Ортағасырлық түркі ойшылдары




Презентация қосу
Ортағасырлық түркі ойшылдары
Ғалымдар Қайта өрлеу дәуірін Ренессанс деп атайды, өйткені бұл кезеңде антикалық

дәстүрлер қайта жаңғырып, ғылым мен мәдениетте, әдебиетте өрлеу, өркендеу

байқалды. Ренессанстың алғашқы ғалымдары мен жазушылары, философтар түркі

ойшылдары еді. Олардың Ренессансы ІХ-Х ғасырларда-ақ басталды, Европаға

Ренессанс бірнеше ғасырдан кейін келді.

Еліміздің сан ғасырлық өзіндік орны бар кезеңге орта ғасырлық түркілік мәдениетті

жатқызамыз. Ал халқымыздың даналығын білдіретін ірі тарихи тұлғаларды зерделеу

қазіргі ұрпақтың, гуманитарлық ғылымдардың қасиеті парыздарының қатарына

жатқызамыз. Осы тұрғыдан алғанда ғасырлар қатпарларында жасырынған рухани

мұралар көптеп саналады.Ортағасырлық педагогикалық ой-пікірдің даму тарихында аты

әлемге әйгілі ортағасыр данышпандары – Махмұд Қашқари, Ахмет Жүгінеки, Әбу Насыр

Әл-Фараби қазақ жерін әлемге мәшһүр етті.
Әбу Насыр Әл-Фараби
Әбу Насыр Әл Фараби (870-950 жж) бүкіл әлемге «Екінші
ұстаз» ретінде танылды (бірінші ұстаз болып ежелгі грек
философы Аристотель саналады). Әл Фараби ғұлама
ғалым, философ, математик, өнертанушы,
әдебиеттенушы, ақын болатын. Ол қазақ жеріндегі
Отырар қаласында дүниеге келді. Арыс өзенінің
Әмударияға құятын жеріне жақын орналасқан Отырар
қаласын қыпшақтар Қарашоқы деп атады.
Ортағасырларда Отырарда қыпшақтар, қаңлы, қоңырат
сияқты, кейіннен қазақ хандығының құрамына енген
рулар өмір сүрді. Отырар қаласының өзі жартылай
көшпелі, жартылай жер өңдейтін диқаншылар қаласы
бола отырып, Арал теңізі жағасындағы халықтардың
сауда мен айырбас орталығы ретінде әйгілі болды.
Арабтар Отырарды Фараб деп атады, Әл Фарабидің
есімі де осы қаладан шыққандығын білдіреді.
Еңбектері
Оның негізгі трактаттары мен философиялық
еңбектерінің жалпы саны екі жүзден асады.
Философиялық және матемтикалық еңбектерінің
ішінде әйгілері «Альмагеске түсініктемелер»,
«Метафизика», «Ғылымдардың пайда болуы
туралы», «Әріптестер кітабы», «Қайырымды қала
тұрғындарының көзқарастары туралы трактат»
және басқалары. Әл Фараби алғашқылардың бірі
болып поэтикалық өнер психологиясын зерттеп,
поэзия туралы үлкен трактат жазды, өзі де
Жүсіп Баласағұн
1015 немесе 1016 жылы Баласағұн қаласында туды. Ол
кездері Баласағұн қаласы Күз-Орда болып аталатын. Жүсіп
бай, белгілі түркі отбасынан шыққан, сол уақыт өлшемі
бойынша өте терең білім алған, парсы-тәжік және араб
поэзиясын тамаша білген, олардың әсері ақын
шығармаларынан байқалып отырады. «Құтты білік» - Шығыс
ақындарының көптеген буындарына үлгі болған, ерте түркі
поэзиясының аса құнды маржандарының бірі. Оны ақын
қартайған шағында Қашқар қаласында жазған. Жүсіп Қашқар
әміршісі сарайында қызмет етсе керек, өйткені поэма-әмірші
мен оның айналасындағыларға өзін-өзі қалай ұстау, тәрбиелі
болуды үйретіп, өмірдің әр қилы жағдайларында не істеу
керектігін насихаттайды. Бұл поэманы Қашқар мен Табғаш
империясының бүкіл шығыс бөлігінің әміршісі Боғра-Қара –
Хақанға сыйлаған соң Жүсіп «сарай министріне» тең «ұлық
хасс-хаджиб» лауазымы мен үлкен қызметке ие болады.
Еңбектері
«Құтты білік» 6520 бәйіттен құралған, қосымша 124 бәйіті бар, Бәйіт – ұйқасқа
құрылған екі тармақтан тұратын өлең. Кіріспесінде поэманың боғрахан тілінде түркі
сөздерімен жазылғаны, араб, тәжік тілдерінде мұндай кітаптар көп болғанымен,
түркі тіліндегі даналарға белгілі алғаш кітап екені айтылған.
Шығарманың басты идеясы – патша - әкімдерді де, қарапайым халықты да әділ,
дұрыс өмір сүруге үйрету. «Құтты білік» бірінен бірі туындайтын төрт құрамдас
бөліктен құралған. Біріншісі: әміршісі идеалды әділ және шыншыл болуы керек.
Шыншылдық үлгісі ретінде Күнтуды патша келтірілген. Екінші бөлімі: әмірші мен
оның айналасындығылар елдің ішінде әділдік, бақыт пен байлық болуы үшін қызмет
етуге ұмытылуы тиіс. Бақытты өмір үлгісі ретінде Айтолды уәзірдің өмірі келтірілген.
Үшінші бөлімінде: қоғамда әділдік пен бақытпен бірге ақыл мен білім болуы тиіс.
Білім мен ақыл үлгісі ретінде уәзір ұлы Өгділміш айтылады. Және соңғы бөлімінде –
адамның әр нәрсенің де шегін біліп, уақытында өзін тоқтатуы керектігі айтылған.
Мұндай қарапайымдылық үлгісі ретінде Оғдұрмыш дәуріш берілген.
Махмұд Қашқари
Махмұт Қашқари (11 ғасыр) – ортағасырлық Қашқар қаласында білім алған, сондықтан
Шығыс ғалымдарының ішіндегі жарқын оны басқа Шығыс ғалымдары Қашқарлық
жұлдыздардың бірі, ұлы түркі филологы, ақын, әрі Махмұт ретінде атаған. Ол Қашқар
тарихшы. қаласымен ғана шектеліп қалмай,
Самарқанд, Бұқара, Нишапур, Мерв пен
Махмұт Қашқари көне түркі тілін ғылыми тұрғыда Бағдатта білім алуды жалғастырды. Ол
зерттеп, оның жергілікті ерекшеліктерін бір-бірімен өзінің сөздігіне қажетті материалдар
салыстырған, ауыз әдбиеті үлгілерін жинаған жинақтау үшін көптеген түркі рулары мен
алғашқы тілші ғалым, философ, саяхатшы, тайпаларының тілі мен ауыз әдебиеті
этнограф. үлгілерін, тарихы мен дәстүрі,
этнографиясын зерттеді. Осы мақсатпен
Қашқар, Жетісу, Хорезм, Мәуереннахр
жерлеріне саяхат жасады, тіпті түркілер
Аттила (Еділ) жорығынан кейін қалып
қойған Рим жеріне дейін барды,
филологиялық мәліметтердің құнды
қазынасын жиыстырып, өзі құрастырған
сөздігіне өңдеп енгізді.
Еңбектері
Ол көне түркі сөйленістерінің алғаш «Диуани лұғат ат-түрк» - барлық түркі тілдес
түсіндірме сөздігін «Диуани лұғат ат-түрк»- халықтардың ортақ рухани мұрасы. Сөздікте
«Біртұтас түркі тілдерінің сөздігін» жазған. бар-жоғы 6000 сөз берілген, бұл сөздер түркі
Бұл еңбек көне түркі филологиясы тілдес халықтардың көпшілігіне түсінікті.
бойынша бізге жеткен жалғыз тұтас еңбек Кітапқа енген халық ауыз әдебиеті
қана емес, сонымен бірге көне түркі нұсқаулары, екі жүзден астам өлеңдер,
филологиясының озық туындысы, көне қысқаша новеллалар, мақалдар мен
тілдер қалпын терең зерттеумен қатар, мәтелдер көне түркі тілінің қалпы туралы
сол дәуір тайпалары өмірінің неғұрлым толық түсінік қалыптастырып, сол
энциклопедиясы, халық даналығының кезеңдегі сөзжасам тәсілдері, сөйлем құрау
нағыз қазынасы. Кітапта көптеген принциптері туралы тың мәліметтерге бай.
өлеңдер, халық әндері, мақал, мәтелдер, Осылайша, бұл кітап көне түркі әдебиеті
жұмбақ, аңыздар мен ертегілер, сонымен бойынша әлемге әйгілі алғаш хрестоматия
қатар тарихи деректер келтірілген. болып табылады.
«Диуани лұғат ат-түрк» оқырмандарға «Диуани лұғат ат-түрк» ортағасырлық түркі
көне және ортағасырлар дәуіріндегі
халықтары ой-санасының ғажайып
түркілердің өмірі, астрономия, география,
ескерткіші, біздің көшпенді бабаларымыздың
медицина, математика саласындағы білімі
мәдениетінің айғағы болып табылатын құнды
туралы мәлімет береді.
қызына.
Қожа Ахмет Яссауи
Қожа Ахмет Яссауи – көрнекті орта ғасыр ақыны, діни қызметкер,
сопылық ілімнің негізін қалаушы,тірі кезінің өзінде-ақ әулие болып
саналған діни философ Сайрам (Испиджаб) қаласында туған.
Нақты туған жылы белгісіз. Аңыз бойынша Ахметтің рухани
жетекшісі мен тәрбиешісі әйгілі шейх арыстан-баб. Ұстазы қайтыс
болған соң, Ахмет Яссауи Бұқараға көшіп кетеді. Онда әйгілі шейх
Қожа Жүсіп Хамаданидан дәріс алып, өзі де діндардар ұстазы
болып, «шындықты таныту жолын» үйрету құқығына ие болады.
Бірқатар уақыт бойы Бұқара сопылары қоғамының басшысы
болады, бірақ сенімі оны Ясы қаласына әкеледі. Ол мұнда
діндарлық қызметін кеңінен жүргізеді. Ясы қаласы 16ғ. бастап
Түркістан болып аталған. Ясыдан шыққан Қожа Ахметтің аты бүкіл
мұсылман әлеміне кең тарады. Оны қарапайым адамдар қадір
тұтқаны соншалық, оның қайырымды болуға, сараңдық пен екі
жүзділікке қарсы дәрушілік философиясын құрған өлеңдері дала
халықтары арасында кеңінен танымал басқа да жерлерге таратты.
Қожа Ахмет 63 жасқа жеткен соң мешіт жанындағы жерасты
қылуетке түсіп, өмірінің қалған уақыт сонда өткізеді.
Еңбектері
«Даналық кітабы» - «Диуани хикмет» ислам дінін уағыздайды, осы
уқытқа дейін мұсылман заңдарын әлі толық сіңіріп бітпеген
қарапайым халыққа бұл діннің мәні мен мағынасын түсіндіреді. Бұл
кезде де түркі тайпалары тәңірлік дінді ұстанатын еді. Араб-парсы
тілдерінде жазылған кітаптар дала халықтарына түсініксіз болатын.
Даналық кітабы арқылы халықтар ислам әлемімен, сопалық
ағымның ой-пікірлерімен танысты. Адамның рухани өмірінің таза
болуы, аққатты іздеп табуды, ізгілік, адамгершілікке шақыруы
арқылы әділдіктен үлкен ештеңе жоғын айтады. Сондықтан Қожа
Ахмет өз өлеңдерін түркілер, дала халықтары сөйлейтін-оғыз
қыпшақ тілінде жазды. «Даналық кітабының» негізгі тақырыптары
төртеу, біріншісі – шаригат деп аталатын ислам заңдары мен
дәстүрлерінің жиынтығы, екіншісі – тарихат, философиялық ілім
ретіндегі сопылықтың идеяялық мәні мен мақсаты, үшіншісі –
марифат, бір ғана құдайдың діні ретінде исламды зерттеу мен мәнін
танудың қажеттілігі, төртіншісі –хақиқат, құдайды идеалды тану мен
оган шындыққа секілді жакындауга ұмтылу.

Ұқсас жұмыстар
Ортағасырлық мұсылман философиясы
Ислам философиясының кезеңдері
Түркі дәуірінің ойшылдары
Мұсылман дінінің философиясы және теологиясы
Ибн - Синаның философиялық ойлары
ОРТАЛЫҚ АЗИЯНЫҢ ОРТАҒАСЫРЛЫҚ МӘДЕНИЕТІ
ЖЫЛЫ ШЫҒЫС ТҮРКІ БАТЫС ТҮРКІ
Батыс Еуропалық орта ғасыр философиясы
Ежелгі Мұсылман философиясы
Мәдениеттің белгілер әлемі типологиясы
Пәндер