Педагогикалық басқару жүйесі



Педагогикалық басқару жүйесі
Орындаған:Қанай Динара
Тобы: ИС 3 курс
М. Х. ДУЛАТИ АТЫНДАҒЫ ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
2020 жыл

Жоспары:
Кіріспе.
1. Педагогикалық жүйені басқарудың ерекшелігі.
2. Педагогикалық жүйені басқарудың құрылымы.
3. Педагогикалық жүйені басқарудың негізгі қағидалары.
Қорытынды.

Басқару тек техникалық, өндірістік процесс жəне қиын əллеуметтік жүйе саласында ғана керек емес, ол педагогика саласында да өте маңызды болып табылады. Жалпы басқару, ол айқындалған ақпаратқа негізделе отырып, талдау жасау, бақылау, нысананы мақсатқа жетуі үшін реттеу жəне дұрыс шешім қабылдау. Басқару нысаны болып техникалық, биологиялық, əлеуметтік жүйелер табылуы мүмкін. Əлеуметтік жүйенің ең кең тараған түрлерінің бірі білім жүйесі жəне өзіне тəн елдің, мекеннің, облыстығы, қаланың жəне ауданның барлық жүйелерін қамтиды.

Жалпылама басқарудың ерекшелігі - мұнда мемлекеттік органдардан басқа жалпылама органдар құрылады, олар ұстаздар, оқушылар құрамы, ата-ана жəне халық. Олардың басшылыққа қатыса алуы осы мектептегі ұжымның қарым-қатынасының оң болуы жəне психологиялық климаттың оң болуына əсерін тигізеді. Мектептегі білім басқармасының беделді қызметтерінің бірі - мектеп кеңесі. Мектептің жоғарғы басқарушы органы конференция, ол жылына кем дегенде бір рет өткізілуі тиіс. Конференцияның атқаратын рөлі өте маңызды: жалпымектептік конференцияда Мектеп кеңесі, оның Кеңесшісі жəне олардың қызметі мен атқаратын уақыты тағайындалады.

Əр мектеп өз конференциясында «Оқу орны жарлығын» қабылдайды, ол олардың қазіргі жағдайын, əдіс- тəсілдерін, болашақ даму көздерін қарастырады. Осыған байланысты əр мектептің өз жарлығы болуы жəне олардың бір-бірінен ерекшеленуі мүмкін, бірақ олардың басты бағыты «Жалпы мектептік оқу орындарының мемлекеттік уақытша жарлығымен» анықталады. Мектеп кеңесі осы мектептің даму бағытын, сапалы тəрбиенің болуын жəне қандай тілде оқытатынын таңдайды. Мектеп кеңесі уақытша жəне тұрақты комиссия, басқа түрлі бағыттары бойынша кеңес штабтар тағайындайды жəне олардың құқықтары, қызметінің шектерін анықтайды. Ұжымның жиналысында конференция делегаттарының 1, 2-сатылардағы қатысушылары тағайындалады, олар: ұстаз, мектептің басқа да қызметкерлері, ата- ана болуы мүмкін. Конференция аралықтарында жоғарғы басшылықтың орнын Мектеп кеңесі атқарады .

Педагогикалық басқару келесі функцияларды атқарады:
педагогикалық талдау, жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау, реттеу. Мектепішілік басқаруды дəстүрлі жүйеде түсіндіретін болсақ, ол субъектінің белгіленген нысанаға басқарушылық жүргізуі; сапаны жақсарту мақсатында басқарушылық жүйенің тигізетін əсері, педагогикалық еңбекке байланысты ғылыми элементтерді енгізу болып табылады.

Педагогикалық іс-әрекеттің мақсаты тәрбие мақсатын жүзеге асырумен тығыз байланысты. Бұл жалпы стратегиялық мақсат әр түрлі бағыттағы тәрбие мен оқытудың нақты міндеттерін шешуге бағытталған.
Педагогикалық іс-әрекеттің мәнін түсіну үшін оның құрылымын талдау қажет, ал оның өзін мақсат, мотив, әрекет (операция), нәтиже бірлігінде қарау керек. Іс-әрекеттің, оның ішінде педагогикалық іс-әрекеттің жүйелі сипаттамасы мақсат болып табылады .

Қажеттілік - аса қажеттіліктен және оны жүзеге асыру мен дамыту үшін қажет объекттер мен әрекеттерде туындайтын адамның күйі, сондай-ақ оның белсенділігінің көзі болып келетін, танымдық үрдістерді, қиял мен жүріс-тұрысты ұйымдастырады және бағыттайды.
Мотив - қажеттілікті қанағаттандыруға байланысты іс-әрекетке түрткі болу; әрекеттер мен қылықтардың таңдауы түсіндірілетін сезінімді себеп; әрекеттерді таңдауға түрткі болатын зат(материалды немесе идеалды
Мақсат - күтілетін нәтиженің сезінімді бейнесі, адамның іс-әрекеті соған қол жеткізуге бағытталған.

Есеп - қандай да бір жағдайларда берілген және осы жағдайлардың түрлендірілуі кезінде орындалатын іс-әрекет мақсаты
Операция - берілген жағдай шарттарымен анықталатын әрекетті жүзеге асыру әдісі.
Әрекет - іс-әрекет бірлігі, сезінімді мақсатқа жетуге бағытталған кездейсоқ, қасақана белсенділік

Педагогикалық іс-әрекеттің құрылымы
Педагогикалық іс-әрекет құрылымында бір-бірімен тығыз байланысты 3 компоненттері:
құрылымдық,
ұйымдастырушы,
коммуникативті.
Педагогикалық іс-әрекеттің бұл түрлерін нәтижелі жүзеге асыруда
іскерліктер мен қабілет қажет.

Педагогикалық іс-әрекеттің бұл түрлерін нәтижелі жүзеге асыруда іскерлік пен қабілет қажет.
Құрылымдық әрекет үшке бөлінеді:
құрылымдық-мағыналы (оқу материалын таңдау, педагогикалық процесті жоспарлау және құру),
құрылымдық-оперативті (өз әрекеті мен оқушылар әркеетін жоспарлау),
құрылымдық-материалды (педагогикалық процестің оқу-материалды базасын жобалау) .
Ұйымдастырушы әрекет оқушылардың әр түрлі іс-әрекет пен айналысып, ұжым және біріккен іс-әрекетті ұйымдастыруға бағытталған әрекеттер жүйесін орындау.
Коммуникативті әрекет педагогтың тәрбиеленушілермен, мектептің басқа педагогтарымен, қоғамның өкілдерімен, ата-аналармен педагогикалық қатынас орнатуға бағытталған әрекет.

Педагогикалық жүйені басқарудың негізгі қағидалары:
Мектепішілік менеджменттің заңдылықтарына - талдау, мақсатқа жету, басқарудағы еркіндік жəне мұғалімдердің түрлі басқару жұмыстарына дайын болуы жатады. Осы заңдылықтарға негізделген, басқарудың негізгі қағидалары болып келесі ұстаным жатады: ол басшылықты, директорды, менеджерді атқаратын қызметіне тағайындау. Ал негізгі қағидаларына мыналар жатады:
педагогикалық жүйені басқарудың еркіндігі;
басқарудағы жүйелілік жəне орталықтандыру;
бірігушілік жəне ұжымның оң қарым-қатынасы;
педагогикалық жүйені басқаруды ақпараттың толықтылығы мен шынайылығы.

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz