Перитонит - құрсақ қуысының қабырғаларын және ағзаларды астарлаған серозды қабат болып табылатын ішастардың қабынуы



Перитонит

Анықтамасы
Перитонит -іш астарының жедел және созылмалы қабынуы, өмірге маңызды ағзалар мен жүйелердің қызметінің бұзылуы ағза ауруының жергілікті және жалпы белгілерімен бірге жүруі
Перитонит - құрсақ қуысының қабырғаларын және ағзаларды астарлаған серозды қабат болып табылатын ішастардың қабынуы.

Ішперденің анатомиялық құрылымының ерекшеліктері.
Ішастарының жалпы ауданы 17000-20400 см 2. құрайды және тәулігіне 70 л сұйықтықты сіңіре алады. Оның негізгі қызметі- қорғаныштық функциясы. Ішастар бір-бірімен тығыз жанасқан полигональды формалы жалпақ клеткалар қабаты мезотелий деп аталады. Одан кейін базальды мембрана орналасады, беткей талшықты коллагенді қабат, келесі эластикалық тор және терең торлы коллагенді қабатпен бітеді. Ішастар терең торлы қабатта орналасқан лимфалық және қан тамырлық торлармен өте жақсы қамтамасыз етілген. Қан тамырлары нервті ганглилері бар көп мөлшерде нервті бағаналармен бірге жүреді. Ішастар жабынды, қорғаныштық, бөлініс, пластикалық, резорбциялық функцияларды атқарады. Ауыр іріңді перитониттерде егер қабыну ошағы жойылғаннан кейінде іш қуысындағы көп мөлшердегі ірің тарқатылып кетеді.

Этиологиясындағы негізгі себебі - инфекция
1. Микробты (бактериальды) перитонит: протей клебсиеллы, энтеробактер, акинетобактер, цитробактер; стафилококк, стрептококк; бактероиды, фузобактерии, вейлонеллы; клостридии, эубактерии, лактобациллы
2. Асептикалық (абактериальды, токсико-химиялық) перитонит - іш пердесіне зақымын тигізетін сұйықтықтар қан, өт, асқазан сөлі, ішкі ағзалардың асептикалық некрозы.
3. Перитониттің ерекше түрлері - канцероматозды, паразитарлы, ревматоидты Гранулематозды (операция барысында іш астардың кебуі, хирургтың перчаткасындағы тальктың әсері, таңу жібі т. б. )

Патогенезі
Перитониттің патогенезінің негізгі себебі кәдімгі бактериальді қабыну . Ішек таяқшалары (65%) және патогенді коктар (30%) іріңді перитониттің ең жиі кездесетін қоздырғышы болып саналады. Іш пердесіне сіңген бактериялар қан тамырларына өтіп интоксикация тудырады.

ПАТАНАТОМИЯЛЫҚ СИПАТЫ
Микробтар ішке түскенде қабыну процесі басталады. Осы мезгілде іштің микроб енген тұсы қызарып, кейбір жеріне қан құйылып қабыну сұйықтығы арқылы ісініп кетеді. Пайда болған сұйық зат іш қуыстарына жиналады. Сол сұйықтықты зерттейтін болсақ, оның құрамында лейкоциттер мен фибрин, белок, эритроциттер араласып ішек ішіндегі сұйық заттың түсін өзгертеді. Фибрин (қанның белокты талшығы) көп болған жағдайда қарынның ішкі көк еті мен ішектердің сыртындағы перде өзара жабысып қалады да, сұйықтықтың жан- жаққа жайылуына кедергі жасайды.

Жіктелуі:
Құрсақ қуысына микрофлораның ену сипатына байланысты:
Біріншілік перитонит - (сирек 1%) микрофлора құрсақ қуысына гемотогенді, лимфогенді жолмен немесе жатыр түтікшелері арқылы түседі.
Екіншілік перитонит - іш қуысы жедел хирургиялық ауруларының асқынуы: қуысты ағзалардың перфорациясы кезінде, іште өтпелі жарқаттарында, анастомоздардың тұрақсыз тігістері кезінде, құрсақ қуысы ағзаларына жасалған операция және т. б.

Шығу тегі бойынша
бактериалды
өтті зәрлі
Гинекологиялық - пельвиоперитонит
Криптогенді - пайда болуы белгісіз
Панкреатикалық - ұйқы безі ферменттерімен
Сұйықтық ерекшелігіне байланысты:
-Серозды;
- фибринозды;
-фибринозды-іріңді
-іріңді
-геморрагиялық;
- сасып-шіріген

Іш қуысындағы ауруларға байланысты перитониттің пайда болу жиілігі:
Құрт тәрізді өсінді (30-65%) - аппендициттер: перфоративті, флегмонозды, гангренозды;
Асқазан, ұлтабар (7-14%) - тесілген жара, рак перфорациясы, асқазан флегмонасы ж. т. б.
Әйел жыныс мүшелері (3-12%) - сальпингоофорит, эндометрит, пиосальпинкс, гонорея, туберкулез.
Ішектер (3-5%) - өтімсіздігі, жарық қысылуы, тамыр шажырқайының тромбозы, перфорация, туберкулез, Крона ауруы, дивертикулиттер.
Өт қабы (10-12%) - холециститтер: гангренозды, перфоративті, флегмонозді, өт перитониті тесілусіз.
Ұйқы безі (1%) - панкреатит, панкреанекроз
Операциядан кейінгі перитониттер (1%) бауыр және көкбауыр абсцесстері, циститтер, асциттегі сұйықтықтың іріңдеуі, паранефрит.

Клиникасы:
Перитонит ауруының жалпы белгілері:
Іштің ауырсыну сезімі;
лоқсу және құсу белгілері;
қарын бұлшық еттерінің қатаюы;
Щеткин- Блюмберг белгісінің пайда болуы;
науқас адамның дене қызуының көтерілуі;
қан құрамында өзгерістердің пайда болып, ақ қан түйіршіктерінің мөлшері көбейіп, лейкоциттер саны 12-15, 9/л дейін жетіп, эритроцит шөгу жылдамдығы көрсеткіштерінің көтерілуі.
Перитонит - басқа бір аурудың асқыну салдарынан пайда болғандықтан сол алғашқы ауруға жаңа ауру белгілері қосылып науқастың жағдайын қиындатады. Перитонит болған науқастың тілі құрғақ, ішінің барлық жері ауырады, әлсіреп, жүдеп қалады тынысы тарылып ауа жетпегендей сезімде болады

Хирургиялық тәжірбиеде жедел жайылған іріңді перитонит жиі кездеседі. Клиникасында 3 саты бар
1) Реактивті ( бірінші 24сағат) - ауырсыну синдромы басым болады, жүрегі айну, желі нәжісі шықпау, тілі құрғау, іші қатайған, басқанда іш пердесінің тітіркену белгісі пайда болады, тахикардия, дене қызуы көтерілуі, лейкоцитоз.
2) Токсикалық (24-72 сағат) - жағдайы ауырлайды, науқас мазасызданады, демігу күшейеді, тілі құрғақ. Іші кебеді, аздап қатайған, ішек перистальтикасы жоқ, желі нәжісі шықпайды. Көптеген құсулар болады. Қанда неитрофильді жылжумен лейкоцитоз болады. Интоксикация басқа ағзалардың қызметінің бұзылуына ең бірінші бауыр-бүирек жетіспеушілігіне әкеледі. Электролит-белок зат алмасу процесі бұзылады, диурез азаяды, зәрде белок, цилиндры, эритроциты пайда болады.
3 Терминальды ( 72 сағаттан жоғары) - терең интоксикациялық кезең. Бет әлпеті жүдеу, көзі ішіне кірген тілі құрғақ, іші кепкен дем алу актісіне қатыспайды, жиі құсулар, тахикардия, тахипное болады. 4-7-ші тәулікте өлім қаупі болады.

Диагностикасы:
-ЖҚА
-ҚБХА: (қант, биллирубин, трансаминазалар, мочевина, креатинин, белок (белок фракциялары. ), натрий, кальций, калий хлоридтер. )
- Коагулограмма
-Қышқылдық-сілтілік жағдайды анықтау. Жалпы зәр анализы.
-ЭКГ
-Кеуде қуысы рентгенографиясы.
- Құрсақ қуысының шолу рентгенографиясы.

ЕМІ:
-Перитониттің негізгі емі тез уақытта операция жасау керек. Оперция алдындағы дайындық
-Асқазанды жуу (назо-гастральді зонд)
-Инфузионды-дезинтоксикацилық ем ( 5% глюкозы, Рингер-Локка, физиологиялық сұйықтық, гемодез, белокты заттар, )
-Плазма, қан құю
-Жүректің дәрілері (корглюкон, строфантин т. б. )
Перитонит емінің жалпы принциптері:
-іріңдік көзін жою
іш қуысына санация жасау
-іш қуысына сайма-сай дренаж қою.
Қоздырғыш микробтардың сезімталдығына байланысты кең спектрлі антибиотикотерапия жасау.
Су-электролитті зат алмасу процесіне міндетті түрде назар аудару.
Диурезді күшейту, гемосорбция плазмофорез жасау.

Хирургиялық әдіс
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz