Химия және биология кабинеттерінің жабдықталуы мен қауіпсіздік талаптары


Slide 1

Химия және биология пәні жабдықтары

Slide 2

Химия пәні жабдықтары

Әр оқу жылының басында білім алушыларды химия кабинеттеріне (зертханаларға) арналған техника қауіпсіздігі ережелерімен таныстыру қажет.

Лабораторияда: мұғалімнің жұмыс орнын ұйымдастыруға, білім алушылардың жұмыс орнын ұйымдастыруға, оқу құралдарын ұтымды орналастыруға және сақтауға, аппаратураларды қолдануды ұйымдастыруға арналған жиһаздар болуы тиіс.

Slide 3 Slide 4

Лаборанттық бөлмелерде: лаборант жұмысын ұйымдастыруға (демонстрациялық және оқу экспериментін дайындау), оқу құралдарын сақтауға (ең бастысы, химиялық реактивтерді), аппаратураларды сақтауға арналған жиһаздар болуы тиіс.

Мұғалімнің жұмыс орнын ұйымдастыруға арналған жиһаз: қоршалған екі секциядан (демонстрациялық және препараторлық) тұратын демонстрациялық химиялық үстел, препараторлық бөлімінде - жақтаулы; мұғалімге арналған үстел (L=800 мм), мұғалімге арналған орындық.

Slide 5

Химиялық экспериментке арналған жиһаз лаборант бөлмесінде орналастырылады: реактивтерге арналған сөресі бар препараторлық үстел; лабораториялық сорғыш шкаф (қабырғада) .

Кабинетте жұмыс қауіпсіздігі туралы нұсқаулықтар, плакаттар топтастырылған еңбек қауіпсіздігі мен қорғау бұрышын дайындау қажет.

Химия кабинетінде сабақтан тыс іс-шаралардан тек қана химиялық үйірме және химия бойынша факультатив сабақтары жүргізіледі. Химия

кабинеттерін басқа пәндердің және ұзартылған күн топтарының сабақтарына арналған сынып бөлмелері ретінде пайдалануға тыйым салынады.

Slide 6

Химия кабинетіндегі (лабораториясы) оқушыларға арналған үстелдер мен орындықтар СанЕжН талаптарына сәйкес келуі тиіс.

Химия кабинетін жарықтандыру СанЕжН талаптарына сәйкес келуі тиіс.

Slide 7

Химия кабинетіндегі (лабораториясы) өрт қауіпсіздігі оқу кабинетіндегі сабақтарды жүргізу кезіндегі электрқауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша Ережелерге сәйкес ұйымдастырылады.

Бастапқы контейнердегі барлық реактивтер лаборант бөлмесінде сақталуы тиіс.

Slide 8

Биология пәні жабдықтары

Биология кабинеті - табиғаттың тірі нысандарының (өсімдіктер мен жануарларға) бақылау, тәжірибе және демонстрациясының жағдайларын жасауды қамтамасыз етеді.

Биология кабинетінде мұғалім мен оқушылардың жұмыс орындары жиһазбен, су құбырымен, электр құралдарымен, қажетті құрал-жабдықтармен жабдықталуды талап етеді. Олардың сақталуы, температура режимі санитарлық-гигиеналық талаптарға сәйкес болуы тиіс.

Slide 9

3) баспа құралдары: плакаттар мен кестелердің жиынтығы, биологғалымдардың портреттері, графиктік кестелер, карталар, атластар,

аппликациялар, көлемді модельдер мен муляждар;

4) демонстрациялық және жалпы қолданыстағы аспаптар, оқу-практикалық құралдары: таразылар, көтергіш орындықтар, штативтер, фотосинтезге

арналған резервуарлар, оптикалық аспаптар (ұлғайтқыш әйнек, бинокль, микроскоптар), реактивтер, ыдыстар, лабораториялық құрал-жабдықтар, өсімдіктерді күтіп-баптауға арналған құралдар;

Slide 10 Slide 11

Лабораториялық жұмыстарға арналған оқу жабдықтары және құралдары лаборант бөлмесінде орналасқан секциялық шкафтарда сақталуы қажет.

Биология кабинетінде оқытудың аудио, көзбен шолу құралдарының алуантүрлілігімен қатар, табиғаттың жанды объектілерін бақылауда, тәжірибе жасауға, көрсетілімге қолайлы жағдай жасалуы тиіс.

Slide 12

Қорыта келсем, биология және химия бөлмесі Мемлекеттік «Білім» бағдарламасын, Қазақстан Мемлекетінің Білім туралы Заңын, жалпыға бірдей орта білім беру мемлекеттік стандартын жүзеге асыруға арналған.

Биология және химия оқу бөлмесінде өткізілетін сабақтар:

Оқушылардың ойлау қабілетін дамытуға;

Анықтамаларды қолдану дағдысы, оқылған тақырыпты жүйелеу және талдау дағдысын қалыптастыру;

Күнделікті өмірде алған білімдерін практикамен ұштастыра отырып, пән бойынша терең білім қалыптастыру;

Оқушылардың өзін - өзі басқару, өзіне баға беру, өз ісіне талдау жасай білу қабілетін дамыту;

Ұйымдастыру қабілеті жоғары тұлға тәрбиелеу;

Оқу бөлмесі демонстрациялау, зертханалык жұмыстар жүргізуге лайықталып оқу құрал - жабдықтарымен, жиһазбен, техникалық құралдармен, көрнекіліктерімен, оқу әдістемелік жинақтармен жабдықталады.

Оқу бөлмесі жабдықталуы оқушыларға рухани - танымдық және эстетикалық тәрбие беруге жағдайластырылған, сонымен катар биология кабинетінің санитарлық жағдайы да талапқа сай қалыптасқан.

Айырғыштарды өз қажеттілігіңе ғана қолдану керек.

Slide 13

Назар аударғаныңызға рақмет!


Ұқсас жұмыстар
Есептеу техникасы кабинетіндегі қауіпсіздік техникасының талаптары
Химия және биология пәндері бойынша ұпай жүйелі сұрақ-жауап викторинасы
Химиялық казино: химия және биология пәндері үшін интеллектуалдық ойын және сабақ жоспары
Дезинсекция: әдістері, инсектицидтер мен қауіпсіздік талаптары
Ветеринарлық зертханаларда техника мен биологиялық қауіпсіздік талаптары
Гүлдің құрылысы: химия-биология пәні бойынша теориялық және практикалық сабақ жоспары
7-сынып: Заттар мен олардың қасиеттері және химия кабинетіндегі қауіпсіздік техникасы (Практикалық жұмыс №1)
Мейірбикенің жұмыс орнындағы қауіпсіздік пен еңбек қорғау талаптары
Ауыл және орман шаруашылығы тракторлары, тіркемелері мен машиналарының қауіпсіздік талаптары
Радиациялық қауіпсіздік нормалары: тарихи негіздері, талаптары және дозалық шектер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz