Компанияны осы тәжірибесі қағидаларды басшылыққа болуы


Slide 1

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті

Экономика және құқық факультеті

Дайындаған: Ш. Жөкеш

Тексерген: Ж. Аймаганбетова

Желілік маркетинг (МЛМ)

(Multіlevel marketіng - көпдеңгейлі маркетинг)

Slide 2

Желілік маркетинг (немесе көп деңгейлі маркетинг; ағылш. multilevel marketing, MLM) компаниялардың өз тауарлары немесе қызметтерін өткізу мүмкіншіліктері белгілі бір бөлігін басқаларға, яғни дистрибьюторларға беруге негізделген тұжырымдама, жүйе.

Slide 3

Желілік маркетингтің стратегиясын Coca - Cola, Colgate, Gilette, Visa, Lipton, Ford, Canon, Sharp, Xerox сияқты компаниялары да қолданған. Осы орайда, желілік маркетингтің шығу тарихының қысқаша нұсқасын ұсынып кеткенді жөн көрдім. Бұл өте қызық, толығырақ мына жерден оқи аласыз Your text to link. . . Негізін қалаған Карл Ренборг деген американдық. Химия ғылымының докторы өзінің өнімдерін жасағаннан кейін оны сату жолдарын қарастырады. Ол өз достарына және туыстарына өзінің өнімін ұсына отырып «достарыңзға бұл өнімді ұсыныңыздар, олар өнімді сатып алғаннан кейін сол табыстан сіздерге комиссиялық ақша төлеймін» дейді. Бұл жүйені ол «ұсыну маркетингі» деп атайды. Кейіннен бұл «көпдеңгейлі маркетинг», «желілік маркетинг» деп айтылып кетті.

Slide 4

Желілік маркетингте бір жұмысты атқара журіп айына бірнеше кірістің түріне қол жеткізуге болады. Олар:

Slide 5

Желілік маркетингтің арттықшылықтары:

Slide 6

Компания таңдаудағы басты қағидалар:

Slide 7

Сіздің басыңыздан мынадай оқиға өтті ме? Сіз дүкенге барып бір затты алғыңыз келді, ал ол жерде дәл сіз алатын заттың түр-түрі самсап тұр. Сіздің ойыңызға сол заттың жарнамасы да орала кетті. Көп тауар, фирмалары ғана әртүрлі, бірақ солардың ішіненде біреуін таңдап алғыңыз келіп тұр. Осы сәтте сіздің жаныңызға сырт келбеті тартымды кісі келді де бир фирманың тауарын алды. Ал сіз сұрадыңыз: «Сіз қолданып көрдіңіз бе?» Ол кісі «Иә, менің қолданып жүргеніме көп болды, осы тауар маған да, жанұяма да өте ұнайды» деп жауап бергені сол-ақ екен сіз ол кісі кеткеннен соң сенімді түрде сол фирманың тауарын алдыңыз. Теледидардағы, жан-жағыңыздағы жарнамаға қарамастан таңдауыңыз сол тауарға түсті. Неге? Оның себебі - алдыңызда тұрған адамның аузынан естіген тауарға берген жақсы сипаттамасы. Сіз тауардың жарнамасына да, сыртқы әдемі орамына да қарамдыңыз, Сіз көз алдыңызда тұрған адамның сенімді түрде айтқан сөзіне сендіңіз. Міне желілік маркетинг осы жүйеге негізделіп жасалған. Яғни мұндағы негізігі фактор адамдар арсындағы бір-біріне деген сенім, адемгершілік.

Slide 8

Дәстүрлі бизнесте өндіруші компания тауарды ірі көтерме сауда кәсіпорнына, ал, олар орташсына, олар одан ұсақтарына сатады. Соңғы кезеңінде тауар көтерме сауда фирмасынан дүкендерге түседі - бұл жер өнім мен ықтимал тұтынушының кезедсетін орны деуге болады. Мұнымен әлі іс бітпейді. Әлеуетті (ықтимал) тұтынушы нақты тұтынушыға айналу үшін, жарнаманың барлық түрлерін қолдану керек. Ол өнімнің әдемі орамынан бастап, телевизиялық жарнамаға дейін болуы мүмкін. Қазіргі уақыта өндірушінің өз тауарын жарнамасыз жылжытуға еш мүмкіндігі жоқ. Осылайша өнімді өндіруші мен тұтынуша арсында көтерме және бөлшек сауда фирмалар тізбегін көреміз. Бұл тізбектің әрбір бөлігінен өткен сайын тауар бағасы қымбаттай түседі, оған жарнаманы қосыңыз. Осының бәріне кеткен шығын тіпті өнімнің өзіндік құнының жартысынан көп болып кетеді. Осындай шығын көлемін қалай қысқартуға болады. Осы мәселе желілік маркетингте өз шешімін тапты. Өндіруші кәсіпорын делдал фирмалар мен жарнаманың орнына дистрибьюторларды шақырады, олар ешқандай көтерме, бөлшек саудасыз, дүкенсіз тікелей тұтынушыға барып өнімді сата береді. Компаниядан не делдал фирмаға, не жарнамаға шығын шықпайды, тек дистрибьюторларға сатылымнан түскен кірістің белгілі бір пайызын төлейді.

Slide 9

Қазірі кезде 4000 мыңнан аса компания әлемнің 125 елінде жұмыс істейді. Әлемдік желілік бизнестің жылдық тауарайналымы шамамаен 150-300млрд долл. құрайды. Бұл компанияларда 100 миллионнан аса адамдар жұмыс істейді.

Slide 10

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!


Ұқсас жұмыстар
БАСҚАРУ СТИЛІ АҚШ ЖАПОНИЯ
Психология бойынша оқу міндеттерінің таксономиясы
Менеджмент эволюциясы
Компанияның қаржысы
Қаржы конгломераты
Тәрбие принциптері және заңдылықтары
Оқушылардың сын турғысынан ойлауның негізгі ерекшіліктері
Холдинг
Холдингтік компания
Ұйымдасқан қылмыстылықтың алдын алу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz