Тауар саясаты түсінігі
Презентация қосу
ТАҚЫРЫБЫ: ҚР КӘСІПОРЫНДАРЫНЫҢ
ТАУАР САЯСАТЫ
ОРЫНДАҒАН:
ТОБЫ:
ҚАБЫЛДАҒАН. :
ЖОСПАРЫ
Тауар саясаты түсінігі
Тауар таңбалары және түрлері
ҚР кәсіпорындарындарының тауар таңбалары
ТАУАР САЯСАТЫ ТҮСІНІГІ
Тауар Саясаты – кәсіпорынның
маркетингілік қызметінің құрамдас бөлігі.
Тауар Саясаты тауарлардың сұрыпталымын
(түр-түрін) шығару саясатын, жаңа тауарлар
жасап, өндіріске жіберуді, тұтынушылық
сұранысын жоғалтқан немесе жоғалта
бастаған тауарларды өндірістік
бағдарламадан шығаруды, тауарлардың
үлгілерін көбейту, буып-түю, безендіру, елең
еткізерлік атау, әсем тауар белгісін табу
мәселелерін қамтитын кешенді ұғым болып
табылады. Тауар Саясатында нарықтық
жаңа тауарлар жасау тұжырымдамасын
айқындау басты мақсат ретінде көзделеді.
Тауар саясаты тауар ассортиментін қалыптастыру бойынша олардың жаңа
түрлерін жасау, сана және бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату, өмірлік циклін
талдау, тауарлық белгілерді пайдалану, буып-түю, орау, таңбалау және сервистік
қызмет көрсету бойынша шешім қабылдауды қажет ететін фирманың көп
факторлы қызмет көрсету аумағы .
ТАУАР ТАҢБАЛАРЫ ЖӘНЕ ТҮРЛЕРІ
Пайдалану мерзімі бойынша тауарлар қысқа мерзімде және ұзақ
мерзімде қолданылатын тауарлар деп бөлінеді. Қысқа мерзімдегі
тауарларды бір немесе бірнеше рет пайдалануға болады.Оған
материалдық бұйымдарды (сабын, нан, сыра,т.б.)жатқызуға
болады.Ал ұзақ мерзімдік тауарлар бірнеше жылдар бойына
(тоңазытқыш,автомобиль, кір жуғыш машиналар т.б.) қолданылады.
Түпкі тұтынылуына байланысты тауарлар тұтыну тауарлары және
өндіріске арналған тауарлар деп бөлінеді. Тұтыну тауарларына
негізгі тұтынушының қолдануы үшін сатып алатын тауарлар
жатады. Олар-күнделікті сұранымдағы, алдын-ала
таңдалынатын,ерекше сұраныстағы және пассивті сұраныстағы
тауарлар деп бөлінеді.
Күнделікті сұраныстағы тауарлар-бұл тұтынушылар ойланбай-ақ, әрі
еш қиындықсыз, жиі сатып алатын кең тұтынудағы тауарлар мен
қызметтер. Оларға нан, сабын, тіс пастасы сияқты тауарларды
жатқызуға болады. Әдетте бұл тауарлар арзан әрі оларды күнделікті
сатып алуға болады.
Алдын ала таңдалынатын тауарлар күнделікті сұранымдағы
тауарларға қарағанда жиі сатып алынбайды, тұтынушы тауарды
таңдау және сатып алу процесінде олардың безендірілуіне басты
назар аударып, қасиеттерінің өзара үйлесімділігін салыстыра
қарайды. Мұндай тауарларға жиһаздар, киімдер, электроника түрлері
және т.б.жатады.
Ерекше сұраныстағы тауарлар аса сирек сипатқа ие
және тұтынушылар бұл тауарларды сатып алу үшін
айтарлықтай күш жұмсайды.Оларға кейбір автомобиль
маркаларын, электрондық, электрлі-тұрмыстық
техникалар жатады.
Ал пассивті (бәсең) сұранымдағы тауарлар-тұтынушы
білмейтін, білсе де, әдетте оны сатып алу туралы
әрқашан ойлана бермейтін кең тұтынудағы тауарлар
(жаңа енгізулер, сақтандыру түрлері, күзет жүйесі және
т.б.)
Өндірістік мақсатқа арналған тауарлар-кейін қайта
өңдеуге немесе өндіріске пайдалану үшін алынатын
тауарлар, яғни, шикізат, материалдар, жабдықтар,
қосалқы бөлшектер және тағы басқа заттар.
Тауарлық ассортимент дегеніміз функционалды және
тұтынушылық сипаттамасы, сондай-ақ бөлу арналары
бойынша ұқсас тауарлардың тобы. Мысалы,
«ФудМастер» компаниясы әрқайсысы өзіндік маркетинг
стратегиясын талап ететін сүт өнімдерінің ассортиментін
өндіреді.
Жаңа тауар түсінігі және оны жоспарлау
Уақыт ағымына қарай тұтынушылардың талғамы мен сұранысы өзгереді. Өнім ұзақ уақыт бойы нарықта
қалуы үшін фирма тауарының ассортиментін жаңалап, тұтынушы талаптарына сай олардың сапасын
жақсартып отыруы қажет. «Жаңа тауар» түсінігінің бірнеше ондаған түрлері бар. Жаңа тауарға жаңа
принципті қажеттілікиерді қанағаттандыратын фирманың қайта шығарған бұйымдары жатады. Жаңа
өнім-бұл өнімнің модификациясы, жаңалық енгізу және жаңартпасы. Жаңғыртып, жетілдіру (модификация)-
бұл тауарлар сипаттамасының сапалық немесе физикалық өзгерісі. Өнімді жаңғыртып, жетілдіруге
мынадай жағдайлар жатады:
Тауардың химиялық, физикалық және функционалдық сипаттамасының (атериал түрі, тұтыну мерзімі,
қауіпсіздігі, жайлылығы, әмбебаптылығы) өзгеруі;
Тауардың эстетикалық сипаттамасының (сыртқы түрі, дизайны, түсі, қорабы) өзгеруі;
Тауарды таңбалаудағы (тауар белгісінің, символының) өзгерістер.
Жаңа енгізулер-ол фирмада бұрын өндірілмеген және сатылмаған өнім.
Инновациялық тауар-бұл нарықта бұрын болмаған, алғашқы түп нұсқадағы тауарлар. Нарыққа бірінші рет
шыққан кезінде видеокамералар, дербес компьютерлер инновациялық тауарлар есебінде болды.. Жаңа
тауарлардың тек 10%-ын ғана «әлемдік» деп атауға болады. ұтыну тауарларын шығаратын ірі
компаниялардың бірінде 64 ұсынылған идеялардың ішінде жаңа тауарды енгізу шығындары шамамен 14
млн доллар құрады. Жүйелік бағалау процедурасын қолдана отырып, жаңа тауар енгізудегі тәуекелділікті
төмендетуге болады. Батыс елдерінің ірі фирмаларында жалпы инновация процесін бағыттайтын арнайы
құрылымдар құрылады. «Нестле», «Джонсон & Джонсон», «Дженерал Фудз» фирмаларында жаңа тауар
шығарумен айналысатын менеджмент бөлімдері бар. Кейде нақты тауарды жасау үшін немесе жаңа қызмет
бағытына жауап беретін «венчурлік топтар» құрылады.
Тауардың ұзақ пайдалану мерзімі. Ол-тауар қызмет ету мерзімінің тиімділігі.
Сервис-тауардың сатуға дейінгі және сатылғаннан кейінгі қызмет тиімділігі мен жылдамдығы.
Өнімнің эстетикалық қасиеттері: дизайны, түрі, түсі, дәмі және т.б.
Тауар имиджі.
• Тауар сапасын көтеру бұрын өндірген өнімдердің ескеруіне әкеліп соғады. Кейбір жағдайда
өндірушілер тауарды жасанды түрде ескіртеді.
• Тауар сапасы, көбінесе «өнім өзегіне», яғни оның физикалық және химиялық қасиеттеріне,
дайындалған материалдар құрамына, салмағына, дәміне, иісіне, икемділігіне, құрастырылуына,
қуаттылығына, өнімділігне байланысты болады. Өнімнің қызметі көбінесе оның белгілеуімен
байланыстырып түсіндіріледі.
• Өнімнің сыртқы түрі тұтынушының тауарды сатып алуына әсер ететін маңызды фактор болып
саналады. Ол өнім түрінің, дизайнының, мөлшері мен буып-түюінің сәтті қисынына байланысты.
• Тауар формасының түрі шексіз болуы мүмкін. Оларды пирамида, куб, шар сияқты геометриялық
фигуралар көмегімен қиыстыруға болады. Көзге жайлы және аз іс-қимылмен қамтылатын өнім
формасы айтарлықтай тартымды екенін физиологтар растайды.
• Түс өнімді түрлендіру үшін қолданылатын қарапайым құрал. Әлемде 7,5 млн-ға жуық түс және
2800-ге жуық олардың аталуы белгілі.
• Дизайн-нарықта тауарды саралауға қолданатын негізгі мықты құралдардың бірі. Сәтті дизайн
бұйым формасы мен тауар функциясының сәйкестігін бейнелейді.
• Ассортимент саясаты тұтынушы талабына сай тиімді ассортиментті тауар құрылымын, бір
уақытта ТӨЦ-тің әр кезеңінде болатын өнімнің жаңғыртып , жетілдіруі мен жаңа тауарды шығару
проблемасын топшылайды.
Тауар белгісі – бір заңды немесе жеке тұлғаның
тауарларын немесе көрсететін қызметтерін екінші
бір заңды немесе жеке тұлғалардың осы тектес
тауарларын немесе көрсететін қызметтерінен
ажыратуға мүмкіндік беретін таңба.
Тауар белгісі өнімді дараландыру тәсілі болып
табылады, бұл тәсілді меншіктену құқығы заң
бойынша зияткерлік меншікке жатқызылады.
Тіркелген тауар белгісіне куәлік беріледі. Тауар
белгісі ретінде сөз, бейне, көлем және басқа таңбалар
немесе олардың құрамдастырылған түрлері тіркелуі
мүмкін. Мемлекеттік елтаңбаларды, тулар мен
эмблемаларды, халықаралық ұйымдардың
қысқартылған немесе толық атауларын; ресми
бақылау таңбаларын, кепілдікті және сынамалық
таңбаларды, мөрлерді, наградалар мен басқа да
айырым белгілерін білдіретін таңбалар тауар белгісі
ретінде тіркеуге алынбайды. Дегенмен, осы құзырлы
органдардың немесе иелерінің келісімі болса,
олардың тауар белгісіне қорғалмайтын нышандар
ретінде енгізілуі мүмкін.
Тауар белгісі заңмен қорғалады және оны тауар үшін
тауар белгісі ретінде тіркелген бүкіл тауарға немесе
оның бір бөлігіне қатысты жасалған шарт бойынша
басқа бір заңды және жеке тұлғаларға беруге болады.
Сонымен бірге Тауар белгісінің иесі (лицензиар)
тауар белгісін пайдалану құқығын лиценз. келісім
бойынша басқа тұлғаға (лицензиатқа) беруі мүмкін.
Тауар белгісімен қатар белгілі бір фирманың бір
тауарын емес, барлық тауарларын таңбалау үшін
символ-белгі түріндегі сауда таңбасы (кейде оны
фирмалық белгі деп те атайды) мен шығарылатын
өнімге емес, шығарушы фирмаға тиесілі сауда атауы
да пайдаланылады.
Заң жүзінде қорғалған тауар белгісі, әдетте дөңгелек
сызықпен қоршалған латынша R әрпімен –
таңбаланады.
Тауар таңбасын иеленушінің оны пайдалануға
заңмен қорғалған айрықша құқығы болады.
Тауар белгісі (сауда таңбалары) фирмалық тауарларға‚
орамаларға (тоғанақтарға)
‚ сызбаларға‚ анықтамалықтарға‚ шоттарға‚ бланкіл
ерге‚ затбелгілерге және
тауарлармен‚ жұмыстармен‚ қызметтермен қоса
жүретін басқа да құжаттамаларға соғылады.
Тауар белгісі зияткерлік белгілерге жатады және
негізгі құрал-жабдықты ақыға сатып алған жағдайда
айналымнан тыс активтердің құрамында есептеледі.
Егер тауар белгісін субъектінің өзі әзірлеген
болса‚ онда мұның өзі оның өнімі‚ тауары деп
саналады‚ оны өткізу сәтінде және тек оны сатып
алған тарапта ғана оның бейматериалдық актив деп
бағалануы мүмкін.
Тауардың арналуы (жеке бастың пайдалануына
немесе қайта сатуына арналуы)‚ ал статистика
мақсаты үшін – есеп айырысу сипаты (қолма-қол есеп
айырысу немесе қолма-қол ақшасыз есеп айырысу)
заң жүзінде бөлшек сауданың басты белгісі болып
табылады.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz