Мемлекеттің орталықтануы


Slide 1

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

1

Тақырыбы: Саяси ойлар тарихындағы басқарудың "дұрыс" және "бұрыс" формалары

Орындаған: Білісбек Д. Қабылдаған: Сарсенбаева Ж.

Slide 2

Саяси ойлар тарихындағы басқарудың "дұрыс" және "бұрыс" формалары

Slide 3

Жоспар:

3

Ежелгі дүниедегі саяси ілімдердің дамуындағы негізгі бағыттар

Ортағасырлардағы саяси ой тарихы

Реформация кезеңіндегі саяси идеялар

Жаңа замандағы саяси ілімдер

ХХ ғасырдағы саяси теориялар

Slide 4

4

Ежелгі Шығыстағы саяси ой (Мысыр, Қосөзен, Үндістан, Қытай)

Антикалық саяси ой (Ежелгі Грекия, Ежелгі Рим)

Негізгі деректер мен авторлар:

Конфуций:

“Лунь Юй”

“Ману заңдары”

“Каутилья Артхашстра”

Платон:

“Мемлекет”

Аристотель:

“Саясат”

“Афиналық полития”

Полибий:

“Тарих”

Цицерон:

“Мемлекет туралы”

“Заңдар туралы”

Slide 5

Негізгі идеялар:

Негізгі идеялар:

Жеке адам билігін нығайту мен ақтау;

Басқарушының шығу тегін құдіретпен байланыстыру;

Мемлекеттің орталықтануы;

Төмендегілердің басқарушыға сөзсіз бағынуы;

Азаматтық қоғамның болмауы.

Басқарудың идеалды формасын іздеу;

Полистік орталықтанбаған демократияны ақтау;

Азаматтық қасиеттерге тәрбиелеу;

Азаматтық құқықты және республикалық идеяны қалыптастыру.

Slide 6

6

Батыс елдер ішінде саяси идеялар ежелгі гректерде қатты дамыды. Онда қоғам шығыс елдер мен салыстырғанда онда көп жағдайда қарама-қарсы өрістеді. Саяси ұйым түрін жеке мемлекет болып қалған калалар құрды. Патшалық өкіметтің орнына аристократиялық және құл иеленушілік демократиялық орын алды. Көне гректерде саяси ғылымға мол мұра қалдырған ойшылдар өте көп. Олардың ішінде ең көрнекті Платон мен Аристотель.

Slide 7

Платон (б. з. б. 427-347 ж. ж. )

7

Шын аты - Аристокл

Платон атақты фәлсафашы Сократтың шәкірті

Платонның 200-ден астам еңбектері бар

Олардың ішінде саясаттаану ғылымына қатысы бар шығармалар “Мемлекет”, “Саясатшы”, “Заңдар”, “Софист”, “Парменид”

Slide 8

8

Платон қоғамды үш сословиеге бөлді:

Әкімдер

Қорғаушылар

Өндірушілер

Әкімдерге- фәлсафашыларды жатқызды. Олар табиғатынан шындықты, ақиқатты, игілік идеясын саралап, танып-білуге қабілетті, икемді болуы керек.

Қорғаушылар- олар әкімдердің ой, ниеттерін іске асырады, мемлекетті қорғайды.

Өндірушілер- өмірге керекті қаржыларды тауып, мемлекетті материалдық жағынан қамтамасыз етеді. Олар билеу ісіне араласпайды.

Slide 9

9

Платон мемлекеттік құрылысты 5 түрге бөлді:

Аристократия- мемлекетті ақсүйектер билейді.

Тимократия- мемлекеттік билік бір адам қолында болады.

Тирания- мемлекет күшпен басып алушы қолында болады.

Бұлардың ішінде ең жақсысына аристократиялық мемлекетті жатқызды. Онда ақыл-естілік, парасаттылық билейді, оның прициптері-адамгершілік ар-намыс деп санады.

Платонның ойынша адамдар қажеттіліктерін жеке-дара өтей алмайды. Олар бірігудің арқасында ғана қажеттіліктерін өтейді. Осы бірігудің арқасында қоғам, мемлекет пайда болады.

Олигархия-мемлекет азғантай топ қолында болады.

Демократия-мемлекет халықтың қолында болады.

Slide 10

10

Аристотель

Ежелгі грек философы Аристотельдің түсінігінде мемлекет отбасы секілді табиғи даму нәтижесінде пайда болған. Отбасы мен ауылдар - адамдардың өзара араласуының алғашқысы формасы. Мемлекет - араласудың жоғары формасы. Адам - саяси жануар және ол өзінің дамуын мемлекетке келіп тоқтатады. Ғалымның айтуынша, мұндай деңгейге барлық халықтар жете қойған жоқ. Мәселен, варварлар өмірдің саяси формасын жасауға қабілетсіз, өйткені олардың адами табиғаты жеткілікті деңгейде дамымаған еді.

Платонның идеалды мемлекет туралы жобасымен келіспеген Аристотель саяси құрылымдар түрлерінің өзіндік классификациясын ұсынды. Ол мемлекеттің 3 дұрыс және 3 бұрыс түрін ерекшеледі. Аристотельдің мемлекеттерді дұрыс және бұрыс деп анықтау қағидасы адамдарға бақыт сыйлау үшін мемлекетке не қажет екендігіне негізделген. Мемлекетте заңдар болады және ол заңдарды билік мемлекет пен оның азаматтарын қорғау үшін пайдалануы тиіс. Ал азамат болу үшін бірқатар азаматтық құқықтарға ие болып, өзі тұратын елдегі мемлекеттік құрылымның негізгі қызметтерін атқаруы қажет, яғни заң шығару, әкімшілік және сот қызметтерінде жұмыс істеп, мемлекетте бекітілген құдайға сыйыну.

Slide 11

11

Аристотель

Дұрыс

Бұрыс

Монархия

Аристократия

Тирания

Олигархия

Полития

Демократия

Slide 12

12

Аристотель

Дұрыс

Бұрыс

Аристотель дұрыс мемлекеттерге монархияны, аристократияны және политияны (республика) жатқызды. Оларды салыстырмалы түрде бағалай отырып, ол ең дұрыс мемлекеттік құрылым осы үш элемент үйлесім тапқанда ғана жүзеге асады деп қорытынды жасаған. Шектен шыққан жағдайда дұрыс мемлекет бұрыс мемлекетке, яғни монархия - тиранияға, аристократия - олигархияға, полития - демократияға айналады.

Өзі атаған 3 дұрыс мемлекеттің ішінен Аристотель политияны ең дұрысы деп санады. Бұл форма - басқа түрлердің тек жақсы жақтарын алған және екі шектің ортасында тұр.

Бұрыс мемлекеттерде билік халық үшін емес өзі үшін өмір сүреді. Билікті өзі үшін ғана пайдаланған монарх тиранға айналады. Бір топ бай адам билікті қолдарына алып, оны өзге азаматтар есебінен өз байлығын көбейту үшін пайдаланған аристократия олигархияға айналады. Сондай-ақ, билікті ешкімге бағынбайтын тобыр (охлос) басып алатын жағдайлар да болады.

Тирания - мемлекеттік құрылымның ең нашар түрі, ол қоластындағылардың мүддесін қорғауды көздемейді, керісінше оларға қарсы жұмыс істейді. Олигархия - аристократиядан туған жаңа форма, бай адамдардан құралған азшылық көпшілікті билейді. Демократия - кедейлерден тұратын көпшіліктің билігі. Аристотельдің ойынша, теңдіктің болмауы мемлекет ішіндегі көтерілістердің, толқулардың негізгі себебі.

Slide 13

13

Ортағасырлардың саяси ілімдерінің сипатты белгілері

Саяси идеяларды діни догматикамен

Монархия басқарудың идеалды түрі

Теократия мем-т пен шіркеудің байланысы ретінде ақтау

Антикалық грек-рим дәстүрінің ықпалы

Ортағасырлық саяси ойлардың дамуы Орта ғасыр ойшылдарының саяси идеялары Феодалдық теологиялық идеологияның үстемдігі.

Мемлекет алдындағы шіркеудің беделінің негізделуі.

Табиғат пен қоғамның заңдары - мақсатқа жетудің ережелері - Ф. Аквинский ХШ ғ. Мемлекеттің діни мәнінің тұжырымдамасы: әлемдік тәртіпті құдай жаратқан. Өкіметті сөзсіз тыңдау, келісімділік уағызы. Дегенмен, адамдар жаратқанның алдында да, жер бетінде де тең. Шіркеудің рухани диктатурасымен күрес, саяси құрылысты өзгерту үшін зорлықты жоққа шығару. Орыс мемлекетінің тәуелсіздігі мен патша үкіметінің үстемдігі туралы идеялар.

Орта ғасырда феодалдық қоғамның орны ерекше болды. Батыс Еуропада феодализм мың жылдан астамға созылды. Бұл уақытта дін үстемдік етті. Патша шіркеуге бағынышты болуы керек деді, ал ақсүйектер көнгісі келмеді. Бұл кезде христиан дініне зор еңбек сіңірген Аврелий Августин (354-430) еді. Ол христиан фәлсафасының негізгі қағидаларын зерттеп, жетілдірді. Оның саяси көзқарасы "Құдай қаласы туралы" деген еңбегінде баяндалған.

Slide 14

14

Аврелий Августин (354-430)

Аврелий Августин (345-430 жж. ) - христиан-теологы,

философ-мистик, көзқарасы, ұстанымы жағынан неоплатондық бағытты жақтаған. Басты ұстанымы «Cенімсіз білім мен шындық жоқ». Негізгі еңбектері «О граде божем»

және «О земном граде». Аврелий Августин әлемдік тарихтың христиандық концепциясын дамытушы және оның сөзімен айтқанда «дүние жаратылысының өзі құдайдың қалауымен болған іс» деген идеяны жақтаушы ғалым. Адамдардың

жердегі барлық көрген қиындықтары мен жамандықтары олардың құдай алдындағы жасаған күнәларынан

деп түсіндіреді. Августиннің ілімі римдік шіркеу қызметкерлерінің зайырлы феодалдық бағытты ұстанушыларға қарсы күресінде басты идеологияға айналды. Мемлекетті басқару формасында Аврелий абсалюттік билікті жақтаған. Августинизм әлі күнге дейін христиан дініндегі

протестанттық бағытты жақтаушылардың басты ілімі деп

саналады.

Slide 15

15

Августиннің ойынша

Құдай жолымен өмір сүрушілер

Адам жолымен өмір сүрушілер

Болашақта құдаймен мәңгілік патшалық құратындар

Жын-шайтандармен бірге мәңгі жапа шегіп, сазайын тартатын адамдардың қоғамы деп түсіндірді.

Адам

Slide 16

16

Фома Аквинский (1225-1274)

Христиан дінінің саяси теориясын негіздеп, шыңына жеткізген монах Фома Аквинский (1225-1274) болды. Оның "Билеушілердің басқаруы туралы", "Психологияның жиынтығы" деген еңбектері бар. Оның ойынша жалғыз адам өз мұқтаждығын, қажеттігін жеке-дара қанағаттандыра алмайды. Сондықтан бірігіп өмір сүру үшін мемлекет керек. Мемлекеттік биліктің мақсаты "ортақ игілікке жету", адамдарға лайықты, ақылға сыйымды өмір сүруге жағдай жасау, барлығы жоғары тапқа бағынуы керек деп санаған.

Ф. Аквинскийдің ойынша билік құдайдың құдіретімен орнайды. Сондықтан патшалық билік діни билікке бағынуға тиіс. Аспанда құдай жерде Рим папасы билік етуі керек деген.

Slide 17

17

Реформация кезіндегі негізгі саяси идеялар (XV-XVI ғғ. )

Реформация (лат. reformatio - қайта құру түзеті) - римдік католиктік шіркеудің монополиясында, христиан діни ілімін Папа билігі тұрғысынан түсіндіруге қарсы бағытталған Солтүстік және Орталық Еуропадағы 16 ғасырдағы діни - қоғамдық қозғалыс.

Реформацияның көсемдері және негізін салушылар - М. Лютер мен Ж. Кальвин.

Реформацияның нәтижесі христан дінінің жаңа тармағы - протестантизмнің пайда болуы. Протестантизмнің римдік-католиктік шіркеуден бөлінуін Папа тағы заңды түрде мойындады. Протестантизмде шіркеу осы дүниелік институтқа, ал Інжілді білу оның діни негізіне айналады. Зұлымдық - діни надандықтың синонимі, ол Құдай сөзін білмеудің салдары. Дүниені Құдай сөзін халыққа түсінікті тілде уағыздау арқылы түзетуге болады. Сонымен Реформация жеңісі қоғамдық өрлеу туғызып, ұлттық мәдениетті ғана емес, дүниежүзілік мәдениеттің қалыптасуына зор әсерін тигізді. Реформация ешқандай әлеуметтік-саяси идеалды жарияламаса да, қоғамды жікке бөлуді талап етпесе де, көркемдік шығармашылық саласында қомақты жетістіктерге жетті, ол ғылыми жаңалықтар ашпаса да адамның сана-сезімін өзгертті және адамзат алдында жаңа рухани белестер ашты. Адам еркін ойлауға мүмкіндік алды, ғасырлар бойы үстемдік еткен шіркеу ықпалынан босанды, әрекетіне бағдар берер бағыт белгіленді. Ол бағдар - ізгілік-адамгершілік қасиеттерге, адамның ақыл-ойына, ар- ұжданына байланысты болды.

Реформация буржуазиялық қоғам адамының қалыптасу процесін жылдамдатуға түрткі болды. Адамның тәуелсіз болуы, адамгершілік жолын өз еркімен тандауы, өзінің іс-әрекетгеріне үлкен жауапкершілікпен қарауы - сөзсіз адам құқы идеяларының дүниеге келуіне қолайлы жағдай туғызды. Шындығында да, протестанттық идеялар қойнауында дүниені жаңа көзқараспен қабылдайтын жаңа, буржуазиялық қоғам адамның бейнесі жатты.

Қорыта келгенде, Батыс Еуропа елдерінде туындап келе жатқан қапитализмнің, одан қалды индустриалдық буржуазиялық өркениеттің рухани және идеологиялық бастауы - протестанизм идеяларында жатыр. Протестанизм - жаңа қоғамдық қүрылыстың қарқынды дамуына, оның прогресс жолындағы қадамына айқара жол ашты.

Slide 18

18

Жаңа замандағы саяси ілімдер

Бұл дәуірдің көрнекті өкілдерінің бірі - ағылшын ойшылы Томас Гоббс (1588-1679) . Оның ойынша мемлекет жалпыға бірдей бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін керек. Адамдар өз тілектері мен еріктерін шектеп, барлық билікті мемлекетке береді.

Францияда буржуазиялық революцияның өкілі Шарль Луи Монтескье (1689-1775) әр халықтың адамгершілік бейнесін, оның заңдарының айырмашылығын, қоғамның дамуын географиялық ортамен байланыстырды. Мемлекет азаматтарды тіршілікке қажетті қаражатпен қамтамасыз етуге міндетті деген ұстанымда болды.


Ұқсас жұмыстар
Негізгі идеялар
Реформация кезеңіндегі саяси идеялар
Капитал. Ауыспалы айналым мен айналым
Әлемде қалыптасқан жергілікті өзін - өзі басқару модельдері
Омыртқасыз жануарлардың мінез - құлқы
Қайта Өрлеу философиясының орталық ұғымдары
САЯСИ БИЛІК ТУРАЛЫ
Мемлекеттің қаржысы
МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ТЕОРИЯСЫ НЕГІЗДЕРІ
ШЫҒЫСТА МЕМЛЕКЕТТЕРДІҢ ҚАЛЫПТАСУ СЕБЕПТЕРІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz