Жүрек тамырлар




Презентация қосу
«Астана медицина университеті» КеАҚ
Гистология, цитология және эмбриология
кафедрасы

СӨЖ
Тақырыбы: Жүрек қан тамырлар жүйесі. Даму көздері. Адамның жасына
және мамандығына байланысты тамырлар қабырғасының постнатальді
өзгерістері. Артериоловенулярлық анастомоздар. Лимфа тамырлары

Орындаған: Шакирт Дария
Факультет: Стоматология
Топ: 102
Тексерген: Бекбосынова Л
Жоспар:

■Кіріспе
■Негізгі бөлім
1. Жүрек
1. Дамуы
2. Құрылысы
3. Қызметі
2. Жүрек өткізгіш жүйесі
3. Лимфа тамырлары
4. Анастомоз
■Қорытынды
Қан айналу жүйесі - қанның қан
тамырларымен тоқтаусыз ағу қызметін
атқаратын жүйе. Қан айналу жүйесіне
кіреді:

Қан
Жүрек тамырлар
Жүрек — қан тамырлар жүйесіне жүрек қан және
лимфалык тамырлар жатады. Бұл жүйе организмде
қанның, қоректік және биологиялық белсенді
заттардың, газдардын және жылу энергиясының
таралуын қамтамасыз етеді.
Жүрек — қан тамырлар жүйесінің
жалпы мофофункциялық құрылысы.
• Жалпы кұрылысының архитектуралық принципі — жүрек — қан тамыр жүйесі
түтікшелі және жабық болады.
• Тамыр сұйықтығына қарап қан және лимфа тамырларын ажыратады.
• Қан тамырлары артериялар, микроцикуляторлы тамырлар және веналар болып
бөлінеді. Артериялар қанды жүректен тін мен мүшелерге жеткізеді. Веналар керісінше
қанды жүрекке құяды.
• Лимфалық жүйе веналарға қосымша жүйе болады, олардын кұрылысында ұксастық
бар.
• Тамырлардың кұрылысы гемодинамикамен, олардың қызметімен тығыз байланысты.
• Қан тамырларын әр түрлі тіндерден тұратын және өзінің жеке нервтік — трофикалык
аппараты бар мүше ретінде қарастыруға болады.
Сыртқы ортаның әр түрлі кұбылыстарына
байланысты организмнің тез өзгеріп, кайта
қалпына келуіне басқа мүшелерден гөрі
жүректің және қан айналу жолдарының көбі
қатынасатындығы ғылыми дәлелденген.
Организм қалыпты жағдайда болғанда жүрек
бір күшпен жиырылса, адам жұмыс істегенде.
Яғни қимылдаганда ол басқаша күшпен
жиырылады. Сау адамнын жүрегі қалыпты
жағдайда орта есеппен минутына 60 — 75 рет
жиырылады.
Дамуы
Жүрек ең алғаш 3 аптаның басында мезенхималық жасушалардың жұп
жиынтығы ретінде мезодерманың вицералдық жапырақшаларының
астында пайда болады. Мезенхимадық жасушалардан алғаш екі жұп
түтікше түзіледі. Кейіннен бұл түтікшелер қосылып эндокард түзеді.
Түтікшелерге таяу мезодерманың вицералды жапыракшалары орналасакан
Бұл жапырақшасының ішкі бөлігінен миокарт, ал сыртқы бөлігінен эпикард
дамиды.
Перикард мезодерманың париетальды жапыракшасынан дамиды. Миокард
жасушалары — кардиомиобластар бөлінеді, олардың көлемі ұлғайып және
2 айда әртүрлі бағыттағы миофибриллалар пайда болады. Миобластар
байланысқан жерден десмосомаға ұқсас кұрылым байқалады. Бұл кұрылым
кейіннен кірістірмелі дискіге ауысады.
2-ші айдың аяғында өткізуші жүйенің қалыптасу белгілері пайда болады. 4
— айда өткізуші жүйенің түгел бөлімдерінің пайда болуы аяқталады.
Құрылысы:
Жүрек қабырғасы үш қабықтан тұрады: эндокард, миокард, эпикард.
Эндокард
Ол жүректің ішкі қабаты. Олар жүрек камерасын ішінен, етті бүртіктерді, сіңір жіпшелерін және жүрек қақпақшаларын
астарлайды. Эндокард калындығы әр жерде әр түрлі. Ол жүректің сол жақ камерасында жуан. Онда келесі қабаттарды
ажыратады: 1) эндотелий, 2) субэндотелиалды қабат, 3) бұлшық етті — эластикалык қабат. 4) субэпикардиалды негіз.
1 - Эндокард
2 - Волокна Пуркинье
3 - Миокард
Миокард
Жүректің бұлшық етті қабығы көлденең
жолақты бұлшық ет жасушаларынан —
кардиомиоциттерден тұрады. Миокардтың
бұлшық етті элементтері арасында болбыр
талшықты дәнекер тіннің аралык қабаты,
нервтер, тамырлар орналасады.
Кардиомиоциттер жиырылғыш жүрек
миоциттері және өткізгіш жүрек миоциттері
болып екіге бөлінеді. Жүректің жиырылгыш
(жұмысшы) миоциттерінің пішіні тік бұрышты.
Олардың ұзындыктары 50 — 120 мкм. Жасуша
сарколеммамен қапталған.
Эпикард — жүректің сыртқы кабығы. Ол миокардпен
тыгыз өсуші дәнекер тінінің жұқа пластинкасынан
түзілген. Оның бос беті мезотелимен қапталған.

Эпикардтың дәнекер
тінінде коллаген
талшықтарының үстіңгі
қабатын, эластикалық
талшықтар қабатын,
терең коллагенді —
эластикалық қабаттарды
ажыратады.
Адамның жүрегі бұлшық еттен тұратын конус пішінді қуыс
мүше . Ол салмағына, жынысына қарай бөлектенеді: ерлердің
жүрегі (300 г) әйел жүрегінен (220 г) салмақтырақ. Жалпы
ұзындығы - 12-14 см, ең жалпақ жері- 10-11 см. Журек оң
және сол жақ бөлімдерден тұрады. Олардың әрқайсысында
екі-екіден қуыстары бар: жүрекше және қарынша деп
аталатын қуыстар. Жүректің оң жақ бөлігін сол жақ болігінен
қалың ерекше құрылымды жүрек еттері бөліп тұрады.
Қарынша мен жүрекшенің арасында сол жағында қос
жаппалы және оң жағында үш жаппалы қақпақшалары
(клапандары) болады. Сол жақ жүрекшеден денедегі ең үлкен
қолқа тамыры, ал сол жақ жүрекшеден өкпе артериясы
басталады. Жүрекшелер мен қолқа және өкпе
артерияларының арасында жарты ай іспетті қақпақшалары
(клапандары) бар.
Жүректің қызметі мен оның
жас ерекшеліктері.
Жүрек еті ырғақты жиырылады: жүрек қуыстары
кезекпен жиырылып, босайды, содан соң толық
демалыста болады. Жүрек етінің жиырылуын
систола, босауын диастола, демалуын пауза деп
атайды. Жүректің бір рет жиырылып және босап,
демалуын жүрек циклы деп атайды. Орта есеппен
алғанда ересек адамның жүрегі 1 минөтте 70-75
рет жиырылады, яғни бүкіл цикл 0,8 с. Жаңа туған
сәбидің жүрегінің соғу жиілігі 1 минутта 120-168
рет.
Жүрек қызметі.
Жүректің жиырылуы оның бұлшықетінде периодты түрде пайда болатын
қозу үрдістерінің салдарынан болады. Жүректегі қозу онда жүріп жатқан
үрдістердің әсерінен периодты түрде пайда болады. Осы құбылыс автоматия деген
атқа ие болды.
Миофибрилдары аз, эмбрионды бұлшықетті тінге ұқсас және саркоплазмаға
бай айрықша (атипті) бұлшықетті тіннен тұратын миокардтың белгілі бір бөліктері
автоматияға қабілетті.
Айрықша бұлшықет жүректе жүрекшелер қабырғасында қуысты
көктамырдың аузының тұсында орналасқан синусты- жүрекшелі (синоатриалды)
түйіншектен (жүректің ырғағын басқарушы) және оң жақ жүрекшенің төменгі
үштен бір бөлігі мен қарыншааралық пердеде орналасқан жүрекше- қарыншалар
(атриовентрикулярлы) түйіншегінен тұратын өткізгіштік жүйені құрайды. Осы
түйіншектен жүрекше- қарынша шоғыры (Гис шоғыры) басталады. Жүрек
басының бөлігінде жүрекше- қарынша шоғырының аяқтары (ұштары) жоғары
қарай иіліп, қарыншалардың жұмысшы (жиырылғышты) миокардіне батырылған
өткізгіш миоциттер тізбегіне (Пуркинье талшықтары) ауысады
Жүректің өткізгіш жүйесі
Қойнау-жүрекше түйіні (синусно-предсердный узел);
(nodus sinoatrialis, лат. nodus — түйін, sinus — қойнау,
atrium — жүрекше) — жүректің өткізгіш жүйесін құрауға
қатысады. Ол жүректің оң құлақшасы мен алдыңғы
(адамда жоғарғы) қуыс вена аралығындағы шекаралық
сай тұсында орналасады. Қойнау-жүрекше түйіні
жүректің өткізгіш кардиомиоциттерінен тұрады. Олардың
цитоплазмасында миожіпшелер тым аз болады, ал
диаметрі жиырылғыш кардиомиоциттердің диаметріне
қарағанда 2-3 есе жуандау келеді.
Лимфа қылтамырлары лимфа тамырларына бірігеді, оның ішкі бетінде
қақпақшалары бар. Ол қақпақшалар лимфа сұйықтығының бір бағытка (жүрекке)
қарай ағуын қамтамасыз етеді. Екі ірі лимфа тамырлары жүректің қасындағы үлкен
қанайналу шеңберінің ірі вена қантамырларына қосылады. Лимфа сұйықтығы вена
канымен араласып, жүректің оң жақ жүрекшесіне құйылады.
Анастомоз (гр. άναστομωσις — анастомоз, жалғама)- адам мен жануарлар
организмдері мүшелері мен жүректі тікелей байланыстыратын негізгі
(магистральды) қан тамырларының бүйірлік тармақтарының магистральды
тамырлардан шеткей жатқан өзара жалғасы. Жалғама — құрылысы мен жалғану
сипатына байланысты артерия доғалары, артерия торлары, ғажап торлар,
тамырлар тораптары, артериола-венулалық жалғама болып бірнеше түрге
бөлінеді. Артерия доғалары — бір мүшені қоректендіретін бірнеше
артериолаларды өзара доға тәрізді біріктіреді. Қан тамырлары соңғы
тармақтарының өзара байланысып торлануын артерия торлары деп атайды. Ал екі
артерия немесе вена тамырлары аралығындағы қылтамырлар (капиллярлар) торын
"ғажап тор" дейді. Ғажап торлар бауырда (вена капиллярларының торы) және
бүйректе (артерия капиллярларының торы) кездеседі. Дене мүшелерінің әртүрлі
жазықтық деңгейінде орналасқан қан тамырларының байланысып жалғасуынан —
тамырлар тораптары түзіледі. Артериолалар мен венулалардың қылтамырларға
тарамдалмай, тікелей өзара байланысуынан артериола-венулалық жалғама пайда
болады. Анастомоз — негізінен қозғалмалы ағзаларда (қарын, ішек т.б.), аяқтар
буындарында, түлғада жақсы байқалады. Анастомоз денедегі қан қысымын
реттеумен қатар, айналма тармақтар түзіп, мүшелердің қанмен толық деңгейде
жабдықталуын қамтамасыз етеді.
Қорытынды:
''Жүрек'' - көкірек қуысында орналасқан қан айналу жүйесінің орталык мүшесі. Жүрек еті, қаңқа еттері
сияқты, көлденең жолақ ет талшықтарынан құралады. Бірақ қаңка еттерімен салыстырғанда, оның
морфологиялык және физиологиялық ерекшеліктері бар. Калың ет пердесі оны оң және сол бөлімге бөледі.
Көлденең пердемен жүрек жүрекше мен карыншаға бөлінеді. Сонымен, омыртқалы жануарларда жүрек төрт
камерадан: екі жүрекшеден және екі қарыншадан тұрады. Жүрекшелер мен қарыншалар арнаулы тесік
аркылы қосылады да, бұл жерде жармалы какпақшалар тек карынша бағытында ашылып, қанды жүрекшеден
қарыншаға өткізеді. Қарыншалар жарылған кезде бұл қақпақшалар жабылады да, канның кері —
жүрекшелерге өтуіне мүмкіндік бермейді. Жүректен кіші және үлкен шенберлердің басталар жерінде (өкпе
артериясы мен қолқаның басталар жерінде) тек тамырлар бағытында ғана ашылатын жарты айшық
какпақшалар болады. Жүрек босаңсыған кезде бүл какпақшалар жазылып, тесіюі жабады да, канның кері
карыншага отуіне бөгет жасайды. Сонымен, кдқпакшалардың арқасында кан жүректен тек бір ғана бағытқа
— вена тамырларынан жүрекшелерге, жүрекшелерден қарыншаларға, ал қарыншалардан артерияларга өтеді.
■ Қан тамырлары
Сүткоректілердің жүрегі өзара тек қан тамырлары аркылы ғана байланысатын оң және сол бөліктерден
тұрады. Оң жүрекше бүкіл денеден вена қанын кабылдап, оны оң қарыншаға айдайды. Өкпеде қан көмір
қышкыл газын өкпе көпіршіктеріне (альвеолаларға) бөліп, оттегімен қанығады да, артерия қанына айналып,
өкпе венасы арқылы сол жүрекшеге келіп құяды. Қан айналу жүйесінің оң қарыншадан өкпе артериясымен
басталып, сол жүрекшеде өкпе венасымен аяқталған бөлігін «қан айналудың кіші шеңбері» деп, ал, қан
айналу жүйесінің сол қарыншадан қолқамен басталып, оң жүрекшеде екі қуыс венамен аяқталған бөлігін
«үлкен қан айналу шеңбері» деп атайды.
Қолданылған әдебиеттер:

• С.А.Ажаев, Гистология
• https://kk.wikipedia.org/wiki/Лимфа_жүйесі
• https://ppt-online.org/130214
• https://nsau.edu.ru/images/vetfac/images/ebooks/histology/
histology/r7/p-19.html
• https://kazmedic.org/archives/5020
• https://kk.wikipedia.org/wiki/Анастомоз

Ұқсас жұмыстар
Жүрек қан-тамырлар жүйесінің аурулары
Жүрек-қан тамырлары жүйесінің аурулары және олардың алдын алу
Қан тамырларының зақымдануы
Жұқпалы емес ішкі аурулар
Қан айналым шеңбері
Жүрек қан тамырлар жүйесі ауруларында
Жүрек пен қан тамырлар жүйесі
Адам қан тамырлары
ЖУРЕК - ҚАН ТАМЫРЛАР БИОФИЗИКАСЫ
Қан тамырлары
Пәндер