Асқорытуды реттеу
Презентация қосу
ҚАЗАҚ МЕЛЕКЕТТІК ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Асқорытуды реттеу.
Витаминдер
Орындаған: Барлыбекова. Ж. Б
Тексерген: Абдукадирова. Ж. А
2020-2021 оқу жылы
Ас қорыту жүйесінің маңызы
• Заттардың алмасуы үшін организм құрамында күрделі
органикалық заттар - белок, май, көмірсу және минералды
тұздар мен витаминдер, су бар қоректік заттарды үнемі
қабылдап отыру керек.
• Бірақ органикалық заттар ағзаға түскеннен кейін қорытылып,
дененің ұлпаларын жасауға қажетті қарапайым заттарға
бөлінеді. Астың қорытылуы деп олардың физикалық және
химиялық процестерге ұшырап, мономер түрінде қан мен
лимфаға сіңуін айтады. Органикалық заттардың ағзада
ыдырауы (қорытылуы) ферменттер арқылы іске асады.
Ас қорыту жүйесі
Асқорыту мүшелері Асқорыту бездері
Асқорыту мүшелері - ауыз Асқорыту бездеріне үш жұп
қуысы, жұтқыншақ, өңеш, сілекей бездері, бауыр және
ас қазан, ащы ішек (үшке қарын асты (немесе ұйқы) безі
бөлінеді – ұлтабар немесе жатады.
он екі елі ішек, аш және
мықын ішек), тоқ ішек
Асқорыту мүшелері
Асқорыту мүшелері - ауыз қуысы,
жұтқыншақ, өңеш, ас қазан, ащы ішек
(үшке бөлінеді – ұлтабар немесе он екі
елі ішек, аш және мықын ішек), тоқ
ішек жатады.
Асты қорыту «конвейер негізінде»
жүреді: ас қорыту жолдарының әр
бөлігінде жеген тамақтың біразы ғана
қорытылады.
Асқорыту мүшелеріне Ауыз қуысы ұрт, қатты
және жұмсақ таңдай тіл. Ұрттың сыртын
бұлшық етпен ерін жауып тұрады. Ішкі
жағында қызыл иекпен тістер орналасқан.
Ауыз қуысының алдыңғы жағында жақсүйек
тістер, артқы жағында аңқа мен көмкерілген.
Қатты таңдай ауыз қуысын мұрын қуысынан
бөліп тұрады. Жұмсақ таңдай артқы бөлімі
жіңішкеріп ұзарып бөбешікпен аяқталады.
Ауыз қуысына сілекей бездерінің өзектері
ашылады. Тағам алдымен ауыз қуысында
шайналып, сілекеймен араласып жұтылады.
Ауыз қуысында тіл орналасқан.Ол көлденең
жолақты, бұлшық ет ортасынан тұрады.
Жұтқыншақ түтік пішінді іші қуыс
бұлшықетті мүше.Онда ас қорыту
және тыныс алу жолдары
қиылысады.Жұтқыншақ мойын
омыртқасының алдыңғы жағында
орналасқан ұзындығы 11-13см.
Өңеш ұзындығы 25см іші қуыс бұлшық етті
мүше. Жоғарғы бөлігі жұтқыншақтың
төменгі бөлігі асқазанмен жалғанған.
Өңешті астарлап жатқан кілегейлі көп
қабатты эпитилимен қапталған. Өңештің
ортаңғы бұлшық еті бірыңғай салалы
бұлшық ет ұлпасынан тұрады. Осы бұлшық
ет оқтын-оқтын жиырылу нәтижесінде
тағам асқазанға түседі. Өңеш көк еттің
ортасындағы тесіктен өтіп құрсақ
қуысындағы асқазанмен (қарынмен
жалғасады).
Асқазан (қарын) - іші қуыс қалың бұлшық ет мүше.
Жоғарғы жағы өңештен, төменгі жағы аш ішектен
басталады. Асқазанның ішкі жағын астарлап
жатқан қатпарлы кілегейлі шырышты қабық оның
көлемін үлкейтеді. Асқазанның қабырғасында
бірыңғай салалы бұлшық ет талшықтары 3 түрлі
бағытта орналасқан. Ішкі қабаты қиғаш,
ортаңғысы сақина тәрізді, сыртқысы ұзынан
орналасқан.Асқазанның қатпарлы кілегейлі өте
ұсақ бездер бар. Бұл бездерден қарын сөлі
бөлінеді.Асқазанның өңешпен және ұлтабармен
байланысқан жерінде сақина тәрізді бұлшықеттер
бар.
Аш ішек - ұзындығы 5-6м асқазан мен
тоқ ішекті жалғастырады.Аш ішектің
асқазаннан басталған жері 25-30см дей
ұлтабар (он екі елі ішек) деп аталады.
Ұлтабар бауырдан келетін өт қабынан
өзегі және ұйқы безінің өзегіне
ашылады.
Аш ішектің кілегейлі қабырғасында
тұйық өскін түріндегі бүрлер өте көп
болады. Мұндай бүрлер тек аш ішекке
ғана тән. Бұл бүр ішектің сіңіру бетін
ұлғайтады. Аш ішекті бұлшық ет
талшықтары оқтын-оқтын толқын тәрізді
жиырылып, босаңсып тұрады. Жеген
тамақ ішектің ішімен алға жылжиды.
Тоқ ішек - ұзындығы 1,5-2м ашіктен екі еседей жуан. Тоқ ішектің аш ішектен басталған жері соқырішек
деп аталады. Ол оң жақ мықымда орналасқан. Құрт пішінді тұйық өскін ол лимфа жүйесіне жатады.
Оның қабынуынан болатын ауру соқырішек (аппендицит) деп аталады. Тоқ ішектің соңғы бөлімі – тік
ішек. Тоқ ішектің сыртында май қабаты қалың болады. Тоқ ішекте су қайтадан денеге сіңірледі де
нәжіс қалыптасады. Тоқ ішекте өте көп бактерилар (әсіресе ішек таяқшалары) болады. Бұл
бактериялар өсімдік жасұнықтарын ыдыратады. Кейбір витамендерді синтездейді. Зиянды
микробтардан қорғап тамақтың дұрыс қорытылуын қамтамасыз етеді. Дәріні қалай болса солай
пайдалану ішектегі пайдалы бактерияларға зиянды әсер етеді. Сондықтан дәрі-дәрмекті тек
дәрігердің кеңесі бойынша пайдалану керек.
Ұйқы безі – ұзындығы 10-12 см,
асқазанның астыңғы жағында екінші
бел омыртқасының деңгейінде
орналасқан. Салмағы 60-80 г. Сілтілік
реакция көрсететін ұйқы безі сөлі
асқорытуда маңызды рөл атқарады.
Бездің негізгі сөл шығару өзегі
ұлтабарға ашылады. Асқорыту
қызметінен басқа ұйқы безі ішкі
секрециялық қызметін де атқарады.
Онда безді жасушалардың ерекше
шоғырлары – аралшықтар болады.
Олардан бөлінетін секрет (гормон)
Бауыр алдымен ұлпа сұйықтығына, содан
кейін қанға өтеді.
Бауыр – қоңырқай түсті ең ірі без, массасы, шамамен, 1500 г. Оның үлкендеу келген оң жақ
бөлігі құрсақ қуысының оң жағында көкеттің астында, қабырғаға жақын орналасады. Бауыр –
күрделі түтікшелі без. Ол көптеген қызмет атқарады. Бауырдың негізгі қызметі – өт бөліп шығару.
Бауырда үздіксіз түзілетін өттің біразы өт қабына жиналады. Алмұрт тәрізді өт қабы бауырдың
астыңғы бетінде орналасқан. Асқорыту кезінде өт қабының және бауырдың өзектерінің бойымен
өт жалпы өт өзегіне, одан ұлтабарға құйылады. Ішектегі әлсіз сілтілі ортада өт майлы
тағамдардың жылдам қорытылуына жағдай туғызады. Бауыр қан тамырларымен жақсы
жабдықталған. Оған артерия қанымен бірге барлық асқорыту мүшелерінен веналық қан да
келеді.
Бауырдың келесі қызметі организмдегі 95%-ға жуық улы заттарды тұтып, зиянсыздандырады.
Сонымен қатар бауыр зат алмасуға қатынасады. Көмірсулар бауырда гликоген – жануар
крахмалына айналып, қорға жинақталады.
Бауыр жасушаларында А витамині және қанның ұюына қатысатын протромбин және қан
плазмасының басқа да нәруыздары түзіледі; гемоглобиннің синтезінен қажетті темір
жинақталады; денедегі қанның біраз бөлігі айналымға түспей, бауырда қор түрінде сақталады.
Витаминдер (Дәрумендер )— денсаулық тірегі
Витаминдер деп химиялық табиғаты әр түрлі органикалық заттарды
айтады. Витамин латынша vіtа – өмір, тіршілік; vitman – тіршілік амині
деген мағынаны білдіреді. Олар тағамдық заттармен организмге түсіп, зат
алмасуға, организмнің өсіп-өнуіне әсерін тигізеді. Организмнің
қорғаныштық қабілетін арттыруда витаминдердің атқаратын міндеті өте
зор. Егер тамақ-тану дұрыс жолға қойылмаса, яғни күнделікті
пайдаланатын тағамдарымызда организмдерге қажетті витаминдер
мөлшері жеткіліксіз болса, онда организм әлсіреп, ол әр түрлі ауруларға
шалдығады, оның өсіп-өнуі мен жетілуі нашарлайды. Витаминдер, сол
сияқты, жоғары дәрежелі өсімдіктер мен микро-организмдердің қалыпты
өсуі мен дамуы үшін қажетті заттар.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz