Тұлғаның қалыптасуы мен дамуының заңдылықтары


Slide 1

Педагогика - тәрбие туралы ғылым.

Тұлғаның қалыптасуы мен дамуының заңдылықтары және қозғаушы күштері.

1

Notes: Чтобы использовать этот слайд анимированного заголовка с новым изображением: 1) Переместите верхнюю полупрозрачную фигуру в сторону. 2) Удалите изображение. 3) Щелкните значок рисунка, чтобы добавить новый рисунок. 4) Верните полупрозрачную фигуру в исходное положение. 5) Измените текст на слайде.

Slide 2

І. Кіріспе ІІ. Негізгі бөлім 1. Тұлғаның қалыптасуы мен дамуының заңдылықтары 2. Тұлғаның қалыптасуы мен дамуының қозғаушы күштері ІІІ. Қорытынды

Жоспар:

Slide 3

Кіріспе:

Тәрбиенің негізгі мақсаты - қалыптасып келе жатқан жеке тұлғаның әлеуметтік тәжірибені меңгеруі, оның жан- жақты үйлесімді дамуы. Жеке тұлғаның ең маңызды белгілері - оның саналылығы, жауапкершілігі, бостандығы, қадір - қасиеті, даралығы. Жеке тұлғаның маңыздылығы оның қасиеттері мен іс - әрекеттерінде қоғамдық процестің тенденцияларының, әлеуметтік белгілер мен қасиеттердің айқын және спетцификалық көрініс табуы арқылы, оның іс - әрекетіндегі шығармашылық қасиетінің деңгейі арқылы анықталады.

3

Slide 4

Адам баласы материалдық және рухани өмірдің ортасында тіршілік етеді де, өзі өмір сүріп отырған қоғамның, ұжымының, ұлттың, рудың мүшесі ретінде өзіндік ақыл-парасатымен, жеке бастың өзіне тән ақыл-ой, ерік-жігер, мінез-құлық ерекшелігімен көрінуге тырысады. Қоғам мүшелерінің бәріне ортақ біркелкі мінез-құлықтық қасиеттің болуы мүмкін емес. Әр адам өзінше жеке тұлға.

Адамдар тұлға болып, өзіндік жеке бас ерекшелігімен бірден дүниеге келмейді. Әрбір жеке тұлғаны қалыптастыру, тәрбиелеп жетілдіру қажет. Өзіне немқұрайды қарайтын кейбір қоғам мүшелері басқалар қалай өмір сүрсе, мен де солай өмір сүремін деген принципті ұстанғанымен, шын мәнінде өмірде олай емес. Жеке тұлғаның ерекшелігі дегеніміз - ол оның өзіне тән мінез-құлқындағы, іс-әрекетіндегі, көзқарасындағы ерекшелігімен даралануы.

Тұлға

Slide 5

Даму

Оны мына мысалдардан түсінуге болады: тілдік қызметтің жіктелуі адамның танымдық қабілетін арттырады, сезімдік аймағын кеңейтеді. Танымдық қызмет барысында абстракт ойлау, логикалық ес дамиды, өмірге деген қөзқарас пен наным - сенімдер орнығады. Еліктеушілік мінез - құлық бірте - бірте белсенді - жасампаз, шығармашылық іске ауысады, өз қылық - әрекетін басқара алу мен өзіндік билік қабілеті көркейеді. Қалыптасу түсінігіне келетін болсақ, ол жеке адам дамуының нәтижесі ретінде оның кемелденуі мен тұрақты сапалар мен қасиеттерді иемденуін білдіреді.

Даму дегеніміз- төменнен жоғарыға, қарапайымнан күрделіге қарвай қозғалыс. Жеке тұлғаның дамуы дегеніміз, ең алдымен, оның қасиеттері мен сапасындағы сандық өзгерістер процесі.

Даму - бұл жеке адам сапалары мен қасиеттеріндегі сандық өзгерістер жүйесі. Адамның туған күннен бастап дене құрылымы мен әртүрлі мүшелері ұлғаяды. Ол сөйлей бастайды, сөздік қоры молая түседі, көптеген әлеуметтік - тұрмыстық және рухани ептіліктер мен еңбектік дағды және әдеттерді игереді. Бірақ адамның жеке адам болып дамуындағы басты белгі, ондағы сапалы өзгерістер.

Slide 6

Фактор

Тұқымқуалаушылық

Тұлға дамуын зерттеудегі педагогика үшін ең маңызды мәселелер - интеллектуалдық, арнайы қабілеттердің және моральдік қасиеттердің тұқым қуалауы.

Қоршаған орта

Адамның қоршаған ортамен өзара әрекеті «әлеуметтену» түсінігі арқылы ашылады. «Әлеуметтену» ғылымаралық түсінік және педагогикада кең қолданылады.

Тәрбие

Тұлға дамуындағы тәрбие ролі әртүрлі бағаланады. Біреулер қолайсыз орта мен жаман шыққан тегі жағдайында тәрбиенің ешқандай нәтижесі болмайды десе, екіншілер адам табиғатын өзгертудің бірден-бір жолы тәрбие деп түсіндіреді.

Б. Г. Ананьевтің тұжырымдауынша адам даму көптеген факторлардың өзара әрекетімен шартталады: тұқымқуалаушылық, қоршаған орта, тәрбие және оның өзінің іс-әрекеті.

6

Slide 7

Көптеген ғалымдар адамның интеллект деңгейі оның шыққан тегінен тәуелді емес дейді. Дегенмен тұқымқуалаушылықтың адамның интеллектуалдық дамуына кері әсерін тигізуі мүмкін екендігін мойындау қажет.

Арнайы нышандардың тұқым қуалайтыны бүгінгі күні күмән келтірмейтін мәселе. Арнайы нышандарға жататындар: математикалық, музыкалық, спорттық және т. б.

Тұлғаның әлеуметтік қасиеттері (моральдік) тұқым қуаламайды.

Тұқымқуалаушылық

Тұқымқуалаушылық, қоршаған орта және тәрбиенің өзара қатынасын Й. Шванцараның схемасынан көруге болады. Бұл схемада аталған үш факторлардың өзара әрекеті көрсетілген. АВС үшбұрышы (теңқабырғалы үшбұрыш) дамудың оптимальді екендігін көрсетеді. Егер бір фактордың ролі асыра бағаланып кетсе үйлесімсіз дамуды көреміз. Осы схемадан бірде-бір фактор жеке ықпал етпейтіндігін, даму олардың келісілген ықпалдарынан тәуелді екендігін көреміз.

Slide 8

Адамның қоршаған ортамен өзара әрекеті «әлеуметтену» түсінігі арқылы ашылады. «Әлеуметтену» ғылымаралық түсінік және педагогикада кең қолданылады. Америка әлеуметтанушылары Т. Парсонс, Р. Мертон әлеуметтенуді тұлғаның әлеуметтік жүйемен толық интеграциялану процесі барысындағы бейімделуі деп түсіндіреді. Олар әлеуметтенуді «адаптация» түсінігі арқылы ашады.

«Адаптация» түсінігі биологиядағы негізгі түсініктердің бірі ретінде тірі организмнің қоршаған табиғи орта жағдайына бейімделуін білдіреді.

Адаптация түсінігі арқылы әлеуметтену адамның әлеуметтік ортаға ену процесі және оның мәдени, психологиялық, әлеуметтік факторларға бейімделуі деп қарастырылады.

Гуманистік психология өкілдері А. Маслоу, К. Роджерс, Г. Олпорт және т. б. әлеуметтену мәнін басқаша түсіндіреді. Олардың пікірінше, әлеуметтену адамдардың «Мен-Концепциясын» өздері жаңғырту, потенциалдары мен шығармашылық қабілеттерін өздері іске асыру процесі, оның өзіндік дамуына кедергі жасайтын ортаның негативті ықпалдарынан өту процесі.

Қоршаған орта

Әлеуметтену - үздіксіз өмір бойы жүретін процесс.

Әлеуметтену факторлары: (А. В. Мудрик бойынша)

- макрофактор: мемлекет, ел, қоғам, мәдениет;

- мезофактор: этнос, тұратын аймағы, тұратын жерінің түрі (тип поселения), бұқаралық қарым-қатынас құралдары;

- микрофактор: отбасы, микросоциуам (жақын қоршаған орта), тәрбие институттары, діни ұйымдар.

Slide 9

Тәрбиені мақсатты бағытталған және саналы бақыланатын әлеуметтену процесі деп айтуға болады. Тәрбие әлеуметтену процесін басқару механизмі болып табылады. Осыған байланысты тәрбиенің екі негізгі функцияларын атауға болады: 1) тұлғаға әсер ететін әлеуметтік, психологиялық және тағы басқа ықпалдарды реттеу, 2) тұлғаны дамыту мақсатымен әлеуметтену процесін жеделдетуге жағдай жасау.

Тұлға дамуындағы тәрбие ролі әртүрлі бағаланады. Біреулер қолайсыз орта мен жаман шыққан тегі жағдайында тәрбиенің ешқандай нәтижесі болмайды десе, екіншілер адам табиғатын өзгертудің бірден-бір жолы тәрбие деп түсіндіреді. Шын мәнінде тәрбие арқылы көп нәрсеге қол жеткізуге болады, бірақ адамды толық өзгерту мүмкін емес.

Тәрбие

9

Slide 10

10

Іс-әрекет төмендегі белгілер бойынша жіктеледі:

- психикалық процестер бойынша: сенсорлық, жігерлі, ойлау және т. б. ;

- құрылымы бойынша: іс-әрекет - әрекет -операция - қозғалыс;

- түрлері бойынша: танымдық, құндылық-бағыттылық, түрлендіру, қарым-қатынас, эстетикалық және дене.


Ұқсас жұмыстар
Тұлғаның қалыптасуы
Тұлғаның танымдық іс-әрекетін қарым – қатынас арқылы дамыту
Әлеуметтік әлемді түсінудегі әлеуметтану
ПСИХОЛОГИЯНЫҢ ӘДІСТЕРІ
Педагогика факультеті
Педагогикалық үрдістің қозғаушы күштері
Әлеуметтану - қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы ғылым
Акмеология дамуының негізгі сатылары
ТҰЛҒАНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫ
Психология пәнінің теориялық және методологиялық негізі, ғылыми негізі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz