Тәрбие бөлімдері


Slide 1

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

1

Тақырыбы: Мағжан Жұмабаевтың «Педагогика» еңбегіндегі тəрбиенің негізгі бағыттары

Орындаған: Білісбек Д. Қабылдаған: Икрамова А.

Slide 2

Мағжан Жұмабаевтың «Педагогика» еңбегіндегі тəрбиенің негізгі бағыттары

Slide 3

Жоспар:

3

М. Жүмабаевтың өмірбаяны

М. Жұмабаевтың «Педагогика» еңбегінің мазмұны мен маңызы

М. Жұмабаевтың «Педагогика» еңбегіндегі тəрбиенің негізгі бағыттары

Қорытынды.

Slide 4

4

Өмірбаяны

Мағжан Жұмабаев Бекенұлы - Мағжан (Әбілмағжан) Бекенұлы 1893 жылы 25 маусымда Солтүстік Қазақстан облысы, қазіргі Мағжан Жұмабай ауданы, Сасықкөл жағасында дүниеге келген.

Алаш қозғалысының қайраткері, ақын, қазақ әдебиетінің жарық жұлдызы. Мағжанның атасы - Жұмабай қажы. Әкесі Бекен саудамен айналысқан дәулетті адам болған. Анасының есімі - Гүлсім. Мағжан ауыл молдасынан сауатын ашып, 1905 - 1910 жылдары Қызылжардағы №1 мешіт жанында белгілі татар зиялысы, мұсылман халықтарының азаттығы жолында күрескен М. Бегишевтің ұйымдастыруымен ашылған медреседе оқыды. Медреседе Бегишевтен Шығыс халықтарының тарихынан дәріс алды, қазақ, татар әдебиеттерін, Фирдоуси, Сағди, Хафиз, Омар Һайям, Низами, Науаи секілді шығыс ақындарының дастандарын оқып үйренді. Баспадан 1909 жылы шыққан Абай өлеңдерін оқып, “Атақты ақын, сөзі алтын хакім Абайға” деген өлең жазды.

1910 - 1913 жылдары Уфа қаласындағы “Ғалия” медресесінде білім алды. Онда татар жазушысы Ғ. Ибрагимовтен дәріс алып, белгілі қайраткер С. Жантөринмен тығыз қарым-қатынас орнатады, болашақ көрнекті жазушы Б. Майлинмен танысады. Ибрагимовтің көмегімен 1912 жылы Қазан қаласындағы Кәрімовтер баспасында “Шолпан” атты тұңғыш өлеңдер жинағы басылып шығады. “Садақ” журналын шығаруға қатысады, оған өзінің өлеңдерін жариялайды.

Slide 5

5

Мағжан

Шығармашылығы

Мағжантану

Ақын тұңғыш өлеңінен бастап әлеуметтік тақырыпқа ден қойып, ағартушылық, ұлт-азаттық, демократияшыл бағытты ұстанды. Абай поэзиясының өшпес маңызын бірден танып, оны “хакім” деп атады, ұлы ақынның “мың жыл жұтса дәмі кетпес” сөзін жаңа жағдайда ілгері дамытты, Батыс пен Шығыстың рухани қазынасын сабақтастыру негізінде қазақ поэзиясын тақырып, түр мен мазмұн жағынан байытты. Мағжан ақын ел ішіндегі әлеуметтік мәселелерді көтерді (“Шын сорлы”), халқын өнер-білімге шақырды (“Ләззат қайда?”, “Жазғы таң”, “Өнер-білім қайтсе табылар”, “Балалық шақ”, “Қазағым”, “Қарағым”, “Осы күнгі күй”, “Мен сорлы”) . Бірқатар өлеңдерін махаббат тақырыбына арнады (“Жас келін], “Зарлы сұлу”, “Сүйгеніме”, “Алданған сұлу”) . Өз поэзиясының алғашқы қадамдарынан бастап ақтық демі біткенге дейін Мағжан Бекенұлы ұлт азаттық тақырыбын үзбей толғанды, оны өз поэзиясының өзегі етті. Бүкіл халықты тап, топқа жіктемей, Қазақ елін әлемдік мәдени жетістіктерге қол жеткізуге қандай күш кедергі деген сауал қойып, оған басты кедергі - отаршылдық деген шешімге келді.

Мағжан - философ ақын. Ақынның философиялық көзқарасы өз өлеңдерінде жақсылық пен жамандық, әділдік пен әділетсіздік тәрізді қарама-қайшылықты философиялық ұғымдарды шебер шендестіре білуінен байқалады. Ол дүниені біртұтас құбылыс ретінде алып, адамды сол ұлы табиғат, жаратылыстың бір туындысы, бөлшегі ретінде суреттейді. Табиғатсыз, жаратылыссыз адам жоқ. Ал табиғат адамсыз да күн көре береді. Бірақ сана оған бағынбайды, дене бағынса да сезім бағынбайды. Сондықтан ол бұлқынады, серпінеді, үстем болғысы келеді (“От”) . Құбылыстың мәнін кең көлемде, жалпыға бірдей қалыпта тани білуде ақын, ең алдымен, ненің болса да мән-мазмұнына үңіледі, әрдайым жалпы адамзатқа тән әуенге бой ұрады, табиғаттың өз заңына ғана бағынатын құбылыстардың ішкі құпия астарын ұғынғысы келеді. Мағжанның ойынша ақын деген болжап білмес жолға сапар шеккен пір, кейде жын, кейде бала, сол сапарда ол қиындықты қайыспай көтеретін, не дүниені тәрк етіп, бәрінен безінетін жан (“Қиял құлы мен бір ақын”)

Slide 6

6

“Педагогика” еңбегі

Ұзақ жылдар бойы «ұлтшылдық» әдебиетінің өкілі деген айып тағылып, жазықсыз жапа шеккен қазақ педагогикасының көрнекті қайраткерлерінің бірі Мағжан Жұмабаев құнды еңбектерінің авторы болуымен дараланған ірі тұлға. Қазақ педагогика ғылымынан ерекше орын алатын М. Жұмабаевтың «Педагогика» атты еңбегі алғаш рет 1922 жылы Орынбор қаласында жарық көрген. Коптеген практик мұғалімдердің сынынан өткен еңбегі туралы М. Жұмабаев былай дейді: «Тәрбие ғалымдарының пікірлерін таңдап алуға ұмтылдым. Шамам келгенше қазақ жанына қабыстыруға тырыстым».

Оқулықтың бірінші бөлімі педагогиканың жалпы мәселелеріне арналған. Онда дене тәрбиесі мен ақыл тәрбиесі, сұлулық тәрбиесі мен әдеп-құлық тәрбиесі ретінде төрт тұрғыдан сөз қозғалып, олардың бір-бірімен табиғи тамырластығы түсіндірілген. «Баланы тәрбиешінің дәл өзіндей қылып шығару емес, келешек заманына лайық қып шығару», -дейді М. Жұмабаев.

Ақынның сол кездегі ой-пікірін қазіргі заманның тәрбие мақсатының талабымен ұштастыруға болады. Оның туған халқының тәлім-тәрбиелік бай мұрасын игеру жөніндегі бағыт-бағдары да құптарлық.

«Ұлт тәрбиесі баяғыдан бері сыналып келе жатқан тақтақ жол болғандықтан, әрбір тәрбиеші сөз жоқ, ұлт тәрбиесімен таныс болуға тиіс.

Slide 7

7

Педагогикамен жақсы таныс болудың керектігі

Балаға тәрбие бергенде әрбір тәрбиешінің алдымен қолданатын жолы - өз тәжірибесі. Яғни бала күнде өзі қандай тәрбие алған, һәм баланы бұрын өзі қалай тәрбие қылған. Міне, осы жолмен жүреді. Әрине, бұл жолды тіпті қисық жол деуге болмайды. Қисық болу былай тұрсын, тәрбие туралы әрбір тәрбиешінің өз тәрбиесі - аса қымбат нәрсе. Адамның өз тәжірибесі - жүріп кеткен жолы. Ол жолдың жақсы-жаман жағы көз алдында сайрап тұр. Істегеннен көрген анық. Көргеннен бастан кешкен анық. Бірақ бұл әркімнің өз тәжірибесі қанша қымбат болғанмен, қатесіз жол деуге болмайды. Бір адамның тәжірибесі тым тар, тым бірбеткей тәжірибе. Тәрбиешінің өзіне қолайлы болған жол тәрбие қылатын балаға қолайлы болмасқа мүмкін. Тәрбиеден мақсұт - баланы тәрбиешінің дәл өзіндей қылып шығару емес. Келешек өз заманына лайық қылып шығару ғой. «Балаңды өзімдей бол деп үйретпе, өзімдей болма деп үйрет!» деген Әзірет Әлінің сөзінде көп шындық бар. Бұл - бір.

Екінші, әрбір тәрбиешінің қолданатын жолы - ұлт тәрбиесі. Әрбір ұлттың бала тәрбие қылуы туралы ескіден қалып келе жатқан жеке-жеке жолы бар. Ұлт тәрбиесі баяғыдан бері сыналып, көп буын қолданып келе жатқан тақтай жол болғандықтан, әрбір тәрбиеші, сөз жоқ, ұлт тәрбиесімен таныс болуға тиісті. Және әрбір ұлттың баласы өз ұлтының арасында, өз ұлты үшін қызмет қылатын болғандықтан, тәрбиеші баланы сол ұлт тәрбиесімен тәрбие қылуға міндетті. Бірақ, ұлт тәрбиесін, ұлттың тәрбие жолында ұстаған жолын түгелімен дұрыс деуге болмайды. Ұлт тәрбиесінің жақсылық жағы көп болған сықылды, жамандық жағы да көп. Талай нашар, зиянды әдеттер әрбір ұлт тәрбиесі ішінде толып жатыр. Баяғыдан бергі ұлт тәрбиесінің ішінде ұнамсыз, зиянды әдет, жол-жоралар толып жатқан ұлттың біреуі - біздің қазақ. Қысқасы, ұлт тәрбиесі қанша қадірлі, керек жол болғанмен, адастырмайтын дұрыс жол деуге бола бермейді.

Slide 8

8

Өз кітабында Мағжан қиялдың жасалу жолдарын көрсетеді:

Заттардың өздерін яки олардың бір мүшелерін зорайту яки күшейту.

2. Әр заттың түрлі мүшелерін алып қосу.

3. . Реті келгенде өздері де жиыла алатын көріністерді бір суретке жиюмен, түрлі адам мінездерін бір адамға жиюмен жасалатынын көрсетеді.

Мағжан психология пәніне өте кең орын беріп, барынша зер сала қарастырады. Оның жан қуаттары жайлы пікірлерінде дала өмірі мен қазақ қаламгерлерінің туындыларын, ұлттық психологиялық өзіндік бояу, нақышын нәзік шеберлікпен пайдалана білу тәсілі де құптарлық. Сыртқы сезімдерді көру, есту, иіскеу, тату, сипау, ет сезімі деп алты айырыммен анықтап алып, оларды дұрыс жетілдіру тәрбиесіне ерекше назар аударады. М. Жұмабаевтың пікірінше, «Бұл сезімдер сау һәм берік болуына, екінші бұл сезімдердің өткір, терең, дұрыс болуына ыждаһат қылу керек. Бұлардың біреулері жақсы, біреулері нашар тәрбие қылынса, жан тұрмысы да тегіс, бүтін болмақ емес». Әр сезімді психологиялық тұрғыдан қарастыра келіп, олардың әрқайсысына өзінше анықтама беріп, бұларды тәрбиелеуде ұлттық дәстүрлерге сүйену қажеттілігін айтады. Мәселен, есту сезімін дамыту үшін сәби жарық дүниеге келген күннен бастап оның есту сезімін дамытуда түрлі дыбыстардың мән-мәнісіне көңіл бөліп, бұл жерде бесік жырының тәрбиелік мәніне ерекше тоқталады. Жұмабаевтың адамның зейінін тәрбиелеу жөніндегі ой-пікірі де қазіргі кезде де маңызын жоғалтқан жоқ. Ол оқушылардың зейін дамуы үшін әсердің күшті, жеке, жаңа болуын, жаңа алынған білім мен ескі білімнің байланысуын және оның болашақ әсерге даярлану есебінде болуын талап ете отырып, оқу жүйесінің сабақтастығына мұқият зер салады. Адам зейінін ерікті, еріксіз, табанды, табансыз ішкі, сыртқы деп жіктейді. Бала абайының ерекшелігі мен жасына, тәрбиелеу жолдарына айрықша мән береді. Адам өміріндегі естің алатын орнын көрсете келіп, оны есту, көру, қозғалу есі деп жеке-жеке қарастырады. Естің адам жасына байланысты өзгерісі де өзекті мәлесе екендігін айта келіп, баланың есін дамыту жайлы баяндайды. Жұмабаев қиялды еріксіз және ерікті деп екіге бөледі.

Slide 9

9

Тәрбие бөлімдері

Дене тәрбиесі

Ақыл тәрбиесі

Сұлулық тәрбиесі

Егерде адам баласына осы төрт тәрбие тегіс берілсе, оның тәрбиесі түгел болғаны. Егерде ол жөпшенді ыстық, суық, аштық, жалаңаштық, сықылды тұрмыста жиі ұшырайтын көріністерді елемейтін мықты, берік денелі болса, түзу ойлайтын, дұрыс шешетін, дәл табатын дұрыс ақылды болса, сұлу сөз, нәзік үн, әдемі түрден ләззат алып, жаны толқынданарлық болса, жамандықтан жаны жиреніп, жақсылықты жаны тілеп тұратын құлықты болса, міне осындай болғанда адам баласының дұрыс тәрбие алып, шын адам болғандығы. Балам адам болсын деген ата-ана осы төрт тәрбиені дұрыс орындасын. Бала ауру не зағып болса, баладан емес, тәрбиешіден. Бала тар ойлы, ақымақ болса, бала кінәлі емес, тәрбиеші кінәлі. Бала сұлулықтан ләззат ала білмейтін мақау жанды болса, бала айыпты емес, тәрбиеші жазалы. «Бала істеген жауыздықтың жазасын тәрбиеші көтерсін» деген иран елінің мәтелі - шын дұрыс мәтел.

Һәм құлық тәрбиесі

Slide 10

10


Ұқсас жұмыстар
СТУДЕНТ, СЕНІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫҢ
Жоғары мектеп педагогикасы кәсіби мамандарды даярлау туралы ғылым
Балалар мен жасөспірімдерге гигиеналық тәрбие беру
Педагогикалық шеберлік
Педагогикалық кәсіп және оның қазіргі қоғамдағы рөлі
Оқулық-маңызды білім көзі және оқу құралы. Мектеп оқулығы және оның бөлімдері
Тәрбие процесінде өзін - өзі тәрбиелеу мен қайта тәрбиелеу
Жоғары жүйке әрекетінің типтерінің балаларда қалыптасуы
Жоғары мектеп педагогикасының жалпы негіздері
Мектепке дейінгі мекемелердегі негізгі құжаттамалар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz