Даму мәселесін қарастырудың негізгі көзқарастар, тұлғаның дұрыс және ауытқушылық дамудың көрсеткіштері мен жағдайлары
Презентация қосу
2 ДӘРІС
Даму мәселесін қарастырудың негізгі
көзқарастар, тұлғаның дұрыс және
ауытқушылық дамудың көрсеткіштері мен
жағдайлары. Ауытқу мәнез-құлықтың негізгі
теориясы
Жоспар:
1. Әлеуметтік педагогикада «даму» категориясы.
2. Адамның даму жағдайлары мен факторлары.
3. Даму векторы – жалпы адамзат мәніне бастама,
адамзат есінің түйіндік білім беру ретінде
адамның адамға қатынас тәсілі.
4. Адамгершілік адамның адамға қатынасының
тәсілі ретінде.
5. Адамның адамгершілік дамуының жағдайлары
мен критерийлері.
Даму дегеніміз - төменнен жоғарыға,
қарапайымнан күрделіге қарай
қозғалыс; сатылай эволюциялық ауысу
немесе революциялық секіріс түрінде
жүзеге асатын жоғары сапалы күйге
қарай спиральды өрлеу процесі. Даму
барысында барлық философиялық
заңдар жүзеге асады: өзгеру, санның
сапаға ауысуы, бір сапаның басқа бір
сапаға ауысуы (бұлардың кейбіреуі,
теріске шығарылуы мүмкін)..
Қалыптастыру (қалыптасу)
дегеніміз - бір нәрсеге пішін (форма)
мен тұрақтылық беру; толықтық пен
нақты бір тұр беру. Бұл арада тұқым
қуалаушылықтың мәні өте зор -
баланың ата-анасынан немесе ата-
бабаларынан қалған биологиялық
ерекшеліктердің жиынтығы.
Табиғи әсерлер - бейімділік пен
әуестік, сонымен қатар, адамның
сезімдері мен күйзелістері, оның сыртқы
әсерлердің ыкпалымен пайда болатын
сылтаулары мен қажеттліктері -барлығы
ішкі факторларға жатады. Жеке тұлғаның
дамуы мен қалыптасуы осы екі
фактордың өзара байланысының
нәтижесі болып табылады.
Жалпы адамзаттық құндылықтар
жеке тұлғаның бойында өмірге
келген сәтінен бастап бірге
дамиды, жасы ұлғайған сайын
қоршаған ортасына сәйкес бірге
қалыптастады.
Тәрбие мен оқытудағы адамгершілікке
бағытталған идеалдар құндылықтар деп
қарастырылады. Оларға: шындық,
қайырымдылық, тұлға, бостандық, махаббат,
шығармашылық және т.б. жатады.
Құндылықтар идеалдарды қабылдау немесе
қабылдамау сезімі арқылы айқындалып,
ақыл-ой, сана арқылы қабылданады,
құрметтеу, қошаметтеу, қабылдау тәрізді
ұмтылысты білдіреді.
Бұл сезім мен ақыл-ойдың ұштасуын және
сол арқылы адамның іс-әрекетін белгілейді.
Құндылықтар сезім арқылы қабылданады,
сана арқылы түсінуге болады. Соның
нәтижесінде тұлға құндылықты игереді де,
іс-әрекет етеді. Осы аталмыш
құндылықтардың бастау көзі халықтың мол
мұрасында. Ол мұра – халық пайда болғалы
онымен бірге жасасып, бірге дамып келе
жатқан құнды дүниелер.
Жалпы адамгершілік
құндылықтардың мәні мен мазмұндары
көне заманнан бүгінге дейін философия,
әлеуметтану, мәдениеттану, этика,
эстетика, психология, педагогика
ғылымдарында кеңінен қарастырылып,
қоғам ерекшеліктері мен сұраныстарына
орай талданып, жүйеленіп келеді…
Құндылықтар туралы алғашқы түсінік
ежелге грек ғалымы Сократтан бастау
алады. Сократ үшін құндылық «адамның
өмірді бағалауы» екен. Ал Аристотель
«жақсылық», «игілік» ұғымдарын
жағымды мінез-құлықты, рухани
құндылықты бейнелеуде қолданды.
Құбылысты, затты жағымды бағалау адам
үшін құнды игілікті түсінуге негізделген.
Ізгілік» сөзі салыстырмалы мағынада белгілі
бір жағдайдағы адам үшін жақсылық, пайдалы
нәрсе деп түсіндіріледі. Рухани-адамгершілікке
тәрбиелейтін ғылым ретінде этиканы белгілеген.
Аристотельдің пайымдауында «этиканың
мақсаты – таным емес, ізгілікке үйрету. Этикалық
зерттеулер рухани-адамгершілік дегеннің не
екендігін білу үшін емес, осы рухани-
адамгершілікке жетудің жолдарын үйрету үшін
қажет, олай болмағанда бұл ғылымның пайдасы
болмас еді» – дейді.
Педагогикалық сөздікте «құндылық –
адамның ішкі құқығы, ізгілігі, адамдармен
қарым-қатынасы, іс-әрекет кезіндегі
көрсетілетін тұрақтылығы, қайырымдылығы,
мейірімділік тәрбиесі», – делінген.
Сондықтан біз «құндылық» ұғымын адамды
тәрбиелеу үшін оның өмір сүруіне ең керекті,
маңызды, қажетті, бағалы дүниелердің
жиынтығын құрайтын педагогикалық
категория ретінде қарастырамыз.
Рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыруда
маңызды тәрбиелік міндеттер: біріншіден, рухани-
адамгершілік, руханилық, әсемдік, ақиқат, ізгілік, еркіндік,
рахымшылдық, кешірімділік, тәуелсіздік сияқты
жалпыадамзаттық құндылықтардың өмірге еркін ене
бастауы; екіншіден, жалпыадамзаттық құндылықтармен
қатар, ұлттың өз мәдениетін меңгере отырып, әлемдік
рухани ынтымақтастық рухта басқа ұлттармен бейбітшілікті
сақтау; үшіншіден, оқушылардың белсенді өмірлік
позициясын, жан дүниесін адами құндылықтар арқылы
рухани-адамгершілік пен руханилықты берік орнықтыру.
.
Яғни, «тәрбиесіз қоғам, қоғамсыз
тәрбие өмір сүрмейді» деген
заңдылыққа сүйене келе, өскелең
ұрпақтың бойына қоғам талабына
сай адамгершілік құндылықтарды
қалыптастыруды мақсат еткен
тәрбие процесі ғана уақытпен
үндесіп, қоғам мен тәрбиенің өзара
байланысын түзеді.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz