Мұның өзі олардың сүйегіне ежелден сіңіп кеткен керемет асыл қасиет




Презентация қосу
Дәстүр, әдет-ғұрып пен ырымдардың
тәрбиелік маңызы.
Көптеген ғасырлардың барысында қазақтардың
өзіндік бірегей әдет-ғұрыптары мен
салт-дәстүрлері қалыптасты. XVIII ғасыр мен
XX ғасырдың бас кезінде оның бірқатарын Ресей
әкімшілігінің өкілдері, орыс және шетел
ғалымдары,саяхатшылар айқын байқап, жазып
қалдырды. Қазақтардың әдет-ғұрыптары мен
салт-дәстүрлері үй ішіндегі отбасылық және
адамдардың өзге де топтары арасындағы өзара
қарым-қатынастарды қалыптастыруда үлкен рөл
атқарды.
Қазақтарға дәстүрлі қонақжайлылық қасиет ежелден тән. Олардың бұл
қасиеті көптеген ғасырлар барысында қалыптасқан. Бұл жөнінде XIX
ғасырдың аяқ кезінде Ресей зерттеушісі Виктор фон Герн былай деп жазған
болатын: «Жалпы алғанда, қазақтар осы уақытқа дейін жылы жүзділігімен,
қайырымды ақкөңілділігімен және қонақжайяылық қасиетімен
таңғалдырады. Мұның өзі олардың сүйегіне ежелден сіңіп кеткен керемет
асыл қасиет».
Қазақтарда үйіне келген кез келген адамға міндетті түрде тегін қонақасы
беру, оған жайлы төсек-орын салып, қондырып жіберу әдет-ғұрпы
ежелден орын алды. Егер үй иесі қонаққа ондай құрмет көрсетудің
дәстүрлі әдет-ғұрпынан бас тартса, әлгі бейтаныс жолаушы үй иесінің
үстінен биге барып, шағым айтуға құқықты болған. Ал би
қонақжайлылық әдет-ғұрыпты бұзған үй иесіне ат-тон айып салатын.
Әдетте мұндай келеңсіз оқиға қазақ арасында өте сирек ұшырасқан.
Қазақтарда ежелден келе жатқан әдет-ғұрыптың бірі - дәм ауыз тию.
Үйге бас сұққан кез келген адамды дәмнен ауызтигізбейінше
жібермейтін — «Қуыс үйден құр шығармайтын».
Қазақ даласында жұртшылық деген әдет-ғұрып та кеңінен
тараған. Оның мәні белгілі бір себеппен бөлшесінен қарызға
батып, оны төлеуге жағдайы жоқ туысқан адамға рулас
ағайын-туғандарының көмек көрсетіп, қарызынан құтылуына
көмектесуі болып табылады. Мұндай көмек ауыл ақсақалдары
кеңесінің шешімі бойынша көрсетіледі. Қазақтардың
ауызбірлігінің, өз жақындары мен туыстарына
жанашырлықпен жәрдем жасауының бір көрінісі міне
осындай.
Қазақтардың және бір жақсы әдет-ғұрпы - ерулік беру. Басқа жақтан жаңадан
көшіп келгендерді оның туған-туыстары немесе көршілері арнайы дастарқанға
шақырып, ерулік тамақ беретін болған. Бұл арқылы көшіп келген туыстарына
немесе көршілеріне деген ыстық ықыласы мен ізгі ниетін білдірген. Ал көшіп
келгендер жаңа қонысқа тез үйреніп, оңдағы адамдармен жақсықарым-қатынас
орнатуға ықыласты болатын. Далалық көшпелілердегі кеңінен таралған әдет-
ғұрыптардың бірі - қалау. Үйге келген қонақтың сол үйдегі өзіне ұнаған заттың
кез келгенін қаладым деп айтуына болады, ал үй иесі ол затты міндетті түрде
беруі тиіс. Мұның өзі де адамдар арасындағы достық қарым-қатынастың негізін
қалайтын. Анасы аман-есен босанып, дүниеге жас нәресте келген соң тап осы
әдет-ғұрып бойынша кіндік шешенің де өз қалауын айтып, ұнаған нәрсесін
алуына болатын.
Қымызмұрындық - қымыз ашыту маусымының басталуына байланысты әдет-ғұрып.
Ауыл адамдары бірін-бірі шақырысып, қымыз ішер алдында арнайы дастарқаннан
тамақ жеседі. Қымызмұрындыққа шақырған үй иелеріне ауыл ақсақалдары ақ
батасын береді. Қазақтарда жылу жинау әдет-ғұрпы да бар болатын. Оның мәні
кездейсоқ жағдайда үйі өртеніп кеткен немесе дұшпанның шабуылынан, қатал
қыстың ауыртпалығынан, су тасқыңынан, аштықтан зардап шеккен отбасыларына
ауылдас немесе туысқан адамдардың көмек; көрсетуі болып табылады. Олар зардап
шеккен жандардың алдына қолдарынан келгенінше мал салып береді, киім-кешек,
көрпе-төсек, ыдыс-аяқ жағынан көмек көрсетеді, бастарына шаңырақ көтеруіне
жәрдемдеседі. Мұның өзі зардап шегіп, қиналған ағайынға жаны ашынғандықтың,
қамқорлық жасағандықтың көрінісі еді. Мүмкіндігі бола тұрып, ондай көмек
көрсетуден бас тартқан ағайын-туыс ру ішінен қуылып, аластатылатын. Ал мұндай
жазаға кесілгендер өз руының тарапынан жанашырлық жақсылық дәмете алмайды.
Өйткені ондай құқықтан айырылған болып саналады. Оларды кез келген қарақшы
аяусыз тонап кете алатын.
Дала тұрғындарының дәстүрлі әдет-ғұрыптарының бірі — асар. Онда
ауыл тұрғындары ешқандай ақы алмастан бірлесе жұмылып, біреудің
белгілі бір жұмысын бітіріп береді. Мәселен, олар біреудің қысқы
баспанасын немесе мал қорасын салып беруге, сондай-ақ құдығын
қазып беруге жұмыла көмектеседі. Асар ауылдас отырған рулас
адамдардың туысқандығы менынтымақ бірлігінің жарқын көрінісі
болып табылады. Асарға шақырылғанда оған бармай қалу әдепсіздік
саналатын. Қазақтар XX ғасырдың бас кезінде осы әдет-ғұрыпты
пайдаланып көптеген жерлерде зайырлы мектептер және мешіттер
салып алды.
Әрбір қазақ суға кетіп бара жатқан адамға жәрдем қолын созуға,
қиналған адамның өтінішін орындауға, шөлдеген адамға сусын беруге
міндетті. Рулас адамдар жоғалған немесе ұрланған малды бірлесе
іздеген. Дала тұрғыны өте-мөте мұқтаж, кейінге қалдыруға болмайтын
шұғыл міндетті орындау қажеттігі туған жағдайда кез келген қазақтың
жылқы қосынан ат ұстап мініп кете беруге құқықты болған. Бұл үшін ат
иесінен рұқсат сұрау міндетті емес-ті. Ондай кезде көлік беруден бас
тартқан адамға ат-тон айып салынған және ол туралы жағымсыз
қоғамдық пікір қалыптасқан.
Сөз болып отырған кезеңде қазақтарда отбасы мен некеге
қатысты сонау ежелден келе жатқан бірегей әдет-ғұрыптары мен
салт-дәстүрлері болатын. Дүниеге келген жас нәрестеге оның
құлағына азан шақырып ат қойылатын. Жасы үлкен
туысқандардың бірі Құраннан аят оқып, нәрестенің атын оның
құлағына үш рет қайталап дауыстайтын.
Ер бала 3,5 және 7 жасқа толғанда оны сүндетке отырғызу рәсімі
өткізілетін. Сүндет тойына қонақтар шақырылатын, ат
шаптырылып, спорт жарыстары өткізілетін.
Ата-ана өздерінің ұлын үйлендіру қамын әрқашан ойластырып
жүретін. Болашақ келінді бала кезінен іздестіре бастайтын. Тіпті
балалар дүниеге келмей жатып-ақ атастыру рәсімі болатын.
Құдаларды өнегелі, құрметті, текті жерден іздестіретін. Құда
түсудің салт-дәстүрлері бойынша арнайы рәсім өткізілетін.
Қазақтарда жеті атаға толмаған туыстар арасында неке қиюға
қатаңтыйым салынатын.
Баланы үйлендіруге қатысты әдет-ғұрыптардың реті мынадай
болатын: құда түсуге алдын ала келісу, ата-ананың құда түсуі,
күйеудің қалыңдыққа ұрын баруы, келін түсіру тойы, неке қию
рәсімі. Ұзатылатын қыздың әкесі құда түсіп келген құдаларға
құйрық-бауыр жегізетін. Бұл салт-дәстүр құдалық рәсімінің
орындалғанын көрсететін. Ал құдалық екі жаққа да белгіл і
міндеттер жүктейтін. Құдалықтан айнуға болмайтын.
Қазақтар бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген. Қазақтың дәстүрлі
тәрбиелік үлгі-өнегелері ұрпақтан ұрпаққа ауысып отырады.
Жиналып тұрған топқа жақын келген адам оларға бірінші болып
сәлем беруге міндетті. Атты адам жаяу кісіге, жасы кіші үлкендерге
бірінші болып сәлем береді. Алға келген астан алдымен жасы үлкен
адам дәм татады. Тамақ ішіп отырған кезде көп сөйлеуге болмайды.
Балаларға жақсы тәрбие, үлгі-өнеге беруде мақал-мәтелдердің
атқаратын рөлі зор. Халық даналығы балаларды еңбексүйгіштікке,
алды-артын аңдап сөйлейтін сақтыққа, адамгершілік асыл қасиеттерге
баулиды. Мәселен, «Аққа Құдай жақ», «Батырдың күші - айласында»,
«Асықпаған арбамен қоян алады», «Еңбек етсең ерінбей, тояды
қарның тіленбей», «Бірлік бар жерде тірлік бар», «Қолы
қимылдағанның аузы қимылдайды», «Жаздың бір күні жылға азық»,
«Жақсыда жаттық жоқ», «Жаман үйді қонағы билейді», «Жақсы
жігітке жеті өнер де аз» сияқты мақалдардың тәрбиелік маңызы зор.
НАЗАР
АУДАРҒАНДАРЫҢЫЗҒА
РАҚМЕТ!

Ұқсас жұмыстар
Қонақжайлық
Әдет - ғұрып
Қазақтардың қонақжайлылық қасиеті
Тамырлық әдет - ғұрпы
Бата беру
Үйлену тойының әндері
Қазақ халқының ерлігі
Қазақ даласына ислам діні таралуының мәдени, тарихи және рухани бастаулары
Салт - дәстүр түрлері
Әдемі болу өнері
Пәндер