Мультимедиа технологиялары




Презентация қосу
Мультимедиялық технология
Мультимедиялық технология туралы түсінік .
Мультимедиа технологиялары
Мультимедиа технологиясы - мәтін, гарфика және видеомульти-пликацияны пайдалануға мүмкіндік береді,
оқу процесіндегі компьютердің қолданылу саласын кеңейтеді.
Мультимедиа - бұл әртүрлі формада берілген ақпаратты біріктіруге мүмкіндік беретін және онымен
интерактивті режимде жұмыс істеуге болатын компьютердің ақпараттық және программалық құралдар кешені.
Технология ол – «өнім шығару процесінде жүзеге асырылатын шикізат формасын, материалды немесе
жартылай фабрикатты өңдеу, олардың қалып – күйін, қасиеттерін өзгерту тәсілдерінің жиынтығы.
Педагогикалық технология – бұл жастарға әсер ету тәсілдері ішінен педагогикалық тұрғыдан пайдалы
саналып, практикада тиімді түрде қолдану мақсатында мұғалім таңдап алған, оған қажет болатын білім,
біліктілік және дағдылар кешені
Macromedia Flash - интepaктивтiлiгi қoлдayлы құpылғaн вeктopлық гpaфикa нeгiзiндe
aнимaциялaнғaн жoбaлapды құpyдaғы жәнe қoлдaнy кeзiндгi қapaпaйым, өтe қyaтты құpaл бoлып
тaбылaды
Movie Explorer — фильмнің құрылымын көруге мүмкіндік беретін және фильмнің кез келген
элементін модификациялау үшін тез арада таңдауға мүмкіндік беретін Flash 5-тің арнайы
құраушысы болып табыладыАқпараттық қоғам-бұл жоғары деңгейдегі өндіріс пен ақпарат және
ақпараттық қызметті тұтынумен сипатталатын қоғам.
Мультимедиа технологиялары
Ақпараттық процесс- ақпараттық жүйелер мен мәліметтерді тарату құралдарымен қамтамасыз
етілетін ақпаратты қабылдау, қорландыру, өңдеу және тарату процесі
Ақпараттық технологиялар-ақпаратты алу, түрлендіру, сақтау, тарату және пайдалану әдістері
мен құралдары
Білім берудегі қазіргі ақпараттық технологиялар-адамзаттың интеллектуалдық жетістіктерін
өзіне жинақтаған және адамзаттың интеллектуалдық қызметін, оның ішінде, білім беруді шынайы
күшейтуге қабілетті құрал.
Оқытудың ақпараттық технологиясы – бұл ақпаратпен жұмыс істеуге арналған арнайы
тәсілдер, программалық және техникалық құралдарды пайдаланатын педагогикалық технология.
Білім беруді ақпараттандыру –танымдық іс-әрекетті қайта құру үшін және оқушылардың
интеллектуалдық мүмкіндіктерін күшетуге арналған жағдайды құру мақсатында
микропроцессорлық техника мен ақпараттарды тарату құралдарының, сондай-ақ осы құралдарға
негізделген педагогикалық технологияның базасында ақпаратты жинау, өңдеу, сақтау және тарату
әдістері мен құралдарын педагогикалық практикаға жаппай енгізу.
Мультимедианың құрлымы
Мультимедиаға зерттеушi ғалымдар түрлiше анықтама бередi:

Мультимедиа - әртүрлi типтi ақпараттарды компьютердiң ұсыну мүмкiндiгiн дамытатын және
адамның мультисенсорлық табиғатына негiзделген технология (D.Little).
Мультимедиа - екi не онан да көп типтi ақпараттарды интерактивтi формада бiрiктiру
(D.H.Jonassen).
Мультимедиа - әртүрлi формада ұсынылған ақпараттарды бiрiктiруге мүмкiндiк беретiн
компьютердiң аппараттық және бағдарламалық құралдары кешенi (И.И.Косенко).
Мультимедиа - графика, гипермәтiн, дыбыс, анимация, бейнемәлiметтердi пайдалануға мүмкiндiк
туғызатын аппаратты-бағдарламалық құрал (И.Вернер).
Мультимедиа терминi латын тiлiнiң „multy” (көп) және „media” (орта) деген сөздерiнiң бiрiгуiнен
құралған. Сондықтан да, мультимедиалық жүйеге арналған оқулықтарды, ғылыми еңбектердi
саралай келе бұл терминге „ақпараттық орта” деген мағына беруге болады. Ал, ақпараттық орта
түсiнiгiн белгiлi бiр ортада ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы ақпаратты ұсыну мен
өңдеуге бағытталған арнайы ұйымдастырылған процесс деп қабылдай аламыз.
Осы орайда, мультимедиаға және оған қатысты ұғымдарға өздiгiмiзше
анықтама бере кетейiк.

Мультимедиа - компьютерлiк графикамен, суреттермен, бейнеақпараттармен, анимациямен, мәтiндермен, жоғары
сапалы дыбыстармен жұмыс iстеудi қамтамасыз ететiн интерактивтi жүйе.
Кез келген қарым-қатынас тілінде әртүрлі мағынада қолданылатын сөздер бар. Сол секілді „мультимедиа” сөзін де бірнеше
мағынада қолдана аламыз.
Яғни, мультимедиа –
· әртүрлі типті ақпараттарды өңдейтін құралдарды жасаудың, пайдаланудың тәртібін анықтайтын технология;
· әртүрлі типті ақпараттарды өңдеу мен ұсыну технологиясы негізінде құрылған ақпараттық ресурс;
· түрлі типті ақпараттарды өңдеу мен ұсынуға мүмкіндік беретін компьютерлік бағдарламалық жабдық;
· пайдаланушыға барынша тиімді әсер ету мақсатында түрлі бағдарламалық және техникалық құралдарды
пайдаланатын ақпараттық технологиялар спектрі.
Мультимедиалық технологиялар - әртүрлi типтi мәлiметтердi дайындау, өңдеу, бiрiктiру, ұсыну әрекеттерiн аппараттық
және бағдарламалық жабдықтарды пайдалану арқылы жүзеге асыратын технологиялар (әдiстер мен тәсiлдер)жиынтығы.
Бiлiм берудегi мультимедиа - бiрiншiден, таным процесiнiң жоғарылауына септiгiн тигiзетiн, екiншiден, бiлiм беру
мазмұнын интерактивтi формада ұсынатын дидактикалық аппаратты-бағдарламалық құрал.
Қорытынды
Мультимедианың бағдарламалық құралдары – кез келген типті ақпаратты интерактивтi режимде пайдалануға мүмкiндiк беретiн
компьютердiң бағдарламалық жабдықтары.
Мультимедиалық ресурстар - мультимедиалық құралдар және арнайы бағдарламалық жабдықтар көмегiмен дайындалған
ақпараттық өнімдер.
Мультимедианың дамуы бейнетехникалық және дербес компьютерлiк технологиялардың өркендеуi нәтижесiнде жүзеге
асуда. Мультимедиа статикалық (мәтiндiк, кестелiк, графиктiк) және динамикалық (анимациялық, бейнелiк), дыбыстық
ақпараттарды талапқа сай дәрежеде ұсынуды iске асырады.
Қазiргi таңда электрондық оқулықтарды, компьютерлiк оқыту бағдарламаларын, дыбыстық және бейнелiк оқу материалдарын
пайдалануда қолданылатын мультимедиалық технологиялар оқыту процесiндегi инновациялық әдiстердi жүзеге асыратын
бiрден бiр жаңа ақпараттық технология болып саналады.
Мультимедиа түрлiше ақпаратты ұсынудың немесе пайдаланудың әртүрлi әдiстерiн қолдануға мүмкiндiк бередi. Бiз қазiргi күнге
дейiн мультимедианың кейбiр түрлерiн күнделiктi тұрмыста қолданып келдiк. Мысалы, теледидар және кино - мультимедианың
құрамдас бөлiктерi.
Пайдаланушылар бұл технологияның жекелеген элементтерiн атауда „мультимедиа” сөзiн қосарлана қолданып келедi. Мысалы,
мультимедиа бағдарламасы, мультимедиа өнiмi, мультимедиа қызметi т.б. Мұнда мультимедиа ақпараттық технологиялар
кешенiнен құралатындықтан оның жекелеген элементтерiн атау кезiнде „мультимедиалық” сын есiмiн қосарлана қолдану дұрыс
деп санаймыз (мультимедиалық бағдарлама, мультимедиалық өнiм т.б.). Ал, жалпылай тек „мультимедиа” деп атауға болады.
Назарларынызға
рахмет

Ұқсас жұмыстар
МУЛЬТЕМЕДИА ЖҮЙЕСІ.КОМПЬЮТЕР ЖӘНЕ ВИДЕО
Мультимедиа жүйесі
Жобаларды құрудың бағдарламалық құралдары
Мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың мультимедиа құралдарымен жұмысының психологиялық қырлары
Мультимедиялық технологиялар тұжырымдамасы
Компьютерлік технология
Мультимедиялық технологиялар
Инновациялық оқыту технологиялары
Ақпарат жинау - субъектінің өзін қызықтыратын объект жөнінде мәлімет алатын қызметі
Сандық дыбыс
Пәндер