Қазақ мифологиясы


Slide 1

Қазақ тіліндегі мифтік-танымдық жүйе

Сұрақтар:

1. Тіл мен мифтің сабақтастығы

2. Қазақ тіліндегі мифтік-танымдық жүйе

3. Тіл бірліктеріндегі «ғаламның мифтік бейнесі»

Орындаған: Жайбергенова Меруерт

Slide 2

Миф деген не?

Миф - байырғы адамдардың күнделікті тұрмысы мен өмір тәжірибесінен туған таным-түсінігі, өмір салты, ішкі сезім - түйсігінің нәтижесінде қалыптасқан осы тұжырымға негіз беретін - тілімізде сақталып, мифтік мазмұн арқылы этнос болмысын танытатын тілдік деректер, мифтік сюжеттер.

Миф - бұл әлемнің құпияларын, шығу тегі, құндылықтары мен мағынасын түсіндіруге, адамдар мен құдайлардың арасындағы қарым-қатынасты анықтауға арналған әңгіме. Оқиға екіталай болса да, ол қоғамның өзі мен оның ғаламдағы орнын бейнелейтін терең мағынасы бар. Көптеген мифтер ғаламның және адамзаттың пайда болуы туралы айтады.

Slide 3

Тіл мен мифология

Тіл мен мифологияны сабақтастықта қарауға ерекше көңіл бөлген, өзіндік із қалдырған орыстың көрнекті ғалымы - А. А. Потебня. Ол тілдік құбылыстардың тарихи негіздерінде мифтік түсініктер мен образдың трансформациясы жатыр, яғни мифтік семантика сөздердің "ішкі формасында" деп есептейді. А. А. Потебняның тіл мен ойлау, сөз бен мифті қамтитын символдық теориясы ерекше құнды. Оның мифтік теориясының негізі - сөздің семантикалық қатарын тіл мен ойлаудың тұтас, кең құлашты контексінде қарастыру принципінде. Ол өзінің "О некоторых символах в славянской народной поэзии" деген еңбегінде мифті зерттеудің символдық теориясының тамаша үлгісін көрсеткен. Біздің тіліміздегі кез келген сөз-символ. Өйткені оның астарында мифтік мазмұн жатыр.

Slide 4

«ғаламның мифтік бейнесі»

Қытай мифологиясы

Грек мифологиясы

Slide 5

«ғаламның мифтік бейнесі»

Қытай мифологиясы

Грек мифлогиясы

Slide 6

Қытай мифологиялық бейнелер

Жылан денелі қыз

Адамдарды үйретуші құдай

Қытай императоры

Slide 7

Грек мифологиясы

Грек құдайлары,

Диомед аттары

Гераклдың бесінші ерлігі: Эриманф қабаны және кентаврлармен айқас.

Slide 8

Қазақ тіліндегі мифтік-танымдық жүйе

Slide 9

Қазақ мифологиясы

А. Байтұрсынов

А. Байтұрсыновтың ойынша, мифтер табиғатта болып жататын өзгерістердің (күн күркіреуі, жел, дауыл, құйынның соғуы, күн тұтылуы, т. с. с) әрқайсысының істеуші иесі бар деп білген алғашқы адам баласының табиғат ісін танымаған күйде шығарған ертегілері, ертегі сияқты әңгімелері.

Көне наным-сенімдерге негізделген ауыз әдебиетінің кейбір жанрлары мифтік наным-сенім аясында пайда болған.

С. Қасқабасов

Табиғаттағы зат атаулының иесі (тау иесі, жел иесі, күн иесі, су иесі, тас иесі, көл иесі т. б. ) болады деген көне мифтерді ғалым-фольклорист С. Қасқабасов алғашқы қауымда пайда болған рух-иелік мифтерге жатқызады.

Slide 10

Қазақ мифологиясында қандай кейіпкерлер бар?

Албасты

Жалмауыз кемпір

Алаңғасар

Slide 11

Қазақ мифологиясында қандай кейіпкерлер бар?

Қазақ мифологиясында 40-тан астам кейіпкер бар. Олардың кейбірі қаскүнем болса, енді бірі - жағымды образдар. «Қазақтың мифтік кейіпкерлері» атты кітапта қазақ фольклорындағы мифтік кейіпкерлерді 6 түрге жіктеп көрсетілген:

Тотемдік кейіпкерлер: көк бөрі, көк өгіз

Шамандық кейіпкерлер: самұрық, бәйтерек, бақсы

емонологиялық кейіпкерлер: албасты, жезтырнақ, жалмауыз, мыстан кемпір, пері, шайтан, жын, дию

Хтоникалық кейіпкерлер: дәу (қара дәу, бір көзді дәу, Шойынқұлақ, Үш дәу, Аю дәу), алыптар (алаңғасар, арсалаң, Толағай, Ерсары, Ұлтанқұл), ергежейлі (жартықұлақ, бойы бір қарыс, сақалы қыры қарыс)

Slide 12

Ілкі қаһармандар: сиқырлы көмекшілер (таусоғар, көлтаусар, саққұлақ, желаяқ, епті), пірлер (Қамбар ата, Зеңгі баба, Ойсыл қара, Сексек ата, Шопан ата)

Трансформацияланған мифтік кейіпкерлер: Қаңбақ шал, Тазша бала. Бұлардың арасында көк бөрі, көк өгіз, самұрық, бәйтерек сынды кейіпкерлер бейтарап, біршама жағымды образда болса,

демонологиялық кейіпкерлердің барлығы, аты айтып тұрғандай, жағымсыз, қаскөй келеді. Ал дәулердің ішінде адам жейтін қара дәу мен жалғыз көзді дәу, аю дәу, асқан күштің иесі Шойынқұлақ жаман кейіпкер болса, үш дәу табиғатынан аңғал, алаңғасар келеді, ешкімге зияны жоқ.

Slide 13
Ұқсас жұмыстар
Абай философиясы
Эгей мәдениеті
Мәдениеттің белгілер әлемі типологиясы
Терминдік мағынасы тұрғысынан алғанда тотем - алғашқы қауым адамдарының өздеріне туыс деп есептеген жануарларға, өсімдіктерге және жансыз заттарға берген атауы
Үнді мифологиясы
Ұлы даланың жеті қыры
Ежелгі Мысыр құдайлары
Антика философиясын дағы рух пен парасаттың космологизмі
Мәдени мұра ұғымы
Грек мифологиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz