Отандық мәдениеттің даму тарихы


Slide 1

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Тақырыбы: Отандық мәдениеттің даму тарихы. Қазақстан жеріндегі ежелгі мәдениеттер мен дәстүрлер

Орындаған: БілісбекД. Қабылдаған: Саурбаева Р.

Slide 2

Отандық мәдениеттің даму тарихы. Қазақстан жеріндегі ежелгі мәдениеттер мен дәстүрлер

Slide 3

Андрон мәдениеті

Дәндібай - Беғазы мәдениеті

Андрон мәдениеті кісі жерлеу рәсімін жетілдірді. Өлген кісілерге тастан қоршалып зираттартұрғызылатын болды. Кең жерлерде, әсіресе Жайық бойында зираттардың орнынан биік обалар үйіліп, өлік тастан, ағаш бөренеден жасалған табытқа бүгулі күйінде қырынан жатқызылып, осы обалардағы шұңқырларға жерленді. Олардың жанына саздан жасалып, өрнектеліп үшбұрыш айқыш-ұйқыш және Тура тартылған сызықтармен безендірілген құмыраға азық салып қою әдеті де болған. Сөйтіп, өндіріс техникасының жетілуі және қоладан, балшықтан істелген ыдыстардың әдемілігі Андрон мәдениеті деңгейінің жоғары болғанын көрсетті.

Андрон мәдениеті көшпелі мал шаруашылығының еуропалық классикалық үлгісін қалыптастыруға елеулі үлес қосты.

Дәндібай - Беғазы мәдениеті тұрмыс-тіршілікте қолданылатын заттарды, құралдарды жасау үшін тас металл, мал сүйектерін кеңінен пайдаланудан да көрінді. Бұл тұста қоғамның өндіргіш күштерін дамытуға мыс, қалайы, алтын кендерінің ашылуы металл өңдеудің дамуы зор әсерін тигізді. Мыс өндіру Жезқазған, Успенск өңірінде жүйелі жолға қойылды. Қорытылған мыс, қалайы, темірдең еңбек құралдары, ыдыс-аяқ, сәндік бұйымдар істелді. Жауынгерлік қарулар жасалып, олар үнемді жетілдіріліп отырды. Зергерлік, ісмерлік өнер өріс алды. Жан-жануарлардың, дүние дидарын толтырған рухтың, даналардың, желеп-жебеушілердің, әулие-әнбиелердің, тәңірінің бейнесін елестететін өнер туындылары, қыстырма, бой тұмар сияқты заттар шықты.

Slide 4

Андрон мәдениеті көшпелі мал шаруашылығының еуропалық классикалық үлгісін қалыптастыруға елеулі үлес қосты. Біздің жыл санауымызға дейінгі ХVІІ-ХV ғасырларды қамтып жатқан Федоров нұра кезеңінде ірі қараны, сиырды көбірек ұстаған далалықтар мекен-қоныстарының маңынан ұзап кете алмады. Кейінірек қола дәуірінің алакөл-атасу кезеңінде олардың баққан малының ішінде жылқы, түйе, қой түлігі көбейіп, оларға алысқа ұзап, шырқай көшіп малды тұнық су, шұрайлы шалғынды жерлерде жайып көшпелі тұрмыстың салт-дәстүрін игеруге қол жеткізді. Мұның өзі малдың өрісінің ғана емес, көшпелілердің ой-өрісінің кеңуіне, олардың түсінігі мен мәдениетінің, уақыт пен кеңістік жөніндегі дүниетанымының қалыптасып, этномәдени болмысының даралануына жол ашты. Оны осы тұста дамыған егіншілік мәдениетінің жәй-күйінен де көруге болады. Оның деректері Шығыс Қазақстан облысындағы Усть-Нарым қонысынан табылған егінші-диқаншы құралдарының қалдықтары арқылы анықталған.

Андрон мәдениетінің табиғи жалғасы Дәндібай-Беғазы мәдениеті болды. Ол Андрон дәстүрлерін сақтай отырып оны жаңа мән-мағына, мазмұн түрлермен байытты. Қарағанды маңындағы Дәндібай ауылы және Балқаштың солтүстік маңындағы Беғазы қойнауынан қазба жұмыстарының барысында табылған бұл мәдениетке жататын мұралар орталық Қазақстанның көп жерлерінен ұшырасады. Олар Андрон мәдениетінің біраз жетілдірілгенін сипаттайды. Бұл тұста тұрпаты ерекше бейіттік тамдар, жатаған, домалақ ыдыстар пайда болды. Өлген адамдарды жерлеу ғұрпының да өзгергені байқалады. Өліктер бұрынғыдай бүктелген қалыпта емес аяқ-қолын созып шалқасынан жатқызылып жерленетін болған. Бұл тұстағы молалардан адамдардың мүлік теңсіздігін сипаттайтын дәлелдер де табуға болады.

Slide 5

1. Ежелгіқалалар: Отырар, Тараз, “Ақтөбе”, (VII-XIIғ) қалалар мен қоныстардың түрлері, қаладағы халықтың құрамы, сәулет өнері және жайластырушылық.

2. Алматы өңіріндгі Есік обасындағы “Алтын адам”, сақтардың мәдениеті мен көркем өнері, оюдың стилі және мотиві, үй киімі.

3. Арабтар жаулап алу кезіндегі Қазақстан мен Жетісу: араб тілі мәдениетінің әсер етуі, Әл-Фараби, исламның таралуы.

Slide 6

Қазақстан жеріндегі өркениетті мәдениет

Отырар 8-ғасырдың басынан Тарбанд (Трабан) деген атаумен белгілі болды. Бұл атауКүлтегін” және Білге қаған ” құрметіне арналған көне түрік руна жазбаларында кездеседі. VIII ғасырдағы араб графигі Якут Тарбант, Түрар, Тұрарбанд пен Отырар-бір қала деп жазған. Отырар IX ғасырдың өзінде -ақ ірі қала болған. X ғасырдың географиялық жазбаларында Кедер деген орталық қаласы бар Фараб аймағы аймағы аталды. Бас қаласы аймақ есімімен Фараб аталған. X ғасырдан Кедердің орнына астана де, аймақ та Фараб делінген. Кедер отырардың солтүстік немесе солтүстік батысында V-XV ғасырларда отырар арал бойындағы көшпелілер тайпалармен сауда жасайтын орталық, Иран мен Орта азиядан Сібірге, Моңғолияға және Қытайға қатынайтын сауда жолындағы маңызды қала болды. XVI ғасырдың 2-жартысынан қала қазақтардың биілігіне біржолата кошіп, XVIII ғасырдың басына дейін өмір сүрген.

Тараз. Қазақстанның оңтүстігінде қолөнершілер тұрақтары біздің заманымыздан бұрынғы бірінші мыңжылдықтың аяғында-ақ пайда бола бастады. Көне “Жібек жолында ” қанат жайып өркендеген осындай қалалардың бірі-қазіргі Жамбылдың бастамасы-ежелгі Тараз (Талас) болып табылады.

Slide 7

7

Бұл жайындағы алғашқы тарихи жазба грек емшісі Зерамхтың хабарнамасында айтылады, ал 630 жылы Сюань Цзанның жазбасында Тараз ірі сауда қаласы ретінде сипатталады.

Махмұд Қашқаридың лұғатында Баласағұн тәрізді Тараздың тұрғындары соғды түрік тілінде сөилеген делінеді. VII-VIII ғасырларда ол “Ұлы жібек жолында” орналасқан сауда және қолөнер орталығына айналған.

Тараздың ең өркендеп өскен кзеңі Қарақан әулиеті билік жүргізген X-XII

ғасырлармен тұтас. Бұл кезде қайтадан салынып, теңге соққан ұстаханасымен, сауда-саттығымен, қолөнерімен әлемге әйгілі болған. Қала ішінде су құбірі жүргізіледі, моншалар салынады. Сәулет өнерініңтамаша туындылары бой түзейді. Бұлардың ішіндегі аса көрнектілері-ежелгі Тараз

Рабадына орналасқан Қарахан бейіті, қала сыртындағы Бабаша қатын, қазақ ұлттық сәулет өнерінің тамаша үлгісі болып табылатын Айша-бибі күмбездері.

Бұл дәуірде Тараз әуелде қытайлардың, одан кейін Хорезм шахы Мұхаммедтің, ал 1219 жылы Шыңғысхан шапқыншылығына тап болды да тонауға түседі, қиратылады. Бірақ ол мұнан кейін де өз сәулетімен байлығы арқасында саяхатшыларды таңдандырып, тағы да екі ғасыр өмір сүреді.

Қаланың құлдырауы-XV ғасырдан, яғни ежелгі Қазақстанның қалалары арқылы өттін “Көне Жібек жолы” ұлы географиялық жаңа жерлер ашылуына байланысты өз маңызын жойған кезеңнен басталады. Кезінде әлемге әйгілі үлкен қала орнында XV-XVIIғасырларда шағын ғана елді мекен қалған. Ол XVII ғасырдан бастап Әулие ата деп атала басталды.

Slide 8

Ақтөбе - ескі қала, биіктігі 300 метірдей төбе. Жамбыл облысы, Свердлов селосының солтүстігіне қарай 20 километр, Ақсу өзенінің сол жағында. Қаланың орталық қамалы мен іріұсақты мекендердің ұзындығы 10-17километірге дуалмен қоршаған. Қамалдың биіктігі 10 метірге жуық. Қала тұрмысыVII-XII ғасырларда едәуір көркейген, әскери бекініс ретінде XIII-XIV ғасырларға дейін өмір сүрген.

Орта ғасырлық қалалар феодалдардың ордалары мен бекіністерінің жанында пайда болды да. Онда бай шонжарлардың үй-жайлары, қолөнер мен сауда құрлыстары салынды. Қалалардың сыртынан ор қазылып, дуалдармен қоршалды. Қаланың шахиристан дер аталатын орталық бөлігінде қала билеушілері, олардың жақын туыстары мен қызметшілері, дихандар, саудагерлер мен дін қыэметшілері тұрады.

Феодалдық қатынастардың дами түсуіне байланысты қаланың әлеуметтік құрылымы өзгереді. Қала шетіндегі қолөнр мен сауда орналасқан рабадтардың рөлі артты. Қолөнершілер ең алдымен қала шонжарларының қажетін өтеді. Олардың басы бос болғанымен, іс жөнінде жер мен құрлыстың иесі шонжарларға тәуелді болды. Жетісудің оңтүстік-батысындағы қалалар Қырғыз жотасынан аққан өзендер бойына салыныпты. Олар: Мерке, Аспара, Үзгент, Суяб, Сауран т. б. Осы қалалардың барлығы маңызды сауда жолының бойында немесе қолайлы жағдайға ие болған қуатты, берік қамалдардың жанына салынған.

Жетісудың маңызды ерекше қаласының бірі-Құлан. Құлан қаласы VIII ғасырдан белгілі. X ғасырда Құлан берік қамалға айналды. Іле алқабының Орта Азия қалаларынан қашықтықта болуы, табиғат жағдайы егіншілік пен мал шаруашылығының дамуына қолайлы болуынан мұнда қалалы қоныстар салу IX-X ғасырларда ғана қолға алынды. Бұл қоныстарда егіншілікпен қатар, қолөнер мен сауда дамыды және олардың кейбіреулері біртіндеп қалаға айналды. Бұлар - Талхиз, Екіоғыз, Қойлық қалалары еді.

Slide 9

X-XII ғасырларда Қазақстанда және Орта Азияда қалалық қоныстар шапшаң өсті. Бірқатар жаңа қалалар -Қарашоқ, Қорнақ, Қойлық, Екіоғыз, Ашнас, Баршынкент т. б пайда болды.

Испиджаб X-XI ғасырларда сауда орталығы ретінде әйгілі болды. Сыртқа мата, қаружарақ, мыс пен темір шығарылды.

Сырдарияның орта ағысы тұсында Весидж қаласы бой көтерді. Қаланың жұрты жақсы сақталған, ол бесбұрышты төбешік түрінде болып келеді. Тұрғын үйлердің еденелерінде де кірпіштер төселген.

Отырардың оңтүстігінде Шауғар қаласы болған. Шауғар осы күні Түркістан аумағының орыны. XI ғасырда Шауғар құлдырап, астанасы Исаға көшірілді, мұнда XII ғасырдың аяағында орналасқан Ахмет Иассауи кесенесі салынып, қала діни орталыққа айналды. Орта ғасырлық Иасы қаласы осы кездегі Түреістан қаласының орталығында орналасқан.

Қалада мұнаралы қамалмен қоршалған қамал, шахирстан, рабад болған. XI-XII ғасырларда көлемді сәулетті ғимараттардың салынуы, осы кезде қала құрлысының өркендегенінің дәлелі болды. Ертеде салынған ғимараттардың біразы сақталып біздің заманымызға жетті. Солардың бірі -қазіргі Жамбыл қаласы жеріндегі Айша бибі кесенесі. Бұл тарихи ескерткіш ертеректе қатты бүлініп, батыс жақ қабырғасының бір бөлігі

мен бұрыштары сақталған. Тараз жеріндегі ортағасырлық сәулет өнерінің бірі-Қарахан кеснесі. Заманында әсемдігімен көз тартқан бұл кесне XX ғасырдың басында қайта салынды Сырдарияның төменгі ағысындағы Сырлытам кесенесі де XI-XII ғасыр ескерткіші. Кесене

өрнектермен, қаптамалармен әшекейленген. Жақсы сақталған порталдары бар, әсем күмбезді ғимарат болған. Кесененің қабырғалары мен күмбезі күйдірілген кірпіштен қаланған.

Түркістандағы Талхатан баба кесенесі де ерекше бір сәулет ғимараты болып табылады. Осының бәрі X-XII ғасырларда Қазақстан жерінде қала мәдениетінің дамығанын дәлелдейді.

Slide 10

10

Есік обасындағы жерленген адам (“Алтын адам”) әрі жауынгер (бұған қаружарақ, оның ішінде алтын садақ куә) әрі абыз (басына кигізген ерекше шошақ қалпағынан, қол астындағы айнадан белгілі), әрі малшы болып есептеледі. Осы мен қатар ол жас бала болған деп болжайды.

Біздің заманымыздан бұрынғы VII ғасырдан бастап Сібір Қазақстан, Еділ бойы және Еуропаның оңтүстігіндегі ұшы-қирсыз далалары аймақар өңірінде аңдық стиль пайда

болды. Оның басты тақырыбы аңдар мен аңыздардағы құбыжықтарды суреттеу еді. Бұндай бейнелермен қола қазандар, әр түрлі құрбандық заттары, қару-жарақтар, ат әбзелдер мен киімдер әшекейленді.

“Аңдық стиль” өнері оңтүстік дәстүрінің ықпалымен қалыптасты. Онымен сақтар Алдынғы Азия мен Иранға жасаған жорықтарында танысты. Осы жерлерден сақтарға “ өмір ағашы” дейтін арыстан бейнесі тарады. Бұл ұғым жергілікті жануаржылқы, бұғы, қой, түйе, тау барысы, жолбарыс, бүркіт, сирегірек ақбөкен, қасқыр, қоян бейнелеріне ауысты. Аталған жануарларды тек сәндік үшін бейнелеген жоқ, сақтар бұларды өзіндік мән-мағынасына, мазмұн береді.

Сақтар табиғат күштері-күнге, желге, күннің күркүреуіне, найзағайға табынды. Бұларды құдайдың ісі деп таныды. Сақтардың түсінігі бойынша, құдай әр түрлі жануар бейнесінде өмір сүрген. Ол қанатты ат немес ит тәрізді, аттар сияқты фантастикалық аң, қүс, жануар бейнесінде болды.

Қару-жарақтағы аң бейнесі шайқас кезінде жауынгерге рух беріп, оқ дарытпайды, жеңіске бастайды деп сенді.

Көркемдік шығарашылықтың бұл түрі дамудың шегіне жетіп, III-II ғасырдың өзіндеақ шынайлық негізін жоғалтып, ою-өрнектік кескінге айналды.

Сақтардың космос жөніндегі символикалық түсінігіне Есіктен табылған сақ патшасының дулығасы нақты мысал бола алады.

Slide 11 Slide 12

12

Қазақ өзінің салт-дәстүрін берік ұстанған халық. Біздің ұлттық дәстүрлерімізде қазақтың бет-бейнесі, таным-түсінігі, жалпы жаратылысы жатқандығы белгілі. Ата-бабамыз «жел бесіктен жер бесікке дейін» әрбір атаулы күнді тіршілігінен тыс қалдырмай, ат беріп, айдар тағып, ерекше дәстүрмен айшықтап қараған. Сондықтан болса керек, қазақ "Дәстүрің - дәулетің" деп бағалаған. Бүгінде қолданыста жоқ дәстүріміз жетерлік. Солардың бірнешеуін тізуді жөн санадым.


Ұқсас жұмыстар
ИНДУСТРИЯСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ 2000 жыл - Мәдениетті қолдау жылы
Дінге сенбейтін немесе қатыссыз адамдардың саны қазіргі әлемде жаппай өсу үстіндеде
Мәскеу психиатриялық клиникасына сәйкес прогрессивті паралич
Мәдениет туралы түсініктердің тарихи эволюциясы
Мәдениеттану тарихы
Қазіргі заманғы сөздіктерде мәдениетке берілген анықтамалар
Мәдениет түсінігінің қалыптасу тарихы
Экономикадағы кәсіпкерліктің мәні
Өркениет және мәдениет ұғымдары
Медиа білім берудегі медиамәдениеттің рөлімен таныстыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz