Сүйекті балықтардың жіктелуі



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
1
СӨЖ Тақырыбы: Сүйекті балықтардың жіктелуі. Экологиясы.
Орындаған: Білісбек Д. Қабылдаған: Батаева Д.

Сүйекті балықтардың жіктелуі. Экологиясы.

3
Сүйекті балықтар - омыртқалы жануарлардың түрі құрамы өте көп (20 мыннан астам түрі бар) класы. Олар барлық су айдындарында тіршілік етуге бейімделген. Сүйекті балықтардың қанқасында сүйекті элементтер басым. Сүйекті балықтардың көпшілік түрлерінде дене салмағын реттейтін арнайы мүше - торсылдақ пайда болған.
Ауыз тесігі басының алдыңғы шетінде орналасқан. Желбезектерінің сыртын сүйекті желбезек қақпағы жауып тұрады. Үлкен бір жұп желбезек саңылауы желбезек қақпағының артқы шетінен ашылады. Құйрық жүзбеқанатының қалақтары тең (гомоцеркальды) . Аналь, жыныс және зәр шығатын тесіктері сыртқа жеке-жеке ашылады. Денесі ірі әрі жалпақ қабыршақтармен (циклоидты, ктеноидты) қапталған.

4
Сүйекті балықтар
Сәулеқанатты балықтар
Қалаққанатты балықтар
Отряд үсті -ганоидты балықтар
Отряд үсті - нағыз сүйекті балықтар
Отряд үсті -қостыныстылар
Отряд үсті - саусаққанаттылар
Бекіретектестер
Көпжүзбеқанаттылар
Амиетектестер
Сауытты лар

5
Сәулеқанатты балықтар
Қазіргі кезде кеңінен таралған балықтар осы класс тармағына жатады. Жұп жүзбеқанаттарының негізінде бұлшықетті қалақтары болмайды. Миының күмбезінде жүйке жасушалар шоғыры жоқ. Бұл класс тармағы 2 отряд үстіне бөлінеді. Қазіргі кезде тіршілік ететін балықтардың 90%-дай астамы осы топқа жатады. Дүние жүзінің түрлі су айдындарында кеңінен таралған және олардың кәсіптік мәні зор. Сүйекті қабыршақтары денесіне жапсарласа орналасқан. Құйрық жүзбеқанатының екі қалағы тең, торсылдақ бар, қаңқасы негізінен сүйектен тұрады. Сәулеқанатты балықтардың кәсіптік мәні бар басты отрядтарына ғана тоқталамыз.

6
Ганоидты балықтар (Ganoіdeі Ganoіdomorpha) - сәулеқанатты балықтардың инфракласы. Қазба қалдықтары девонның орта кезінен белгілі. Дене мөлш. 3 - 5 см-ден 9 см-ге дейін жетеді. Қабыршақтары ганоидты немесе ромб тәрізді. Бұларда құйрық жүзбеқанаты болмайды, оның орнына арқа жүзбеқанаты мен аналь жүзбеқанаты құйрыққа қарай жылжи өседі. Г. б. 2 отряд үстіне бөлінеді: шеміршекті Г. б. (Сhondrosteіmorpha) бір жойылып кеткен және екі қазіргі кезде тіршілік ететін отряды бар. Сүйекті Г. б. (Нolosteіmorpha) бес жойылып кеткен және екі осы кезде тіршілік ететін отряды, 10 туысы, 43 түрі белгілі.
Отряд үсті - Ганоидты балықтар

7
Ганоидты балықтар отрядтары
Бекіретектестер
Көпжүзбеқанат
тылар
Амиетектестер
Сауыттылар
Көп белгілері шеміршекті балықтарға ұқсас. Бекірелер - өрістегіш келеді.
Кәсіптік мәні зор, қара уылдырық алынады, еті бағалы әрі дәмді. Каспий Азов, Қара теңіздерде таралған. Бекірелердің 17 түрі бар. Бекірелердің денесінде ұзына бойы орналасқан 5 (кейде үш) сүйекті ірі шытыралары болады.
Африканың тропикалық аймақтарында таралған. 10-нан астам түрі бар. Арқа жүзбеқанаттары көптеген ұсақ жүзбеқанатшалардан тұрады. Сушашқыш тесігі, торсылдағы бар. Көкірек жүзбеқанаттарынын негізінде бұлшықетті қалақтары жақсы дамыған.
Амиетектестер отрядының бір ғана түрі (балшық балығы) бар. Ол Миссисипи өзенінде таралған.
Сауыттылар отрядының 7 түрі Солтүстік және Орталық Американын тұщы суларында таралған.

8
Отряд үсті - Нағыз сүйекті балықтар
Бұл отряд үстінің 36-дан астам отряды бар:
майшабақтектестер, албырттектестер, шортантектестер, угортектестер, тұкыттектестер,
кефалтектестер, саргантектестер, трескатектестер, тікентектестер, ала-бұғатектестер,
камбалатектестер т. б,

9
Қалаққанатты балықтар
Бұған қостынысты және саусаққанатты балықтар жатады. Қостынысты Салықтар. Олар желбезегімен әрі өкпемен тыныс алады. Құрғақшылық мезгілде суы тартылып қалатын өзендерде тіршілік етеді. Қостынысты балықтардың торсылдағы өкпеге айналған. Дене пішіні ұршық тәрізді, тұрқы 30 сантиметрден 2 метрге дейін жетелі. Жұп жүзбеқанаттары нашар дамыған. Олар Амазонка өзенінде, Африканың, Австралияның өзендерінде кездеседі.

10
Қалаққанатты балықтар
Отряд үсті -қостыныстылар
Отряд үсті - саусаққанаттылар
Қостыныстылар: өзендерде тіршілік ететін балықтар. Хорда - ішкі қаңқаның қызметін атқарады. Жұп жүзбеқанаттарынын негізінде тіректік терілі қалақтары болады. Оның бір ғана отряды - мүйізтістілер деп аталады. Оған бірөкпелі және қосөкпелі балықтар жатады. Бірөкпелілер - Австралия-нын солтүстік-шығысындағы өзендерде таралған. Қосөкпелілер-Африканың тропикалық өзендері мен Оңтүстік Американың Аманзонка бассейндерінде кездеседі.
Бұл балықтар ерте кездерде кеңінен таралған. Кейіннен көптеген түрлері жойылып кетті. Қазіргі кезде онын бір ғана түрі - латимерия сақталған. Оның жұп жүзбеқанаттарының негізінде бұлшықетті қалақтары жақсы дамыған. Бұл балықтар екі
бағытта дамыған. Оның бір тармағы мұхиттарда екінші рет тіршілік етуге бейімделген. Ал, екінші тармағы құрлықта тіршілік етуге бейімделіп, қосмекенділердің шығуына жол ашты.

11
Латимерия (лат. Latimeria chalumnae) - сүйекті балықтардың қалаққанаттылар класы тармағына жататын саусаққанатты балық. Латимерия Целаканттәрізділер отрядының қазіргі кезде сақталған бір ғана түрі. Мұндай балықтар бұдан 70 - 80 млн. жыл бұрын жойылып кеткен деп есептелінген. Мадагаскар аралы төңірегі мен Үнді мұхитында (Комор аралдары) тереңдігі 300 - 400 м. су түбінде тіршілік етеді. Денесі ірі космоидты типті қабыршақпен қапталған. Денесінің ұзындығы 180 см, салм. 95 кг-дай. Ми көлемі кішірек, ішкі танау тесігі болмайды. Арқа жүзбеқанаты екеу, құйрық қанаты қосымша қалағы бар дифицеркальды типті (үш қалақты) . Көкірек және құрсақ жұп жүзбе қанаттары саусаққа ұқсас, соған байланысты саусаққанатты балық деп те атайды. Қаңқасында шеміршек басым. Тірек қаңқасы хордадан және омыртқаның невралды доғаларынан тұрады. Миы кішкентай. Хоаналар жоқ, торсылдағы біршама редукцияға ұшыраған. Жүрегі қарапайым құрылысты, артериальдық конус бар. Ішегінде спиральды клапан сақталған. Клоакаға жалғасады. Акула секілді тепе-теңдік сақтау үшін мочевин түзейді. Латимерияға тірі жұмыртқа туу тән. Ірі жұмыртқалары (қимасы 10 см) жұмыртқа жолында дамиды. Латимерия алғаш рет 1938 ж. Оңтүстік Африка жағалауында ауға түсті. Оны ағылшын ихтиологы Дж. Смит жергілікті жердегі мұражай меңгерушісі әрі осы балықты өзіне анықтауға ұсынған Латимер есімімен атады. Латимерияның табылуы - 20 ғасырдың зоология ғылымының үлкен жаңалығы деп бағаланды. 1952 ж. Латимерия балығының 2-данасы да Комар аралдарының маңынан, ал 1977 жылға дейін 87 данасы ғана ұсталынды. Латимерия жануарлар дүниесінің эволюциялық дамуында ең алғашқы құрлыққа шыққан қосмекенділер - стегоцефальдардың арғы тегі деп саналады. Латимерия реликт түр ретінде Халықаралық табиғат қорғау одағының “Қызыл кітабына” енгізілген.

Балықтардың экологиясы
Балықтардың тіршілігі үшін суда еріген оттектің болуының маңызы зор. Балықтар оттекті пайдалану ерекшеліктеріне сәйкес 4 топқа бөлінеді: а) оттекті өте көп пайдаланатын балықтар; ә) оттекті көп пайдаланатын балықтар; б) оттекті шамалы мөлшерде пайдланатын балықтар; в) оттекті аз мөлшерде пайдаланатын балықтар.
Су -тіршілік ортасы болғандықтан тіршілік ету үшін қолайлы жағдайлар жасайтын өзіндік көптеген ерекшеліктері де болады. Ондай ерекшеліктеріне: 1) Судың қозғалыста болуы. 2) Су температурасының өзгергіштігі. 3) Газдарды еріту қасиеттері. 4) Мұз қабатының пайда болуы.

13
1) Су орталығының қозғалыста болуы. Судың үздіксіз қозғалуы, өзен мен теңіздің ұдайы ағуынан және тайыз, тұйық су қоймаларының өзінде де өзіндік ағыстардың болуынан. Соныме қатар, жылудың әсерінен су қабаттары төменнен жоғары, жоғарыдан төмен қарай қозғалып тұрады. Су орталығының осындай ерекшелігі балықтардың тіршілігіне әр түрлі жолмен әсер етеді. Судың қозғалысы механикалық фактор ретінде балықтардың пішініне, қанаттарының дамуына, дене жабындарының сипатына әсерін тигізеді.
2) Температураның өзгергіштігі - жер бетіне қарағанда судың температурасының өзгеруі азырақ болады. Судағы температураның жағдайы өзгеше болады. Сондықтан балықтар бұл ортадан жер бетіндегі температураға қарағанда әлде қайда төмен температурада тіршілік етеді. Сонымен қатар температура + 50° шамасындай ыстық бұлақтарда да тіршілік ететін балықтардың түрлері бар.
3) Суда мұз қабатының пайда болуы. Сулардың бетінде мұздың пайда болуы балықтардың тіршілігі үшін үлкен маңызы бар. Мұз қабаты балықтардың тіршілігіне қажеті жоқ, төменгі температураны жібермейді. Соның салдарынан су түбіне дейін қатпайды. Бұл балықтардың қыс кезінде температурасы өте төмен болатын облыстарға таралуына мүмкіндік береді.
4) Судың қозғалғыштығы балықтардың, бір жерден екінші жерге ауысуына, еріксіз араласуына себепші болады. Сол сияқты судың қозғалысы қоректік заттардың - планктондардың еріксіз қозғалуына, оған байланысты балықтардың да қозғалып, еріксіз араласуына себепші болды.

14
Балықтардың негізгі экологиялық топтары
1) Теңіз балықтары. Өзінің барлық өмірін тұзды теңіз суында өткізетін балықтардың көптеген түрлері жатады. Әр түрлі горизонттарда тіршілік етеді, осы белгісіне қарай мынандай топтарға бөлуге болады.
2) Пелагикалық балықтар. Судың терең қабатында тіршілік етеді. Көбеюіне қолайлы орын н/е қоректерін іздеуде өзара араласып жататын балықтар. Денесі ұзынша, ұршық тәрізді болып келеді де, көбінесе актив жүзеді. Оларға акулалар, сардиналар, макрелдер жатады. Кейбір түрлері мысалы, айбалық судың қозғалысына байланысты пассив қозғалады.
3) Литоральдық - су түбі балықтары. Су түбіне жақын қабатта немесе су түбінде тіршілік етеді. Осы жерде көбейеді, жауларынан қорғанады және қоректерін табады. Әр түрлі тереңдікте таралған скаттар, камбалалар, тана балықтар өте тайыз жерлерде, химералар бірсыпыра тереңдікте кездеседі. Алдағы топтың өкілдеріне қарағанда нашар жүзеді.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz