстық көрініс тапса, идеалдық жағы белгілі бір мағыналық сипат алады, оны көпшілік жағдайда қызметі (функциясы) тұрғысынан айқындалған. Сондықтан да кез келген тілдік бірлік форма (түр) мен функциядан (мағынадан) қалыптасады да, ол тұлғалық жағынан да, оның қызметі жағынан да сипатталады. Тіл білімінде тілдің ішкі жүйесін өзіне тән бірліктері негізінде әр алуан деңгейге жіктей отырып зерделейді. Соның ішінде ұзақ зерттелген деңгейі - грамматика. Грамматика шектеулі тар мағынасында морфология мен синтаксис деңгейлерін қамтып, тұлғаларының қызметтері мен мағыналарын ашу мақсатын алға қойды. [3, 109] . Қ. Рысалды тілдегі грамматика саласының маңызына тоқталып, функционалды грамматикадағы ұстанымдардың негізгі қырларын ашуға тырысады.

Функционалды грамматика теориясын орыс тіл білімінде А. В. Бондарко бастаған лингвистер жүйелі түрде дамытып келеді. Бұл ғалымдар зерттеген аспектуалдық, темпоралдық, таксис, персоналдық (жақ), етіс, модальдық, субъектілік, объектілік, белгілік, белгісіздік, сандық, сапалық, мекендік категориялар жеке-жеке монографиялық еңбектерде жарық көрді.

А. В. Бондарко грамматикалық категорияның семантикасына баса назар аудара отырып, кез келген функционалды-семантикалық категорияны анықтауда оны негізгі тірек ретінде ұстанады. Ғалым функционалды-семантикалық категорияны тілдік категорияның ерекше түрі ретінде сипаттап, принциптерін, берілу жолдарын: «мағынадан - тұлғаға қарай, яғни мағынадан осы мағынаны беретін түрлі деңгейдегі құралдарды анықтайды [1] . Ғалым функционалды-семантикалық категориялардың өзегі (доминанты) белгілі бір деңгейге (морфологиялық, синтаксистік не лексикалық) тән болатынын айтады. Зерттеуші морфологиялық құралдарды синтаксистік құралдармен тығыз байланыста қарастыра отырып, контекстің түрлі комбинацияларын сөз етеді. Алайда функционалды-семантикалық категорияның өзіндік ерекшелігін анықтау үшін түрлі деңгейдегі категорияларды, барлық тілдік құралдардың қызметін талдау қажет. Ғалым функционалды-семантикалық категорияның жалпы сипаты мен лингвистикалық сипатын дәйектеді. Бұл көптеген функционалды-семантикалық категориялардың бір теориялық негіз бойынша жоспарлы зерттелуіне жол ашады. Сонымен қатар белгілілік/белгісіздік функционалдық-семантикалық категориясын жан-жақты зерттеуге, оның қызмет ету заңдылықтарын айқындауға мүмкіндік береді.

Қазіргі кезеңдегі тіл білімінің функционалдық бағытының қарқынды даму кезеңінде тілдік зерттеулердің жүйелік-құрылымдық аспектілерін коммуникативтік аспектілермен тығыз байланыстыру өте маңызды әрі өзекті мәселе болып отыр. Осы тұрғыда сан салалы функционалды-грамматикалық бағыттардың ішінде проф. А. В. Бондарко мектебінің ұстанымы қазақ тілінің функционалды грамматикасын зерттеп, қалыптастыруға, оны басқа тілдермен салғастыра зерттеуге ғылыми тұрғыдан үлгі боларлық. [4, 293-294] .

Функционалды грамматиканың негізгі принципі - тілдік бірліктердің қолданылуындағы мағыналық, мазмұндық жағын, яғни қызметін басшылыққа алып, әртүрлі тіл деңгейіндегі тілдік бірліктерді қарым-қатынас процесімен, сөйлеу жағдаятымен тікелей байланыста қарастыру. Бұл зерттеу әдісінде тілдік категориялардың ішкі мағынасын жан-жақты ашып көрсетуде дәстүрлі лингвистиканың әдіс-тәсілдері де қолданыстан тыс қалмайды. Себебі кез келген тіл белгілі бір лексикалық, грамматикалық парадигмаға түскен тұтастық болып табылады.

Функционалды грамматиканың дәстүрлі грамматикадан айырмашылығы, біріншіден, грамматиканың бірліктілік (единства грамматики) принципінде. Бірліктілік түрлі грамматикалық элементтердің басқа тілдік құралдармен тығыз байланыстығынан көрінеді, олар бірбірімен байланыса отырып, тығыз қарым-қатынаста бір парадигмалық жүйе құрайды да грамматикалық бірліктер өздері қызмет ететін ортамен қарым-қатынасқа түседі, солардың ықпалымен қызметін де түрлендіреді.

Функционалды грамматиканың екінші бір айырмашылығы оның жүйелік - интегративтік принципінде, атап айтқанда, түрлі тілдік деңгейлердің бірліктерін белгілі бір ортақ қызмет аясында біріктіреді, тілдік жүйелікті көрсетеді, ал дәстүрлі грамматикада грамматикалық бірліктер морфология, синтаксис салаларына тарап кетеді. Осы соңғы айырмашылық мына бір жағдайды айқындай түседі; функционалды грамматика дәстүрлі грамматиканы толықтырады, ол тілдік тұтастықты, жүйелікті толыққанды көрсете алады және де оның сөйлеу тіліндегі қызметін ашады [4, 293-294] . Толықтырушылық қатынас тілдік деңгейлердің ара байланысынан көрінеді. Мысалы, морфологиялық шақ категориясының формалары - шақтық қатынасты осы шақ, келер шақ, өткен шақ деп жалпылап білдірсе, оны нақтылай түсіп, мағынасын толықтыратын - лексикалық, лексика-грамматикалық бірліктер. Жеке тілдік деңгейлік тұлғалар өз алдына жеке дара қызмет етпейді, олар бірлесіп, бір жүйеге бірігіп, тілдік ортада бірінің мағынасын бірі түрлендіріп, толықтырып тілдің негізгі когнитивтік, коммуникативтік қызмет атқарады.

Грамматикалық (морфологиялық) шақ категориясы білдіретін шақтық грамматикалық мағынамен мәндес, осы категорияны бастау негіз етіп алатын темпоралдылық семантикалық категория деген ұғым бар. Бұл екі ұғымның арасындағы айырмашылық бірінің өрісінің тар, екіншісінің өрісінің кеңдігімен байланысты. Бірінің өрісін шақ категориясының грамматикалық көрсеткіштері құраса, екіншісінің өрісін осы грамматикалық көрсеткіштермен қоса, шақ мағынасын білдіретін лексикалық бірліктер (үстеу), синтаксистік конструкциялар құрайды. Шақтың грамматикалық көрсеткіштері өздері жалғанған етістіктерге тек грамматикалық мағына үстеп, тілдің статикалық күйін танытса, темпоралдылықтың функционалды-семантикалық категориясының білдіретін мағынасы грамматикалық формалардың мағыналық аясына сыймайды, шақтың семантикалық категориясы сөйлеудегі тұтас берілетін сөйлем мағынасын қамтиды. [5, 7] .

Шақ категориясы - етістіктің басты көрінісі. Бұнда болатын формалардың басым көпшілігі - іс-әрекеттің әр түрлі шақта болуы. Сондықтан да ондай формалардың құбылыс сырын, мағыналық ерекшелігін қарастыру - шақ категориясының басты объектісі. Шақ категориясы белгілі бір формалар арқылы беріледі. Ондағы қимылдың, жай-күйдің өзі белгілі бір уақытта, мерзімде болатыны, болғандығы не болып жатқандығы сол етістік бойынан аңғарылады. Лингвистика мұндай етістіктің берілу жолын ашық рай деп те атайды. Істің сөйлеп тұрған уақыттан бұрын, не соң, не сол кезде істелуін, не істелмеуіне қарай етістіктер белгілі бір жақта, шақта тұрады. Бұл - етістік категориясының басқа сөз таптарынан негізгі бір ерекшелігі. Тыңдап отыр, тыңдамақшы, айтты етістіктерінде субъектімен, мезгілмен және басқа жағдайларға қарай, күрделі (тыңдап отыр, көтеріліп келе жатыр), дара етістікте де (айтты) шақ көрінісі байқалады. Осындай етістіктердің шақ көріністері белгілі бір морфемалар арқылы беріледі де (айт-ты), содан кейін қимыл есім жағдайына қарай жіктеледі.

А. Байтұрсынов «Тіл-құралда» етістіктің шақ көрсеткішін ашық раймен байланыстыра қарастырады. Ғалым осы шақтың екі түрін көрсетеді де, айтулы қалып етістіктерінің жіктелген түрін нағыз осы шақ деп бөліп айтады. Ал өткен шаққа етістіктің - ды, (-ді, -ты, -ті) жұрнақтары арқылы жіктелген түрін және есімшенің - ған, (-ген, -қан, -кен) тұлғалы түрін келтіреді. Келер шаққа -ар тұлғалы етістіктің жекелеген дара, күрделі түрлерін жатқызады. Ғалым есімшені үш топқа бөліп, осы шақтық есімше, өткен шақтық есімше, ұйғарынды есімше деп айқындайды. А. Байтұрсынов еңбектерінің құндылығы да тілдің типологиялық ерекшелігін біліп, тілдік тұлғаларды дұрыс ажыратуы және қазақ тілі ғылымына қатысты терминдерді ана тілімізде беруі. [6] .

Т. Қордабаев 1950 жылдары шақ категориясының зерттелу тарихына шолу жасайды. Ғалым онда түркі тілдеріндегі шақ категориясы туралы ХІХ және ХХ ғасырдың бас кезінде жарыққа шыққан еңбектерге талдау жасай келе, өзінің ой-пікірін білдіреді. «Ескере кететін бір нәрсе - түрік (кітапта осылай көрсетілген. А. Б. ) тілдерінің бұрын-соңды жарыққа шыққан грамматикалық құралдарының негізгі көпшілігінен етістіктің шақтары деген жеке тараулар кездеспейді. Оларда шақ категориясы етістіктің есімше, көсемше, рай салаларының семантикалық көп белгілерінің бірі ретінде алынған да, сол салаларды анықтауға арналған бөлімдерде ғана сөз болған» дейді [10, 9] .

Темпоральдылықты түсіну үшін алдымен көркем шығармадағы, мәтіндегі уақыттың суреттелуін, зейінге алынуын, қабылданудың өзгеше сипат-ерекшелігін анықтау керек. Шын өмірдегі нақты (реалды) уақыт - объективті уақыт. Реалды уақыт тек алға, бұрыннан болашаққа жүріп отырады. Осы уақыттың өзін адам өз сезімдерімен әр түрлі қабылдайды. Адам сезінуінде уақыт кейде ақырын, кейде жылдам өтіп отырғандай көрінеді. Ал әдеби шығармаларда уақыт кейде алға жылдам, кейде артқа жылдам, кейде өте баяу қозғалса, кейде үзіліп кетіп отырады. Шығармада жазушының таңдап алған тақырыбына, автордың қалауына орай оқиға соңынан басына қарай жылжуы, бірнеше кезеңдерді аттап өтуі, бір ғана сәттік уақытты кең көлемде суреттеуі мүмкін. Осыларға қарай отырып, шығармадағы уақыттың физикалық уақыттан әлдеқайда кең, сиымдылығы мол екенін аңғаруға болады. Осы орайда әдебиеттану ғылымындағы «лирикалық шегініс» деген термин еске түседі. «Лирикалық шегініс әдеби шығармаларда (мысалы поэмада, не романда) уақиға желісін кенет үзіп, өзі жайлы, не өзінің көңіліндегі басқа бір нәрсені баяндап беру. Мұның негізі уақиғаға тікелей қатысты бола қоймайды. Дегенмен, бұл әдістің де өзгеше ұтымды жағы бар» [7, 227] .

Қазақ тіліндегі темпоральдық (уақыттық) категория біздің санамыздағы Уақыттың физикалық сипатының бейнеленуі арқылы айтылмақ ойдың мазмұндық аспектісін қалыптастырады. Осы сипаттардың молдығы мезгілдің функционалды-семантикалық өрістерінің көптеген сегменттерінің барлығын көрсетеді. Ісәрекет сәтінің сөйлеу мезгіліне сәйкестігі (коммуникативтік сәт) немесе мәтіндегі сәтпен (хабарлау сәті) - сәйкестігі субъективтік шақ сегментін қалыптастырады. Кез-келген сөйлем, айтылмақ ой белгілі бір уақыт шеңберінде хабарланатындықтан, онда етістік пен есімдердің темпоральдылығы да түрлі деңгей мен кезеңдерде түрліше өтеді. Етістік заттың амалын, ісәрекетін білдірсе, жалпы түбір етістіктер қимылды білдіреді, ал қимылдың қалай, қандай тәсілдер арқылы жүзеге асатынын білдіре алмайды. Сөйлемде етістік қолданылғанда, тек қимылды ғана білдіру жеткіліксіз. Өйткені өмірде қимылдың жасалуы түрліше. Соған орай ол қимылдың жасалуындағы әртүрлі ерекшеліктерді білдіретін әдіс-тәсілдер, түрлі көрсеткіштер мол.

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz