Астанаға көшіру




Презентация қосу
Астананы
Алматыдан
Астанаға көшіру

Орындаған: Нағызхан Т.Н
Қазақстанның астаналары

қала мемлекеті мезгілі
Суяб Батыс түрік қағанаты 603-659
Баласағұн Қарахан мемлекеті 942-1213
Қойлық Қарлұқ қағанаты 756-940
Янгикент Оғыз мемлекеті 756-955
Сығанақ Қыпшақ хандығы 955-1219
Ақорда мемлекеті 1227-1428
Әбілқайыр мемлекеті,
1446 ж. бастап ХVІІ ғ. дейін
кейін Қазақ хандығы
Қазақ хандығының саяси
Түркістан
және рухани астанасы
Алаш-қала Алаш-Орда 1917-1920жж.
Орынбор 1920-1925 жж.
Қызылорда 1926-1929 жж.
ҚазКСР,
Алматы кейін Қазақстан 1929-1997 жж.
Респубикасы
1997 ж. 10 желтоқсаннан
Астана Қазақстан Республикасы
бастап
• 1991 жылы Қазақстан тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін
астананы елдің оңтүстік-шығысынан республиканың орталығы
бөлігіне көшіру мәселесі көтерілді. Қазақстан
Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы
Назарбаевтың тапсырмасы бойынша мемлекеттің жаңа
астанасын орналастыруға оңтайлы қаланы анықтау
мақсатымен республиканың бүкіл аумағы мұқият зерттелді.
Талдау қорытындылары барлық нұсқалардың ішінен ең
қолайлысы Ақмола қаласы екендігін көрсетті
• 1998 жылдың 6 мамырында Қазақстан Республикасының
Президентінің Қаулысы бойынша, Ақмола атауы Астана болып
өзгерді. Астана қаласының қазақ елінің жаңа астанасы ретінде
халықаралық таныстырылымы 1998 жылы 10 маусымында өтті.

Астана күні 6 шілде күні аталып өтіледі. Өйткені дәл осы күні
Қазақстан Республикасының Жоғары Кеңесі астананы
Алматыдан Ақмола ауыстыру туралы шешім қабылдаған
болатын. Бұл күн мемлекеттік мереке болып саналады.
• Елбасымыз жаңа астананы таңдауды 32 өлшем бойынша жүрізген
еді. Соның ішінде аса маңыздылары: әлеуметтік-экономикалық
көрсеткіштер, климат, ландшафт, сейсмологиялық жағдай,
қор¬шаған орта, инженерлік және көліктік инфрақұрылымның
болуы, оның болашағы, коммуникациялар, құрылыс кешені және
еңбек ресурстарының болуы. Ал сол барлық өлшемінің негізінде
тәуелсіз Қазақстанның әкімшілік және саяси орталығын Ақмола
қаласына орналастыру нұсқасы мейлінше оңтайлы болып шыққан
еді. Бүгінде бұл шешiмнiң дұрыс болғандығына ешкiм де күмән
келтiрiп, дауласпайды.

Мемлекет басшысы өзінің «Еуразия жүрегінде» атты кітабында
жазуынша, бұл бiрiншiден, Қазақстанды геосаяси жоспар тұрғысынан
нығайту үшiн қажет едi. Астана Еуропа мен Азияның шектескен
тұсында, яғни Еуразия құрлығының қақ ортасында, мұхиттардан
бiрдей қашықтықта орналасқан. Еуропалық және азиялық
дәстүрлердi бойына тоғыстырған бұл қала Батыс пен Шығысқа да,
Оңтүстiк пен Солтүстiкке де ашық бола алады
• Екiншiден, бұл шешiмде қауiпсiздiк мәселесi де елеулi рөл атқарды. Тәуелсiз
елдiң астанасы сыртқы шекаралардан мейлiнше қашық және елдiң
орталығында болуы тиiс едi.
• Үшiншiден, астананы өзгерту Қазақстан экономикасын сауықтыру үшiн де
қажет болды. «Төртiншiден, Астананы құрамы жағынан көп ұлтты өңiрге
көшiре отырып, бiз тұрақты саяси-этностық мемлекет құру, Қазақстанды
мекендеген этностар арасындағы достықты сақтау мен байыту, дiндер мен
конфессиялардың қақтығыссыз тату өмiр сүруiн қамтамасыз ету жөнiдегi
бағытымызға адал екенiмiздi тағы бiр дәлелдедiк», - деп жазады Елбасы
аталған кітабында.
• Жалпы, Қазақстан көшбасшысына елордамызды Алматыдан Ақмолаға
көшіру идеясы тосыннан келмеген еді. Оны Елбасымыз өзінің
жоғарыда аталған кітабында жан-жақты жазған болатын. Ол
жайында Мемлекет басшысы «Еуразия жүрегінде» атты кітабында
былай еске түсіреді: «Баяғы бір уақытта Қазақстан Компартиясы
Орталы комитетінің бірінші хатшысы кезімде менің қолыма академик
Қаныш Сәтбаевтың баянхатының түскені бар. Ол анау-мынау емес,
Қазақ КСР-нің астанасын Қазақстанның географиялық орталығы
Қарағандығы не Целиноградқа көшіруді ұсыныпты. Ардақты ғалым,
ардагер қайраткер өз дәлелдерінің бірі ретінде осындай байтақ
республиканың астанасы елдің әлдебір түкпірінде болмауы тиістігін
келтірген. Оның үстіне арадағы қарым-қатынас сол уақытта нашарлап
тұрған Қытай Халық Республикасымен шекара да тым іргеде. Есімде
қалған: осы елеулі мәні бар баянхат Мәскеуге жіберілген екен. Мұндай
мәселелер Мәскеусіз шешілмек түгілі, қолға да алынбайтын еді ғой.
Мәскеу: «Басқа істейтін істерің жоқ па?», - деп, келте кесіпті».

• Тоқ етерін айтқанда, біз 6 шілде күні елорданың 16 жылдығымен
қатар астананы Ақмолаға көшіру туралы тарихи шешімнің
қабылданғанына 20 жыл толуын да атап өтеміз. Ендеше, бүгінде қазақ
елінің елордасы болуымен қатар халықаралық алқалы жиындардың да
ордасына айналған Астанамыздың мерейі тасып, беделі асқақтай
берсін деп тілейік!

Ұқсас жұмыстар
Тәуемсіз Қазақстаның саяси құрылымы
Қазақстанның тұңғы президенті
ҚАЗАҚСТАН - ФРОНТ АРСЕНАЛЫ
Тәуелсіздік таңы
Президентінің 1998 жылғы
Ауа райы болжамы
Астана – болашақтың қаласы
Көшіру жұмыстары
Бәрін білгім келеді
Объектіні дискетке көшіру
Пәндер