ОРМАН ЭКОЖҮЙЕСІНІҢ МОНИТОРИНГІ
Презентация қосу
ОРМАН
ЭКОЖҮ Й Е СІ Н І Ң
МОНИТО Р И Н Г І
:Д А РУБА ЕВА К ЕЛ БЕТ
ОРЫНДАҒАН
ЗУ-306
o 1.ОРМАН ЭКОЖҮЙЕСІНІҢ МОНИТОРИНГІ
o 2. ОРМАННЫҢ БИОСФЕРАДАҒЫ РӨЛІ
o 3. ОРМАН РЕСУРСТАРЫН ҚОРҒАУ ШАРАЛАРЫ
ОРМАН МОНИТОРИНГІ ормандарды ұдайы кешенді бақылау, бағалау
және олардың жай-күйінің болжау жүйесі болып табылады.
Орман мониторингі-орман қоры жөнінде ұдайы жаңартып отыратын
ақпарат алу үшін жүргізіледі, соның негізінде орман ресурстарын көп
жақты мақсатта пайдалану жөнінде шешім қабылданады.
ТАБИҒИ ЖӘНЕ АНТРОПОГЕНДІК ФАКТОРЛАР ӘСЕРІНЕН ОРМАН ЭКОЖҮЙЕСІ
ЖАЙ-КҮНІНІҢ ӨЗГЕРУ БОЛЖАМЫ БЕРІЛЕДІ.
ОРМАН ЭКОЖҮЙЕСІ – ТАБИҒИ ЖӘНЕ ЕНГІЗІЛГЕН ЖІКТЕЛГЕН АҒЗАЛАРДЫҢ
ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ «ҮЙІ» РЕТІНДЕ БЕЛГІЛІ БІР ОРМАННЫҢ НЕГІЗГІ
ЭКОЛОГИЯСЫ. ОРМАН ЭКОЖҮЙЕСІ ШАБЫНДЫҚТЫ ҚҰРАЙТЫН НЕГІЗГІ АҒАШ
ТҮРЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН. ОНЫ БІРЕГЕЙ ЭКОЛОГИЯНЫ ҚҰРУ ҮШІН СИМБИОЗДА
БІРЛЕСІП ӨМІР СҮРЕТІН ОРМАН ЭКОЖҮЙЕСІНІҢ БАРЛЫҚ ҰЖЫМДЫҚ
ТҰРҒЫНДАРЫ АНЫҚТАЙДЫ.
БАСҚАША АЙТҚАНДА, ОРМАН ЭКОЖҮЙЕСІ, ӘДЕТТЕ, АҒАШТАРМЕН
ҚАМТЫЛҒАН ЖЕР МАССИВТЕРІМЕН БАЙЛАНЫСТЫ ЖӘНЕ БҰЛ АҒАШТАР ЖИІ
ОРМАНШЫЛАРДЫҢ ОРМАН ЖАМЫЛҒЫЛАРЫНА ЖІКТЕЛЕДІ.
Орман экологиялық жүйесі мониторингі қызметін Қазақстан
Республикасының орман шаруашылығын басқару мемлекеттік
органы құрады, ол Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны
қорғау министрлігінің орман шаруашылығын жүргізуге бөлінген
қаражаты шегінде республикалық бюджеттің есебінен
қаржыландырылады.
ОРМАН ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖҮЙЕСІНІҢ МОНИТОРИНГ ҚЫЗМЕТІ ҚАМТИДЫ:
• Орман экологиялық жүйесінің республикалық мониторинг орталығы.
• Мониторингтің аймақтық орталықтар жүйесі.
ОРМАН ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖҮЙЕСІНІҢ
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МОНИТОРИНГ ОРТАЛЫҒЫ:
• Орман қоры туралы статистикалық және картографиялық деректер түзеді және жүргізеді;
• Аэроғарыштық және жер бетіндегі ақпаратты өңдеуге, орман қоры картасын жасауға, деректер
банкісінің белгілі бір бөлігінің маңызын арттыруға, статистикалық есеп берудің белгіленген
нысандарын беруге арналған бағдарламаны әзірлейді, иеленеді;
• Ормандарды өрттен сақтау, шыбын-шіркей зиянкестерден қорғау, ормандардың өнеркәсіптің
ластануынан болатын бүлінуін байқау, сирек кездесетін және жойыла бастаған орман өсімдіктерінің
жай-күйі мен саны жөніндегі ақпаратты жинаумен, өңдеумен, талдаумен және оны берумен
шұғылданады;
• Орманды пайдалану және ормандарды қалпына келтіру тәртібін бақылауды, антропогендік
ықпалынан және басқа факторлардан орман қорының ағымдағы өзгерістерін есептеуді жүзеге
асырады, орман қоры туралы дерек банкіндегі картографиялық және статистикалық ақпараттың
маңызын арттыру үшін тәжірибелер жүргізуді жоспарлайды;
• Аймақтық орталықтарды орман экологиялық жүйесінің аймақтық мониторингін жүргізу үшін
қажетті аэроғарыштық, метеорогиялық және басқа ақпаратпен жабдықтайды.
Мониторингтің аймақтық орталықтар жүйесі
Орман экологиялық жүйесінің аймақтық мониторинг орталықтары жекелеген
аймақ немесе аумақ шегіндегі мониторингінің жүзеге асырады және
ұйымдық жағынан орман жүйесі мониторингінің республикалық
орталығының құрамына енеді. Қажет болған жағдайда қоршаған ортаға улы
заттарды бөлетін ластаушы кәсіпорындар орналасқан аудандарда, сондай-ақ,
басқа да антропогендік қолайсыз факторлар әсер ететін жерлерде ормандарды
жергілікті бақылау жөнінде жұмыстар атқарады.
• Аймақтық орталықтардың орман шаруашылық
кәсіпорындар мен орман қорғау қызметі қызметкерлері
бірлесе жұмыс істейтін өзінің ақпаратты өңдеу
орталықтары мен жинаушы топтары бар.
• Олар мәліметтерді одан әрі жинақтап
• Орман экологиялық жүйесі мониторингінің
республикалық орталығына сараптамаға жіберіліп
отырады.
ОРМАН ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖҮЙЕСІ МОНИТОРИНГІН ЖҮРГІЗУДІҢ
ТӘРТІБІ МЫНАДАЙ:
Ауаның, топырақтың, судың ластануы туралы метеомәліметтер, ақпараттар, ормандарды жер бетінде зерттеудің
нәтижелерін орман қоры шекарасындағы өзгерістердің мәліметін, аэроғарыштық ақпаратты және т.Б. Мәліметтерді жинау;
Аэроғарыштық суреттерді өңдеуді, оны талдауды, алынған ақпараттарды статистикалық және картографиялық ақпарат банк
деректерімен салыстыруды, орман қорында болған өзгерістерді айқындауды;
Шаруашылық қызметі мен табиғи дағдарысқа ұшырамаған бөліктердегі деректердің маңызын арттыруды;
Бөліктік және картографиялық деректер банкіне өзгерістер енгізуді;
Орын алған өзгерістерді ескере отырып, орман қорының статистикалық көрсеткіштерін қайта есептеуді;
Түрлі тақырыпта орман карталарын жасауды;
Орман қорындағы өзгерістерді талдау мен болжалауды, сондай-ақ әр түрлі факторлар ықпалынан болған зиянды ең аз
мөлшерге жеткізу жөніндегі шараларды ұйымдастыру.
• Орман мониторингін жүргізу кезінде орман экологиялық жүйесіне өрттің,
энтамологиялық зиянкестердің, техногендік ластануды, орман шаруашылық және басқа
кәсіпорындар қызметінің, сондай-ақ басқа да антропогендік факторлардың әсерін
байқаудың жер бетіндегі және қашықтан бақылау тәсілдері пайдаланылады. Жер бетіндегі
зерттеулер тұрақты және уақытша сынау алаңдарында орман орналастыру ұйымдарының,
орманды сақтау және қорғау қызметтерінің және ғылыми ұйымдарының ақпараттарын
кеңінен қатыстыра отырып жүргізіледі. Ауа құрамының, топырақ пен қардың түрлі
заттармен ластануының деңгейі туралы метеорологиялық деректер мен ақпараттар
беріледі. Қосымша ақпарат ретінде топографиялық-геодезиялық мәліметтер, табиғи-
экономикалық жағдай мен шаруашылық іс-әрекеттер туралы басқа да ақпараттар
пайдаланылады.
• Қашықтан бақылау әдістері суретке түсірудің, түрлі шешімдегі көп
спектрлі сканерлік, жылу, инфрақызыл және радиолокациялық түсірудің,
аэроғарыштық құралдарды пайдалана отырып жүзеге асырылады. Алынған
барлық ақпараттар республикалық және аймақтық есептеу
орталықтарына келіп түседі. Мұнда олар өңделіп, арнайы жүйеге
келтірілген соң мәліметтер банкі мен картографиялық деректер банкі
қалыптастырылады және жаңартылады. Осы мәліметтер негізінде қазақстан
республикасының орман шаруашылығын басқарушы мемлекеттік органы
бекіткен әдістеме бойынша түрлі масштабтағы орман карталары
жасалады.
Орман экологиялық жүйесі мониторингін жүргізуді қамтамасыз ету үшін
қоршаған табиғи орта мониторингінің басқа төменгі жүйелері қажетті
материалдарды тиісті ведомстволар мен қызметтер белгіленген тәртіппен
орман экологиялық жүйесі мониторингінің республикалық орталығына
тапсырады.
Метеорологиялық көрсеткіштер
Ауаның ластануы туралы ақпараттар
Топырақтың ластануы туралы ақпараттар
Судың ластануы туралы ақпараттар
Қардың ластануы туралы ақпараттар
Топырақты зерттеудің нәтижелері
Аэроғарыш суреттері
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫН БАСҚАРУШЫ
МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНЫ ОРМАНДАР МОНИТОРИНГІН ЖҮРГІЗУ ҮШІН МЫНАДАЙ
ІС-ШАРАЛАРДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРАДЫ :
• ормандар жай-күйін байқау үшін топырақтық, геоботаникалық, орман патологиялық, ормантану және басқа тексеру мен
іздестіру жөніндегі жұмысты жүргізуді ұйымдастырады;
• аэроғарыштық және метеорологиялық ақпаратты, қоршаған ортаның ластануы туралы деректерді алуды
ұйымдастырады;
• есептеу орталықтарына келіп түскен ақпаратты өңдеуді, орман қорын картаға түсіруді және ормандарға абиотикалық,
биотикалық және антропогендік факторлардың қолайсыз әсерін кеміту үшін шаралар әзірлеуді ұйымдастырады;
• мүдделі министрліктердің және ведомстволардың қатысуымен орман қорын жер бетіндегі және ара қашықтықтағы
әдістермен зерттеу, оны картаға түсіру, ормандар мониторингін жүргізу үшін банк деректерін жасау және жүргізу,
тақырыптық орман карталарын жасау жөніндегі әдістемелік нұсқамалар мен нұсқауларды әзірлейді және бекітеді;
• ұзақ мерзімді жедел ақпарат пен тақырыптың карталарға деген сұранысты және қажеттілікті жүйелі зерделеуді, орман
қорының жай-күйін бағалауды, бұған халық шаруашылығы мен табиғат қорғау сұранымына сәйкес деректерді енгізуді
жүзеге асырады;
• орман қоры туралы статистикалық және картографиялық ақпаратты жүйелеуді, зерделеуді және сақтауды, сондай-ақ
жариялауға жататын материалдарды басып шығару мен орман экологиялық жүйесі мониторингін жүргізу жөніндегі жұмысты
қаржыландыруды қамтамасыз етеді
Ормандар мониторингі құжаттарының нысандары мыналар болып
табылады:
Орман қоры жай-күйін тақырыптық карталары, оны орман иелері,
алаңдар, жыныстар, орман түрлері және басқалар бойынша бөлу;
Орман қорының түгелділігі, жай-күйі мен бағалануы туралы жазбаша
және статистикалық материалдар.
ОРМАН ДЕП АҒАШ ПЕН БҰТА ӨСІМДІКТЕРІНІҢ ЖӘНЕ
ЖАНДЫ ТАБИҒАТТЫҢ БАСҚА ДА КОМПОНЕНТТЕРІНІҢ
ЖИЫНТЫҒЫ НЕГІЗІНДЕ БЕЛГІЛІ БІР АУМАҚТА
ҚАЛЫПТАСҚАН, ҚОРШАҒАН ОРТАМЕН ӨЗАРА
БАЙЛАНЫСТАҒЫ ЖӘНЕ МАҢЫЗДЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ,
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК МӘНІ БАР ТАБИҒИ
КЕШЕНДІ АТАЙМЫЗ.
• Жер шарында орман қоры 37,0 млн км , ал жер шарының ауданы 149
млн.Га, оның 7,7 ресей мемлекетінің үлесіне, канадаға – 4,2, бразилияға –
3,3, АҚШ – 2,9 млн км2 үлесіне тиеді.
• Дүние жүзілік орман қорындағы сүректі ағаштардың қоры орташа есеппен
370 млрд м3 деп есептеледі. Ең жоғарғы ресурсты потенциал еуразия
құрлығына тиесілі, ондағы сүректі ағаштардың үлесі – 42% көрсетеді. Ал
ресейде ол көрсеткіш – 22%. Канадада – 6%, АҚШ – 6%, европа елдерінде
тек – 5%.
ХХ ғасырдың басында дүние жүзілік орман қоры - 27-28 % дейін күрт төмендеп, табиғи
және жасанды жолмен күрделі өзгерістерге ұшырады. Солтүстік америкада ол көрсеткіш
30%, азия елдерінде – 30%, ең төмен көрсеткіш австралияда шамамен 10%. Орталық
европада шыршалы ормандар емен ағашты ормандардың орнына жасанды орман өсіріледі.
Солтүстік америкада, жапонияда жылдам өсетін ағаштарды отырғызып, жасанды
ормандарды көбейтуде. Ал ресейдің тайгалы ормандарында қылқан жапырақты ормандар
көп алқапты алып жатыр.
Нарықтық қатынастарға байланысты адамзат баласының орман ресурстарына деген
сұранысы жылдан жылға артып отыр. Сондықтан да орманды пайдалану көрсеткіші де
жоғары болуда.
Орман табиғи кешен ретінде көпсалалы қызмет атқарады:
орман табиғаттағы оттегі мен көміртегі айналымында маңызды рөл атқарады;
орман ауаға шығарылған зиянды заттарды сіңіріп, ауаны, қоршаған ортаны тазартады, сондай-ақ
дыбыстық ластауды бәсеңдетеді;
орман микроклиматтық әсер етеді және ғаламдық деңгейде климат реттеуші қызмет атқарады;
орман экологиялық жүйелерде ылғалдылық сақтауға, судың айналымына қатысады;
орман топырақ эрозиясын болдырмай, ландшафты, топырақтың құнарлығын реттейді;
орман рекреациялық және рухани-эстетикалық қызметтер атқарады;
орман белгілі дәрежеде жердегі экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуші фактор;
орман экономиканың көптеген салаларының шикізат көзі және шаруашылық іс-әрекеттерде кең қолда
нылады;
орман көптеген өсімдіктер мен жануарлардың өсу, өмір сүру ортасы, яғни жердегі биологиялық алуан
түрліліктің сақталуының табиғи ортасы.
Алайда, соңғы жылдары адамдардың шаруашылық әрекеттерінен
орман қоры бұзылды. Тоқырауға ұшырады. Соңғы 10 мың жылда
жердегі орманның 1/3 жойылған, қазіргі күннің өзінде жыл сайын
тропикалық ормандар 17 млн-ға азайып отыр ХХ ғасырдың 60-шы
жылдарымен салыстырғанда жыл сайынғы орман ағаштарын кесу
50%-ға артқан. Жыл сайын кесілетін 3,4 млрд куб метр ағаштың
жартысына жуығы отынға жағылады. Орманда ағаш кесу олардың
түрін азайтады, топырақтың бүлінуіне, су қорының азаюына және
орманда тіршілік ететін жан-жануарлардың жоғалып кетуіне әкеп
соғады.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz