Көру мүшесі



Тақырыбы: Анализаторлар туралы ғылым саласындағы сезім ағзаларының жалпы сипаттамасы. Рецепторлы жасушалар және рецепцияның механизмдері. Көздің қосымша аппараты. Дәм сезу ағзасы.
Орындаған: Шакирт Дария
Факультет: Стоматология
Топ: 102
Тексерген: Бекбосынова Л. Н.
СӨЖ
«Астана медицина университеті» КеАҚ
Гистология, цитология және эмбриология
кафедрасы

Жоспар:
Кіріспе
1. Анализаторлар туралы түсінік.
Негізгі бөлім
Сезім мүшелері
Орналасуы бойынша жіктелуі
Түрлері
Көру мүшесі
Дамуы
Құрылысы
Қызметі
Дәм сезу мүшесі
Дәм сезу мүшесінің дамуы
Құрылысы
Қорытынды

Кіріспе
Анализаторлар немесе сенсорлық жүйе - жүйке жүйесінің бір бөлігі. Анализаторлар бір-бірімен тығыз байланысты үш бөлімнен тұрады:
Организмге әсер ететін әртүрлі тітіркендіру рецепторлар қабылдайды, тітіркендірудің түріне қарай талғамалы жауап қайтарылады.
Шеткі бөлім - рецепторлар
Өткізгіш немесе аралық бөлім
Орталық бөлім

Мысалы, көз рецепторлары жарық тітіркендіруін, құлақ рецепторлары дыбыс тітіркендірулерін, тері рецепторлары механикалық, температуралық тітіркендірулерді қабылдайды және т. б. .
Осыған орай көру, есту иіс сезу, дәм сезу, сипап сезу мүшелеріне ажыратады. Дененің кез-келген жерінде орналасқан рецепторларды сезім мүшелеріне жатқызады. Мысалы, жиырылу мен созылуды қабылдайтын бұлшықет рецепторлары, қан қысымын және химиялық құрамын бейнелейтін қан тамырларының қабырғаларының рецепторлары

Анализаторлардың ортақ қасиеттері. Анализаторлардың әрқайсысының жеке-жеке қасиеттері мен қызметтері болады. Сонымен қатар, олардың ортақ, бәріне бірдей қасиеттері де бар:
1. Анализаторлардың рецепторлары өзіне ғана тән тітіркендіргіштердің әсерін қабылдайды. Ондай тітіркендіргіштерді адекватты (лат. адекватус - теңгерілген, лайықты, сай келетін) тітіркендіргіш деп атайды. Анализаторлардың рецепторлары адекватты тітіркендіргіштерге өте сезімтал болады.
2. Анализаторлардың рецепторлары тітіркендіргіштердің күші өзгергенде тітіркендіргіштің жаңа күшіне тез бейімделеді.
4. Бір анализатортың қызметі бұзылғанда қалғандары оның қызметін жартылай болса да өзіне алады. Мұндай жағдайда ауру анализатор пен сау анализаторлардың ми қыртысындағы нерв орталықтарының арасында тұрақты нервтік байланыстар (шартты рефлекстердің байланысы іспетті) пайда болады.
5. Анализаторлардың рецепторларының сезімталдығын жаттықтыру арқылы не күшейтіп, не төмендетуге болады. .
3. Анализаторлар бір-бірімен байланысты қызмет атқарады. Сондықтан бірінің қызметі күшейгенде, екіншісінің қызметі төмендейді және, керісінше, біреуінің қызметі нашарлаған кезде екіншісінің қызметі күшейеді.

Сезім мүшелерінің әрекеті объективті тұрғыдан алғанда олардың рецепторларында қозудың, субъективті тұрғыдан алғанда түйсіктің пайда болуынан байқалады. Түйсік пайда болу үшін қозу сезім мүшелерінен орталыққа тебетін жол арқылы орталық жүйке жүйесіне келуі керек. И. П. Павлов осының негізінде физиологияға анализаторлар ұғымын енгізді, бұл барлық анатомиялық түзінділердің жиынтығын білдіреді, түйсіктің пайда болуы анализаторлардың қызметіне байланысты.

Анализаторлар функциясы жөнінен өзара байланысқан, мынандай бөлімдерден тұрады: Шеткі бөлім жүйке ұштары рецепторлардан тұрады, ол тітіркендіргіштерді қабылдайды. Өткізгіш бөлім қозуды орталық жүйке жүйесіне өткізеді. Ми қыртысының ядролары анализаторлардың ең жоғарғы бөлімі болып табылады. Бұл бөлімде қозуға анализ жасалып, ол түйсік ретінде қабылданады.
Шеткі
Өткізгіш
Ми қыртысының тиісті аймағынан тұратын қыртысты бөлім

Сезім мүшелері - сыртқы қоршаған ортадан және ағзаның өзінің ішкі органдарынан келген ақпаратты алғашқы талдау жасайтын перефериялық арнайы анатоми-физиологиялық жүйе, сенсорлық жүйенің перефериялық бөлімі. Қоршаған ортадағы барлық мәліметтерді біз сезім мүшелерінің көмегімен аламыз.
Негізгі бөлім

Рецепторлар орналасуы бойынша 2 топқа бөлінген: Сезімнің физиологиялық негізі - тітіркендіргіштерді талғай біліп, ми қыртысы нейрондардарының қозуына байланысты жүзеге асады.
сыртқы - терінің сыртқы қабатында орналасып, сырттан келген тітіркенулерді қабылдайды. Мысалы, ыстық затқа қолы тиген адам қолын бірден тартып алады.
ішкі -ағзаның ішінде орналасып, тітіркенулерді ішкі мүшешелерден қабылдайды.

Ағзадағы сезім мүшелері сыртқы ортаның әртүрлі әсерлерін қабылдап, нақты бір жүйемен (кодирования) өңдейді де, оны нерв импульсіне айналдырып, өткізгіш жолдары арқылы ми қыртысына, қыртыс астына беріп, одан субъективті сезім түрінде жауап алады. Сонымен қоса, бұл жүйе ішкі және сыртқы ортаның анализаторлары болып, ағзаның белгілі бір жағдайларға бейімделуін де қамтамасыз етеді. Ағзадағы анализаторлар үш бөлікке бөлінеді. Олар шеткі(рецепторлы), аралық және орталық. Шеткі бөлігіне құрамында арнайы рецепторлы жасушалары бармүшелер жатады. Бұлар: механорецепторлар (есту, тепе-теңдік сақтау, тері- сипап сезу, барорецепторлар), хемореццепторлар (дәм сезу, иіс сезу, қан тамырлар құрамындағы интеррецепторлар), Фоторецепторлар (көздің торлы қабығы), жарықты қабылдаса, ал терморецепторлар (тері мен ішкі мүшелердегі), ауырғанды сезетін рецепторлар болып табылады. Аралық бөлігіне-көптеген қыстырма нейрондар тізбегі жатады(өткізгіш жолдар) . Орталыққа-сенсорлы жүйенің үлкен ми қыртысында орналасқан бөлігі жатады. Мұнда берілген информация өңделіп, оған жауап беріледі.

Адамда 5 сезім мүшелері бар, оларға:
Көру мүшесі - көз
Иіс сезу мүшесі
- мұрын
Есту мүшесі - құлақ
Дәм сезу мүшесі - тіл
Сипап сезу мүшесі - тері

Көз(Opthalmos oculos) - көру мүшесі, көру анализаторларының шеткі бөлігі, рецепторлы қызметін атқаратын көздің торлы қабығындағы нейрондар тізбесі. Дамуы. Көз ұрықтың әртүрлі жапырақшаларынан бастау алады. Көздің торлы қабығы мен көру нерві нерв түтігінен дамыса, көз бұршағы экстродермадан дамиды. Көз бокалын қоршаған мезенхимадан қан тамырлы қабық пен склера дамиды. Склераның алдыңғы бөлігі біртіндеп көп қабатты жалпақ эпителийге ауысып, көздің қасаң қабығына айналады. Көз бокалы ішіндегі мезенхима мен эмбриональді торлы қабықтан көздің шыны тәрізді денесі мен нұрлы қабығы дамиды. Көздің қарашығын(диаметрін) қысатын бұлшық еттері нейральді түрде дамып жетіледі.
Көру мүшесі

Көздің құрылысы. Адам сыртқы ортада болып жатқан түрлі ақпараттардың 80-90% астамын көзбен көріп біледі. Көздің құрылысы. Көз алмасы(bulbus oculus) үш қабықпен қоршалған. Сыртқы фиброзды қорғаныш қызметін атқаратын жне көз алмасының сыртқы бұлшық еттері бекінген қабығы. Бұл қабығының алдыңғы мөлдір бөлігі қасаң қабық болса, ал артқы бөлігі склера (ақ қабық) болып саналады. Ортаңғы қабығы ең негізгі зат алмасу процесінде маңызды ролі бар қан тамырлы қабық. Бұл қабық үш бөліктен тұрады: нұрлы қабық, цилиарлы дене және қан тамырлы - хориодей бөлігі(choriodea) .

Көздің тор қабығының фоторецепторларында көру жүйкесі арқылы миға - үлкен ми сыңарлары қыртысының көру аймағына берілетін жарықтың жүйке импульстеріне түрленуі жүреді: сол көзден оң жақ көру бөлігіне, ал оң көзден - сол жақ көру бөлігіне, яғни айқасып беріледі.
Көздің құрылысы: а) көздің құрылысы және қосымша аппараттары: 1 - қас; 2 - қабақ; 3 - ақ қабықша; 4 - нұрлы қабықша; 5 - көз қарашығы;
Көру анализаторының қызметі. Жарық көз алмасына қарашық арқылы түседі. Қарашық жарық сәулесін тоғыстау қызметін атқарады (фокустайды) . Көзбұршақ жарық сәулесін сындырады да, оларды шыны тәрізді дене арқылы аударылған күйінде көздің тор қабығына бағыттайды. Көзді қимылдататын бұлшық ет заттың кескіні көздің тор қабығына, сары даққа дәл түсетіндей етіп көз алмасын қозғайды.

Сыртқы қабықшасы - қалың, тығыз, дәнекер ұлпасынан тұратын ақ қабықша. Бұл қабықша көз алмасының артқы бөлігін қаптап тұрады. Ақ қабықшаның алдыңғы жағы мөлдір әрі дөңесқасаң қабықшаға айналады. Ақ қабықша көз алмасына пішін береді, қасаң қабықша жарық сәулесін өткізеді.
Ортаңғы қабықшасы - қантамырларына бай тамырлы қабықша. Бұл қабықшада қантамырлары көп болғандықтан көзді қоректік заттармен қамтамасыз етеді. Тамырлы қабықшаның алдыңғы жағы нұрлы (бояулары түрлі түсті) қабықшаға айналған. Нұрлы қабықшаның дәл ортасындағы тесік - көз қарашығыдеп аталады. Қарашық арқылы көздің ішіне жарық өтеді. Көз қарашығы бірде ұлғайып, бірде кішірейіп көзге жарықтың өтуін реттейді. Жарық мол түссе қарашық кішірейеді, аз түскенде ұлғаяды. Қарашықтың кішірейіп немесе ұлғаюы нұрлы қабықшада болатын бұлшықеттердің жиырылып босаңсуына байланысты.

Көрудің бұзылуы. Жас өскен сайын адамның көру қабілеті өзгереді. Көзбұршақ өзінің пішінін өзгерту қабілетін жоғалтады. Шыны тәрізді денедегі су азаяды да, көз алмасы қысқарады. Жарық сәулесінің сынуы көздің тор қабығының шегінен шығады. Мұндай жағдайда алысты көргіштік - қырақтылык (дальнозоркость) дамиды. Көрудің басқа кемістігі алыстан көрмеушілік - сығырлық. Бұл кезде көз алмасы ұзындау пішінді болып, сынған сәуле көздің тор қабығына жетпейді. Сығырлық ұзақ уақыт күш түсуден, дұрыс жарықтандырылмаудан дамиды. Сығырлық мектеп жасындағы балаларда дұрыс емес еңбек режімінен, жүріп бара жатқан көлікте немесе жатып кітап оқу салдарынан пайда болады. Көрудің мұндай кемістігі көз алмасының туа пайда болған ақауынан да туындауы мүмкін. Диоптриясы әр түрлі көзәйнек көмегімен сәуле сынуын көздің тор қабығына бағыттауға болады. Сонымен қатар окулистің кеңесімен бұл кемістікті емдеуге болады. Көзді закымданудан сақтау керек. Қасаң қабықтың бұлынғырлануы (ақ түсуі) немесе көрмеуі көздің зақымдануынан болады. Әр түрлі зақымдануға балалардың төбелесуі де себепші болады. Мектеп шеберханасында оқушылар қорғағыш көзәйнек киіп, қорғайтын қалқаны пайдалануы тиіс. Ағаш жаңқасын үрлеуге болмайды. Шаң-тозаңмен бірге ауру тудыратын микробтар көзге түсіп, әр түрлі ауру туғызуы мүмкін. Термиялық, сондай-ақ химиялық күйік те көз үшін қауіпті. Көзге темекі тарту, алкогольді сусын, едәуір күшті есірткі пайдалану өте зор зиянын тигізеді. Бұның салдарынан көру жүйкесі ауыр зақымданып, адам көрмей қалуы да мүмкін. Көздеріңді күтіп, сақтаңдар.

Дәм сезу мүшесі
Дәм сезу ағзасының-organum gustus («химиялық» сезімінің) -маңызы тамақтың сапасын айыруда. Ең алдымен дәм бүршіктері тері сезімі ағзаларынан бөлініп шықты. Содан кейін олар ауыз және мұрын қуыстарында (қосмекенділер) шоғырланып, ақырында ауыз қуысында жиналады (жорғалаушылар мен сүт қоректілер) .
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz